Хадис
كِتَابُ الْأَطْعِمَةِ

Тағамдар кітабы

Сахих Мүслим, 39-кітап · 39 хадис · № 1296–1334

Мазмұны: 32 бап
  1. 1Ас ішерде Алланың атын атау туралы
  2. 2Оң қолмен тамақтану туралы
  3. 3Тамақты өз алдынан алып жеу туралы
  4. 4Үш саусақпен тамақтану туралы
  5. 5Ас ішкен соң қолын өзі жаласын немесе басқаға жалатсын
  6. 6Саусақтарды және табақты жалау туралы
  7. 7Түсіп қалған бір түйір асты тазалап жеу туралы
  8. 8Ас ішкені және сусын ішкені үшін Аллаға мадақ айту туралы
  9. 9Ас пен сусын нығметтері үшін есепке тартылу туралы
  10. 10Көршінің асқа шақыруын қабылдау туралы
  11. 11Асқа шақырылған адамның соңынан басқа біреудің еріп баруы туралы
  12. 12Қонақтың қамын өз қамынан жоғары қою туралы
  13. 13Екі адамның тамағы үш адамға жетеді
  14. 14Мүмін бір ішекпен, ал кәпір жеті ішекпен тамақтанады
  15. 15Асқабақ жеу туралы
  16. 16Сірке суы – қандай жақсы тұздық!
  17. 17Құрма жеу және оның сүйегін екі саусақтың арасында ұстап, тастау туралы
  18. 18Жүрелеп отырып құрма жеу туралы
  19. 19Құрмасы жоқ үйдің тұрғындары – аш
  20. 20Құрманы екі-екіден жеуге тыйым салу
  21. 21Қиярды балғын құрмамен бірге жеу туралы
  22. 22Арак ағашының қара түсті жемісі (кәбәс) туралы
  23. 23Қоян етін жеу туралы
  24. 24Дабб кесірткесінің етін жеу туралы
  25. 25Шегіртке жеу туралы
  26. 26Теңіз жануарларын, сондай-ақ теңіз жағаға шығарып тастаған жануарларды жеу туралы
  27. 27Жылқы етін жеу туралы
  28. 28Үй есектерінің етін жеуге тыйым салу
  29. 29Азу тісі бар барлық жыртқыш аңдардың етін жеуге тыйым салу
  30. 30Өткір тырнақты жыртқыш құстардың етін жеуге тыйым салу
  31. 31Сарымсақ жеудің құпталмайтыны туралы
  32. 32Тағамға мін тақпау туралы
بَابٌ: التَّسْمِيَةُ عَلَى الطَّعَامِ

1-бапАс ішерде Алланың атын атау туралы

1296
Мүслим, № 1296Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنَّا إِذَا حَضَرْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ طَعَامًا لَمْ نَضَعْ أَيْدِيَنَا حَتَّى يَبْدَأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَيَضَعَ يَدَهُ، وَإِنَّا حَضَرْنَا مَعَهُ مَرَّةً طَعَامًا، فَجَاءَتْ جَارِيَةٌ كَأَنَّهَا تُدْفَعُ، فَذَهَبَتْ لِتَضَعَ يَدَهَا فِي الطَّعَامِ، فَأَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِيَدِهَا، ثُمَّ جَاءَ أَعْرَابِيٌّ كَأَنَّمَا يُدْفَعُ، فَأَخَذَ بِيَدِهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّ الشَّيْطَانَ يَسْتَحِلُّ الطَّعَامَ أَنْ لَا يُذْكَرَ اسْمُ اللَّهِ عَلَيْهِ، وَإِنَّهُ جَاءَ بِهَذِهِ الْجَارِيَةِ لِيَسْتَحِلَّ بِهَا، فَأَخَذْتُ بِيَدِهَا، فَجَاءَ بِهَذَا الْأَعْرَابِيِّ لِيَسْتَحِلَّ بِهِ، فَأَخَذْتُ بِيَدِهِ، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، إِنَّ يَدَهُ فِي يَدِي مَعَ يَدِهَا”». وَفِي رِوَايَةٍ: «ثُمَّ ذَكَرَ اسْمَ اللَّهِ وَأَكَلَ».

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деді: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге асқа отырғанда, Алла Елшісі (с.а.с.) бірінші болып қолын созбайынша, асқа қол созбайтын едік. Бірде онымен бірге асқа отырдық. Сол кезде әлдебір күш итермелеп келе жатқандай бір жас қыз келіп, асқа қол созды. Алла Елшісі (с.а.с.) оның қолынан ұстап қалды. Содан кейін әлдебір күш итермелеп келе жатқандай бір бәдәуи келді. Ол (с.а.с.) оның да қолынан ұстап қалды. Содан соң Алла Елшісі (с.а.с.): “Шайтан Алланың аты аталмаған асты өзіне халал етеді. Ол бұл асты өзіне халал ету үшін әлгі қызды алып келді, сондықтан мен оның қолынан ұстап қалдым. Содан кейін осы бәдәуи арқылы асты өзіне халал ету үшін оны да алып келді, сондықтан оның да қолынан ұстап қалдым. Жаным қолында болған Алламен ант етемін, шайтанның қолы әлгі қыздың қолымен бірге менің қолымда”, – деді». Басқа риуаятта: «Содан кейін Алланың атын атап, ас жеді», – делінген (2017/102).

1297
Мүслим, № 1297Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا دَخَلَ الرَّجُلُ بَيْتَهُ فَذَكَرَ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ عِنْدَ دُخُولِهِ وَعِنْدَ طَعَامِهِ، قَالَ الشَّيْطَانُ: “لَا مَبِيتَ لَكُمْ وَلَا عَشَاءَ”، وَإِذَا دَخَلَ فَلَمْ يَذْكُرِ اللَّهَ عِنْدَ دُخُولِهِ، قَالَ الشَّيْطَانُ: “أَدْرَكْتُمُ الْمَبِيتَ”، وَإِذَا لَمْ يَذْكُرِ اللَّهَ عِنْدَ طَعَامِهِ، قَالَ: “أَدْرَكْتُمُ الْمَبِيتَ وَالْعَشَاءَ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін естіген: «Адам үйіне кірерде де, тамақтанар алдында да Ұлы әрі Құдіретті Алланы еске алса, шайтан: “Сендерге түнейтін орын да, кешкі ас та жоқ”, – дейді. Ал адам үйіне кірерде Алланы еске алмаса, шайтан: “Түнейтін орын таптыңдар”, – дейді. Егер тамақтанар алдында да Алланы еске алмаса: “Түнейтін орынға да, кешкі асқа да ие болдыңдар”, – дейді» (2018/103).

بَابٌ: الْأَكْلُ بِالْيَمِينِ

2-бапОң қолмен тамақтану туралы

1298
Мүслим, № 1298Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَكَلَ أَحَدُكُمْ فَلْيَأْكُلْ بِيَمِينِهِ، وَإِذَا شَرِبَ فَلْيَشْرَبْ بِيَمِينِهِ، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَأْكُلُ بِشِمَالِهِ وَيَشْرَبُ بِشِمَالِهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деді: «Араларыңнан біреуің тамақ жесе, оң қолымен жесін. Сусын ішсе де, оң қолымен ішсін. Өйткені шайтан сол қолымен жеп, сол қолымен ішеді» (2020/105).

1299
Мүслим, № 1299

عَنْ إِيَاسِ بْنِ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ أَبَاهُ حَدَّثَهُ أَنَّ رَجُلًا أَكَلَ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِشِمَالِهِ، فَقَالَ: «كُلْ بِيَمِينِكَ». قَالَ: «لَا أَسْتَطِيعُ». قَالَ: «لَا اِسْتَطَعْتَ»، مَا مَنَعَهُ إِلَّا الْكِبْرُ، قَالَ: فَمَا رَفَعَهَا إِلَى فِيهِ.

