Хадис
كِتَابُ الْأَشْرِبَةِ

Сусындар кітабы

Сахих Мүслим, 38-кітап · 34 хадис · № 1262–1295

Мазмұны: 27 бап
  1. 1Арақ-шараптың харам етілуі туралы
  2. 2Мас қылатын нәрсенің бәрі – харам
  3. 3Мас қылатын кез келген сусын – харам
  4. 4Дүниеде арақ-шарап ішкен адам тәубе етпесе, ақыретте оны іше алмайды
  5. 5Құрма мен жүзімнен жасалатын арақ-шарап туралы
  6. 6Толық піспеген және кептірілген құрмадан жасалатын арақ-шарап туралы
  7. 7Арақ-шараптың бес түрлі нәрседен жасалатыны туралы
  8. 8Мейіз бен құрманы бірге суға салып, сусын дайындауға тыйым салу
  9. 9Кептірілген асқабақтан жасалған және шайырмен қапталған ыдыстарда жемістерді суға салып, сусын дайындауға тыйым салу
  10. 10Тастан жасалған ыдыста жемістерді суға салып, сусын дайындауға рұқсат етілуі туралы
  11. 11Ыдыстардың бәрінде жемістерді суға салып, сусын дайындауға рұқсат етілуі және мас қылатын кез келген сусынды ішуге тыйым салу туралы
  12. 12Шайырмен қапталмаған қыш құмыраларда сусын дайындауға рұқсат етілуі туралы
  13. 13Жемістерді суға салып, сусынды сақтау мерзімін түсіндіру туралы
  14. 14Арақ-шарапты сірке суына айналдыру туралы
  15. 15Арақ-шараппен емделу туралы
  16. 16Ыдыстың бетін жабу туралы
  17. 17Ыдыстың бетін жауып, торсықтың аузын байлаңдар
  18. 18Бал сусынын, жемісті суға салу арқылы дайындалатын сусынды (нәбизді), сүтті және суды ішу туралы
  19. 19Тостағаннан сусын ішу туралы
  20. 20Торсықтың аузын қайырып, одан тікелей ішуге тыйым салу
  21. 21Алтын және күміс ыдыстардан сусын ішуге тыйым салу
  22. 22Сусынды алдымен оң жақта отырған адамға беру туралы
  23. 23Сусынды үлкендерге беру үшін жасы кіші адамнан рұқсат сұрау туралы
  24. 24Ыдыстың ішіне дем шығаруға тыйым салу
  25. 25Алла Елшісінің (с.а.с.) сусын ішкенде ара-арасында тыныс алуы туралы
  26. 26Тұрып сусын ішуге тыйым салу
  27. 27Зәмзәм суын тұрып ішуге рұқсат етілуі туралы
بَابٌ: تَحْرِيمُ الْخَمْرِ

1-бапАрақ-шараптың харам етілуі туралы

1262
Мүслим, № 1262Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «كُلُّ مُسْكِرٍ خَمْرٌ، وَكُلُّ خَمْرٍ حَرَامٌ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мас қылатын нәрсенің бәрі – шарап, ал шараптың бәрі – харам», – дегенін жеткізді (2003/75).

