Қазақша аудармасы
Уруа ибн Зүбәйр былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы Айшаның (р.а.): “Алла елшісі (с.а.с.): ‘Мүмін тіпті тікен кірсе де, басына түскен әр қиындық үшін сауап алады’, – немесе: ‘Басына түскен қиындық күнәларына кәффарат болады’, – деген”, – дегенін естідім»1.
- 1Муслим, «Бирр», 45/14, № 50. Рауилердің бірі Язид Уруаның «сауап» әлде «кәффарат» дегенін анық білмегендіктен, екеуін де айтқан.