Қазақша аудармасы
Нәфиғ мына риуаятты жеткізеді: «Алла елшісінің заманында Абдуллаһ ибн Омар әйелін хайыз кезінде талақ етті. Омар ибн Хаттаб бұл жайында Алла елшісінен (с.а.с.) сұрады. Ол: “Оған айт, әйелімен қайта қосылсын. Содан кейін әйелі хайызынан тазарып, қайта хайыз көріп, тағы тазарғанға дейін оны талақ етпесін. Сол тазалық кезеңінде қаласа, некесін жалғастырсын, қаласа, жақындаспай тұрып талақ етсін. Міне, Алла әйелдерді талақ еткенде ескеруді бұйырған ғиддат мерзімі – осы”, – деп жауап берді».1
- 1Бұхари, «Талақ», 68/1; Мүслим, «Талақ», 18/1; Шайбани, 554.