Қазақша аудармасы
Омар ибн Хаттаб былай дейді: «Ер адам әйелін бір немесе екі талақпен ажыратып, ғиддат кезінде қайта қосылмаса, кейін әйел басқаға тұрмысқа шығып, ол күйеуі қайтыс болса не талақ етсе, алғашқы күйеуі сол әйелге қайта үйлене алады. Мұндайда оның бұрын қанша талақ құқығы қалса, сол мөлшер ғана сақталады».1
Имам Мәлик былай дейді: «Бізде бірауыздан қабылданып, ұстанылған амал да осындай».
- 1Ханафи мәзһабы бойынша, ер адамның үш талақ құқығы жаңарады. Марғинани, II, 11.