عَنْ أَبِى سعيد الْحسن الْبصرِى: أن عائِذَ بْنِ عَمْرُو دخل عَلَى عُبَيْدِ اللَّهِ بْنِ زياد، فَقَالَ: أي بُنَيَّ، إِنِى سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ شَرَّ الرِّعَاءِ الْحُطَمَةُ» فَإِيَّاكَ أَنْ تَكُونَ مِنْهُمْ، فَقَالَ لَهُ: اجلِسْ فَإِنَّمَا أَنْتَ مِنْ نُخَالَةِ أَصْحَابِ مُحَمَّد ﷺ فَقَالَ: وهل كَانَتْ لَهُم نُخَالَةٌ إِنَّمَا كَانَتِ النُّخَالَةُ بَعْدَهُمْ وَفي غَيْرِهِمْ
Әбу Сағид Хасан әл-Басриден жеткен хадисте Аиз ибн Амр (р.а.) Убайдулла ибн Зиядтың құзырына кіріп: «Уа, балам! Мен Алла елшісінің ﷺ: «Расында, басшылардың ең жаманы – қоластындағыларға қатыгез болғаны», – деп айтқанын естідім. Сен солардың қатарында болудан сақтан!» – дейді. Убайдулла оған: «Отыр, шындығында сен Мұхаммедтің сахабаларының кебегісің1», – дейді. Сонда Аиз: «Олардың кебегі болып па еді? Шынында кебек тек олардан кейінгілерде және олардан өзгелерде болды!» – деп айтқан (Муслим: 4733; Ахмад: 20637).
Абу Саид Хасан аль-Басри передал, что однажды Аиз ибн Амр (да будет доволен им Аллах) вошёл к Убайдуллаху ибн Зияду и сказал ему: «О сынок! Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Воистину, худшие из правителей – те, кто жесток к своим подданным”. Так остерегайся же оказаться среди них!» Убайдуллах сказал ему: «Садись! Поистине, ты – из отбросов среди сподвижников Мухаммада ﷺ1». Тогда Аиз сказал: «Разве среди них были отбросы? Поистине, отбросы появились лишь среди тех, кто жил после них, и среди других людей!» (Муслим: 4733; Ахмад: 20637).
- 1Убайдулла мұнда өзіне насихат айтқан сахаба Аиз ибн Амрға «сен олардың игі-жақсыларынан, білімділерінен емессің, керісінше, сен олардың ең жаманысың» дегенді меңзеген.
- 1Убайдуллах имел в виду, что давший ему наставление сподвижник Аиз ибн Амр не принадлежит к лучшим и знающим сподвижникам, а, напротив, является одним из худших среди них.