1263
Мүслим, № 1263

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ كَرَّمَ اللَّهُ وَجْهَهُ، قَالَ: «كَانَتْ لِي شَارِفٌ مِنْ نَصِيبِي مِنَ الْمَغْنَمِ يَوْمَ بَدْرٍ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَعْطَانِي شَارِفًا مِنَ الْخُمُسِ يَوْمَئِذٍ، فَلَمَّا أَرَدْتُ أَنْ أَبْتَنِيَ بِفَاطِمَةَ بِنْتِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَاعَدْتُ رَجُلًا صَوَّاغًا مِنْ بَنِي قَيْنُقَاعَ يَرْتَحِلُ مَعِيَ، فَنَأْتِي بِإِذْخِرٍ أَرَدْتُ أَنْ أَبِيعَهُ مِنَ الصَّوَّاغِينَ فَأَسْتَعِينَ بِهِ فِي وَلِيمَةِ عُرْسِي، فَبَيْنَا أَنَا أَجْمَعُ لِشَارِفَيَّ مَتَاعًا مِنَ الْأَقْتَابِ، وَالْغَرَائِرِ وَالْحِبَالِ، وَشَارِفَايَ مُنَاخَتَانِ إِلَى جَنْبِ حُجْرَةِ رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ، وَرَجَعْتُ حِينَ جَمَعْتُ مَا جَمَعْتُ، فَإِذَا شَارِفَايَ قَدِ اُجْتُبَّتْ أَسْنِمَتُهُمَا، وَبُقِرَتْ خَوَاصِرُهُمَا، وَأُخِذَ مِنْ أَكْبَادِهِمَا، فَلَمْ أَمْلِكْ عَيْنَيَّ حِينَ رَأَيْتُ ذَلِكَ الْمَنْظَرَ مِنْهُمَا، قُلْتُ: “مَنْ فَعَلَ هَذَا؟” قَالُوا: “فَعَلَهُ حَمْزَةُ بْنُ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ وَهُوَ فِي هَذَا الْبَيْتِ فِي شَرْبٍ مِنَ الْأَنْصَارِ غَنَّتْهُ قَيْنَةٌ وَأَصْحَابَهُ، فَقَالَتْ فِي غِنَائِهَا: ‘أَلَا يَا حَمْزُ لِلشُّرُفِ النِّوَاءِ’، فَقَامَ حَمْزَةُ بِالسَّيْفِ فَاجْتَبَّ أَسْنِمَتَهُمَا، وَبَقَرَ خَوَاصِرَهُمَا، فَأَخَذَ مِنْ أَكْبَادِهِمَا”». فَقَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «فَانْطَلَقْتُ حَتَّى أَدْخُلَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَعِنْدَهُ زَيْدُ بْنُ حَارِثَةَ، قَالَ: فَعَرَفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي وَجْهِيَ الَّذِي لَقِيتُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا لَكَ؟” قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَاللَّهِ مَا رَأَيْتُ كَالْيَوْمِ قَطُّ، عَدَا حَمْزَةُ عَلَى نَاقَتَيَّ، فَاجْتَبَّ أَسْنِمَتَهُمَا، وَبَقَرَ خَوَاصِرَهُمَا، وَهَا هُوَ ذَا فِي بَيْتٍ مَعَهُ شَرْبٌ”. قَالَ: فَدَعَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِرِدَائِهِ فَارْتَدَاهُ، ثُمَّ انْطَلَقَ يَمْشِي وَاتَّبَعْتُهُ أَنَا وَزَيْدُ بْنُ حَارِثَةَ حَتَّى جَاءَ الْبَابَ الَّذِي فِيهِ حَمْزَةُ، فَاسْتَأْذَنَ فَأَذِنُوا لَهُ، فَإِذَا هُمْ شَرْبٌ، فَطَفِقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَلُومُ حَمْزَةَ فِيمَا فَعَلَ، فَإِذَا حَمْزَةُ مُحْمَرَّةٌ عَيْنَاهُ، فَنَظَرَ حَمْزَةُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ صَعَّدَ النَّظَرَ إِلَى رُكْبَتَيْهِ، ثُمَّ صَعَّدَ النَّظَرَ فَنَظَرَ إِلَى سُرَّتِهِ، ثُمَّ صَعَّدَ النَّظَرَ فَنَظَرَ إِلَى وَجْهِهِ، فَقَالَ حَمْزَةُ: “وَهَلْ أَنْتُمْ إِلَّا عَبِيدٌ لِأَبِي؟” فَعَرَفَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ ثَمِلٌ، فَنَكَصَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى عَقِبَيْهِ الْقَهْقَرَى، وَخَرَجَ وَخَرَجْنَا مَعَهُ».

