Хадистер
«وَلْتَكُنْ مِنْكُمْ أُمَّةٌ يَدْعُونَ إِلَى الْخَيْرِ وَيَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ وَأُولَئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ» «Араларыңда ізгілікке шақырып, жақсылықты бұйыратын һәм жамандықтан тыятын бір қауым болсын. Міне, солар – азаптан құтылып, мақсат-мұратына жететіндер» («Әли Имран» сүресі, 104-аят).
«كُنْتُمْ خَيْرَ أُمَّةٍ أُخْرِجَتْ لِلنَّاسِ تَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَر» «Сендер күллі адамзаттың игілігі үшін жарыққа шығарылған ең қайырлы үмбетсіңдер. Үнемі жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыясыңдар...» («Әли Имран» сүресі, 110-аят).
«خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ» «Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істе. Ондай надандардан теріс айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма» («Ағраф»сүресі, 199-аят).
«وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْضٍ يَأْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ» «Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер бір-біріне шын жанашыр дос. Олар жақсылық жасауды бұйырып, жамандық атаулыдан тыяды.....» («Тәубә» сүресі, 71-аят).
«لُعِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ بَنِى إِسْرائيلَ عَلَى لِسَانِ دَاوُدَ وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ ذَلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ كَانُوا لَا يَتَنَاهَوْنَ عَنْ مُنْكَرٍ فَعَلُوهُ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَفْعَلُونَ» «Исрайыл ұрпақтарынан күпірлік қылғандар Дәуіт пен Мәриямұлы Исаның тілімен лағынеттелді. Өйткені олар Аллаға қарсы келіп, азғындықта шектен шығатын еді. Олар қандай да бір жаман іс істегенде, бір-бірін одан тимайтын еді. Оларлың сол істері қандай жаман еді!» («Мәида» сүресі, 78-79 –-аят).
«وَقُلِ الْحَقُّ مِنْ رَبِّكُمْ فَمَنْ شَاءَ فَلْيُؤْمِنْ وَمَنْ شَاءَ فَلْيَكْفُرْ» «Оларға: «Ақиқат – Раббыларыңнан келді. Ал енді қалаған жан иман келтірсін, қалаған күпірлік қылсын», – деп айт...» («Кәһф» сүресі, 29-аят).
«فَاصْدَعْ بِمَا تُؤْمَر» «Енді өзіңе бұйырылғандарды ашық түрде айтып жеткіз....» («Хижр» сүресі, 94-аят).
«فأَنْجَيْنَا الَّذِينَ يَنْهَوْنَ عَنِ السُّوءِ وَأَخَذْنَا الَّذِينَ ظَلَمُوا بِعَذَابٍ بَئِيسٍ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ» «...Оларды жамандықтан тыюға тырысқандарды аман алып қалдық та, күнәға батып, өз-өздеріне зұлымдық жасағандарды ауыр азапқа душар қылдық» («Ағраф» сүресі, 165-аят).
«Пусть же будет среди вас община, которая призывает к благому, повелевает одобряемое и удерживает от дурного. И такие – спасшиеся от мучения и обретшие счастье» (сура «Али Имран», 3:104).
«Вы есть лучшая община, которая выведена на свет ради всего человечества. Вы неизменно призываете к благому и удерживаете от дурного» (сура «Али Имран», 3:110).
«И все же будь ты снисходителен, побуждай к благому и отвернись от подобных невежд» (сура «А‘раф», 7:199).
«Верующие мужчины и верующие женщины являются искренне доброжелательными покровителями друг другу. Они побуждают людей к добру и благодеяниям и отвращают от злодеяний» (сура «Тауба», 9:71).
«Прокляты устами Давуда и Исы, сына Марьям, те из потомков Исраиля, которые стали неверными! Это за то, что они противились и попирали пределы. И не удерживали они друг друга, когда совершали дурное. Поистине, скверно то, что они делали!» (сура «Маида», 5:78–79).
«Скажи: “Истина явлена от вашего Господа. Теперь же пусть уверует тот, кто пожелает, а кто пожелает – впадет в неверие”» (сура «Кахф», 18:29).
«Так доведи открыто то, что тебе было велено» (сура «Хиджр», 15:94).
«Мы спасли тех, кто старался удержать их от дурного, и обрушили на тех, кто творил зло, страшное наказание за то, что они были непокорны Божьим велениям и преступали пределы» (сура «А‘раф», 7:165).
عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: سَمِعت رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ رَأَى مِنْكُمْ مُنْكَرًا فَلْيُغَيِّرْهُ بِيَدِهِ، فَإِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَبِلِسَانِهِ، فَإِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَبِقَلْبِهِ، وَذَلِكَ أضْعَفُ الْإِيمَانِ»
Қазақша аудармасы
Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Сендерден кімде-кім жағымсыз бір іс көрсе, оны қолымен өзгертсін, егер оған шамасы келмесе, тілімен (насихат айтсын), егер оған да шамасы келмесе, жүрегімен (сол істі жақтырмасын), міне, сол – иманның ең әлсізі», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 177; Ахмад: 11150).
