Хадис

Сахих Мүслим, № 1300

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
39. Тағамдар кітабыكِتَابُ الْأَطْعِمَةِ
бап
3. Тамақты өз алдынан алып жеу туралыبَابٌ: الْأَكْلُ مِمَّا يَلِي الْآكِلَ
Нөмірі
№ 1300 (Мухтасар реті)
1300
Мүслим, № 1300Риуаят етуші: Омар ибн Әбу Сәләмә

عَنْ عُمَرَ بْنِ أَبِي سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنْتُ فِي حِجْرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَكَانَتْ يَدِي تَطِيشُ فِي الصَّحْفَةِ، فَقَالَ لِي: “يَا غُلَامُ، سَمِّ اللَّهَ، وَكُلْ بِيَمِينِكَ وَكُلْ مِمَّا يَلِيكَ”».

Қазақша аудармасы

Омар ибн Әбу Сәләмә (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) тәрбиесінде едім. Тамақ жегенде қолым табақтың әр тұсына созыла беретін. Сонда ол (с.а.с.) маған: “Уа, бала! Алланың атын ата, оң қолыңмен же әрі өзіңе жақын жерден же”, – деді» (2022/108).