Хадис

Жетім-жесірге, қыз балаларға, әлжуаздарға, міскіндер мен шарасыздарға қолұшын беріп, жақсылық жасау, жанашырлық танытып, кішіпейіл болу жайында

О помощи сиротам, вдовам, девочкам, слабым, бедным и беспомощным, оказании им благодеяний, проявлении к ним сострадания и смирения

Риядус-салихин, 33-тақырып · 13 хадис · № 261–273

Хадистер

«وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِلْمُؤْمِنِينَ» «...Мүміндерге жанашыр, кішіпейіл бол!» («Хижр» сүресі, 88-аят).

«وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ وَلا تَعْدُ عَيْنَاكَ عَنْهُمْ تُرِيدُ زِينَةَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا» «Бір Алланың разылығын ғана қалап, Раббысына ертелі-кеш құлшылық әрі дұға ететін мүміндермен бірге болуда барынша табандылық таныт. Қу тіршіліктің сән-салтанатына көңілің ауып, оларды көзіңе де ілмей қойма» («Кәһф» сүресі, 28-аят).

«فَأَمَّا الْيَتِيمَ فَلَا تَقْهَرْ وَأَمَّا السَّائِلَ فَلَا تَنْهَرْ» «Ендеше, жетімді жәбірлеуші болма! Һәм қайыр сұрап келгендерді жекіп, қума!» («Духа» сүресі, 9,10-аят).

«أَرَأَيْتَ الَّذِى يُكَذِّبُ بِالدِّينِ فَذَلِكَ الَّذِى يَدُعُّ الْيَتِيمَ وَلا يَحُضُّ عَلَى طَعَامِ الْمِسْكِينِ» «Дін күнін жоққа шығаратындарды көрмейсің бе?! Ол жетімді кеудесінен итереді. Әрі ол пақыр-міскіннің қарнын тойдыруға әсте құлшындырмайды» («Мағун» сүресі, 1,2,3-аят)

«И склони свое крыло к верующим!» (сура «Хиджр», 15:88).

«Прояви терпение и настойчивость в пребывании вместе с верующими, которые взывают к своему Господу по утрам и по вечерам, желая узреть Лик Его! И не отвращай свои глаза от них, стремясь к роскоши бренной жизни» (сура «Кахф», 18:28).

«Посему не притесняй сироту! И не унижай и не гони просящего» (сура «Духа», 93:9–10).

«Видел ли ты того, кто отрицает Воздаяние? Он тот, кто прогоняет сироту. Он не кормит сам и никогда не побуждает других накормить обездоленных» (сура «Маун», 107:1–3).

261
Риядус-салихин, № 261

عَنْ سعد بْنِ أَبِى وَقَّاص قَالَ: كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ سِتَّةَ نَفَرٍ، فَقَالَ الْمُشْرِكُونَ لِلنَّبِيِّ ﷺ: اطْرُدْ هَؤلَاءِ لَا يَجْتَرِئُونَ عَلَيْنَا، وَكُنْتُ أَنَا وَابْنُ مَسْعُودٍ. وَرَجُلٌ مِنْ هُذَيْلٍ وَبِلالٌ وَرَجُلَانِ لَسْتُ أُسَمِّيهِمَا، فَوَقَعَ فِى نفس رَسُول اللَّهِ ﷺ مَا شَاءَ اللَّهُ أَنْ يَقَعَ فَحَدَّثَ نَفسَهُ، فَأنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: «وَلا تَطْرُدِ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ» [الأنعام: 52]

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әби Уәққас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге алты кісі отырғанымызда, мүшріктер (келіп) Пайғамбарымызға: «Мыналарды қуып жібер, бізге қарсы батылданып кетпесін», – деді. (Сондағы меңзегендері) мен, Ибн Масғуд, һузайл тайпасынан бір кісі, Біләл және тағы екі кісі едік, ол екеуінің есімін атамаймын. Сонда Алла елшісінің көңіліне Алла қалаған бір ой келіп, іштей («бұларды құзырымнан аластай тұрсам, маған ренжи қоймас, өйткені бұлардың иманы берік қой, есесіне мына мүшріктердің көсемдері иманға келсе, арттарынан қауымдары да жаппай Аллаға иман келтірер», – деді). Сол-ақ екен Алла Тағала: «Раббыларының жамалы мен разылығына бөленуді тілеп, ертелі-кеш жалбарынып дұға ететін (қарапайым ғаріп мүміндерді мүшріктер айтты екен деп) қасыңнан қума!»(Әнғәм: 52) деген аятын түсірді», – деген (Муслим: 6241).