Қазақша аудармасы

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) былай деді: «Бәдір күні түскен соғыс олжасынан үлесіме бір сақа інген тиген еді. Сол күні Алла Елшісі (с.а.с.) маған олжаның бестен бір бөлігінен тағы бір сақа інген берген болатын. Алла Елшісінің (с.а.с.) қызы Фатимамен отау құрмақ болғанымда, Бәну Қайнуқағтан шыққан бір зергермен изхир шөбін әкелу үшін бірге жолға шығуға уағдаластым. Оны зергерлерге сатып, түскен қаржыны үйлену тойыма жаратпақ едім. Сөйтіп, екі інгеніме арналған қомдар, қаптар мен арқандарды жинап жүрдім. Екі інгенім ансарлардың бірінің үйінің жанына шөгеріліп қойылған болатын. Қажетті жабдықтардың бәрін жинап болған соң, інгендеріме келсем, екеуінің де өркештері кесіліп, бүйірлері жарылып, бауырларынан да кесіп алынған екен. Оларды сол күйінде көргенде, көз жасымды тыя алмадым. Мен: “Мұны кім істеді?” – деп сұрадым. Олар: “Мұны Хамза ибн Абдулмутталиб істеді. Ол осы үйде бір топ ансармен бірге ішімдік ішіп отыр. Бір әнші күң оған және оның жолдастарына ән айтып, әнінде: ‘Уа, Хамза, семіз сақа інгендерге бар!’ – деді. Сонда Хамза қылышын алып, екі інгеннің өркешін кесіп, бүйірлерін жарып, бауырларынан да кесіп алды”, – деді. Содан кейін Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына кірдім. Оның жанында Зәйд ибн Хариса бар еді. Алла Елшісі (с.а.с.) жүзімнен басыма түскен жайды аңғарып: “Саған не болды?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Расулалла! Алламен ант етемін, бүгінгідей жағдайды ешқашан көрген емеспін. Хамза менің екі інгеніме шауып, өркештерін кесіп, бүйірлерін жарып тастапты. Қазір өзі де бір үйде ішімдік ішкен топпен бірге отыр”, – дедім. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) жамылғысын алдырып, үстіне жамылды да, жаяу жолға шықты. Зәйд ибн Хариса екеуіміз оның соңынан ердік. Ол Хамза отырған үйдің есігіне жетіп, кіруге рұқсат сұрады. Олар оған рұқсат берді. Үйге кіргенде, олардың ішімдік ішіп отырғанын көрді. Алла Елшісі (с.а.с.) Хамзаны істеген ісі үшін кінәлай бастады. Хамзаның екі көзі қызарып кеткен еді. Ол Алла Елшісіне (с.а.с.) қарады да, жанарын жоғары көтеріп, алдымен оның тізелеріне, одан кейін кіндігінің тұсына, одан әрі жүзіне қарады. Содан соң: “Сендер әкемнің құлдары ғана емессіңдер ме?” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның мас екенін аңғарып, теріс жүріп шегінді де, сыртқа шықты. Біз де онымен бірге шықтық» (1979/2).

بَابٌ: كُلُّ مُسْكِرٍ حَرَامٌ

2-бапМас қылатын нәрсенің бәрі – харам

1264
Мүслим, № 1264Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا قَدِمَ مِنْ جَيْشَانَ (وَجَيْشَانُ مِنَ الْيَمَنِ)، فَسَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ عَنْ شَرَابٍ يَشْرَبُونَهُ بِأَرْضِهِمْ مِنَ الذُّرَةِ، يُقَالُ لَهُ: الْمِزْرُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَوَ مُسْكِرٌ هُوَ؟» قَالَ: «نَعَمْ». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كُلُّ مُسْكِرٍ حَرَامٌ، إِنَّ عَلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ عَهْدًا لِمَنْ يَشْرَبُ الْمُسْكِرَ أَنْ يَسْقِيَهُ مِنْ طِينَةِ الْخَبَالِ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا طِينَةُ الْخَبَالِ؟» قَالَ: «عَرَقُ أَهْلِ النَّارِ» أَوْ «عُصَارَةُ أَهْلِ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деді: «Йемендегі Жәйшан өңірінен бір кісі келіп, Пайғамбардан (с.а.с.) өз жерлерінде тарыдан жасалып, “мизр” деп аталатын сусын туралы сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Ол мас қыла ма?” – деп сұрады. Әлгі кісі: “Иә”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Мас қылатын нәрсенің бәрі – харам. Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла мас қылатын ішімдік ішкен адамға тинатул-хабалдан ішкізуді уәде еткен”, – деді. Адамдар: “Уа, Расулалла! Тинатул-хабал деген не?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Тозақ тұрғындарының тері”, – немесе: “Тозақ тұрғындарынан аққан ірің-сөл”, – деді» (2002/72).