Қазақша аудармасы

Ияс ибн Сәләмә ибн әл-Акуағ (р.а.) әкесінің былай дегенін жеткізді: «Бір кісі Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында сол қолымен тамақ жеді. Ол (с.а.с.): “Оң қолыңмен же”, – деді. Әлгі кісі: “Қолымнан келмейді”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Қолыңнан келмесін!” – деді. Оған оң қолымен жеуге тек тәкаппарлығы кедергі болды. Содан кейін ол қолын аузына көтере алмады» (2021/107).

بَابٌ: الْأَكْلُ مِمَّا يَلِي الْآكِلَ

3-бапТамақты өз алдынан алып жеу туралы

1300
Мүслим, № 1300Риуаят етуші: Омар ибн Әбу Сәләмә

عَنْ عُمَرَ بْنِ أَبِي سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنْتُ فِي حِجْرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَتْ يَدِي تَطِيشُ فِي الصَّحْفَةِ، فَقَالَ لِي: “يَا غُلَامُ، سَمِّ اللَّهَ، وَكُلْ بِيَمِينِكَ وَكُلْ مِمَّا يَلِيكَ”».

Қазақша аудармасы

Омар ибн Әбу Сәләмә (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) тәрбиесінде едім. Тамақ жегенде қолым табақтың әр тұсына созыла беретін. Сонда ол (с.а.с.) маған: “Уа, бала! Алланың атын ата, оң қолыңмен же әрі өзіңе жақын жерден же”, – деді» (2022/108).

بَابٌ: الْأَكْلُ بِثَلَاثِ أَصَابِعَ

4-бапҮш саусақпен тамақтану туралы

1301
Мүслим, № 1301Риуаят етуші: Кағб ибн Мәлик

عَنْ كَعْبِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَأْكُلُ بِثَلَاثِ أَصَابِعَ، وَيَلْعَقُ يَدَهُ قَبْلَ أَنْ يَمْسَحَهَا».

Қазақша аудармасы

Кәғб ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) үш саусағымен тамақ жейтін әрі қолын сүртпестен бұрын жалайтын» (2032/131).

بَابٌ: إِذَا أَكَلَ فَلْيَلْعَقْ يَدَهُ أَوْ يُلْعِقْهَا

5-бапАс ішкен соң қолын өзі жаласын немесе басқаға жалатсын

1302
Мүслим, № 1302Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَكَلَ أَحَدُكُمْ طَعَامًا، فَلَا يَمْسَحْ يَدَهُ حَتَّى يَلْعَقَهَا أَوْ يُلْعِقَهَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Араларыңнан біреуің тамақ жесе, қолын өзі жаламайынша немесе басқаға жалатпайынша сүртпесін”, – деді», – деп жеткізген (2031/129).

بَابٌ: لَعْقُ الْأَصَابِعِ وَالصَّحْفَةِ

6-бапСаусақтарды және табақты жалау туралы

1303
Мүслим, № 1303Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَمَرَ بِلَعْقِ الْأَصَابِعِ وَالصَّحْفَةِ، وَقَالَ: «إِنَّكُمْ لَا تَدْرُونَ فِي أَيِّهِ الْبَرَكَةُ».

Қазақша аудармасы

Жәбирдің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) саусақтар мен табақтың ішін жалауды бұйырып: «Тағамның қай бөлігінде береке барын білмейсіңдер», – деген (2033/133).

بَابٌ: مَسْحُ اللُّقْمَةِ إِذَا سَقَطَتْ وَأَكْلُهَا

7-бапТүсіп қалған бір түйір асты тазалап жеу туралы

1304
Мүслим, № 1304Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ الشَّيْطَانَ يَحْضُرُ أَحَدَكُمْ عِنْدَ كُلِّ شَيْءٍ مِنْ شَأْنِهِ، حَتَّى يَحْضُرَهُ عِنْدَ طَعَامِهِ، فَإِذَا سَقَطَتْ مِنْ أَحَدِكُمُ اللُّقْمَةُ، فَلْيُمِطْ مَا كَانَ بِهَا مِنْ أَذًى، ثُمَّ لِيَأْكُلْهَا، وَلَا يَدَعْهَا لِلشَّيْطَانِ، فَإِذَا فَرَغَ فَلْيَلْعَقْ أَصَابِعَهُ، فَإِنَّهُ لَا يَدْرِي فِي أَيِّ طَعَامِهِ تَكُونُ الْبَرَكَةُ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Расында, шайтан әрқайсыңа кез келген ісіңде келеді. Тіпті тамақтанған кезіңде де келеді. Сондықтан араларыңнан біреуіңнің бір түйір асы жерге түсіп кетсе, оған жұққан лас нәрсені кетіріп, өзі жесін. Оны шайтанға қалдырмасын. Тамақтанып болған соң, саусақтарын жаласын. Өйткені ол өз тағамының қай бөлігінде береке барын білмейді”», – деді (2033/135).

بَابٌ: فِي الْحَمْدِ لِلَّهِ عَلَى الْأَكْلِ وَالشُّرْبِ

8-бапАс ішкені және сусын ішкені үшін Аллаға мадақ айту туралы

1305
Мүслим, № 1305Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ اللَّهَ لَيَرْضَى عَنِ الْعَبْدِ أَنْ يَأْكُلَ الْأَكْلَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا، وَيَشْرَبَ الشَّرْبَةَ فَيَحْمَدَهُ عَلَيْهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Алла құлының ас ішіп, сол үшін Оған мадақ айтқанына әрі сусын ішіп, сол үшін Оған мадақ айтқанына разы болады”, – деді» (2734/89).