Орысша аудармасы

Саад ибн Абу Ваккас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды, когда нас шестеро сидели вместе с Пророком ﷺ, многобожники (подойдя к нему) сказали: “Прогони этих, чтобы они не осмелели перед нами”. (Под этими людьми они подразумевали) меня, Ибн Масуда, одного человека из племени Хузайл, Биляла и ещё двоих, имён которых я не стану называть.

Тогда в сердце Посланника Аллаха ﷺ возникла мысль, которую пожелал Аллах (про себя он подумал: “Если я на время удалю их от себя, они едва ли обидятся на меня, ведь их вера крепка. Зато если эти предводители многобожников уверуют, вслед за ними и весь их народ уверует в Аллаха”). И тут же Аллах Всевышний ниспослал аят: “Не прогоняй от себя тех, кто утром и вечером с мольбой взывает к своему Господу, стремясь узреть Его Лик и снискать Его довольство (простых и обездоленных верующих – лишь по требованию многобожников)!” (сура “Ан‘ам”, 6:52)» (Муслим: 6241).

262
Риядус-салихин, № 262

عَنْ أَبِى هُبَيرَة عائِذ بْنِ عَمْرُو الْمزنِى وَهُوَ مِنْ أَهْل بيعة الرضوان: أَنَّ أَبَا سُفْيَانَ أَتَى عَلَى سَلْمَانَ وَصُهَيْبٍ وَبلَالٍ فِى نَفَرٍ، فَقَالُوا: مَا أَخَذَتْ سُيُوفُ اللَّهِ مِنْ عَدُوِّ اللَّه مَأْخَذَهَا، فَقَالَ أَبُو بَكْرٍ: أتَقُولُون هَذَا لِشَيْخِ قُرَيْشٍ وَسَيدِهِمْ؟ فَأتَى النَّبِيَّ ﷺ فَأخْبَرهُ، فَقَالَ: «يَا أَبَا بَكْرٍ، لَعلَّكَ أغْضَبتَهُمْ؟ لَئِنْ كُنْتَ أغْضَبْتَهُمْ لَقَدْ أغْضَبتَ رَبَّكَ» فَأَتَاهُمْ فَقَالَ: يَا إِخْوَتَاهُ، أغْضَبْتُكُمْ؟ قَالُوا: لَا، يَغْفِرُ اللَّهُ لَكَ يَا أُخَيَّ

Қазақша аудармасы

Ридуан серт беру рәсіміне қатысқан сахабалардың бірі Әбу Һубайра Аиз ибн Амр әл-Музани (р.а.) жеткізген хадисте, (бір күні) Әбу Суфиян бірнеше адам болып отырған Салман, Суһайб және Біләл сынды сахабалардың қасына келеді. Сонда олар: «Алланың қылыштары Алланың дұшпанынан әлі аларын алған жоқ», – дейді. Сонда Әбу Бәкір (р.а.): «Сендер мұны құрайыштың ақсақалы әрі көсеміне айтып тұрсыңдар ма?» – деп (оларды тыйып тастайды). Сосын Пайғамбарымызға ﷺ келіп, болған жайтты хабарлайды. Сонда ол: «Уа, Әбу Бәкір! Сен оларды ашуландырып алдың-ау, егер оларды ашуландырған болсаң, онда Раббыңды ашуландырдың», – дейді. (Мұны естіген Әбу Бәкір) дереу оларға келіп: «Уа, бауырларым! Сендерді ашуландырып алмадым ба?» – деп (үзір сұрайды). Сонда олар: «Жоға, бауырым! Алла сені кешірсін!» – деп жауап берген екен (Муслим: 6412; Ахмад: 20640).

Орысша аудармасы

Абу Хубайра Аиз ибн Амр аль-Музани (да будет доволен им Аллах), один из сподвижников, участвовавших в принесении присяги Ридван, передал, что (однажды) Абу Суфьян пришёл к нескольким сидевшим вместе сподвижникам, среди которых были Салман, Сухайб и Билял. Они сказали: «Мечи Аллаха ещё не воздали врагу Аллаха по заслугам». Тогда Абу Бакр (да будет доволен им Аллах) спросил: «Неужели вы говорите такое старейшине и вождю курайшитов?» – (тем самым одёрнув их).

