Хадис

Бала-шағаны асырау, отбасының нәпақасын табу жайында

О содержании детей и обеспечении семьи

Риядус-салихин, 36-тақырып · 8 хадис · № 290–297

Хадистер

«وَعَلَى الْمَوْلُودِ لَهُ رِزْقُهُنَّ وَكِسْوَتُهُنَّ بِالْمَعْرُوف» «...Бала емізетін аналарды ас-ауқат және киім-кешекпен шариғатқа және қоғамдағы ғұрыпқа сай жақсылап қамтамасыз ету – баланың әкесінің міндеті...» («Бақара» сүресі, 233-аят).

«لِيُنْفِقْ ذُو سَعَةٍ مِنْ سَعَتِهِ وَمَنْ قُدِرَ عَلَيْهِ رِزْقُهُ فَلْيُنْفِقْ مِمَّا آتَاهُ اللَّهُ لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا مَا آتَاهَا» «Бай адам байлығынан нәпақа берсін. Ал ризық-несібесі шектеулі адам Алланың өзіне нәсіп еткенінен нәпақа берсін. Алла ешбір жанға Өзі берген жағдайдан артық жүк артпайды...» («Талақ» сүресі, 7-аят).

«وَمَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَهُوَ يُخْلِفُه» «...Сендер игілік жолында не жұмсасаңдар да, Алла оның орнын толтырады...» («Сәбә» сүресі, 39-аят).

«Отцу же надлежит обеспечивать питанием и одеждой кормящую мать по принятому в обществе» (сура «Бакара», 2:233).

«Пусть человек в достатке дарует пропитание согласно своему достатку. А тот, чей удел ограничен, пусть дарует пропитание согласно состоянию, которое Аллах даровал ему. Аллах не возлагает на душу сверх тех возможностей, которые Он даровал ей» (сура «Талак», 65:7).

«Что бы вы ни расходовали на благом пути, Аллах восполнит это» (сура «Саба», 34:39).

290
Риядус-салихин, № 290Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «دِينَارٌ أنْفَقْتَهُ فِى سَبِيلِ اللَّهِ، وَدِينار أنْفَقْتَهُ فِى رَقَبَةٍ، وَدِينارٌ تَصَدَّقْتَ بِهِ عَلَى مِسْكِينٍ، وَدِينَارٌ أنْفَقْتَهُ عَلَى أَهْلِكَ، أَعْظَمُهَا أَجْرًا الَّذِى أنْفَقْتَهُ عَلَى أَهْلِكَ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Алла жолына берген пұл, құл азат ету үшін төлеген пұл, пақыр-міскінге садақа деп берген пұл және отбасыңның нәпақасына жұмсаған пұл; Осылардың ішіндегі сауап тұрғысынан ең үлкені – отбасыңның нәпақасына жұмсаған пұл», – деп айтты» – делінген (Муслим: 2311; Ахмад: 10174).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Средства, пожертвованные тобой на пути Аллаха, средства, уплаченные за освобождение раба, средства, поданные в качестве милостыни бедняку, и средства, израсходованные на содержание твоей семьи, – из всего этого наибольшую награду принесёт тебе то, что ты израсходовал на содержание своей семьи» (Муслим: 2311; Ахмад: 10174).

291
Риядус-салихин, № 291

عَنْ أَبِى عبد اللَّه، ويُقالُ لَهُ: أَبو عَبْد الرَّحْمَان ثَوبَان بْنِ بُجْدُد مَوْلَى رَسُول اللَّهِ ﷺ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَفْضَلُ دِينَارٍ يُنْفقُهُ الرَّجُلُ: دِينَارٌ يُنْفِقُهُ عَلَى عِيَالِهِ، وَدِينَارٌ يُنْفقُهُ عَلَى دَابَّتِهِ فِى سَبِيلِ اللَّه، وَدِينارٌ يُنْفقُهُ عَلَى أَصْحَابهِ فِى سَبِيلِ اللَّهِ»

Қазақша аудармасы

Алла елшісінің ﷺ азат еткен құлы Әбу Абдуллаһ (Әбу Абдуррахман деп те аталады) Сәубан ибн Буждуд (р.а.): «Алла елшісі: «Ер адам жұмсайтын динардың ең абзалы – отбасы мүшелеріне жұмсайтын динар, Алла жолындағы көлігіне жұмсайтын динар және Алла жолындағы жолдастарына жұмсайтын динар», – деп айтты», – деген (Муслим: 2310; Ахмад: 22406).