بَابٌ: السُّؤَالُ عَنْ نَعِيمِ الْأَكْلِ وَالشُّرْبِ

9-бапАс пен сусын нығметтері үшін есепке тартылу туралы

1306
Мүслим, № 1306Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ» (أَوْ: «لَيْلَةٍ») «فَإِذَا هُوَ بِأَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَقَالَ: “مَا أَخْرَجَكُمَا مِنْ بُيُوتِكُمَا هَذِهِ السَّاعَةَ؟” قَالَا: “الْجُوعُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”. قَالَ: “وَأَنَا، وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَأَخْرَجَنِي الَّذِي أَخْرَجَكُمَا، قُومُوا”، فَقَامُوا مَعَهُ، فَأَتَى رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ، فَإِذَا هُوَ لَيْسَ فِي بَيْتِهِ، فَلَمَّا رَأَتْهُ الْمَرْأَةُ، قَالَتْ: “مَرْحَبًا وَأَهْلًا”. فَقَالَ لَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَيْنَ فُلَانٌ؟” قَالَتْ: “ذَهَبَ يَسْتَعْذِبُ لَنَا مِنَ الْمَاءِ”، إِذْ جَاءَ الْأَنْصَارِيُّ، فَنَظَرَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَصَاحِبَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: “الْحَمْدُ لِلَّهِ! مَا أَحَدٌ الْيَوْمَ أَكْرَمَ أَضْيَافًا مِنِّي”. قَالَ: فَانْطَلَقَ، فَجَاءَهُمْ بِعِذْقٍ فِيهِ بُسْرٌ وَتَمْرٌ وَرُطَبٌ، فَقَالَ: “كُلُوا مِنْ هَذِهِ”، وَأَخَذَ الْمُدْيَةَ، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِيَّاكَ وَالْحَلُوبَ”، فَذَبَحَ لَهُمْ، فَأَكَلُوا مِنَ الشَّاةِ وَمِنْ ذَلِكَ الْعِذْقِ وَشَرِبُوا، فَلَمَّا أَنْ شَبِعُوا وَرَوُوا، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِأَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: “وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَتُسْأَلُنَّ عَنْ هَذَا النَّعِيمِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، أَخْرَجَكُمْ مِنْ بُيُوتِكُمُ الْجُوعُ، ثُمَّ لَمْ تَرْجِعُوا حَتَّى أَصَابَكُمْ هَذَا النَّعِيمُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір күні немесе бір түні Алла Елшісі (с.а.с.) сыртқа шығып, Әбу Бәкір мен Омарды (р.а.) кездестірді. Ол (с.а.с.): “Осындай уақытта екеуіңді үйлеріңнен шығарған не?” – деп сұрады. Екеуі: “Аштық, уа, Расулалла!” – деді. Ол (с.а.с.): “Мен де солаймын. Жаным қолында болған Алламен ант етемін, мені де сендерді шығарған нәрсе шығарды. Тұрыңдар”, – деді. Олар орындарынан тұрып, онымен бірге ансарлардың бірінің үйіне барды. Әлгі кісі үйінде жоқ екен. Әйелі оларды көргенде: “Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) одан: “Пәленше қайда?” – деп сұрады. Әйел: “Бізге тұщы су әкелуге кетті”, – деді. Сол кезде ансарлық кісі де келіп қалды. Ол Алла Елшісіне (с.а.с.) және оның екі серігіне қарап: “Аллаға мадақ! Бүгін менікінен ардақты қонақ күтіп отырған ешкім жоқ!” – деді. Содан кейін барып, піспегені де, кепкені де, жаңа піскені де бар бір бұтақ құрма әкеліп: “Мыналардан жеңдер”, – деді де, пышағын алды. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Сауын малды сойма!” – деді. Ол басқа бір қойды сойды. Олар қойдың етінен және әлгі құрмалардан жеп, сусын ішті. Әбден тойып, шөлдері қанған кезде Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омарға (р.а.): “Жаным қолында болған Алламен ант етемін, Қиямет күні осы нығмет жайында міндетті түрде сұраласыңдар. Сендерді үйлеріңнен аштық шығарды, ал осы нығметке кенелгенше үйлеріңе қайтпадыңдар”, – деді» (2038/140).

بَابٌ: إِجَابَةُ دَعْوَةِ الْجَارِ لِلطَّعَامِ

10-бапКөршінің асқа шақыруын қабылдау туралы

1307
Мүслим, № 1307Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ جَارًا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَارِسِيًّا كَانَ طَيِّبَ الْمَرَقِ، فَصَنَعَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ جَاءَ يَدْعُوهُ، فَقَالَ: «وَهَذِهِ؟» لِعَائِشَةَ، فَقَالَ: «لَا». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا»، فَعَادَ يَدْعُوهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَهَذِهِ؟» قَالَ: «لَا». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا». ثُمَّ عَادَ يَدْعُوهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَهَذِهِ؟» قَالَ: «نَعَمْ» فِي الثَّالِثَةِ، فَقَامَا يَتَدَافَعَانِ حَتَّى أَتَيَا مَنْزِلَهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісінің (с.а.с.) парсы ұлтынан шыққан бір көршісі бар еді. Ол сорпаны өте дәмді пісіретін. Бірде Алла Елшісіне (с.а.с.) арнап ас дайындап, оны шақыруға келді. Алла Елшісі (с.а.с.) Айшаны меңзеп: «Ал мына кісі ше?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Онда мен де бармаймын», – деді. Көршісі қайтадан келіп шақырды. Алла Елшісі (с.а.с.) тағы да: «Ал мына кісі ше?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Онда мен де бармаймын», – деді. Кейін көршісі үшінші рет келіп шақырды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ал мына кісі ше?» – деп сұрады. Бұл жолы ол: «Иә», – деді. Сонда екеуі орындарынан тұрып, бірінің соңынан бірі оның үйіне барды (2037/139).

بَابٌ: مَنْ دُعِيَ إِلَى طَعَامٍ فَتَبِعَهُ غَيْرُهُ

11-бапАсқа шақырылған адамның соңынан басқа біреудің еріп баруы туралы

1308
Мүслим, № 1308Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Ансари

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ يُقَالُ لَهُ: أَبُو شُعَيْبٍ، وَكَانَ لَهُ غُلَامٌ لَحَّامٌ، فَرَأَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَعَرَفَ فِي وَجْهِهِ الْجُوعَ، فَقَالَ لِغُلَامِهِ: “وَيْحَكَ، اِصْنَعْ لَنَا طَعَامًا لِخَمْسَةِ نَفَرٍ، فَإِنِّي أُرِيدُ أَنْ أَدْعُوَ النَّبِيَّ ﷺ خَامِسَ خَمْسَةٍ”. قَالَ: فَصَنَعَ، ثُمَّ أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَدَعَاهُ خَامِسَ خَمْسَةٍ وَاتَّبَعَهُمْ رَجُلٌ، فَلَمَّا بَلَغَ الْبَابَ، قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “إِنَّ هَذَا اِتَّبَعَنَا، فَإِنْ شِئْتَ أَنْ تَأْذَنَ لَهُ، وَإِنْ شِئْتَ رَجَعَ”. قَالَ: “لَا، بَلْ آذَنُ لَهُ يَا رَسُولَ اللَّهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд әл-Ансари (р.а.) былай деді: «Ансарлардың арасында Әбу Шұғайб есімді бір кісі бар еді. Оның етшілікпен айналысатын қызметшісі болатын. Бірде Әбу Шұғайб Алла Елшісін (с.а.с.) көріп, жүзінен аштықтың белгісін байқады. Сонда қызметшісіне: “Қане, бізге бес адамға жететін тамақ дайында. Мен Пайғамбарды (с.а.с.) бес кісінің бесіншісі етіп шақырғым келеді”, – деді. Қызметшісі тамақ дайындады. Содан кейін Әбу Шұғайб Пайғамбарға (с.а.с.) келіп, оны бес кісінің бесіншісі етіп шақырды. Оларға тағы бір кісі еріп келді. Олар үйдің есігіне жеткенде, Пайғамбар (с.а.с.): “Мына кісі бізге еріп келді. Қаласаң, оған рұқсат бер, ал қаламасаң, ол кері қайтады”, – деді. Үй иесі: “Жоқ, уа, Расулалла! Мен оған да рұқсат беремін”, – деді» (2036/138).

