Хадис

Муатта, № 5

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
37. Көз тию
бап
3. Науқастардың алатын сауабы
Нөмірі
№ 5 (кітап ішіндегі рет реті)
5
Муатта, 37-кітап, № 5
Қазақша аудармасы

Ата ибн Ясардың жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Құл ауырғанда, Алла Тағала оған екі періште жіберіп: “Көңілін сұрап келгендерге не айтып жатқанын қараңдар”, – дейді. Науқас көңілін сұрай келгендерге Аллаға мадақ айтып, шүкіршілік білдірсе, періштелер мұны бәрін білуші, аса үстем әрі ұлы Аллаға жеткізеді. Сонда Алла: “Бұл құлымның жанын алсам, жаннатқа кіргіземін. Ал сауықтырып, шипа берсем, аурудан жоғалтқан еті мен қанынан да қайырлысын беріп, күнәларын кешіремін”, – дейді», – деген1.

  1. 1Ибн Абдулбәр Аббад ибн Кәсир әл-Мәкки жолымен иснады жалғасқан түрде жеткізген.