Хадис

Риядус-салихин, № 185

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
23. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю
Нөмірі
№ 185 (қазақша басылым реті)
185
Риядус-салихин, № 185Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ الْخُدْرِى قَالَ: سَمِعت رَسُول اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ رَأَى مِنْكُمْ مُنْكَرًا فَلْيُغَيِّرْهُ بِيَدِهِ، فَإِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَبِلِسَانِهِ، فَإِنْ لَمْ يَسْتَطِعْ فَبِقَلْبِهِ، وَذَلِكَ أضْعَفُ الْإِيمَانِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Сендерден кімде-кім жағымсыз бір іс көрсе, оны қолымен өзгертсін, егер оған шамасы келмесе, тілімен (насихат айтсын), егер оған да шамасы келмесе, жүрегімен (сол істі жақтырмасын), міне, сол – иманның ең әлсізі», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 177; Ахмад: 11150).

Орысша аудармасы

Абу Саид аль-Худри (да будет доволен им Аллах) сказал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Пусть тот из вас, кто увидит нечто порицаемое, изменит это своей рукой; если не сможет, то языком (пусть увещевает словами); если же не сможет и этого, то сердцем (пусть не одобряет этого в душе). И это – самое слабое проявление веры”» (Муслим: 177; Ахмад: 11150).

Түсіндірме (қазақша)

Хадистегі иманның ең әлсізі деген – егер бір адам қандай да бір жағымсыз, жаман істі көргенде, соған іс жүзінде немесе сөз жүзінде қарсы тұра алмаған күннің өзінде, сол істі іштей жеккөріп, жақтырмайтын болса, оның жүрегінде аз да болса иман бар, ар-ожданы ояу деген сөз. Иманның ең әлсізі деген сол. Ал егер керісінше, көз алдында орын алып жатқан жағымсыз істер мен күнәларға іс жүзінде немесе сөз жүзінде қарсы тұрмаумен қатар, тіпті іштей болса да наразылық танытпаса, ондай адамда иман мен ар-ұждан бар ма, жоқ па деген заңды сұрақ туындайды..., міне, осыдан-ақ жүректегі иманның адамның ар-ұжданының, сол арқылы бүкіл қоғамның сақшысы екенін түсінуге болады.

Түсіндірме (орысша)

под словами «самое слабое проявление веры» в хадисе подразумевается следующее: если человек, увидев какое-либо порицаемое или дурное деяние, даже не имея возможности воспротивиться ему делом или словом, всё же ненавидит его в душе и не одобряет, значит, в его сердце есть хотя бы малая доля веры, а совесть его жива. Именно это и является самым слабым проявлением веры. Если же, напротив, человек не только не противится совершающимся у него на глазах порицаемым поступкам и грехам ни делом, ни словом, но даже в душе не испытывает к ним никакого неодобрения, закономерно возникает вопрос: есть ли в таком человеке вера и совесть... Уже из этого можно понять, что вера в сердце оберегает совесть человека, а через неё – и всё общество.