بَابٌ: فِي إِيثَارِ الضَّيْفِ

12-бапҚонақтың қамын өз қамынан жоғары қою туралы

1309
Мүслим, № 1309Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «جَاءَ أَعْرَابِيٌّ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “إِنِّي مَجْهُودٌ”، فَأَرْسَلَ إِلَى بَعْضِ نِسَائِهِ، فَقَالَتْ: “وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، مَا عِنْدِي إِلَّا مَاءٌ”. ثُمَّ أَرْسَلَ إِلَى أُخْرَى، فَقَالَتْ مِثْلَ ذَلِكَ، حَتَّى قُلْنَ كُلُّهُنَّ مِثْلَ ذَلِكَ: “لَا، وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، مَا عِنْدِي إِلَّا مَاءٌ”. فَقَالَ: “مَنْ يُضِيفُ هَذَا اللَّيْلَةَ، رَحِمَهُ اللَّهُ تَعَالَى؟” فَقَامَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَقَالَ: “أَنَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ”، فَانْطَلَقَ بِهِ إِلَى رَحْلِهِ، فَقَالَ لِامْرَأَتِهِ: “هَلْ عِنْدَكِ شَيْءٌ؟” قَالَتْ: “لَا، إِلَّا قُوتُ صِبْيَانِي”. قَالَ: “فَعَلِّلِيهِمْ بِشَيْءٍ، فَإِذَا دَخَلَ ضَيْفُنَا، فَأَطْفِئِي السِّرَاجَ، وَأَرِيهِ أَنَّا نَأْكُلُ، فَإِذَا أَهْوَى لِيَأْكُلَ، فَقُومِي إِلَى السِّرَاجِ حَتَّى تُطْفِئِيهِ”. قَالَ: فَقَعَدُوا وَأَكَلَ الضَّيْفُ، فَلَمَّا أَصْبَحَ غَدَا عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: “قَدْ عَجِبَ اللَّهُ مِنْ صَنِيعِكُمَا بِضَيْفِكُمَا اللَّيْلَةَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) бір бәдәуи келіп: “Мен аштықтан әбден қалжырадым”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) әйелдерінің біріне адам жіберді. Әйелі: “Сізді ақиқатпен жіберген Алламен ант етемін, менде судан басқа ештеңе жоқ”, – деді. Содан кейін ол (с.а.с.) басқа бір әйеліне адам жіберді. Ол да дәл солай жауап берді. Осылайша әйелдерінің бәрі: “Жоқ, сізді ақиқатпен жіберген Алламен ант етемін, менде судан басқа ештеңе жоқ”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Бүгін түнде бұл кісіні кім қонақ етеді? Алла Тағала оған рақым етсін!” – деді. Ансарлардан бір кісі орнынан тұрып: “Мен қонақ етемін, уа, Расулалла!” – деді де, әлгі кісіні үйіне ертіп барды. Содан кейін әйелінен: “Үйде жейтін бірдеңе бар ма?” – деп сұрады. Әйелі: “Балаларымның азығынан басқа ештеңе жоқ”, – деді. Ол: “Балаларды бірдеңемен алдарқата тұр. Қонағымыз кіргенде шамды сөндіріп, оған біз де тамақтанып отырғандай көрсет. Ол асқа қол созғанда, орныңнан тұрып, шамға бар да, оны сөндір”, – деді. Сөйтіп, олар дастарқан басына отырды, ал қонақ тамақтанды. Таң атқанда әлгі ансар Пайғамбарға (с.а.с.) барды. Сонда ол (с.а.с.): “Алла екеуіңнің осы түні қонақтарыңа жасаған істеріңе таңғалды”, – деді» (2054/172).

بَابٌ: طَعَامُ الِاثْنَيْنِ كَافِي الثَّلَاثَةِ

13-бапЕкі адамның тамағы үш адамға жетеді

1310
Мүслим, № 1310Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «طَعَامُ الِاثْنَيْنِ كَافِي الثَّلَاثَةِ، وَطَعَامُ الثَّلَاثَةِ كَافِي الْأَرْبَعَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Екі адамның тамағы үш адамға, ал үш адамның тамағы төрт адамға жетеді”, – деді», – деп жеткізді (2058/178).

1311
Мүслим, № 1311Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “طَعَامُ الْوَاحِدِ يَكْفِي الِاثْنَيْنِ، وَطَعَامُ الِاثْنَيْنِ يَكْفِي الْأَرْبَعَةَ، وَطَعَامُ الْأَرْبَعَةِ يَكْفِي الثَّمَانِيَةَ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Бір адамның тамағы екі адамға, екі адамның тамағы төрт адамға, ал төрт адамның тамағы сегіз адамға жетеді”, – дегенін естідім», – деді (2059/179).

بَابٌ: الْمُؤْمِنُ يَأْكُلُ فِي مِعًى وَاحِدٍ وَالْكَافِرُ يَأْكُلُ فِي سَبْعَةِ أَمْعَاءٍ

14-бапМүмін бір ішекпен, ал кәпір жеті ішекпен тамақтанады

1312
Мүслим, № 1312

عَنْ جَابِرٍ وَابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الْمُؤْمِنُ يَأْكُلُ فِي مِعًى وَاحِدٍ، وَالْكَافِرُ يَأْكُلُ فِي سَبْعَةِ أَمْعَاءٍ».

Қазақша аудармасы

Жәбир мен Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүмін бір ішекпен, ал кәпір жеті ішекпен тамақ жейді», – деді (2061/184).

1313
Мүслим, № 1313Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ضَافَهُ ضَيْفٌ وَهُوَ كَافِرٌ، فَأَمَرَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِشَاةٍ فَحُلِبَتْ، فَشَرِبَ حِلَابَهَا، ثُمَّ أُخْرَى فَشَرِبَهُ، ثُمَّ أُخْرَى فَشَرِبَهُ، حَتَّى شَرِبَ حِلَابَ سَبْعِ شِيَاهٍ، ثُمَّ إِنَّهُ أَصْبَحَ فَأَسْلَمَ، فَأَمَرَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِشَاةٍ، فَشَرِبَ حِلَابَهَا، ثُمَّ أَمَرَ بِأُخْرَى، فَلَمْ يَسْتَتِمَّهَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْمُؤْمِنُ يَشْرَبُ فِي مِعًى وَاحِدٍ، وَالْكَافِرُ يَشْرَبُ فِي سَبْعَةِ أَمْعَاءٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, бір кәпір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) қонаққа келді. Алла Елшісі (с.а.с.) ол үшін бір қой саууды бұйырды. Қой сауылғанда, әлгі кісі оның сүтін ішті. Содан кейін тағы бір қой сауылып, оның да сүтін ішті. Одан кейін тағы бір қой сауылып, оның сүтін де ішті. Сөйтіп, жеті қойдың сүтін ішті. Таң атқанда ол Исламды қабылдады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) ол үшін бір қой саууды бұйырды. Ол оның сүтін ішті. Содан кейін тағы бір қой саууды бұйырды, алайда әлгі кісі оның сүтін тауыса алмады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүмін бір ішекпен ішеді, ал кәпір жеті ішекпен ішеді», – деді (2063/186).

بَابٌ: فِي أَكْلِ الدُّبَّاءِ

15-бапАсқабақ жеу туралы

1314
Мүслим, № 1314Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «دَعَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَجُلٌ، فَانْطَلَقْتُ مَعَهُ، فَجِيءَ بِمَرَقَةٍ فِيهَا دُبَّاءٌ، فَجَعَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَأْكُلُ مِنْ ذَلِكَ الدُّبَّاءِ وَيُعْجِبُهُ». قَالَ: «فَلَمَّا رَأَيْتُ ذَلِكَ جَعَلْتُ أُلْقِيهِ إِلَيْهِ وَلَا أَطْعَمُهُ». قَالَ: فَقَالَ أَنَسٌ: «فَمَا زِلْتُ بَعْدُ يُعْجِبُنِي الدُّبَّاءُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.): «Бір кісі Алла Елшісін (с.а.с.) қонаққа шақырды. Мен де онымен бірге бардым. Ішінде асқабақ бар сорпа әкелінді. Алла Елшісі (с.а.с.) сол асқабақты сүйсіне жей бастады. Мұны көргенде, асқабақ кесектерін өзім жемей, оның алдына қарай ысыра бердім», – деді. Әнәс (р.а.): «Содан бері асқабақты ұнататын болдым», – деді (2041/145).

بَابٌ: نِعْمَ الْإِدَامُ الْخَلُّ

16-бапСірке суы – қандай жақсы тұздық!

