Ибн Шиһабқа жеткен риуаятта былай делінеді: «Сақиф тайпасынан бір адам1 мұсылман болғанда, оның он әйелі бар еді. Алла елшісі (с.а.с.) оған: “Төрт әйеліңді қалдырып, қалғандарынан ажырас”, – деп бұйырды».2
2Ибн Абдулбәр былай дейді: «Мұны “Муатта” риуаятшылары мен Ибн Шиһабтан жеткізушілердің көпшілігі осылай риуаят еткен». Тирмизи мен Ибн Мәжа бұл хадисті иснады жалғасқан түрде жеткізеді: Тирмизи, «Никах», 9/33; Ибн Мәжа, «Никах», 9/40.