Орысша аудармасы
Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пусть тот из вас, кто увидит нечто порицаемое, изменит это своей рукой; если не сможет, то языком (пусть увещевает словами); если же не сможет и этого, то сердцем (пусть не одобряет этого в душе). И это – самое слабое проявление веры”» (Муслим: 177; Ахмад: 11150).
Түсіндірме (қазақша)
Хадистегі иманның ең әлсізі деген – егер бір адам қандай да бір жағымсыз, жаман істі көргенде, соған іс жүзінде немесе сөз жүзінде қарсы тұра алмаған күннің өзінде, сол істі іштей жеккөріп, жақтырмайтын болса, оның жүрегінде аз да болса иман бар, ар-ожданы ояу деген сөз. Иманның ең әлсізі деген сол. Ал егер керісінше, көз алдында орын алып жатқан жағымсыз істер мен күнәларға іс жүзінде немесе сөз жүзінде қарсы тұрмаумен қатар, тіпті іштей болса да наразылық танытпаса, ондай адамда иман мен ар-ұждан бар ма, жоқ па деген заңды сұрақ туындайды..., міне, осыдан-ақ жүректегі иманның адамның ар-ұжданының, сол арқылы бүкіл қоғамның сақшысы екенін түсінуге болады.
Түсіндірме (орысша)
под словами «самое слабое проявление веры» в хадисе подразумевается следующее: если человек, увидев какое-либо порицаемое или дурное деяние, даже не имея возможности воспротивиться ему делом или словом, всё же ненавидит его в душе и не одобряет, значит, в его сердце есть хотя бы малая доля веры, а совесть его жива. Именно это и является самым слабым проявлением веры. Если же, напротив, человек не только не противится совершающимся у него на глазах порицаемым поступкам и грехам ни делом, ни словом, но даже в душе не испытывает к ним никакого неодобрения, закономерно возникает вопрос: есть ли в таком человеке вера и совесть... Уже из этого можно понять, что вера в сердце оберегает совесть человека, а через неё – и всё общество.
عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَا مِنْ نَبِيٍّ بَعَثَهُ اللَّهُ فِى أمَّة قَبْلِى إِلَّا كَانَ لَهُ مِنْ أُمَّتِهِ حَوَارِيُّونَ وَأَصْحَابٌ يَأْخُذُونَ بِسنَّتِهِ وَيَقْتَدُونَ بِأَمْرِهِ، ثُمَّ إِنَّهَا تَخْلُفُ مِنْ بَعْدِهِمْ خُلُوفٌ يَقُولُونَ مَا لَا يَفْعَلُونَ وَيَفْعَلُونَ مَا لَا يُؤْمَرونَ، فَمَنْ جَاهَدَهُمْ بِيَدِهِ فَهُوَ مُؤْمِنٌ، وَمَنْ جَاهَدَهُمْ بِقَلبِهِ فَهُوَ مُؤْمِنٌ، وَمَنْ جَاهَدَهُمْ بِلسَانِهِ فَهُوَ مُؤْمِنٌ، وَلَيسَ وَرَاءَ ذَلِكَ مِنَ الْإِيمَانِ حَبَّةُ خَرْدَل»
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Масғудтан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі ﷺ: «Алла Тағала менен бұрын қайсыбір пайғамбарды бір үмбетке жіберсе, сол үмбетінің ішінде оның сүннетін ұстанып, бұйрықтарын бұлжытпай орындайтын хауарилері1 мен сахабалары болған. Содан кейін уақыт өте келе олардың орнына өздері істемейтін істерді айтып, өздеріне бұйырылмаған істерді істейтін жетесіз ұрпақ келе бастаған. Кімде-кім солармен іс жүзінде күрессе, міне, сол нағыз мүмін, кім сөз жүзінде күрессе, ол да нағыз мүмін, сондай-ақ кім олармен жүрегімен күрессе, ол да мүмін. Бұл үшеуінен өзгеде қыша дәнегіндей де иман жоқ», – деген (Муслим: 80; Ахмад: 4379).
Орысша аудармасы
Передаётся со слов Абдуллаха ибн Масуда (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Какого бы пророка Аллах Всевышний ни направлял до меня к какой-либо общине, среди его народа непременно находились хавари1 и сподвижники, которые следовали его сунне и неукоснительно исполняли его веления. Затем, по прошествии времени, их сменяли недостойные поколения: они говорили то, чего сами не делали, и совершали то, чего им не было велено. Кто противостоит им делом – истинный верующий; кто противостоит им словом – тоже истинный верующий; кто противостоит им сердцем – также верующий. Помимо этих трёх проявлений нет веры даже величиной с горчичное зерно» (Муслим: 80; Ахмад: 4379).
- 1Хауари – пайғамбарға ерген адам.
- 1Хавари – последователь пророка.