1315
Мүслим, № 1315

عَنْ طَلْحَةَ بْنِ نَافِعٍ، أَنَّهُ سَمِعَ جَابِرَ بْنَ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ: «أَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِيَدِي ذَاتَ يَوْمٍ إِلَى مَنْزِلِهِ، فَأَخْرَجَ إِلَيْهِ فِلَقًا مِنْ خُبْزٍ، فَقَالَ: “مَا مِنْ أُدُمٍ؟” فَقَالُوا: “لَا، إِلَّا شَيْءٌ مِنْ خَلٍّ”. قَالَ: “فَإِنَّ الْخَلَّ نِعْمَ الْأُدُمُ”». قَالَ جَابِرٌ: «فَمَا زِلْتُ أُحِبُّ الْخَلَّ مُنْذُ سَمِعْتُهَا مِنْ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ». وَقَالَ طَلْحَةُ: «مَا زِلْتُ أُحِبُّ الْخَلَّ مُنْذُ سَمِعْتُهَا مِنْ جَابِرٍ».

Қазақша аудармасы

Талха ибн Нафиғ Жәбир ибн Абдулланың (р.а.) былай дегенін естіген: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) қолымнан ұстап, үйіне ертіп барды. Оның алдына бірнеше үзім нан әкелінді. Ол (с.а.с.): “Нанға қосып жейтін еш нәрсе жоқ па?” – деп сұрады. Олар: “Аздаған сірке суынан басқа ештеңе жоқ”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Расында, сірке суы – нанға қосып жеуге неткен жақсы тұздық!” – деді. Мен бұл сөзді Алланың Пайғамбарынан (с.а.с.) естіген күннен бері сірке суын жақсы көремін». Талха: «Мен де бұл сөзді Жәбирден естіген күннен бері сірке суын жақсы көремін», – деді (2052/167).

بَابٌ: فِي أَكْلِ التَّمْرِ وَإِلْقَاءِ النَّوَى بَيْنَ الْإِصْبَعَيْنِ

17-бапҚұрма жеу және оның сүйегін екі саусақтың арасында ұстап, тастау туралы

1316
Мүслим, № 1316Риуаят етуші: Абдулла ибн Буср

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ بُسْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «نَزَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى أَبِي، قَالَ: فَقَرَّبْنَا إِلَيْهِ طَعَامًا وَوَطْبَةً، فَأَكَلَ مِنْهَا، ثُمَّ أُتِيَ بِتَمْرٍ فَكَانَ يَأْكُلُهُ وَيُلْقِي النَّوَى بَيْنَ إِصْبَعَيْهِ، وَيَجْمَعُ السَّبَّابَةَ وَالْوُسْطَى» (قَالَ شُعْبَةُ: «هُوَ ظَنِّي، وَهُوَ فِيهِ، إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى، إِلْقَاءُ النَّوَى بَيْنَ الْإِصْبَعَيْنِ») «ثُمَّ أُتِيَ بِشَرَابٍ فَشَرِبَهُ، ثُمَّ نَاوَلَهُ الَّذِي عَنْ يَمِينِهِ، قَالَ: فَقَالَ أَبِي (وَأَخَذَ بِلِجَامِ دَابَّتِهِ): “اُدْعُ اللَّهَ لَنَا”. فَقَالَ: “اللَّهُمَّ بَارِكْ لَهُمْ فِيمَا رَزَقْتَهُمْ، وَاغْفِرْ لَهُمْ وَارْحَمْهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Буср (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) әкемнің үйіне қонақ болып түсті. Біз оның алдына ас және құрма, ұнтақталған құрт пен сары майдан дайындалған уатба тағамын қойдық. Ол (с.а.с.) одан жеді. Содан кейін құрма әкелінді. Ол құрманы жеп, дәнектерін сұқ саусағы мен ортаңғы саусағының арасына қыстырып алып, бөлек тастайтын». Шуғба: «Бұл – менің жорамалым. Алла қаласа, хадисте дәнектерді екі саусақтың арасынан тастайтыны айтылған», – деді. Абдулла сөзін жалғастырып: «Содан кейін оған сусын әкелінді. Ол (с.а.с.) оны ішіп, кейін оң жағында отырған адамға ұсынды. Әкем оның мініс көлігінің тізгінінен ұстап тұрып: “Біз үшін Аллаға дұға етіңіз”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Уа, Алла! Оларға берген ризығыңа береке бер, оларды кешір әрі рақым ет”, – деп дұға етті», – деді (2042/146).

بَابٌ: أَكْلُ التَّمْرِ مُقْعِيًا

18-бапЖүрелеп отырып құрма жеу туралы

1317
Мүслим, № 1317Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِتَمْرٍ، فَجَعَلَ النَّبِيُّ ﷺ يَقْسِمُهُ وَهُوَ مُحْتَفِزٌ، يَأْكُلُ مِنْهُ أَكْلًا ذَرِيعًا»، وَفِي رِوَايَةٍ: «رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ مُقْعِيًا يَأْكُلُ تَمْرًا».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) құрма әкелінді. Пайғамбар (с.а.с.) оны бөліп бере бастады. Ол орнына толық жайғасып отырмастан, асыға құрма жеді». Басқа риуаятта Әнәс (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.) жүрелеп отырып құрма жегенін көрдім», – деді (2044/148, 149).

بَابٌ: بَيْتٌ لَا تَمْرَ فِيهِ جِيَاعٌ أَهْلُهُ

19-бапҚұрмасы жоқ үйдің тұрғындары – аш

1318
Мүслим, № 1318Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا عَائِشَةُ، بَيْتٌ لَا تَمْرَ فِيهِ جِيَاعٌ أَهْلُهُ، يَا عَائِشَةُ، بَيْتٌ لَا تَمْرَ فِيهِ جِيَاعٌ أَهْلُهُ» أَوْ «جَاعَ أَهْلُهُ». قَالَهَا مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Айша! Құрмасы жоқ үйдің адамдары аш жүреді. Уа, Айша! Құрмасы жоқ үйдің адамдары аш жүреді”, – деді немесе: “Оның адамдары аш қалды”, – деді. Ол мұны екі немесе үш рет қайталады» (2046/153).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الْقِرَانِ فِي التَّمْرِ

20-бапҚұрманы екі-екіден жеуге тыйым салу

1319
Мүслим, № 1319

عَنْ جَبَلَةَ بْنِ سُحَيْمٍ، قَالَ: «كَانَ ابْنُ الزُّبَيْرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَرْزُقُنَا التَّمْرَ، قَالَ: وَقَدْ كَانَ أَصَابَ النَّاسَ يَوْمَئِذٍ جَهْدٌ، فَكُنَّا نَأْكُلُ فَيَمُرُّ عَلَيْنَا ابْنُ عُمَرَ وَنَحْنُ نَأْكُلُ، فَيَقُولُ: “لَا تُقَارِنُوا؛ فَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى عَنِ الْإِقْرَانِ، إِلَّا أَنْ يَسْتَأْذِنَ الرَّجُلُ أَخَاهُ”». قَالَ شُعْبَةُ: «لَا أَرَى هَذِهِ الْكَلِمَةَ إِلَّا مِنْ كَلِمَةِ ابْنِ عُمَرَ»، يَعْنِي الِاسْتِئْذَانَ.

Қазақша аудармасы

Жәбәлә ибн Сухайм былай деген: «Ибн әз-Зубайр (р.а.) бізге құрма үлестіретін. Ол кезде жұрт ауыр қиындыққа душар болған еді. Біз құрма жеп отырғанда, Ибн Омар жанымыздан өтіп бара жатып: “Құрманы екі-екіден жемеңдер. Өйткені Алла Елшісі (с.а.с.) адамның қасындағы бауырынан рұқсат сұраған жағдайдан басқа кезде құрманы екі-екіден жеуге тыйым салған”, – дейтін». Шуғба: «Рұқсат сұрау туралы осы сөзді Ибн Омардың өз сөзі деп ойлаймын», – деді (2045/150).

