Хадис

Әйелдің күйеуі алдындағы міндеттері жайында

Об обязанностях женщины перед мужем

Риядус-салихин, 35-тақырып · 8 хадис · № 282–289

Хадистер

«الرِّجَالُ قَوَّامُونَ عَلَى النِّسَاءِ بِمَا فَضَّلَ اللَّهُ بَعْضَهُمْ عَلَى بَعْضٍ وَبِمَا أَنْفَقُوا مِنْ أَمْوَالِهِمْ فَالصَّالِحَاتُ قَانِتَاتٌ حَافِظَاتٌ لِلْغَيْبِ بِمَا حَفِظَ اللَّه» «Нағыз ерлер әйелдерге басшы һәм қорған. Мұның себебі – Алланың кей адамдарды кейбіреуінен артық етіп жаратқандығы, әрі ер адамдардың қаржы-қаражат жауапкершілігін арқалағандығы. Ал ізгі әйелдер – Аллаға толық мойынсұнатын және ерлерінің алдындағы міндеттерін қалтқысыз орындайтын, әрі Алла олардың құқығын қалай қорғаған болса, олар да дәл солай ерлері қастарында болмаған кезде де ерлерінің құқығын аяқасты етпей лайықты түрде сақтай білетін жандар…» («Ниса» сүресі, 34-аят).

«Мужья являются руководителями и попечителями над женами, ибо Аллах сотворил одних превосходящими других и оттого, что те обязуются расходовать из своего имущества. Праведные же женщины – это те, кто всецело подчиняются Аллаху и своим мужьям и берегут хранимое в отсутствие мужей так же, как бережет их права Аллах» (сура «Ниса», 4:34).

282
Риядус-салихин, № 282Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا دَعَا الرَّجُلُ امرَأتَهُ إِلَى فرَاشِهِ فَلَمْ تَأتِهِ، فَبَاتَ غَضْبَانَ عَلَيْهَا، لَعَنَتْهَا الْمَلَائِكَةُ حَتَّى تُصْبحَ». وَفِى رِوَايَة لهما: «إِذَا بَاتَت الْمَرأةُ هَاجِرَةً فِرَاشَ زَوْجِهَا لَعَنَتْهَا الْمَلَائِكَةُ حَتَّى تُصْبحَ». وَفِى رِوَايَة قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَالَّذِى نَفْسِى بيَدِهِ مَا مِنْ رَجُلٍ يَدْعُو امْرَأتَهُ إِلَى فِرَاشهِ فَتَأبَى عَلَيْهِ إِلَّا كَانَ الَّذِى فِى السَّمَاء سَاخطًا عَلَيْهَا حَتَّى يَرْضَى عَنْهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Ер кісі әйелін төсегіне шақырғанда1 әйелі келмей, күйеуі түнді оған ашуланған күйде өткізсе, періштелер оған таң атқанша лағынет айтады», – деп айтты, – деген (Бұхари: 3237; Муслим: 3541; Ахмад: 9671).

Қос «сахих» хадистер жинағында келген басқа бір хадисте: «(Қандай да) бір әйел түнді күйеуінің төсегінен безінген күйде өткізсе, періштелер оған таң атқанша лағынет айтады», – делінген (Бұхари: 5194; Муслим: 3538; Ахмад: 7471).

Тағы бір хадисте Алла елшісі: «Жаным қолында болған Алланың атымен ант етейін! Қайсыбір еркек әйелін төсегіне шақырғанда бас тартанын болса, күйеуі одан разы болғанға дейін билігі аспанға да жүрген Алла оған ашулы болады», – деп айтқан (Муслим: 3540).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если мужчина позовёт свою жену в постель1, а она не придёт к нему и муж проведёт ночь, гневаясь на неё, ангелы будут проклинать её до самого утра» (Аль-Бухари: 3237; Муслим: 3541; Ахмад: 9671).

В другом хадисе, приведённом в обоих сборниках «Сахих», сказано: «Если (какая-либо) женщина проведёт ночь, сторонясь ложа своего мужа, ангелы будут проклинать её до самого утра» (Аль-Бухари: 5194; Муслим: 3538; Ахмад: 7471).