Орысша аудармасы

Вольноотпущенник Посланника Аллаха ﷺ Абу Абдуллах (также известный как Абу Абдуррахман) Саубан ибн Будждуд (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Лучший динар, который расходует человек, – это динар, потраченный им на членов своей семьи; динар, потраченный на своё верховое животное на пути Аллаха; и динар, потраченный на своих товарищей на пути Аллаха”» (Муслим: 2310; Ахмад: 22406).

292
Риядус-салихин, № 292Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أمِّ سَلمَة رَضي اللَّه عَنْهَا، قَالَتْ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلْ لِى أجرٌ فِى بَنِى أَبِى سَلَمَة أَنْ أُنْفِقَ عَلَيْهِمْ، وَلَسْتُ بِتَارِكتهمْ هَكَذَا وَهَكَذَا إِنَّمَا هُمْ بَنِيّ؟ فَقَالَ: «نَعَمْ، لَكِ أجْرُ مَا أنْفَقْتِ عَلَيْهِمْ»

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләма (р.а.): «Бірде уа, Расулалла ﷺ: Әбу Сәләмәнің балаларын нәпәқа іздетіп оңды-солды тентіретпестен, нәпақа беріп баққаным үшін маған әжір-сауап жазыла ма, олар менің туған балаларым ғой?!» – деп сұрағанымда, ол: «Әлбетте. Оларға жұмсаған мал-пұлың үшін саған сауап жазылады», – деп айтты», – деген (Бұхари: 5369; Муслим: 2320; Ахмад: 26509).

Орысша аудармасы

Умм Салама (да будет доволен ею Аллах) передала: «Однажды я спросила: “О Посланник Аллаха ﷺ! Будет ли мне записана награда за то, что я содержу детей Абу Саламы и не заставляю их скитаться повсюду в поисках пропитания? Ведь они – мои родные дети!” Он ответил: “Конечно. Тебе будет записана награда за средства, которые ты расходуешь на них”» (Аль-Бухари: 5369; Муслим: 2320; Ахмад: 26509).

293
Риядус-салихин, № 293

عَنْ سعد بْنِ أَبِى وقاص فِى حَدِيثه الطويل الَّذِى قدمناه فِى أول الْكتَاب فِى باب النِّيَةِ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ لَهُ: «وإِنَّكَ لَنْ تُنْفِقَ نَفَقَةً تَبْتَغِى بِهَا وَجْهَ اللَّهِ إِلَّا أُجِرْتَ بِهَا حَتَّى مَا تَجْعَلُ فِى فيِّ امرأتِك»

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққастан (р.а.) жеткен Кітаптың басында келтірілген Ізгі ниет бөліміндегі ұзын-сонар хадисте Алла елшісі ﷺ оған: «Шынында сен Алланың разылығын көздеп жұмсаған әрбір мал-пұлың үшін сауап аласың, тіпті әйеліңнің аузына салған әрбір түйір ас үшін де (сауап аласың)», – деп айтқан (Бұхари: 1295; Муслим: 4209; Ахмад: 1524).

Орысша аудармасы

В пространном хадисе, переданном Саадом ибн Абу Ваккасом (да будет доволен им Аллах) и приведённом в начале этой книги в разделе «Искренность и чистое намерение», сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал ему: «Воистину, за всё имущество, которое ты израсходуешь, стремясь к довольству Аллаха, ты получишь награду – даже за каждый кусочек пищи, который положишь в рот своей жене (ты также получишь награду)» (Аль-Бухари: 1295; Муслим: 4209; Ахмад: 1524).

294
Риядус-салихин, № 294Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Бәдри

عَنْ أَبِى مسعود الْبدرِى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أنْفَقَ الرَّجُلُ عَلَى أَهْلِهِ نَفَقَةً يَحْتَسِبُهَا فَهِيَ لَهُ صَدَقَةٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Бәдри (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Егер ер адам сауабын бір Алладан үміт етіп, отбасы үшін қандай да бір қаражат жұмсаса, сол оған садақа болып жазылады», – деп айтқан (Бұхари: 55; Муслим: 2322; Ахмад: 17082).