بَابٌ: أَكْلُ الْقِثَّاءِ بِالرُّطَبِ

21-бапҚиярды балғын құрмамен бірге жеу туралы

1320
Мүслим, № 1320Риуаят етуші: Абдулла ибн Жағфар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ جَعْفَرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَأْكُلُ الْقِثَّاءَ بِالرُّطَبِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Жағфар (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) қиярды балғын құрмамен бірге жегенін көрдім», – деді (2043/147).

بَابٌ: فِي الْكَبَاثِ الْأَسْوَدِ

22-бапАрак ағашының қара түсті жемісі (кәбәс) туралы

1321
Мүслим, № 1321Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ بِمَرِّ الظَّهْرَانِ، وَنَحْنُ نَجْتَنِي الْكَبَاثَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “عَلَيْكُمْ بِالْأَسْوَدِ مِنْهُ”. قَالَ: فَقُلْنَا: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَأَنَّكَ رَعَيْتَ الْغَنَمَ؟” قَالَ: “نَعَمْ، وَهَلْ مِنْ نَبِيٍّ إِلَّا وَقَدْ رَعَاهَا؟” أَوْ نَحْوَ هَذَا مِنَ الْقَوْلِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Марр әз-Заһранда кәбәс жемісін теріп жүрген едік. Пайғамбар (с.а.с.): “Оның қара түстісін теріңдер”, – деді. Біз: “Уа, Расулалла! Сіз қой баққан сияқтысыз”, – дедік. Ол: “Иә. Қой бақпаған пайғамбар бар ма?!” – деді немесе осыған ұқсас сөз айтты», – деп жеткізген (2050/163).

بَابٌ: أَكْلُ الْأَرْنَبِ

23-бапҚоян етін жеу туралы

1322
Мүслим, № 1322Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَرَرْنَا فَاسْتَنْفَجْنَا أَرْنَبًا (بِمَرِّ الظَّهْرَانِ)، فَسَعَوْا عَلَيْهِ فَلَغَبُوا». قَالَ: «فَسَعَيْتُ حَتَّى أَدْرَكْتُهَا، فَأَتَيْتُ بِهَا أَبَا طَلْحَةَ فَذَبَحَهَا، فَبَعَثَ بِوَرِكِهَا وَفَخِذَيْهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَتَيْتُ بِهَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَقَبِلَهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Біз Марр әз-Заһраннан өтіп бара жатқанда, бір қоянды үркітіп жібердік. Жұрт оның соңынан жүгіріп, әбден шаршады. Сонда мен қоянның соңынан қуып, ақыры ұстап алдым. Оны Әбу Талхаға әкелдім. Ол қоянды бауыздап, жамбас еті мен екі санын Алла Елшісіне (с.а.с.) жіберді. Мен оларды Алла Елшісіне (с.а.с.) алып бардым, ол (с.а.с.) қабыл алды» (1953/53).

بَابٌ: فِي أَكْلِ الضَّبِّ

24-бапДабб кесірткесінің етін жеу туралы

1323
Мүслим, № 1323Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَبَّاسٍ، أَنَّ خَالِدَ بْنَ الْوَلِيدِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ (الَّذِي يُقَالُ لَهُ: سَيْفُ اللَّهِ) أَخْبَرَهُ أَنَّهُ دَخَلَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى مَيْمُونَةَ، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، وَهِيَ خَالَتُهُ وَخَالَةُ ابْنِ عَبَّاسٍ، فَوَجَدَ عِنْدَهَا ضَبًّا مَحْنُوذًا، قَدِمَتْ بِهِ أُخْتُهَا حُفَيْدَةُ بِنْتُ الْحَارِثِ مِنْ نَجْدٍ، فَقَدَّمَتِ الضَّبَّ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَ قَلَّمَا يُقَدَّمُ إِلَيْهِ طَعَامٌ حَتَّى يُحَدَّثَ بِهِ وَيُسَمَّى لَهُ، فَأَهْوَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدَهُ إِلَى الضَّبِّ، فَقَالَتِ اِمْرَأَةٌ مِنَ النِّسْوَةِ الْحُضُورِ: «أَخْبِرْنَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بِمَا قَدَّمْتُنَّ لَهُ»، قُلْنَ: «هُوَ الضَّبُّ يَا رَسُولَ اللَّهِ»، فَرَفَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدَهُ، فَقَالَ خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ: «أَحَرَامٌ الضَّبُّ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «لَا، وَلَكِنَّهُ لَمْ يَكُنْ بِأَرْضِ قَوْمِي، فَأَجِدُنِي أَعَافُهُ». قَالَ خَالِدٌ: «فَاجْتَرَرْتُهُ، فَأَكَلْتُهُ وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَنْظُرُ، فَلَمْ يَنْهَنِي».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Аббас «Алланың қылышы» атанған Халид ибн әл-Уәлидтің (р.а.) мына оқиғаны баяндағанын жеткізді: «Халид Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Мәймунаның үйіне кірді. Мәймуна Халидтің де, Ибн Аббастың да нағашы әпкесі еді. Олар оның үйінен қақтап пісірілген дала кесірткесін көрді. Оны Мәймунаның әпкесі Хуфәйда бинт әл-Харис Нәждтен алып келген еді. Мәймуна дала кесірткесін Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына қойды. Алла Елшісіне (с.а.с.) ас ұсынғанда, әдетте оның не екені айтылып, атауы аталатын. Алла Елшісі (с.а.с.) қолын дала кесірткесіне қарай соза бергенде, сол жерде отырған әйелдердің бірі: “Алла Елшісіне (с.а.с.) ұсынған астарыңның не екенін айтыңдар”, – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Бұл – дала кесірткесі”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) қолын тартып алды. Халид ибн әл-Уәлид: “Уа, Расулалла! Дала кесірткесін жеу харам ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жоқ. Алайда ол менің халқым мекендеген жерде болмайтын. Сондықтан оған тәбетім тартпайды”, – деді». Халид: «Мен оны өзіме қарай тартып алып жедім. Алла Елшісі (с.а.с.) маған қарап отырды, бірақ тыйым салмады», – деді (1946/44).

1324
Мүслим, № 1324Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ أَعْرَابِيًّا أَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «إِنِّي فِي غَائِطٍ مَضَبَّةٍ، وَإِنَّهُ عَامَّةُ طَعَامِ أَهْلِي». قَالَ: فَلَمْ يُجِبْهُ، فَقُلْنَا: «عَاوِدْهُ»، فَعَاوَدَهُ، فَلَمْ يُجِبْهُ ثَلَاثًا، ثُمَّ نَادَاهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي الثَّالِثَةِ، فَقَالَ: «يَا أَعْرَابِيُّ، إِنَّ اللَّهَ لَعَنَ» (أَوْ: «غَضِبَ») «عَلَى سِبْطٍ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ فَمَسَخَهُمْ دَوَابَّ، يَدِبُّونَ فِي الْأَرْضِ، فَلَا أَدْرِي، لَعَلَّ هَذَا مِنْهَا، فَلَسْتُ آكُلُهَا، وَلَا أَنْهَى عَنْهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид (р.а.) былай деді: «Бір бәдәуи Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Мен дабб кесірткесі көп ойпатта тұрамын. Ол – отбасымның негізгі асы”, – деді. Бірақ Пайғамбар (с.а.с.) оған жауап бермеді. Біз бәдәуиге: “Одан қайта сұра”, – дедік. Ол қайта сұрады, алайда Пайғамбар (с.а.с.) жауап бермеді. Бұл үш рет қайталанды. Үшінші рет Алла Елшісі (с.а.с.) оны шақырып: “Уа, бәдәуи! Алла Исраил ұрпақтарының бір руына лағынет етті немесе оларға қаһарланды да, оларды жер бетінде жорғалап жүретін жануарларға айналдырды. Бәлкім, мына кесіртке солардың бірі шығар, бірақ оны анық білмеймін. Сондықтан мен оны жемеймін, бірақ жеуге тыйым да салмаймын”, – деді» (1951/51).

