عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ضَافَهُ ضَيْفٌ وَهُوَ كَافِرٌ، فَأَمَرَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِشَاةٍ فَحُلِبَتْ، فَشَرِبَ حِلَابَهَا، ثُمَّ أُخْرَى فَشَرِبَهُ، ثُمَّ أُخْرَى فَشَرِبَهُ، حَتَّى شَرِبَ حِلَابَ سَبْعِ شِيَاهٍ، ثُمَّ إِنَّهُ أَصْبَحَ فَأَسْلَمَ، فَأَمَرَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِشَاةٍ، فَشَرِبَ حِلَابَهَا، ثُمَّ أَمَرَ بِأُخْرَى، فَلَمْ يَسْتَتِمَّهَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «الْمُؤْمِنُ يَشْرَبُ فِي مِعًى وَاحِدٍ، وَالْكَافِرُ يَشْرَبُ فِي سَبْعَةِ أَمْعَاءٍ».
Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, бір кәпір кісі Алла Елшісіне (с.а.с.) қонаққа келді. Алла Елшісі (с.а.с.) ол үшін бір қой саууды бұйырды. Қой сауылғанда, әлгі кісі оның сүтін ішті. Содан кейін тағы бір қой сауылып, оның да сүтін ішті. Одан кейін тағы бір қой сауылып, оның сүтін де ішті. Сөйтіп, жеті қойдың сүтін ішті. Таң атқанда ол Исламды қабылдады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) ол үшін бір қой саууды бұйырды. Ол оның сүтін ішті. Содан кейін тағы бір қой саууды бұйырды, алайда әлгі кісі оның сүтін тауыса алмады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Мүмін бір ішекпен ішеді, ал кәпір жеті ішекпен ішеді», – деді (2063/186).