Затем он пришёл к Пророку ﷺ и рассказал ему о случившемся. Пророк ﷺ сказал: «О Абу Бакр! Боюсь, ты разгневал их. Если ты разгневал их, то разгневал и своего Господа». (Услышав это, Абу Бакр) тотчас вернулся к ним и спросил: «О братья мои! Не разгневал ли я вас?» – (прося у них прощения). Они ответили: «Нет, брат наш! Да простит тебя Аллах!» (Муслим: 6412; Ахмад: 20640).

263
Риядус-салихин, № 263Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سهل بْنِ سعد قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَنَا وَكَافلُ الْيَتِيمِ فِى الْجَنَّةِ هَكَذا» وَأَشارَ بالسَّبَّابَةِ وَالوُسْطَى، وَفَرَّجَ بَيْنَهُمَا. رواه الْبخارِى.

و«كَافلُ الْيَتيم»

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағдтан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Жұмақта жетімге қамқоршы болған адамға осыншама жақын боламын», – деп, сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасын ашып көрсетті» – делінген (Бұхари: 5304; Ахмад: 22820).

Орысша аудармасы

Сахль ибн Саад (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В раю я буду вот настолько близок к тому, кто заботился о сироте», – и показал это, разведя указательный и средний пальцы. (Аль-Бухари: 5304; Ахмад: 22820).

264
Риядус-салихин, № 264Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَافلُ الْيَتيِم لَهُ أَوْ لِغَيْرِهِ أَنَا وَهُوَ كَهَاتَيْنِ فِى الْجَنَّةِ» وَأَشَارَ الرَّ‌اوِى وَهُوَ مَالِكُ بْنُ أنَس بالسَّبَّابَةِ وَالوُسْطَى

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Өзінің немесе өзгенің жетіміне1 қамқоршы болған жан екеуіміз жаннатта мына екеуі (яғни, сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ) сияқты (жақын боламыз)», – деген. Хадисті жеткізген Мәлик ибн Әнәс (хадисті айтып жеткізгенде) сұқ және ортаңғы саусағымен ишара жасаған (Муслим: 7469; Ахмад: 7771).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мы с человеком, опекающим своего или чужого сироту1, в раю будем как эти два пальца (то есть указательный и средний) – (будем близки друг к другу)». Передатчик этого хадиса Малик ибн Анас (рассказывая его) сделал знак указательным и средним пальцами. (Муслим: 7469; Ахмад: 7771).

  1. 1Мұндағы «өзінің» дегені ет жақын туыстарының ішіндегі жетім, ал «өзгенің» дегені туыстығы жоқ жетім.
  1. 1Под «своим» имеется в виду сирота из числа близких родственников, а под «чужим» – сирота, с которым опекун не состоит в родстве.
265
Риядус-салихин, № 265Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ الْمِسْكينُ الَّذِى تَرُدُّهُ التَّمْرَةُ وَالتَّمْرَتَانِ، وَلا اللُّقْمَةُ وَاللُّقْمَتَانِ إِنَّمَا الْمِسكِينُ الَّذِى يَتَعَفَّفُ».

وَفِى رِوَايَة فِى الصحيحين: «لَيْسَ الْمِسكِينُ الَّذِى يَطُوفُ عَلَى النَّاسِ تَرُدُّهُ اللُّقْمَةُ واللُّقْمَتانِ، وَالتَّمْرَةُ والتَّمْرَتَانِ، وَلَكِنَّ الْمِسْكِينَ الَّذِى لَا يَجِدُ غنىً يُغْنِيه، وَلَا يُفْطَنُ بِهِ فَيُتَصَدَّقَ عَلَيْهِ، وَلَا يَقُومُ فَيَسْأَلُ النَّاسَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «(Садақа мен зекет алуға лайық) мұқтаж адам деп, бір-екі құрма немесе бір-екі түйір тамақ үшін қол жайып жүрген адамды емес, мұқтаж бола тұра, абыройын сақтап, ешкімнен қайыр тілемеген адамды айтамыз», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 4539; Муслим: 2394; Ахмад: 7539).

Қос «сахих» хадистер жинағындағы басқа хадисте: «Адамдарды айналшықтап, бір-екі асам ас, не бір-екі құрма үшін қайыр тілеп жүрген адам міскін емес. Алайда нағыз міскін – мұң-мұқтажын өтейтін қаражаты болмаған, сөйте тұра, оған садақа беретіндей кедейлігі де байқалмайтын және ел-жұрттан қиылып еш нәрсе сұрамайтын адам», – деп айтылған (Бұхари: 1479; Муслим: 3293; Ахмад: 9747).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Нуждающимся (имеющим право на получение садаки и закята) мы называем не того, кто ходит с протянутой рукой ради одного-двух фиников или одного-двух кусочков пищи, а того, кто, испытывая нужду, сохраняет своё достоинство и ни у кого не просит милостыни» (Аль-Бухари: 4539; Муслим: 2394; Ахмад: 7539).