بَابٌ: كُلُّ شَرَابٍ أَسْكَرَ فَهُوَ حَرَامٌ

3-бапМас қылатын кез келген сусын – харам

1265
Мүслим, № 1265Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْبِتْعِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “كُلُّ شَيْءٍ أَسْكَرَ فَهُوَ حَرَامٌ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінен (с.а.с.) балдан жасалатын битғ сусыны туралы сұралды. Сонда ол (с.а.с.): “Мас қылатын нәрсенің бәрі – харам”, – деді» (2001/67).

بَابٌ: مَنْ شَرِبَ الْخَمْرَ فِي الدُّنْيَا لَمْ يَشْرَبْهَا فِي الْآخِرَةِ إِلَّا أَنْ يَتُوبَ

4-бапДүниеде арақ-шарап ішкен адам тәубе етпесе, ақыретте оны іше алмайды

1266
Мүслим, № 1266Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ شَرِبَ الْخَمْرَ فِي الدُّنْيَا لَمْ يَشْرَبْهَا فِي الْآخِرَةِ، إِلَّا أَنْ يَتُوبَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Бұл дүниеде шарап ішіп, тәубе етпеген адам оны ақыретте іше алмайды», – деді (2003/78).

بَابٌ: الْخَمْرُ مِنَ النَّخْلِ وَالْعِنَبِ

5-бапҚұрма мен жүзімнен жасалатын арақ-шарап туралы

1267
Мүслим, № 1267Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “الْخَمْرُ مِنْ هَاتَيْنِ الشَّجَرَتَيْنِ: النَّخْلَةِ وَالْعِنَبَةِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Шарап мына екі ағаштан: құрма ағашы мен жүзім бұтасынан жасалады”, – дегенін естідім», – деді (1985/13).

بَابٌ: الْخَمْرُ مِنَ الْبُسْرِ وَالتَّمْرِ

6-бапТолық піспеген және кептірілген құрмадан жасалатын арақ-шарап туралы

1268
Мүслим, № 1268Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنْتُ أَسْقِي أَبَا طَلْحَةَ، وَأَبَا دُجَانَةَ، وَمُعَاذَ بْنَ جَبَلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمْ فِي رَهْطٍ مِنَ الْأَنْصَارِ، فَدَخَلَ عَلَيْنَا دَاخِلٌ، فَقَالَ: “حَدَثَ خَبَرٌ: نَزَلَ تَحْرِيمُ الْخَمْرِ”، فَأَكْفَأْنَاهَا يَوْمَئِذٍ وَإِنَّهَا لَخَلِيطُ الْبُسْرِ وَالتَّمْرِ». قَالَ قَتَادَةُ: «وَقَالَ أَنَسُ بْنُ مَالِكٍ: “لَقَدْ حُرِّمَتِ الْخَمْرُ، وَكَانَتْ عَامَّةُ خُمُورِهِمْ يَوْمَئِذٍ خَلِيطَ الْبُسْرِ وَالتَّمْرِ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Мен Әбу Талхаға, Әбу Дужанаға, Муғаз ибн Жәбәлге (р.а.) және ансарлардың бір тобына сусын құйып беріп отырған едім. Сол кезде бір адам кіріп келіп: “Жаңа хабар келді: шараптың харам етілгені туралы үкім түсті”, – деді. Сол күні біз оны төгіп тастадық. Ол піспеген құрма мен кептірілген құрманың қоспасынан жасалған еді». Қатада: «Әнәс ибн Мәлик (р.а.): “Шарап харам етілген кезде олардың ішімдіктерінің басым бөлігі піспеген құрма мен кептірілген құрманың қоспасынан жасалатын”, – деді», – деп жеткізді (1980/7).

