Қазақша аудармасы
Яхия ибн Сағидтің жеткізуінше, Алла елшісінің (с.а.с.) заманында қайтыс болған бір адам туралы біреу: «Неткен бақытты жан! Еш ауырмай қайтыс болды», – деген. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Әттеген-ай! Алла оны бір ауруға душар еткенде, сол ауруын күнәларына кәффарат қылатынын, яғни сол арқылы күнәларын кешіретінін білмейсің бе?» – деген.