Хадис

Риядус-салихин, № 264

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
33. Жетім-жесірге, қыз балаларға, әлжуаздарға, міскіндер мен шарасыздарға қолұшын беріп, жақсылық жасау, жанашырлық танытып, кішіпейіл болу жайында
Нөмірі
№ 264 (қазақша басылым реті)
264
Риядус-салихин, № 264Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَافلُ الْيَتيِم لَهُ أَوْ لِغَيْرِهِ أَنَا وَهُوَ كَهَاتَيْنِ فِى الْجَنَّةِ» وَأَشَارَ الرَّ‌اوِى وَهُوَ مَالِكُ بْنُ أنَس بالسَّبَّابَةِ وَالوُسْطَى

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Өзінің немесе өзгенің жетіміне1 қамқоршы болған жан екеуіміз жаннатта мына екеуі (яғни, сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ) сияқты (жақын боламыз)», – деген. Хадисті жеткізген Мәлик ибн Әнәс (хадисті айтып жеткізгенде) сұқ және ортаңғы саусағымен ишара жасаған (Муслим: 7469; Ахмад: 7771).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Мы с человеком, опекающим своего или чужого сироту1, в раю будем как эти два пальца (то есть указательный и средний) – (будем близки друг к другу)». Передатчик этого хадиса Малик ибн Анас (рассказывая его) сделал знак указательным и средним пальцами. (Муслим: 7469; Ахмад: 7771).

  1. 1Мұндағы «өзінің» дегені ет жақын туыстарының ішіндегі жетім, ал «өзгенің» дегені туыстығы жоқ жетім.
  1. 1Под «своим» имеется в виду сирота из числа близких родственников, а под «чужим» – сирота, с которым опекун не состоит в родстве.