بَابٌ: الْخَمْرُ مِنْ خَمْسَةِ أَشْيَاءَ

7-бапАрақ-шараптың бес түрлі нәрседен жасалатыны туралы

1269
Мүслим, № 1269Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «خَطَبَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَلَى مِنْبَرِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: “أَمَّا بَعْدُ، أَلَا وَإِنَّ الْخَمْرَ نَزَلَ تَحْرِيمُهَا يَوْمَ نَزَلَ وَهِيَ مِنْ خَمْسَةِ أَشْيَاءَ: مِنَ الْحِنْطَةِ، وَالشَّعِيرِ، وَالتَّمْرِ، وَالزَّبِيبِ، وَالْعَسَلِ، وَالْخَمْرُ مَا خَامَرَ الْعَقْلَ. وَثَلَاثَةُ أَشْيَاءَ وَدِدْتُ، أَيُّهَا النَّاسُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ عَهِدَ إِلَيْنَا فِيهَا: الْجَدُّ، وَالْكَلَالَةُ، وَأَبْوَابٌ مِنْ أَبْوَابِ الرِّبَا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберіне көтеріліп, Аллаға мадақ айтып, Оны дәріптегеннен кейін: “Ал енді, біліп қойыңдар! Мас қылатын ішімдікке тыйым салынған кезде ол бес нәрседен: бидайдан, арпадан, құрмадан, мейізден және балдан жасалатын еді. Хамр дегеніміз – ақылды тұмшалайтын нәрсе. Уа, адамдар! Алла Елшісінің (с.а.с.) үш мәселе жөнінде бізге нақты үкім баяндап кеткенін қалар едім. Олар: атаның мұрагерлігі, кәләлә мәселесі және өсімқорлықтың кейбір түрлері”, – деді» (3032/32).

بَابٌ: النَّهْيُ أَنْ يُنْبَذَ الزَّبِيبُ وَالتَّمْرُ

8-бапМейіз бен құрманы бірге суға салып, сусын дайындауға тыйым салу

1270
Мүслим, № 1270Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، أَنَّهُ نَهَى أَنْ يُنْبَذَ التَّمْرُ وَالزَّبِيبُ جَمِيعًا، وَنَهَى أَنْ يُنْبَذَ الرُّطَبُ وَالْبُسْرُ جَمِيعًا.

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла әл-Ансаридің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) кептірілген құрма мен мейізді бірге, сондай-ақ жаңа піскен құрма мен піспеген құрманы бірге суға салып, сусын дайындауға тыйым салған (1986/16).

1271
Мүслим, № 1271Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ شَرِبَ النَّبِيذَ مِنْكُمْ فَلْيَشْرَبْهُ زَبِيبًا فَرْدًا، أَوْ تَمْرًا فَرْدًا، أَوْ بُسْرًا فَرْدًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Араларыңнан кім нәбиз ішсе, оны не тек мейізден, не тек кептірілген құрмадан, не тек піспеген құрмадан дайындап ішсін”, – деді» (1987/22).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الِانْتِبَاذِ فِي الدُّبَّاءِ وَالْمُزَفَّتِ

9-бапКептірілген асқабақтан жасалған және шайырмен қапталған ыдыстарда жемістерді суға салып, сусын дайындауға тыйым салу

1272
Мүслим, № 1272

عَنْ زَاذَانَ، قَالَ: «قُلْتُ لِابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: “حَدِّثْنِي بِمَا نَهَى عَنْهُ النَّبِيُّ ﷺ مِنَ الْأَشْرِبَةِ بِلُغَتِكَ، وَفَسِّرْهُ لِي بِلُغَتِنَا؛ فَإِنَّ لَكُمْ لُغَةً سِوَى لُغَتِنَا”. فَقَالَ: “نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْحَنْتَمِ، وَهِيَ الْجَرَّةُ؛ وَعَنِ الدُّبَّاءِ، وَهِيَ الْقَرْعَةُ؛ وَعَنِ الْمُزَفَّتِ، وَهُوَ الْمُقَيَّرُ؛ وَعَنِ النَّقِيرِ، وَهِيَ النَّخْلَةُ تُنْسَحُ نَسْحًا، وَتُنْقَرُ نَقْرًا، وَأَمَرَ أَنْ يُنْتَبَذَ فِي الْأَسْقِيَةِ”».

Қазақша аудармасы

Зазан былай деді: «Мен Ибн Омарға (р.а.): “Пайғамбардың (с.а.с.) сусындарға қатысты неден тыйғанын өз тілдеріңдегі атаулармен айтып, оны біздің тілімізде түсіндіріп бер. Өйткені сендердің тілдерің біздікінен өзгеше”, – дедім. Сонда ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) хантамда, яғни қыш құмырада; дуббада, яғни кептірілген асқабақтан жасалған ыдыста; музаффатта, яғни қарамай жағылған ыдыста; сондай-ақ нақирде, яғни сырты аршылып, іші ойылған құрма ағашының діңінен жасалған ыдыста нәбиз дайындауға тыйым салды. Нәбизді торсықтарда дайындауды бұйырды”, – деді» (1997/57).