В ещё одном хадисе Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Клянусь Аллахом, в Чьей длани моя душа! Если какой-либо мужчина позовёт свою жену в постель, а она откажется, Аллах, Чья власть простирается и на небеса, будет гневаться на неё до тех пор, пока муж не будет ею доволен» (Муслим: 3540).

  1. 1Яғни, жақындасуға шақырғанда... Бұлай тұспалдап жеткізу исламның керемет әдептерінің бірі.
  1. 1То есть когда он зовёт её к супружеской близости. Такое иносказание – один из примеров прекрасного этикета ислама.
283
Риядус-салихин, № 283

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أيضًا: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَحِلُّ لأَمْرَأَةٍ أَنْ تَصُومَ وزَوْجُهَا شَاهدٌ إِلَّا بإِذْنِهِ، وَلَا تَأذَنَ فِى بَيْتِهِ إِلَّا بِإِذنِهِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Әйелге күйеуі қасында болғанда оның рұқсатынсыз (нәпіл) ораза ұстауға болмайды. Сондай-ақ оның рұқсатынсыз үйіне ешкімді кіргізе алмайды», – деді», – делінген (Бұхари: 5195; Муслим: 2370; Ахмад: 10495).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Женщине нельзя соблюдать (добровольный) пост без разрешения мужа, когда он находится рядом с ней. Также она не может впускать кого-либо в его дом без его разрешения» (Аль-Бухари: 5195; Муслим: 2370; Ахмад: 10495).

Түсіндірме (қазақша)

Осы мазмұнда айтылған тағы бір хадисте: «Әйелдеріңнің сендердің алдарыңдағы бір міндеті – сендер жаратпайтын және жақтырмайтын адамдарды үйлеріңе кіргізбеуі», – деп айтылған. Демек, әйел күйеуі қаламайтын және жақтырмайтын адамдарды босағасынан аттатпауы керек.

Түсіндірме (орысша)

в другом хадисе с подобным содержанием сказано: «Одна из обязанностей ваших жён перед вами состоит в том, чтобы они не впускали в ваши дома тех, кого вы не одобряете и не желаете там видеть». Следовательно, жена не должна впускать в дом людей, которых её муж не желает там видеть и не одобряет.

284
Риядус-салихин, № 284Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «كلكم رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ: وَالْأمِيرُ رَاعٍ، والرَّجُلُ رَاعٍ عَلَى أَهْلِ بَيْتِهِ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيةٌ عَلَى بَيْتِ زَوْجها وَوَلَدهِ، فَكُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ»

Қазақша аудармасы

Ибн Омардан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Барлығың да бақташы секілдісіңдер және барлықтарың қоластыларыңдағылар үшін жауап бересіңдер. Басшы – бақташы. Ер адам – отбасының бақташысы. Әйел – ерінің шаңырағы мен балаларының бақташысы. Қысқасы, әрбірің бақташысыңдар және өздеріңе бағынышты жандар үшін жауаптысыңдар», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 5200; Муслим: 4724; Ахмад: 4495).

Орысша аудармасы

Ибн Умар (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Все вы подобны пастырям, и каждый из вас несёт ответственность за тех, кто находится под его попечением. Правитель – пастырь. Мужчина – пастырь своей семьи. Женщина – хранительница дома своего мужа и его детей. Словом, каждый из вас – пастырь и несёт ответственность за тех, кто вверен его попечению» (Аль-Бухари: 5200; Муслим: 4724; Ахмад: 4495).

285
Риядус-салихин, № 285

عَنْ أَبِى علي طَلْق بْنِ علي: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا دَعَا الرَّجُلُ زَوْجَتهُ لحَاجَتِهِ فَلْتَأتِهِ وَإِنْ كَانَتْ عَلَى التَّنُور»

Қазақша аудармасы

Әбу Әли Талқ ибн Әли (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Егер ер адам әйелін қажеті үшін шақырса, әйелі тандырдың басында тұрған болса да оған дереу келсін», – деді», – деп айтқан (Тирмизи: 1160;Нәсәи: 8922; «Муснәд»: 16288).

