Хадис

Муатта, № 7

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
37. Көз тию
бап
3. Науқастардың алатын сауабы
Нөмірі
№ 7 (кітап ішіндегі рет реті)
7
Муатта, 37-кітап, № 7
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Алла кімге қайыр қаласа, оны бір қиындыққа душар етеді», – деген1.

  1. 1Бұхари, «Мәрда», 75/1. Яғни Алла оны күнәларынан тазарту, дәрежесін көтеру үшін қиындыққа душар етеді. Мусибат – адамға ұнамайтын нәрсе. Қиындыққа душар ету адамды қатерлі күнәлар мен дерттерден емдейтін иләһи ем тәрізді.