Қазақша аудармасы
Осман ибн Әбул-Ас (р.а.) былай дейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) бардым. Аурудың азабынан бүгіліп тұр едім. Халімді көрген Алла елшісі (с.а.с.): “‘Сезіп тұрған ауруымның жамандығынан Алла Тағаланың ұлылығы мен құдіретіне сиынамын’, – деп, ауырған жеріңді оң қолыңмен жеті рет сипа”, – деді. Мен солай істедім. Алла ауруымды кетірді. Содан бері отбасыма да, өзгелерге де осылай істеуді өсиет етіп келемін»1.
- 1Әбу Дәуіт, «Тибб», 27/19; Тирмизи, «Тибб», 26/29.