عَنْ أَبِى الْوليدِ عبادة بْنِ الصامِت قَالَ: بَايَعْنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ عَلَى السَّمْعِ والطَّاعَةِ فِى الْعُسْرِ واليُسْرِ، والمَنْشَطِ وَالْمَكْرَهِ، وَعَلَى أثَرَةٍ عَلَيْنَا، وَعَلَى أَنْ لَا نُنازِعَ الْأمْرَ أَهْلَهُ إِلَّا أَنْ تَرَوْا كُفْرًا بَوَاحًا عِنْدَكُمْ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى فِيهِ بُرْهَانٌ، وَعَلَى أَنْ نَقُولَ بالحَقِّ أيْنَمَا كُنَّا لَا نَخَافُ فِى اللَّهِ لَوْمَةَ لَائِمٍ
Қазақша аудармасы
Әбул Уәлид Убада ибн Самит (р.а.): «Алла елшісіне ﷺ таршылықта да, кеңшілікте де, жеңілдікте де, қиындықта да, тіпті бізге (дүние, мәнсап, олжадан үлес) бермесе де басшыны тыңдауға және оған бағынуға ант еттік. Сондай-ақ билікті иелерінен тартып алуға әрекет жасамауға серт бердік, (алайда Алладан келген айқын дәлел негізінде олардан анық күпірлік көрсеңдер оның жөні басқа...), сонымен қатар Алланың үкіміне келгенде ешбір жазғырушының жазғыруынан қорықпастан, қай жерде болмасын ақиқатты айтуға ант етіп, қол бердік», – деген (Бұхари: 7055_7056, 7199_7200; Муслим: 4461,4462; Ахмад: 22716).
Орысша аудармасы
Абу аль-Валид Убада ибн ас-Самит (да будет доволен им Аллах) сказал: «Мы присягнули Посланнику Аллаха ﷺ в том, что будем слушать правителя и повиноваться ему в нужде и достатке, в лёгких и тяжёлых обстоятельствах, даже если нам не будут давать (мирских благ, должностей или доли военной добычи). Мы также обязались не пытаться отнимать власть у тех, кому она принадлежит (однако если вы увидите с их стороны явное неверие, относительно которого у вас есть ясное доказательство от Аллаха, то это иной случай...), а также говорить истину, где бы мы ни находились, когда речь идёт об установлениях Аллаха, не боясь чужого порицания» (Аль-Бухари: 7055–7056, 7199-7200; Муслим: 4461, 4462; Ахмад: 22716).
عَنْ النعمان بْنِ بشير عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَثَلُ الْقَائِمِ فِى حُدُودِ اللَّهِ وَالوَاقعِ فِيهَا، كَمَثَلِ قَومٍ اسْتَهَمُوا عَلَى سَفِينَةٍ فَصَارَ بَعْضُهُمْ أعْلاها وَبَعْضُهُمْ أَسْفَلَهَا، وَكَانَ الَّذِينَ فِى أَسْفَلِهَا إِذَا اسْتَقَوا مِنَ الْمَاءِ مَرُّوا عَلَى مَنْ فَوْقهُمْ، فَقَالُوا: لَوْ أَنَّا خَرَقْنَا فِى نَصِيبِنَا خَرْقًا وَلَمْ نُؤذِ مَنْ فَوقَنَا، فَإِنْ تَرَكُوهُمْ وَمَا أَرَادُوا هَلَكُوا جَميعًا، وَإِنْ أَخَذُوا عَلَى أيدِيهِمْ نَجَوا وَنَجَوْا جَميعًا»
Қазақша аудармасы
Нұғман ибн Бәшир (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың белгілеген шекарасын бұзбайтындар мен бұзатындардың мысалы, бейне бір кемеге мінер алдында жеребе салысқан қауым сынды. Жеребе нәтижесі бойынша, олардың бір бөлігі кеменің үстіңгі қабатына, екінші бөлігі төменгі қабатына орналасады. (Ауыз-судың қоры жоғарыда болғандықтан) төмендегілер су алу үшін жоғарыдағылардың тұсынан өтетін еді. (Сөйтіп олар су алуға барған сайын жоғары қабаттағы жолдастарына қолайсыздық тудыратындарын ескеріп) өзара: «Осы біз жоғарыдағыларды мазалай бергенше, өзіміздің отырған жерімізден қабырғаны тесіп, су шығарып алсақ қайтеді», – деген тоқтамға келеді. Егер жоғарыдағылар оларды өз білгенімен қоя берсе, барлығы бірдей суға кетіп құритыны даусыз. Ал егер төмендегілерге тоқтау айтып, (кемені тескізбесе), өздері де, өзгелер де суға кетуден аман қалады», – деген (Бұхари: 2493; Ахмад: 18370).