Орысша аудармасы

Абу Али Талк ибн Али (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Если мужчина позовёт к себе жену по своей нужде, пусть она немедленно придёт к нему, даже если будет стоять у печи» (Ат-Тирмизи: 1160; Ан-Насаи: 8922; Ахмад: 16288).

286
Риядус-салихин, № 286Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَوْ كُنْتُ آمِرًا أَحَدًا أَنْ يَسْجُدَ لأَحَدٍ لأَمَرْتُ الْمَرأةَ أَنْ تَسْجُدَ لزَوجِهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер біреудің біреуге (яғни, адамның адамға) сәжде етуін бұйырар болсам, әйелдің еріне сәжде етуін бұйырар едім», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 1159; Ибн Хиббан: 4162).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если бы я повелел кому-либо совершить земной поклон перед другим (то есть человеку перед человеком), то повелел бы женщине совершить земной поклон перед своим мужем» (Ат-Тирмизи: 1159; Ибн Хиббан: 4162).

287
Риядус-салихин, № 287Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أم سَلَمَة، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أيُّمَا امْرَأَةٍ مَاتَتْ، وَزَوْجُهَا عَنْهَا رَاضٍ دَخَلَتِ الْجَنَّةَ»

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Қайсыбір әйел күйеуі оған разы болған күйде дүниеден өтсе, (Алланың рақымымен) жаннатқа кіреді», – деп айтты», – деген (Тирмизи: 1161).

Орысша аудармасы

Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Любая женщина, которая умрёт, когда её муж доволен ею, (по милости Аллаха) войдёт в рай”» (Ат-Тирмизи: 1161).

288
Риядус-салихин, № 288Риуаят етуші: Мұғаз

عَنْ معاذ بْنِ جبل عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تُؤْذِى امْرَأَةٌ زَوْجَهَا فِى الدُّنْيَا إِلَّا قَالَتْ زَوْجَتُهُ مِنَ الْحُورِ الْعِينِ لَا تُؤذِيهِ قَاتَلكِ اللَّهُ ‍! فَإِنَّمَا هُوَ عِنْدَكِ دَخِيلٌ يُوشِكُ أَنْ يُفَارِقَكِ إِلَيْنَا»

Қазақша аудармасы

Мұғаз ибн Жәбәлдан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер осы дүниеде әйелі күйеуіне орынсыз зәбір көсетіп, мазасын алса, жаннатта күйеуінің жұбайы болатын қор қыздарының бірі: «Алла жазаңды берсін! Оны қинама! Ол жақында сенімен қош айтысып, бізбен қауышатын жаныңда уақытша ғана жүрген қонағың ғой», – деп айтады» – делінген (Тирмизи: 1174; Ахмад: 22101).

Орысша аудармасы

Муаз ибн Джабаль (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если в этом мире жена безосновательно притесняет мужа и причиняет ему страдания, одна из райских гурий, которая станет его супругой в раю, скажет: “Да покарает тебя Аллах! Не мучай его! Ведь рядом с тобой он лишь временный гость: скоро он простится с тобой и соединится с нами”» (Ат-Тирмизи: 1174; Ахмад: 22101).

289
Риядус-салихин, № 289Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أسامة بْنِ زيد، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَا تَرَكْتُ بَعْدِى فِتْنَةً هِيَ أضَرُّ عَلَى الرِّجَالِ مِنَ النِّسَاء»

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйдтен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Өзімнен кейін ер адамдар үшін әйел затынан да зиянды сынақ (арбап, азғырушы) қалдырмадым», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 5096; Муслим: 6945; Ахмад: 21746).

Орысша аудармасы

Усама ибн Зайд (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «После себя я не оставил для мужчин более пагубного испытания (способного обольстить и соблазнить), чем женщины» (Аль-Бухари: 5096; Муслим: 6945; Ахмад: 21746).