Хадис

Муатта, № 10

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
37. Көз тию
бап
4. Науқастарға дұға оқу
Нөмірі
№ 10 (кітап ішіндегі рет реті)
10
Муатта, 37-кітап, № 10
Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) ауырғанда, өзіне “муаууизатайнды”, яғни “Фәлақ” пен “Нас” сүрелерін оқып, үрлейтін1. Ауруы күшейгенде, мен оқып, қолының берекесіне үміт артып, оның оң қолымен ауырған жерін сипайтынмын»2.

  1. 1Яғни Алла елшісі (с.а.с.) алақандарын біріктіріп, оқып, үрлейтін де, ауырған жерін сипайтын. Немесе қолын денесінің ауырған жеріне қойып, оқитын. Бұл сүрелерде жамандық пен зиян атаулыдан Аллаға сиыну мағынасы болғандықтан, солар оқылған.
  2. 2Бұхари, «Фадаилул-Құран», 66/14; Муслим, «Сәләм», 39/20, № 50.