Орысша аудармасы
Нуман ибн Башир (да будет доволен ими обоими Аллах) передал, что Пророк ﷺ сказал: «Тех, кто не преступает установленных Аллахом границ, и тех, кто их нарушает, можно уподобить людям, которые перед посадкой на корабль бросили жребий. По жребию одни из них разместились на верхней палубе, а другие – на нижней. Поскольку запасы питьевой воды находились наверху, тем, кто оказался внизу, приходилось проходить мимо находившихся наверху всякий раз, когда они отправлялись за водой. Понимая, что тем самым они постоянно доставляют неудобства своим товарищам на верхней палубе, они решили: “Почему бы нам, вместо того чтобы всё время беспокоить находящихся наверху, не проделать отверстие в борту там, где мы сидим, и не брать воду оттуда?”
Если находящиеся наверху предоставят их самим себе и позволят поступить по своему усмотрению, то все они неизбежно пойдут ко дну и погибнут. Если же они остановят находящихся внизу и не позволят им проделать отверстие в корабле, то спасутся сами и спасут от гибели остальных» (Аль-Бухари: 2493; Ахмад: 18370).
عَنْ أُمِّ الْمؤمنِين أم سلمة هند بنت أَبِى أمية حذيفة عَنِ النَّبِيِّ ﷺأَنَّهُ قَالَ: «إِنَّهُ يُسْتَعْمَلُ عَلَيْكُمْ أُمَرَاءُ فَتَعرِفُونَ وتُنْكِرُونَ، فَمَنْ كَرِهَ فَقَدْ بَرِئَ، وَمَنْ أنْكَرَ فَقَدْ سَلِمَ، وَلَكِنْ مَنْ رَضِيَ وَتَابَعَ» قَالوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ألا نُقَاتِلهم؟ قَالَ: «لَا، مَا أَقَامُوا فيكُمُ الصَّلَاةَ»
Қазақша аудармасы
Мүміндердің анасы Үммі Сәләма Һинд бинт Әбу Умәйя Хузайфа (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Сендерге басшылар тағайындалады, сонда сендер олардың кейбір істерін (шариғатқа сай болғаны үшін) дұрыс деп білесіңдер және кейбірін жаратпай терістейсіңдер. Сонда кім (дұрыс емес істі жүрегімен) жақтырмаса – (сол іске) оның қатысы болмайды, ал кім (дұрыс емес істі іс немесе сөз жүзінде) терістесе – (соның ақыреттегі жазасынан) аман болады. Алайда кім (сондай күнәлі іске жүрегімен) разы болып, (күнәһарларға) ілессе, (құрдымға кетеді)», – деп айтты. Сол кезде сахабалар: «Уа, Расулалла! Олармен соғыспаймыз ба?» – дегенде, ол: «Жоқ. Араларыңда намаздарын өтеп жүргенде (олармен соғыспаңдар)», – деп жауап берді», – деген (Муслим: 4801; Ахмад: 26606).
Орысша аудармасы
Мать правоверных Умм Салама Хинд бинт Абу Умайя Хузайфа (да будет доволен ею Аллах) передала: «Пророк ﷺ сказал: “Над вами будут поставлены правители, и тогда одни их поступки вы будете считать правильными (поскольку они соответствуют шариату), а другие станете отвергать и порицать. Тот, кто не одобрит неправильного поступка (в своём сердце), не будет к нему причастен, а тот, кто отвергнет неправильный поступок (делом или словом), спасётся (от наказания за него в вечной жизни). Однако тот, кто одобрит (в своём сердце подобный греховный поступок) и последует (за грешниками) (погибнет)”. Тогда сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Неужели мы не станем сражаться с ними?” Он ответил: “Нет, пока они совершают среди вас молитвы (не сражайтесь с ними)”» (Муслим: 4801; Ахмад: 26606).
عَنْ أم الْمؤمنِين أم الْحكم زينب بنتِ جحش رَضِى اللَّه عَنْهَا: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دخل عَلَيْهَا فَزِعًا يَقُولُ: «لَا إِلَهَ إِلاّ اللَّه، وَيلٌ للْعَرَبِ مِنْ شَرٍّ قَدِ اقْتَرَبَ، فُتِحَ الْيَوْمَ مِنْ رَدْمِ يَأجُوجَ وَمَأجُوجَ مِثلَ هَذِهِ»، وحلّق بأُصبُعيهِ الْإِبهامِ والتي تليها، فَقُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أنَهْلِكُ وَفِينَا الصَّالِحُونَ؟ قَالَ: «نَعَمْ، إِذَا كَثُرَ الْخَبَثُ»
Қазақша аудармасы
Мүміндердің анасы Үмміл Хәкәм Зәйнәб бинт Жахштан (р.а.) жеткен хадисте, бір күні Пайғамбарымыз ﷺ оның бөлмесіне: «Алладан басқа тәңір жоқ! Таяп қалған кесір-кесапаттан арабтар сорлады! Бүгін яжүж-мәжүждің бөгеті мынанша ашылды (ойылды)!» – деп бас бармағы мен сұқ саусағын қосып, дөңгелектеп ұстаған һәм зәре құты қашқан күйде кіріп келді. Сонда мен: «Уа, Расулалла! Арамызда ізгі жандар болса да құримыз ба?» – деп сұрағанымда, ол: «Иә, күнә атаулы көбейсе (бәріміз құримыз)», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 3346; Муслим: 7235; Ахмад: 27413).
