Хадис

Дін жолында жүрген адамдардың сөзі мен ісінің бір жерден шығу керектігі жайында

О необходимости соответствия слов делам у тех, кто следует путём религии

Риядус-салихин, 24-тақырып · 1 хадис · № 199

Хадистер

«أَتَأْمُرُونَ النَّاسَ بِالْبِرِّ وَتَنْسَوْنَ أَنْفُسَكُمْ وَأَنْتُمْ تَتْلُونَ الْكِتَابَ أَفَلا تَعْقِلُونَ» «Сендер ел-жұртты ізгілікке бұйырып, өздеріңді ұмыт қалдырасыңдар ма?! Өздерің кітап (Тәуратты) оқисыңдар, еш ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!» («Бақара» сүресі, 44-аят).

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لِمَ تَقُولُونَ مَا لَا تَفْعَلُونَ كَبُرَ مَقْتًا عِنْدَ اللَّهِ أَنْ تَقُولُوا مَا لَا تَفْعَلُونَ» «Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! Істемейтін істі айту – Алланың алдында ең жеккөрінішті нәрсе!» («Саф» сүресі, 2-3-аяттар).

«وَمَا أُرِيدُ أَنْ أُخَالِفَكُمْ إِلَى مَا أَنْهَاكُمْ عَنْهُ» «Сондай-ақ мен сендерді кейбір нәрселерден тыйып, өзім соларды істейін деп жүрген жоқпын...» («Һуд» сүресі, 88-аят).

«Ужель вы станете повелевать людям благодеяния, забывая о самих себе? Ведь вы читаете Писание, – ужель вы не образумитесь?» (сура «Бакара», 2:44).

«О вы, кто уверовал! Отчего же вы говорите то, что сами не делаете? Велика ненависть Аллаха, когда вы говорите то, чего не делаете» (сура «Сафф», 61:2–3).

«И не намерен я сам совершать то, что вам запретил» (сура «Худ», 11:88).

199
Риядус-салихин, № 199

عَنْ أَبِى زيد أسامة بْنِ حارثة قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «يُؤْتَى بالرَّجُلِ يَوْمَ الْقيَامَةِ فَيُلْقَى فِى النَّارِ، فَتَنْدَلِقُ أقْتَابُ بَطْنِهِ فَيدُورُ بِهَا كَمَا يَدُورُ الْحِمَارُ فِى الرَّحَى، فَيَجْتَمِعُ إِلَيْه أَهْلُ النَّارِ، فَيَقُولُونَ: يَا فُلَانُ، مَا لَكَ؟ أَلَمْ تَكُ تَأمُرُ بِالْمعْرُوفِ وَتنهَى عَنِ الْمُنْكَرِ؟ فَيقُولُ: بَلَى، كُنْتُ آمُرُ بِالمَعْرُوفِ وَلا آتِيهِ، وأنْهَى عَنِ الْمُنْكَرِ وَآتِيهِ»

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) Алла елшісінің ﷺ: «Қиямет күні бір адам тозаққа тасталады. Сонда оның ішек-қарны ақтарылып кетеді де, шұбатылған ішек-қарнымен бейне бір диірмен тасын айналған есектей шыр айнала бастайды. Бұны көрген тозақтықтар жиналып келіп оған: «Ей, пәленше! Саған не болған, сен (дүниеде) адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыймаушы ма едің?» – дейді. Сонда әлгі адам: «Иә, шынында, мен елді жақсылыққа шақыратынмын, бірақ оны өзім істемеуші едім. Сондай-ақ жамандықтан тыйып, өзім тыйылмаушы едім», – деп сырын ашады дегенін естідім», – деген (Бұхари: 3267; Муслим: 7483).

Орысша аудармасы

Усама ибн Зайд (да будет доволен им Аллах) передал, что слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: «В День воскресения одного человека бросят в ад. Его внутренности выпадут наружу, и он начнёт кружиться, волоча за собой выпавшие кишки, словно осёл, вращающий мельничный жернов. Увидев это, обитатели ада соберутся вокруг него и спросят: “Эй, такой-то! Что с тобой? Разве ты не призывал людей (в земной жизни) к добру и не удерживал их от зла?” Тогда этот человек признается: “Да, поистине, я призывал людей к добру, но сам его не совершал. Я также удерживал их от зла, но сам от него не удерживался”» (Аль-Бухари: 3267; Муслим: 7483).