Хадис

Сахих Мүслим, № 1307

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
39. Тағамдар кітабыكِتَابُ الْأَطْعِمَةِ
бап
10. Көршінің асқа шақыруын қабылдау туралыبَابٌ: إِجَابَةُ دَعْوَةِ الْجَارِ لِلطَّعَامِ
Нөмірі
№ 1307 (Мухтасар реті)
1307
Мүслим, № 1307Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ جَارًا لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَارِسِيًّا كَانَ طَيِّبَ الْمَرَقِ، فَصَنَعَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ جَاءَ يَدْعُوهُ، فَقَالَ: «وَهَذِهِ؟» لِعَائِشَةَ، فَقَالَ: «لَا». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا»، فَعَادَ يَدْعُوهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَهَذِهِ؟» قَالَ: «لَا». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا». ثُمَّ عَادَ يَدْعُوهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَهَذِهِ؟» قَالَ: «نَعَمْ» فِي الثَّالِثَةِ، فَقَامَا يَتَدَافَعَانِ حَتَّى أَتَيَا مَنْزِلَهُ.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісінің (с.а.с.) парсы ұлтынан шыққан бір көршісі бар еді. Ол сорпаны өте дәмді пісіретін. Бірде Алла Елшісіне (с.а.с.) арнап ас дайындап, оны шақыруға келді. Алла Елшісі (с.а.с.) Айшаны меңзеп: «Ал мына кісі ше?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Онда мен де бармаймын», – деді. Көршісі қайтадан келіп шақырды. Алла Елшісі (с.а.с.) тағы да: «Ал мына кісі ше?» – деп сұрады. Ол: «Жоқ», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Онда мен де бармаймын», – деді. Кейін көршісі үшінші рет келіп шақырды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ал мына кісі ше?» – деп сұрады. Бұл жолы ол: «Иә», – деді. Сонда екеуі орындарынан тұрып, бірінің соңынан бірі оның үйіне барды (2037/139).