Орысша аудармасы
Мать правоверных Умм аль-Хакам Зайнаб бинт Джахш (да будет доволен ею Аллах) передала: «Однажды Пророк ﷺ вошёл ко мне в комнату, охваченный страхом, и сказал: “Нет божества, кроме Аллаха! Горе арабам от бедствия, которое уже приблизилось! Сегодня в преграде Яджуджа и Маджуджа образовалось вот такое отверстие!” При этом он соединил большой и указательный пальцы, образовав ими круг. Тогда я спросила: “О Посланник Аллаха! Неужели мы погибнем, даже если среди нас будут праведные люди?” Он ответил: “Да, если умножатся грехи, погибнут все”» (Аль-Бухари: 3346; Муслим: 7235; Ахмад: 27413).
عَنْ أَبِى سعيد الْخُدرِى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِيَّاكُمْ وَالجُلُوسَ فِى الطُّرُقَاتِ!» فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا لنا مِنْ مجالِسِنا بُدٌّ، نتحدث فِيهَا. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَإِذَا أبَيْتُمْ إِلَّا الْمَجْلِسَ، فَأَعْطُوا الطَّرِيقَ حَقَّهُ». قَالُوا: وما حَقُّ الطَّرِيقِ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ قَالَ: «غَضُّ الْبَصَرِ، وَكَفُّ الْأَذَى، وَرَدُّ السَّلَامِ، وَالْأمْرُ بِالمَعْرُوفِ، والنَّهيُ عَنْ الْمُنْكَرِ»
Қазақша аудармасы
Әбу Сағидтен (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларға: «Жолдың бойында отырмаңдар», – деп ескертті. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Біз жол бойында отыруға мәжбүрміз, өйткені жол бойында отырып өзара сөйлесіп, (кейбір мәселелерді талқылаймыз)», – деді. Алла елшісі: «Жол бойында міндетті түрде отыру керек болса, онда жолдың ақысын беріңдер», – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Жолдың ақысы деген не?» – деп сұрады. Расулалла: «Көзді харамнан сақтау, ары-бері өткендерге кедергі келтірмеу, амандасқанға сәлем беру және адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю», – деп жауап берді», – деген (Бұхари: 6229; Муслим: 5563; Ахмад: 11309).
Орысша аудармасы
Абу Саид (да будет доволен им Аллах) передал: «Однажды Пророк ﷺ предостерёг сподвижников: “Не сидите у дороги”. Сподвижники сказали: “О Посланник Аллаха! Нам приходится сидеть у дороги, поскольку там мы беседуем друг с другом (и обсуждаем некоторые вопросы)”. Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если вам всё же необходимо сидеть у дороги, тогда отдавайте дороге должное”. Сподвижники спросили: “О Посланник Аллаха! Что значит отдавать дороге должное?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Это значит оберегать взор от запретного, не мешать прохожим, отвечать на приветствие, призывать людей к добру и удерживать от зла”» (Аль-Бухари: 6229; Муслим: 5563; Ахмад: 11309).
عَنِ ابْنِ عَبَّاس: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رأى خاتَمًا مِنْ ذهبٍ فِى يدِ رجلٍ فنَزعه فطرحه وَقَالَ: «يَعْمدُ أَحَدُكُمْ إِلَى جَمْرَةٍ مِنْ نَارٍ فَيَجْعَلُهَا فِى يَدِهِ!» فقِيلَ لِلرَّجُلِ بَعْدَمَا ذهب رَسُول اللَّهِ ﷺ: خُذْ خَاتَمَكَ انْتَفِعْ بِهِ. قَالَ: لَا واللَّه لَا آخُذُهُ أبَدًا وَقَدْ طَرَحَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ бір сахабасының қолынан алтын жүзік көріп, оны шешіп алып, лақтырып жіберді де: «Араларыңда әлдекім өздігінен (тозақ) отының қып-қызыл шоғына ұмтылып, оны қолына тағып алыпты», – деді. Расулалла кетіп қалған соң әлгі адамға жолдастары: «Жүзігіңді алып, (басқа жолда) пайдалан», – дегенде, ол: «Жоқ. Алланың атымен ант етейін! Алла елшісі лақтырып тастаған жүзікті қолыма қайтып алмаспын», – деп айтты», – деген (Муслим: 5472).
Орысша аудармасы
Ибн Аббас (да будет доволен ими обоими Аллах) передал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ увидел золотое кольцо на руке одного из своих сподвижников, снял его и отбросил в сторону, сказав: “Один из вас по собственной воле тянется к раскалённому угольку (адского) огня и надевает его себе на руку!” Когда Посланник Аллаха ﷺ ушёл, товарищи сказали тому человеку: “Возьми своё кольцо и используй его (каким-либо иным образом)”. Однако он ответил: “Нет! Клянусь Аллахом! Я никогда не возьму обратно кольцо, которое выбросил Посланник Аллаха ﷺ”» (Муслим: 5472).