Орысша аудармасы

Абу Масуд аль-Бадри (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Если мужчина расходует какие-либо средства на свою семью, надеясь получить награду лишь от Аллаха, это будет записано ему как садака» (Аль-Бухари: 55; Муслим: 2322; Ахмад: 17082).

295
Риядус-салихин, № 295Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَفَى بِالمَرْءِ إِثْمًَا أَنْ يُضَيِّعَ مَنْ يَقُوتُ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Ер адамның қолына қарап отырған әйелі мен бала-шағасын аш-жалаңаш етіп нәпақасыз қалдыруы, күнә ретінде оның бір басына жеткілікті болып табылады», – деп айтты» – делінген. (Әбу Дәуіт: 1692; Ахмад: 6495; Нәсәи: 9132).

Орысша аудармасы

Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Достаточно человеку греха уже за то, что он лишает содержания находящихся на его иждивении жену и детей, оставляя их голодными и без одежды» (Абу Дауд: 1692; Ахмад: 6495; Ан-Насаи: 9132).

296
Риядус-салихин, № 296Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ يَوْمٍ يُصْبِحُ الْعِبَادُ فِيهِ إِلَّا مَلَكانِ يَنْزلَانِ، فَيقُولُ أَحَدُهُمَا: اللَّهُمَّ أعْطِ مُنْفقًا خَلَفًا، وَيَقُولُ الآخَرُ: اللَّهُمَّ أعْطِ مُمْسِكًا تلَفًا»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Әрбір таң арайлап атып, Алланың құлдары ұйқысынан оянып жатқанда, көктен екі періште түседі. Бірі: «Уа, Алла Тағалам! Дүние-мүлкін игі жолға жұмсағанның дүниесінің орнын толтыра көр», – десе, екіншісі: «Уа, Алла Тағалам! Жиған-тергенін жұмсамай, тығып отырған сараңды шығынға ұшырат», – деп дұға жасайды», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 1442; Муслим: 2336; Ахмад: 8571).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Каждое утро, когда занимается заря и рабы Аллаха пробуждаются ото сна, с небес нисходят два ангела. Один из них обращается с мольбой: “О Аллах Всевышний! Возмести потраченное тому, кто расходует своё имущество на благие дела!” Другой же взывает: “О Аллах Всевышний! Причини убыток скупцу, который, не расходуя накопленное, прячет его!”» (Аль-Бухари: 1442; Муслим: 2336; Ахмад: 8571).

297
Риядус-салихин, № 297Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عنه، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اليَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى، وَابْدَأ بِمَنْ تَعُولُ، وَخَيْرُ الصَّدَقَةِ مَا كَانَ عَنْ ظَهْرِ غِنىً، وَمَنْ يَسْتَعْفِفْ يُعِفَّهُ اللَّهُ، وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغْنِهِ اللَّهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жоғарғы (береген) қол төменгі (алаған) қолдан әлдеқайда қайырлы. Беретініңді алдымен өзің бағып-қағуға міндетті жандардан баста. Садақаның қайырлысы – артылған дүниеден берген садақа. Кімде-кім харамнан тыйылып, арын таза ұстауға тырысса, Алла оны арлы қылады (харамнан сақтайды). Ал кімде-кім қолда барға қанағат қылып, ешкімге зәрулік танытпаса, Алла оның көңілін тоқ қылады», – деп айтты» – делінген (Бұхари: 1428; Ахмад: 10223).

Орысша аудармасы

Абу Хурайра (да будет доволен им Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Верхняя (дающая) рука намного лучше нижней (берущей). Начинай с тех, кого ты обязан содержать. Лучшая садака – та, которую дают из имущества, оставшегося сверх необходимого. Кто старается воздерживаться от запретного и хранить целомудрие, того Аллах наделит целомудрием (оградит от запретного). А кто довольствуется тем, что имеет, и ни перед кем не проявляет нужды, сердце того Аллах наполнит довольством» (Аль-Бухари: 1428; Ахмад: 10223).