بَابٌ: إِبَاحَةُ الِانْتِبَاذِ فِي تَوْرِ الْحِجَارَةِ

10-бапТастан жасалған ыдыста жемістерді суға салып, сусын дайындауға рұқсат етілуі туралы

1273
Мүслим, № 1273Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ يُنْتَبَذُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سِقَاءٍ، فَإِذَا لَمْ يَجِدُوا سِقَاءً نُبِذَ لَهُ فِي تَوْرٍ مِنْ حِجَارَةٍ». فَقَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ، وَأَنَا أَسْمَعُ، لِأَبِي الزُّبَيْرِ: «مِنْ بِرَامٍ؟» قَالَ: «مِنْ بِرَامٍ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) үшін нәбиз местің ішінде дайындалатын. Егер мес табылмаса, сусын тастан жасалған тегенеде әзірленетін», – деді. Риуаятшы: «Мен естіп тұрғанымда, жұрттың бірі Әбу әз-Зубәйрден: “Тас қазан ба?” – деп сұрады. Ол: “Тас қазан”, – деді», – деп баяндады (1999/62).

بَابٌ: الرُّخْصَةُ فِي الِانْتِبَاذِ فِي الظُّرُوفِ كُلِّهَا وَالنَّهْيُ عَنْ شُرْبِ كُلِّ مُسْكِرٍ

11-бапЫдыстардың бәрінде жемістерді суға салып, сусын дайындауға рұқсат етілуі және мас қылатын кез келген сусынды ішуге тыйым салу туралы

1274
Мүслим, № 1274Риуаят етуші: Бурайда

عَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «نَهَيْتُكُمْ عَنِ الظُّرُوفِ، وَإِنَّ الظُّرُوفَ» (أَوْ: «ظَرْفًا») «لَا يُحِلُّ شَيْئًا وَلَا يُحَرِّمُهُ، وَكُلُّ مُسْكِرٍ حَرَامٌ».

Қазақша аудармасы

Бурайданың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деді: «Мен сендерге ыдыстарды пайдалануға тыйым салған едім. Алайда ыдыстардың – немесе бір ыдыстың – өзі еш нәрсені халал да, харам да етпейді. Мас қылатын нәрсенің бәрі харам» (1999/64).

بَابٌ: الرُّخْصَةُ فِي الْجَرِّ غَيْرِ الْمُزَفَّتِ

12-бапШайырмен қапталмаған қыш құмыраларда сусын дайындауға рұқсат етілуі туралы

1275
Мүслим, № 1275Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «لَمَّا نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ النَّبِيذِ فِي الْأَوْعِيَةِ، قَالُوا: “لَيْسَ كُلُّ النَّاسِ يَجِدُ”. فَأَرْخَصَ لَهُمْ فِي الْجَرِّ غَيْرِ الْمُزَفَّتِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) ыдыстарда тұндырма сусын дайындауға тыйым салғанда, адамдар: “Былғары торсықты жұрттың бәрі бірдей таба алмайды”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) оларға қарамай жағылмаған қыш құмырада дайындауға рұқсат етті» (2000/66).

بَابٌ: بَيَانُ مُدَّةِ الِانْتِبَاذِ

13-бапЖемістерді суға салып, сусынды сақтау мерзімін түсіндіру туралы

1276
Мүслим, № 1276Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُنْتَبَذُ لَهُ أَوَّلَ اللَّيْلِ، فَيَشْرَبُهُ إِذَا أَصْبَحَ يَوْمَهُ ذَلِكَ، وَاللَّيْلَةَ الَّتِي تَجِيءُ، وَالْغَدَ، وَاللَّيْلَةَ الْأُخْرَى، وَالْغَدَ إِلَى الْعَصْرِ، فَإِنْ بَقِيَ شَيْءٌ سَقَاهُ الْخَادِمَ، أَوْ أَمَرَ بِهِ فَصُبَّ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) үшін түннің басында нәбиз дайындалатын. Таң атқан соң ол (с.а.с.) оны сол күні, одан кейінгі түнде, келесі күні мен келесі түні, содан соң одан арғы күнгі екінтіге дейін ішетін. Егер сусын артылып қалса, оны қызметшісіне ішкізетін немесе төгіп тастауды бұйыратын» (2004/79).