عَنْ أَبِى سعيد الْحسن الْبصرِى: أن عائِذَ بْنِ عَمْرُو دخل عَلَى عُبَيْدِ اللَّهِ بْنِ زياد، فَقَالَ: أي بُنَيَّ، إِنِى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ شَرَّ الرِّعَاءِ الْحُطَمَةُ» فَإِيَّاكَ أَنْ تَكُونَ مِنْهُمْ، فَقَالَ لَهُ: اجلِسْ فَإِنَّمَا أَنْتَ مِنْ نُخَالَةِ أَصْحَابِ مُحَمَّد ﷺ فَقَالَ: وهل كَانَتْ لَهُم نُخَالَةٌ إِنَّمَا كَانَتِ النُّخَالَةُ بَعْدَهُمْ وَفي غَيْرِهِمْ
Қазақша аудармасы
Әбу Сағид Хасан әл-Басриден жеткен хадисте Аиз ибн Амр (р.а.) Убайдулла ибн Зиядтың құзырына кіріп: «Уа, балам! Мен Алла елшісінің ﷺ: «Расында, басшылардың ең жаманы – қоластындағыларға қатыгез болғаны», – деп айтқанын естідім. Сен солардың қатарында болудан сақтан!» – дейді. Убайдулла оған: «Отыр, шындығында сен Мұхаммедтің сахабаларының кебегісің1», – дейді. Сонда Аиз: «Олардың кебегі болып па еді? Шынында кебек тек олардан кейінгілерде және олардан өзгелерде болды!» – деп айтқан (Муслим: 4733; Ахмад: 20637).
Орысша аудармасы
Абу Саид Хасан аль-Басри передал, что однажды Аиз ибн Амр (да будет доволен им Аллах) вошёл к Убайдуллаху ибн Зияду и сказал ему: «О сынок! Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Воистину, худшие из правителей – те, кто жесток к своим подданным”. Так остерегайся же оказаться среди них!» Убайдуллах сказал ему: «Садись! Поистине, ты – из отбросов среди сподвижников Мухаммада ﷺ1». Тогда Аиз сказал: «Разве среди них были отбросы? Поистине, отбросы появились лишь среди тех, кто жил после них, и среди других людей!» (Муслим: 4733; Ахмад: 20637).
- 1Убайдулла мұнда өзіне насихат айтқан сахаба Аиз ибн Амрға «сен олардың игі-жақсыларынан, білімділерінен емессің, керісінше, сен олардың ең жаманысың» дегенді меңзеген.
- 1Убайдуллах имел в виду, что давший ему наставление сподвижник Аиз ибн Амр не принадлежит к лучшим и знающим сподвижникам, а, напротив, является одним из худших среди них.
عَنْ حذيفة عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «وَالَّذِى نَفْسي بِيَدِهِ، لَتَأْمُرُنَّ بِالمَعْرُوفِ، وَلَتَنْهَوُنَّ عَنْ الْمُنْكَرِ أَوْ لَيُوشِكَنَّ اللَّهُ أَنْ يَبْعَثَ عَلَيْكُمْ عِقَابًا مِنْهُ ثُمَّ تَدْعُوْنَهُ فَلَا يُسْتَجَابُ لَكُمْ»
Қазақша аудармасы
Хузәйфадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Жанымды уысында ұстаған Алланың атымен ант етейін! Міндетті түрде адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын боласыңдар. Әйтпесе, көп ұзамай-ақ, бастарыңа Алланың азабы келеді. Содан соң, Оған жалбарынатын боласыңдар, бірақ қанша жалынсаңдар да, дұғаларың қабыл болмайды», – деп айтты» – делінген (Тирмизи: 21169).
Орысша аудармасы
Передаётся со слов Хузайфы (да будет доволен им Аллах), что Пророк ﷺ сказал: «Клянусь Аллахом, в Чьей длани моя душа! Вы непременно должны призывать людей к добру и удерживать их от зла. Иначе очень скоро вас постигнет наказание Аллаха. После этого вы станете взывать к Нему, однако, сколько бы вы ни молили, ваши мольбы не будут приняты» (Ат-Тирмизи: 21169).
عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «أَفْضَلُ الْجِهَادِ كَلِمَةُ عَدْلٍ عِنْدَ سُلْطَانٍ جَائرٍ»
Қазақша аудармасы
Әбу Сағидтен (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Залым патшаның алдында айтылған әділ сөз (ақиқат) – Алла жолындағы күрестің ең абзалы болмақ», – деп айтты» – делінген (Әбу Дәуіт: 4344; Тирмизи: 2174; Ахмад: 11143).
Орысша аудармасы
В хадисе, переданном Абу Саидом (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «Справедливое слово (истина), произнесённое перед несправедливым правителем, – лучший вид борьбы на пути Аллаха» (Абу Дауд: 4344; Ат-Тирмизи: 2174; Ахмад: 11143).