بَابٌ: أَكْلُ الْجَرَادِ

25-бапШегіртке жеу туралы

1325
Мүслим, № 1325Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «غَزَوْنَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ سَبْعَ غَزَوَاتٍ نَأْكُلُ الْجَرَادَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.): «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жеті жорыққа шығып, шегіртке жедік», – деді (1952/52).

بَابٌ: أَكْلُ دَوَابِّ الْبَحْرِ وَمَا أَلْقَى

26-бапТеңіз жануарларын, сондай-ақ теңіз жағаға шығарып тастаған жануарларды жеу туралы

1326
Мүслим, № 1326Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «بَعَثَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَمَّرَ عَلَيْنَا أَبَا عُبَيْدَةَ، نَتَلَقَّى عِيرًا لِقُرَيْشٍ، وَزَوَّدَنَا جِرَابًا مِنْ تَمْرٍ لَمْ يَجِدْ لَنَا غَيْرَهُ، فَكَانَ أَبُو عُبَيْدَةَ يُعْطِينَا تَمْرَةً تَمْرَةً». قَالَ: فَقُلْتُ: «كَيْفَ كُنْتُمْ تَصْنَعُونَ بِهَا؟» قَالَ: «نَمَصُّهَا كَمَا يَمَصُّ الصَّبِيُّ، ثُمَّ نَشْرَبُ عَلَيْهَا مِنَ الْمَاءِ، فَتَكْفِينَا يَوْمَنَا إِلَى اللَّيْلِ، وَكُنَّا نَضْرِبُ بِعِصِيِّنَا الْخَبَطَ، ثُمَّ نَبُلُّهُ بِالْمَاءِ فَنَأْكُلُهُ». قَالَ: «وَانْطَلَقْنَا عَلَى سَاحِلِ الْبَحْرِ، فَرُفِعَ لَنَا عَلَى سَاحِلِ الْبَحْرِ كَهَيْئَةِ الْكَثِيبِ الضَّخْمِ، فَأَتَيْنَاهُ فَإِذَا هِيَ دَابَّةٌ تُدْعَى الْعَنْبَرَ. قَالَ: قَالَ أَبُو عُبَيْدَةَ: “مَيْتَةٌ”. ثُمَّ قَالَ: “لَا، بَلْ نَحْنُ رُسُلُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَفِي سَبِيلِ اللَّهِ، وَقَدِ اُضْطُرِرْتُمْ، فَكُلُوا”. قَالَ: فَأَقَمْنَا عَلَيْهِ شَهْرًا، وَنَحْنُ ثَلَاثُمِائَةٍ، حَتَّى سَمِنَّا، قَالَ: وَلَقَدْ رَأَيْتُنَا نَغْتَرِفُ مِنْ وَقْبِ عَيْنِهِ بِالْقِلَالِ الدُّهْنَ، وَنَقْتَطِعُ مِنْهُ الْفِدَرَ كَالثَّوْرِ أَوْ كَقَدْرِ الثَّوْرِ، فَلَقَدْ أَخَذَ مِنَّا أَبُو عُبَيْدَةَ ثَلَاثَةَ عَشَرَ رَجُلًا، فَأَقْعَدَهُمْ فِي وَقْبِ عَيْنِهِ، وَأَخَذَ ضِلَعًا مِنْ أَضْلَاعِهِ فَأَقَامَهَا، ثُمَّ رَحَلَ أَعْظَمَ بَعِيرٍ مَعَنَا، فَمَرَّ مِنْ تَحْتِهَا، وَتَزَوَّدْنَا مِنْ لَحْمِهِ وَشَائِقَ، فَلَمَّا قَدِمْنَا الْمَدِينَةَ أَتَيْنَا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَذَكَرْنَا ذَلِكَ لَهُ، فَقَالَ: “هُوَ رِزْقٌ أَخْرَجَهُ اللَّهُ لَكُمْ، فَهَلْ مَعَكُمْ مِنْ لَحْمِهِ شَيْءٌ فَتُطْعِمُونَا؟” قَالَ: فَأَرْسَلْنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنْهُ فَأَكَلَهُ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) бізді Құрайыштың керуенін тосуға жіберіп, Әбу Убайданы қолбасшы етіп тағайындады. Бізге бір дорба құрманы жолазық етіп берді. Өйткені одан басқа берер еш нәрсе таппады. Әбу Убайда әрқайсымызға бір-бір құрмадан беретін». Риуаятшы: «Мен Жәбирден: “Сол бір құрманы не істейтін едіңдер?” – деп сұрадым», – деді. Жәбир: «Оны кішкентай баладай соратынбыз, содан кейін үстінен су ішетінбіз. Сол бір құрманың өзі бізге кешке дейін жететін. Сондай-ақ таяқтарымызбен ағаштардың жапырақтарын қағып түсіріп, суға жібітіп жейтінбіз. Біз теңіз жағалауымен жүріп келе жатқанда, алдымыздан алып құм төбесіне ұқсайтын бір нәрсе көрінді. Қасына барсақ, анбар деп аталатын теңіз жануары екен. Әбу Убайда: “Бұл – өлексе”, – деді. Артынша: “Жоқ! Бізді Алла Елшісі (с.а.с.) жіберді әрі біз Алла жолындамыз. Сендер де амалсыз қалдыңдар. Ендеше, жеңдер”, – деді. Біз үш жүз адам едік. Оның етін бір ай бойы азық еттік, тіпті семіріп кеттік. Оның көз шарасының қуысынан үлкен құмыраларға толтырып май алғанымыз әрі денесінен өгіздей кесек еттер кесіп алғанымыз әлі көз алдымда», – деді немесе: «Өгіздің көлеміндей», – деді. Жәбир сөзін жалғастырып: «Әбу Убайда арамыздан он үш адамды алып, сол жануардың көз шарасына отырғызды. Содан кейін оның бір қабырғасын алып, тік тұрғызды да, арамыздағы ең үлкен түйені ерттеп, қабырғаның астынан өткізді. Біз оның етінен кептірілген кесектерді жолазық етіп алдық. Мәдинаға оралғанымызда, Алла Елшісіне (с.а.с.) барып, болған жағдайды баяндадық. Сонда ол (с.а.с.): “Бұл – Алланың сендерге берген ризығы. Жандарыңда оның етінен бізге де берерлік бір нәрсе бар ма?” – деп сұрады. Біз Алла Елшісіне (с.а.с.) оның етінен жібердік, ол (с.а.с.) одан жеді», – деді (1935/17).

بَابٌ: فِي أَكْلِ لُحُومِ الْخَيْلِ

27-бапЖылқы етін жеу туралы

1327
Мүслим, № 1327Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ نَهَى يَوْمَ خَيْبَرَ عَنْ لُحُومِ الْحُمُرِ الْأَهْلِيَّةِ، وَأَذِنَ فِي لُحُومِ الْخَيْلِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбар күні үй есектерінің етін жеуге тыйым салып, жылқы етін жеуге рұқсат етті», – деді (1941/36).

