عَنْ أَبِى الْوليدِ عبادة بْنِ الصامِت قَالَ: بَايَعْنَا رَسُول اللَّهِ ﷺ عَلَى السَّمْعِ والطَّاعَةِ فِى الْعُسْرِ واليُسْرِ، والمَنْشَطِ وَالْمَكْرَهِ، وَعَلَى أثَرَةٍ عَلَيْنَا، وَعَلَى أَنْ لَا نُنازِعَ الْأمْرَ أَهْلَهُ إِلَّا أَنْ تَرَوْا كُفْرًا بَوَاحًا عِنْدَكُمْ مِنَ اللَّهِ تَعَالَى فِيهِ بُرْهَانٌ، وَعَلَى أَنْ نَقُولَ بالحَقِّ أيْنَمَا كُنَّا لَا نَخَافُ فِى اللَّهِ لَوْمَةَ لَائِمٍ
Әбул Уәлид Убада ибн Самит (р.а.): «Алла елшісіне ﷺ таршылықта да, кеңшілікте де, жеңілдікте де, қиындықта да, тіпті бізге (дүние, мәнсап, олжадан үлес) бермесе де басшыны тыңдауға және оған бағынуға ант еттік. Сондай-ақ билікті иелерінен тартып алуға әрекет жасамауға серт бердік, (алайда Алладан келген айқын дәлел негізінде олардан анық күпірлік көрсеңдер оның жөні басқа...), сонымен қатар Алланың үкіміне келгенде ешбір жазғырушының жазғыруынан қорықпастан, қай жерде болмасын ақиқатты айтуға ант етіп, қол бердік», – деген (Бұхари: 7055_7056, 7199_7200; Муслим: 4461,4462; Ахмад: 22716).
Абу аль-Валид Убада ибн ас-Самит (да будет доволен им Аллах) сказал: «Мы присягнули Посланнику Аллаха ﷺ в том, что будем слушать правителя и повиноваться ему в нужде и достатке, в лёгких и тяжёлых обстоятельствах, даже если нам не будут давать (мирских благ, должностей или доли военной добычи). Мы также обязались не пытаться отнимать власть у тех, кому она принадлежит (однако если вы увидите с их стороны явное неверие, относительно которого у вас есть ясное доказательство от Аллаха, то это иной случай...), а также говорить истину, где бы мы ни находились, когда речь идёт об установлениях Аллаха, не боясь чужого порицания» (Аль-Бухари: 7055–7056, 7199-7200; Муслим: 4461, 4462; Ахмад: 22716).