عَنْ أَبِى عَبْدِ اللَّهِ طارِقِ بْنِ شِهاب الْبَجَليِّ الْأَحْمَسِيّ: أَنَّ رَجُلًا سأل النَّبِيّ ﷺ وقد وضع رِجله فِى الْغَرْزِ: أَيُّ الْجِهادِ أفضلُ؟ قَالَ: «كَلِمَةُ حَقٍّ عِنْدَ سُلْطَانٍ جَائرٍ»
Қазақша аудармасы
Әбу Абдуллаһ Тариқ ибн Шиһәб әл-Бәжәли әл-Әхмәси (р.а.): «Бір кісі аяғын үзеңгіге салған күйі Пайғамбарымыздан ﷺ: «Алла жолындағы күрестің ең абзалы қайсысы?!» – деп сұрады. Сонда Алла елшісі: «Залым патшаның құзырында айтылған хақ сөз!» – деп айтты», – деген (Нәсәи: 161/7).
Орысша аудармасы
Абу Абдуллах Тарик ибн Шихаб аль-Баджали аль-Ахмаси (да будет доволен им Аллах) передал: «Один человек, уже поставив ногу в стремя, спросил Пророка ﷺ: “Какой вид борьбы на пути Аллаха является наилучшим?” Посланник Аллаха ﷺ ответил: “Слово истины, произнесённое перед несправедливым правителем!”» (Ан-Насаи: 161/7).
عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ أَوَّلَ مَا دَخَلَ النَّقْصُ عَلَى بَنِى إِسْرَائِيلَ أَنَّهُ كَانَ الرَّجُلُ يَلْقَى الرَّجُلَ، فَيَقُولُ: يَا هَذَا، اتَّقِ اللَّه ودَعْ مَا تَصْنَعُ فَإِنَّهُ لَا يَحِلُّ لَكَ، ثُمَّ يَلْقَاهُ مِنَ الْغَدِ وَهُوَ عَلَى حَالِهِ، فَلَا يَمْنَعُهُ ذَلِكَ أَنْ يَكُونَ أكِيلَهُ وَشَرِيبَهُ وَقَعيدَهُ، فَلَمَّا فَعَلُوا ذَلِكَ ضَرَبَ اللَّهُ قُلُوبَ بَعْضِهِمْ بِبَعْضٍ» ثُمَّ قَالَ: «لُعِنَ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ بَنِى إِسْرائيلَ عَلَى لِسَانِ دَاوُدَ وَعِيسَى ابْنِ مَرْيَمَ ذَلِكَ بِمَا عَصَوْا وَكَانُوا يَعْتَدُونَ كَانُوا لَا يَتَنَاهَوْنَ عَنْ مُنْكَرٍ فَعَلُوهُ لَبِئْسَ مَا كَانُوا يَفْعَلُونَ تَرَى كَثِيرًا مِنْهُمْ يَتَوَلَّوْنَ الَّذِينَ كَفَرُوا لَبِئْسَ مَا قَدَّمَتْ لَهُمْ أَنْفُسُهُمْ» – إِلَى قوله – «فاسِقُونَ» [المائدة: 78– 81] ثُمَّ قَالَ: «كَلاَّ، وَاللَّهِ لَتَأمُرُنَّ بِالْمَعْرُوفِ، وَلَتَنْهَوُنَّ عَنِ الْمُنْكَرِ، وَلَتَأْخُذُنَّ عَلَى يَدِ الظَّالِمِ، وَلَتَأطِرُنَّهُ عَلَى الْحَقِّ أطْرًا، وَلَتَقْصُرُنَّه عَلَى الْحَقِّ قَصْرًا، أَوْ لَيَضْرِبَنَّ اللَّهُ بقُلُوبِ بَعْضِكُمْ عَلَى بَعْضٍ، ثُمَّ ليَلْعَننكُمْ كَمَا لَعَنَهُمْ»
Қазақша аудармасы
Ибн Масғуд (р.а.): «Алла елшісі ﷺ: «Исрайылұлдарының (діни тұрғыдан) құлдырауы олардың бірі екіншісіне кезіккенде: «Әй, сен осы Алладан қорықсаңшы! Мына қылығыңды қой, олай істеуге болмайды», – деп айтып алып, ертесі күні әлгі күнәһардың тыйылмағанын көрсе де, түк болмағандай онымен бірге баяғыша ішіп-жеп, дос болып жүре беруден басталған. Олар солай істеген соң, Алла Тағала олардың арасына жік түсіріп (бір-біріне дұшпан қылды) – деп, мына аятты оқыды: «Исрайылұлдарынан күпірлік қылғандар Дәуіт пен Мәриямұлы Исаның тілімен лағынеттелді, өйткені олар бойсұнудан бас тартып, (күнә істеуде) шектен шықты. Сондай-ақ олар бір-бірін жамандық атаулыдан тимайтын еді. Расында, олардың бұл қылығы қандай жаман! Басым көпшілігінің кәпірлерді дос тұтқанын көресің. Олардың (ақырет күніне) дайындығы қандай жаман! Шынында, олар (осы қылықтарының кесірінен) Алланың қаһарына ұшырады, сондықтан (тозақта) мәңгі-бақи азап шегеді. Егер олар Аллаға, пайғамбарға және оған түсірілген (кітапқа) иман келтірсе, кәпірлерді дос тұтпас еді. Алайда олардың көбі түзу жолдан тайғандар»1. Соңында Расулалла: «Жоқ, Алланың атымен ант етейін! Сендер міндетті түрде жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын боласыңдар. Залымның қолын байлап, оны хақ жолға салып, әрі сол жолдан таймауына кепіл боласыңдар. Әйтпесе, Алла Тағала ауызбіршіліктеріңді бұзып, Исрайылұлдарын лағынеттегендей сендерді де қарғысқа ұшыратады», – деп айтты», – деген (Әбу Дәуіт: 4336; Тирмизи: 3047; Ахмад: 3713).