1328
Мүслим, № 1328Риуаят етуші: Әсма

عَنْ أَسْمَاءَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «نَحَرْنَا فَرَسًا عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَكَلْنَاهُ».

Қазақша аудармасы

Асма (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) тұсында бір жылқыны бауыздап, етін жедік», – деді (1942/38).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ أَكْلِ لُحُومِ الْحُمُرِ الْإِنْسِيَّةِ

28-бапҮй есектерінің етін жеуге тыйым салу

1329
Мүслим, № 1329Риуаят етуші: Әбу Сағлаба

عَنْ أَبِي ثَعْلَبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «حَرَّمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لُحُومَ الْحُمُرِ الْأَهْلِيَّةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағлаба (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) үй есектерінің етін харам етті», – деді (1936/23).

1330
Мүслим, № 1330Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا فَتَحَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خَيْبَرَ، أَصَبْنَا حُمُرًا خَارِجًا مِنَ الْقَرْيَةِ، فَطَبَخْنَا مِنْهَا، فَنَادَى مُنَادِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: “أَلَا إِنَّ اللَّهَ وَرَسُولَهُ يَنْهَيَانِكُمْ عَنْهَا، فَإِنَّهَا رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ”، فَأُكْفِئَتِ الْقُدُورُ بِمَا فِيهَا، وَإِنَّهَا لَتَفُورُ بِمَا فِيهَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Хайбарды бағындырған кезде, елді мекеннің сыртынан есектер тауып, олардың етінен ас пісірдік. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) жаршысы: “Біліп қойыңдар! Алла мен Оның Елшісі сендерге оны жеуге тыйым салады. Өйткені ол – шайтанның ісінен болған жиіркенішті нәрсе”, – деп жар салды. Сол сәтте қазандар ішіндегісімен бірге төңкеріліп тасталды. Ал олар ішіндегісімен бірге бұрқ-сарқ қайнап жатқан еді» (1940/34).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ أَكْلِ كُلِّ ذِي نَابٍ مِنَ السِّبَاعِ

29-бапАзу тісі бар барлық жыртқыш аңдардың етін жеуге тыйым салу

1331
Мүслим, № 1331Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «كُلُّ ذِي نَابٍ مِنَ السِّبَاعِ أَكْلُهُ حَرَامٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Азу тісі бар әрбір жыртқыш аңды жеу – харам», – деген (1933/15).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنْ كُلِّ ذِي مِخْلَبٍ مِنَ الطَّيْرِ

30-бапӨткір тырнақты жыртқыш құстардың етін жеуге тыйым салу

1332
Мүслим, № 1332Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنْ أَكْلِ كُلِّ ذِي نَابٍ مِنَ السِّبَاعِ، وَكُلِّ ذِي مِخْلَبٍ مِنَ الطَّيْرِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) азу тісі бар әрбір жыртқыш аңды және өткір тырнақты әрбір жыртқыш құсты жеуге тыйым салды», – деді (1934/16).

بَابٌ: كَرَاهِيَةُ أَكْلِ الثُّومِ

31-бапСарымсақ жеудің құпталмайтыны туралы

1333
Мүслим, № 1333Риуаят етуші: Әбу Әйюб

عَنْ أَبِي أَيُّوبَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَزَلَ عَلَيْهِ، فَنَزَلَ النَّبِيُّ ﷺ فِي السُّفْلِ، وَأَبُو أَيُّوبَ فِي الْعِلْوِ، قَالَ: فَانْتَبَهَ أَبُو أَيُّوبَ لَيْلَةً، فَقَالَ: «نَمْشِي فَوْقَ رَأْسِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟!» فَتَنَحَّوْا، فَبَاتُوا فِي جَانِبٍ، ثُمَّ قَالَ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «السُّفْلُ أَرْفَقُ». فَقَالَ: «لَا أَعْلُو سَقِيفَةً أَنْتَ تَحْتَهَا»، فَتَحَوَّلَ النَّبِيُّ ﷺ فِي الْعِلْوِ، وَأَبُو أَيُّوبَ فِي السُّفْلِ، فَكَانَ يَصْنَعُ لِلنَّبِيِّ ﷺ طَعَامًا، فَإِذَا جِيءَ بِهِ إِلَيْهِ سَأَلَ عَنْ مَوْضِعِ أَصَابِعِهِ، فَيَتَتَبَّعُ مَوْضِعَ أَصَابِعِهِ، فَصَنَعَ لَهُ طَعَامًا فِيهِ ثُومٌ، فَلَمَّا رُدَّ إِلَيْهِ سَأَلَ عَنْ مَوْضِعِ أَصَابِعِ النَّبِيِّ ﷺ، فَقِيلَ لَهُ: «لَمْ يَأْكُلْ»، فَفَزِعَ وَصَعِدَ إِلَيْهِ، فَقَالَ: «حَرَامٌ هُوَ؟» فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا، وَلَكِنِّي أَكْرَهُهُ». قَالَ: «فَإِنِّي أَكْرَهُ مَا تَكْرَهُ» (أَوْ: «مَا كَرِهْتَ»). قَالَ: «وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُؤْتَى».

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюбтің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Әйюбтің үйіне қонақ болып түскенде, өзі астыңғы қабатқа, ал Әбу Әйюб жоғарғы қабатқа орналасты. Бір түні Әбу Әйюб оянып кетіп: «Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) төбесінде жүр екенбіз ғой!» – деді. Содан кейін олар шетке ығысып, түнді бөлменің бір бұрышында өткізді. Кейін бұл жайды Пайғамбарға (с.а.с.) айтты. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Астыңғы қабат қолайлырақ», – деді. Әбу Әйюб: «Сіз отырған бөлменің үстіңгі қабатына мен әсте шықпаймын», – деді. Осыдан кейін Пайғамбар (с.а.с.) жоғарғы қабатқа, ал Әбу Әйюб астыңғы қабатқа көшті. Әбу Әйюб Пайғамбарға (с.а.с.) ас дайындайтын. Ас салынған ыдыс өзіне қайтарылған сайын Пайғамбардың (с.а.с.) саусақтары тиген жерді сұрап, сол тұстан жейтін. Бірде ол құрамында сарымсақ бар ас дайындады. Ыдыс өзіне қайтарылғанда, Пайғамбардың (с.а.с.) саусақтары тиген жерді сұрады. Оған: «Ол бұл астан жеген жоқ», – делінді. Сонда Әбу Әйюб шошып кетіп, Пайғамбардың (с.а.с.) жанына жоғары көтерілді де: «Бұл харам ба?» – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): «Жоқ. Бірақ мен оны ұнатпаймын», – деді. Әбу Әйюб: «Сіз ұнатпайтын нәрсені мен де ұнатпаймын» немесе: «Сіз ұнатпаған нәрсені мен де ұнатпаймын», – деді. Риуаятшы: «Пайғамбарға (с.а.с.) періштелер келіп, уахи түсетін еді», – деді (2053/171).

بَابٌ: فِي تَرْكِ عَيْبِ الطَّعَامِ

32-бапТағамға мін тақпау туралы

1334
Мүслим, № 1334Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «مَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَابَ طَعَامًا قَطُّ. كَانَ إِذَا اِشْتَهَاهُ أَكَلَهُ، وَإِنْ لَمْ يَشْتَهِ سَكَتَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) бірде-бір тамақты мінегенін көрген емеспін. Тәбеті тартса, оны жейтін, ал тәбеті тартпаса, үндемейтін», – деді (2064/188).