В другом хадисе, приведённом в обоих «Сахихах», сказано: «Не является бедняком тот, кто ходит по людям, выпрашивая один-два куска пищи или один-два финика. Истинный бедняк – это тот, у кого нет средств для удовлетворения своих насущных нужд, но чья бедность остаётся незаметной окружающим, поэтому ему не подают садаку, и сам он ни о чём настойчиво не просит людей» (Аль-Бухари: 1479; Муслим: 3293; Ахмад: 9747).

266
Риядус-салихин, № 266Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «السَّاعِى عَلَى الْأَرْمَلَةِ وَالْمِسْكِينِ، كَالمُجَاهِدِ فِى سَبِيلِ اللَّهِ» وَأحسَبُهُ قَالَ: «وَكالقَائِمِ الَّذِى لَا يَفْتُرُ، وَكَالصَّائِمِ الَّذِى لَا يُفْطِرُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жесірге және міскінге қамқорлық жасаушы адам, Алла жолында күресушімен бірдей», – деген. «Сондай-ақ ол: «және де (ондай адам) түнімен талмай намаз оқитын әрі үзбей ораза ұстайтын жан тәрізді», – деп те айтты деп ойлаймын», – деді», – деген (Бұхари: 6007; Муслим: 7468; Ахмад: 8732).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Заботящийся о вдове и нуждающемся подобен сражающемуся на пути Аллаха». Абу Хурайра добавил: «Полагаю, что он также сказал: “И (такой человек) подобен тому, кто всю ночь неустанно молится и постоянно соблюдает пост”» (Аль-Бухари: 6007; Муслим: 7468; Ахмад: 8732).

267
Риядус-салихин, № 267Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «شَرُّ الطَّعَامِ طَعَامُ الْوَلِيمَةِ، يُمْنَعُهَا مَنْ يَأْتِيهَا، وَيُدْعَى إِلَيْهَا مَنْ يَأْبَاهَا، وَمَنْ لَمْ يُجِبِ الدَّعْوَةَ فَقَدْ عَصَى اللَّهَ وَرَسُولَهُ».

وَفِى رِوَايَة فِى الصحيحين، عَنْ أَبِى هُرَيْرَة من قوله: «بئْسَ الطَّعَامُ طَعَامُ الْوَلِيمَةِ يُدْعَى إِلَيْهَا الْأغْنِيَاءُ ويُتْرَكُ الْفُقَراءُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Тамақтың ең жаманы – (қарын тойдыру үшін) келгісі келетіндер кіргізілмей, келгісі келмейтіндер (яғни, бай-бағландар) шақырылатын той тамағы. Кімде-кім (неке дастарқанына) шақыруды қабыл алмаса, ақиқатында, ол Аллаға және елшісіне асылық қылды», – деп айтты», – деген (Муслим: 3525; Ахмад: 7279).

Қос «сахих» хадистер жинағында Әбу Һурайрадан жеткізілген басқа бір хадисте: «Байлар шақырылып, кедейлер шақырылмай қалатын той тамағы қандай жаман!» – делінген (Бұхари: 5177; Муслим: 3521; Ахмад: 7624).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) сказал: «Пророк ﷺ сказал: “Худшая пища – угощение свадебного пира, куда не допускают тех, кто хотел бы прийти (чтобы насытиться), а приглашают тех, кто приходить не желает (то есть богачей). Тот, кто не примет приглашения (на свадебное угощение), воистину ослушался Аллаха и Его Посланника”» (Муслим: 3525; Ахмад: 7279).

В другом хадисе, переданном Абу Хурайрой и приведённом в обоих «Сахихах», сказано: «Как же скверно угощение свадебного пира, на который приглашают богатых, а бедных оставляют без приглашения!» (Аль-Бухари: 5177; Муслим: 3521; Ахмад: 7624).

268
Риядус-салихин, № 268Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَس عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَنْ عَالَ جَارِيَتَيْن حَتَّى تَبْلُغَا جَاءَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَنَا وَهُوَ كَهَاتَيْنِ» وضَمَّ أَصَابِعَهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Кімде-кім екі бірдей қыз баланы балиғатқа жеткенге дейін бағып-қағып өсірсе,1 сол қиямет күні маған (мынанша жақын) болған күйде келеді», – деп», – қос саусағын біріктіріп көрсеткен (Муслим: 6695; Ахмад: 12498).