Орысша аудармасы
Ибн Масуд (да будет доволен им Аллах) передал, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Религиозный упадок сынов Исраиля начался с того, что один из них, встретив другого, говорил ему: “Эй ты, побойся Аллаха! Оставь этот свой поступок, ведь так поступать нельзя”. Однако на следующий день, увидев, что тот грешник так и не прекратил грешить, он как ни в чём не бывало продолжал есть и пить вместе с ним и поддерживать с ним дружбу. Когда они стали поступать так, Аллах посеял между ними раздор (сделал их врагами друг другу)».
Затем Посланник Аллаха ﷺ прочитал следующий аят: «Те из сынов Исраиля, которые впали в неверие, были прокляты устами Дауда и Исы, сына Марьям, потому что они отказались повиноваться и преступали пределы (в совершении грехов). Они также не удерживали друг друга ни от какого зла. Как же скверно было то, что они делали! Ты видишь, что большинство из них считает неверующих своими друзьями. Как же скверно то, что они приготовили себе (для Дня воскресения)! Воистину, они (из-за этих своих поступков) навлекли на себя гнев Аллаха и потому будут вечно подвергаться мучениям (в аду). Если бы они веровали в Аллаха, пророка и ниспосланное ему (Писание), то не брали бы неверующих себе в друзья. Однако многие из них сошли с прямого пути»1.
В заключение Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Нет, клянусь Аллахом! Вы непременно будете призывать к добру и удерживать от зла. Вы будете удерживать руку притеснителя, направлять его на путь истины и следить за тем, чтобы он не сходил с этого пути. В противном случае Аллах нарушит ваше единство и проклянёт вас так же, как проклял сынов Исраиля» (Абу Дауд: 4336; Ат-Тирмизи: 3047; Ахмад: 3713).
- 1«Мәида» сүресі, 78-81-аяттар
- 1Сура «Маида», аяты 78–81.
عَنْ أَبِى بَكْر الصديق، قَالَ: يَا أيّها النَّاس، إِنّكم لتَقرؤُون هَذِهِ الآية: «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا عَلَيْكُمْ أَنْفُسَكُمْ لَا يَضُرُّكُمْ مَنْ ضَلَّ إِذَا اهْتَدَيْتُمْ» [المائدة: 105] وإِنِى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ النَّاسَ إِذَا رَأَوُا الظَّالِمَ فَلَمْ يأخُذُوا عَلَى يَدَيْهِ أوشَكَ أَنْ يَعُمَّهُمُ اللَّهُ بِعِقَابٍ مِنْهُ»
Қазақша аудармасы
Әбу Бәкір Сыддық (р.а.): «Уа, халайық! Сендер, «Әй мүміндер! Алдымен өздерің түзеліңдер. Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқан біреу сендерге кесірін тигізе алмайды»1 деген аятты оқып, оны дұрыс түсінбей жүрсіңдер. Мен Алла елшісінің ﷺ: «Егер адамдар залымның залымдығын көре тұра, оған тоқтам салмаса, көп ұзамай-ақ, Алла Тағала залымдармен бірге оларды да азаптайды», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуіт: 4338; Тирмизи: 2168,3047; Нәсәи: 11092; Ахмад: 1).
Орысша аудармасы
Абу Бакр ас-Сиддик (да будет доволен им Аллах) сказал: «О люди! Вы читаете аят: “О верующие! Прежде всего исправляйте самих себя. Если вы следуете прямым путём, заблудший не причинит вам вреда”1, однако понимаете его неправильно. Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Если люди, видя несправедливость притеснителя, не остановят его, то вскоре Аллах Всевышний подвергнет наказанию и их вместе с притеснителями”» (Абу Дауд: 4338; Ат-Тирмизи: 2168, 3047; Ан-Насаи: 11092; Ахмад: 1).
- 1«Мәида» сүресі, 105-аят
- 1Сура «Маида», аят 105.