Орысша аудармасы

Анас (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Кто вырастит двух девочек, заботясь о них до достижения ими совершеннолетия1, тот в День воскресения явится ко мне (вот настолько близко)», – и, сказав это, соединил два пальца. (Муслим: 6695; Ахмад: 12498).

  1. 1Оларды бағып-қағумен қатар салиқалы тәрбие беру және т.б кіреді.
  1. 1Помимо заботы и содержания, сюда входит достойное воспитание девочек и другие обязанности.
269
Риядус-салихин, № 269Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: دَخَلَتْ عَلَيَّ امْرَأَةٌ وَمَعَهَا ابنتان لَهَا، تَسْأَلُ فَلَمْ تَجِدْ عِنْدِى شَيْئًا غَيْرَ تَمْرَةٍ وَاحدَةٍ، فَأعْطَيْتُهَا إِيَّاهَا فَقَسَمَتْهَا بَيْنَ ابْنَتَيْها ولَمْ تَأكُلْ مِنْهَا، ثُمَّ قَامَتْ فَخَرجَتْ، فَدَخَلَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَينَا، فَأخْبَرْتُهُ فَقَالَ: «مَنِ ابْتُليَ مِنْ هَذِهِ الْبَنَاتِ بِشَيْءٍ فَأَحْسَنَ إِلَيْهِنَّ، كُنَّ لَهُ سِترًا مِنَ النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Бірде маған қасында екі қызы бар бір әйел келіп, қайыр сұрады. Алайда үйімнен оған берер бір тал құрмадан басқа ештеңе табылмады, оған соны бердім. Ол соны екі қызына бөліп берді де, өзі жемеді. Сосын түрегеліп шығып кетті. Артынша Пайғамбарымыз ﷺ үйге кірген бойда оған әлгі әйел жайлы айттым. Сонда ол: «Кімде-кім осындай қыздарымен сыналып, оларға жақсы қарап, жақсылық жасаса, олар оған тозақ отынан қорған болады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1418; Муслим: 6693; Ахмад: 24055).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды ко мне пришла женщина с двумя дочерьми и попросила милостыню. Однако дома у меня не нашлось ничего, что я могла бы ей дать, кроме одного финика, и я отдала его ей. Женщина разделила финик между двумя дочерьми, а сама ничего не съела. Затем она встала и ушла. Вскоре после этого Пророк ﷺ вошёл в дом, и я сразу рассказала ему о той женщине. Тогда он сказал: “Для того, кто будет испытан заботой о дочерях и станет хорошо обращаться с ними и делать им добро, они послужат защитой от адского огня”» (Аль-Бухари: 1418; Муслим: 6693; Ахмад: 24055).

270
Риядус-салихин, № 270Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: جَاءَتنِى مِسْكينةٌ تَحْمِلُ ابْنَتَيْنِ لَهَا، فَأطْعَمْتُها ثَلَاثَ تَمرَات، فَأعْطَتْ كُلَّ وَاحِدَة مِنْهُمَا تَمْرَةً وَرَفَعتْ إِلَى فِيها تَمْرَةً لِتَأكُلها، فَاسْتَطعَمَتهَا ابْنَتَاهَا، فَشَقَّتِ التَّمْرَةَ الَّتِى كَانَتْ تُرِيدُ أَنْ تَأكُلَهَا بَيْنَهُما، فَأعجَبَنِى شَأنُهَا، فَذَكَرْتُ الَّذِى صَنَعَتْ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «إِنَّ اللَّهَ قَدْ أوْجَبَ لَهَا بِهَا الْجَنَّةَ، أَوْ أعتَقَهَا بِهَا مِنَ النَّارِ»

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Бірде үйіме қасында қаршадай екі қызы бар бір жарлы әйел келді. Оған үш тал құрма бердім. Ол құрманың екеуін екі қызына берді де, үшіншісін өзі жемек болды. Сөйтіп, әлгі құрманы аузына сала бергенде, екі сәбиі бірдей қолдарын созды. Сонда бейшара ана өзі жемекші болған жалғыз құрманы теңдей етіп екіге бөлді де, балаларына берді. Әлгі әйелдің аналық мейірімі мені тәнті етті де, болған жайды Алла елшісіне ﷺ айтып бердім. Сонда ол: «Алла Тағала ол әйелге аналық мейірімі үшін жаннатты нәсіп етті, яки оны тозақ отынан құтқарды», – деп айтты» – делінген (Муслим: 6694; Ахмад: 24611).

Орысша аудармасы

Аиша (да будет доволен ею Аллах) передала: «Однажды ко мне домой пришла бедная женщина с двумя совсем маленькими дочерьми. Я дала ей три финика. Два из них она отдала дочерям, а третий решила съесть сама. Но едва она поднесла его ко рту, обе малышки протянули к нему руки. Тогда бедная мать разделила единственный финик, который собиралась съесть сама, на две равные части и отдала их детям. Материнское милосердие этой женщины восхитило меня, и я рассказала о случившемся Посланнику Аллаха ﷺ. Тогда он сказал: “Аллах Всевышний за её материнское милосердие даровал этой женщине рай или спас её от адского огня”» (Муслим: 6694; Ахмад: 24611).

271
Риядус-салихин, № 271

عَنْ أَبِى شُرَيحٍ خُوَيْلِدِ بْنِ عَمْرُو الْخزاعِيِّ، قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «اللَّهُمَّ إِنِّى أُحَرِّجُ حَقَّ الضَّعِيفَينِ: الْيَتِيم وَالْمَرْأَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Шурайх Хуайлид ибн Амр әл-Хузағи (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Уа, Алла! Расында, (қоғамдағы) қос әлсіздің – (арқа сүйері жоқ) жетім мен әйелдің ақысын (жегенге) ауыр кінә артамын1», – деп айтқан (Нәсәи «әл-Кубра»: 9105; Ахмад: 9666).

Орысша аудармасы

Абу Шурайх Хувайлид ибн Амр аль-Хузаи (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «О Аллах! Воистину, я вменяю в тяжкую вину посягательство (попрание) на права двух слабых (в обществе) – сироты (лишённого опоры) и женщины1» (Ан-Насаи, «Аль-Кубра»: 9105; Ахмад: 9666).

  1. 1Бұл істің аса ауыр күнә екенін есткертіп, қатаң түрде тыйым саламын.
  1. 1То есть я строго запрещаю это, предупреждая о том, что это тяжкий грех.
272
Риядус-салихин, № 272

عَنْ مصعب بْنِ سعد بْنِ أَبِى وقَّاص، قَالَ: رَأَى سعد أَنَّ لَهُ فَضْلًا عَلَى مَنْ دُونَهُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «هَلْ تُنْصرُونَ وتُرْزَقُونَ إِلَّا بِضُعَفَائِكُمْ» رواه الْبخارِى هكذا مُرسلًا، فإِن مصعب بْنِ سعد تابعيٌّ، ورواه الْحافظ أَبُو بَكْرٍ الْبرقانِى فِى صحيحه متصلًا عَنْ مصعب، عَنْ أبيه

Қазақша аудармасы

Мұсғаб ибн Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «(Бірде әкем) Сағд өзін (өзі сияқты батыр, өжет болмаған) әлжуаз жандардан артық көргендей болды. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, араларыңдағы әлсіз жандардың құрметі үшін Алланың жәрдемі мен ризығына бөленіп жүр емессіңдер ме?!» – деп айтты», – деген (Бұхари: 2896; Ахмад: 1493).

Орысша аудармасы

Мусаб ибн Саад ибн Абу Ваккас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «(Однажды мой отец) Саад, по-видимому, счёл себя выше слабых людей (не обладавших такой же храбростью и отвагой, как он). Тогда Пророк ﷺ сказал: “Разве не ради слабых среди вас Аллах дарует вам Свою помощь и наделяет вас уделом?!”» (Аль-Бухари: 2896; Ахмад: 1493).

273
Риядус-салихин, № 273

عَنْ أَبِى الدَّرْدَاءِ عُويمر قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّه ﷺ يَقُولُ: «ابْغُونِى الضُّعَفَاء، فَإِنَّمَا تُنْصَرُونَ وتُرْزَقُونَ، بِضُعَفَائِكُمْ»

Қазақша аудармасы

Әбу Дәрда (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Маған әлсіздерді тауып әкеліңдер! Шындығында, Алланың сендерге беріп жатқан жәрдемі мен ризығы іштеріңдегі әлсіз жандардың құрметіне берілуде», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 2594; Ахмад: 21731).

Орысша аудармасы

Абу Дарда (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Найдите и приведите ко мне слабых! Воистину, помощь и удел, которые Аллах дарует вам, даются благодаря находящимся среди вас слабым”» (Абу Дауд: 2594; Ахмад: 21731).