1277
Мүслим, № 1277Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «كُنَّا نَنْبِذُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سِقَاءٍ يُوكَى أَعْلَاهُ وَلَهُ عَزْلَاءُ، نَنْبِذُهُ غُدْوَةً فَيَشْرَبُهُ عِشَاءً، وَنَنْبِذُهُ عِشَاءً فَيَشْرَبُهُ غُدْوَةً».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісіне (с.а.с.) нәбизді аузы үстіңгі жағынан байланатын әрі шүмегі бар торсықта дайындайтынбыз. Оны таңертең дайындасақ, кешке ішетін, ал кешке дайындасақ, таңертең ішетін» (2005/85).

بَابٌ: الْخَمْرُ يُتَّخَذُ خَلًّا

14-бапАрақ-шарапты сірке суына айналдыру туралы

1278
Мүслим, № 1278Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ سُئِلَ عَنِ الْخَمْرِ تُتَّخَذُ خَلًّا، فَقَالَ: «لَا».

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Пайғамбардан (с.а.с.) шарапты сірке суына айналдыру туралы сұралғанда, ол (с.а.с.): «Жоқ», – деп жауап берді (1983/11).

بَابٌ: التَّدَاوِي بِالْخَمْرِ

15-бапАрақ-шараппен емделу туралы

1279
Мүслим, № 1279

عَنْ وَائِلٍ الْحَضْرَمِيِّ، أَنَّ طَارِقَ بْنَ سُوَيْدٍ الْجُعْفِيَّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ عَنِ الْخَمْرِ، فَنَهَاهُ (أَوْ كَرِهَ) أَنْ يَصْنَعَهَا، فَقَالَ: «إِنَّمَا أَصْنَعُهَا لِلدَّوَاءِ». فَقَالَ: «إِنَّهُ لَيْسَ بِدَوَاءٍ، وَلَكِنَّهُ دَاءٌ».

Қазақша аудармасы

Уаил әл-Хадрамидің айтуынша, Тариқ ибн Суәйд әл-Жуғфи (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.) шарап туралы сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) оған шарап жасауға тыйым салды немесе мұны құптамады. Сонда Тариқ: «Мен оны тек емдік мақсатта ғана жасаймын», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Ол дәрі емес, керісінше, дерт», – деді (1984/12).

بَابٌ: فِي تَخْمِيرِ الْإِنَاءِ

16-бапЫдыстың бетін жабу туралы

1280
Мүслим, № 1280

عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ بِقَدَحِ لَبَنٍ مِنَ النَّقِيعِ لَيْسَ مُخَمَّرًا، فَقَالَ: “أَلَا خَمَّرْتَهُ، وَلَوْ تَعْرُضُ عَلَيْهِ عُودًا؟”» قَالَ أَبُو حُمَيْدٍ: «إِنَّمَا أُمِرْنَا بِالْأَسْقِيَةِ أَنْ تُوكَأَ لَيْلًا، وَبِالْأَبْوَابِ أَنْ تُغْلَقَ لَيْلًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Хумәйд әс-Сағиди (р.а.) былай деді: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) ән-Нақиғтан беті жабылмаған бір тостаған сүт әкелдім. Сонда ол (с.а.с.): “Неге оның бетін жаппадың? Тым болмаса, үстіне бір таяқшаны көлденеңінен қойсаң да болар еді ғой”, – деді». Әбу Хумәйд: «Бізге торсықтардың аузын түнде байлау және есіктерді де түнде жабу бұйырылған еді», – деді (2010/93).

بَابٌ: غَطُّوا الْإِنَاءَ وَأَوْكُوا السِّقَاءَ

17-бапЫдыстың бетін жауып, торсықтың аузын байлаңдар

1281
Мүслим, № 1281Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا كَانَ جُنْحُ اللَّيْلِ» (أَوْ: «أَمْسَيْتُمْ») «فَكُفُّوا صِبْيَانَكُمْ، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ يَنْتَشِرُ حِينَئِذٍ، فَإِذَا ذَهَبَ سَاعَةٌ مِنَ اللَّيْلِ فَخَلُّوهُمْ، وَأَغْلِقُوا الْأَبْوَابَ، وَاذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ لَا يَفْتَحُ بَابًا مُغْلَقًا، وَأَوْكُوا قِرَبَكُمْ، وَاذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ، وَخَمِّرُوا آنِيَتَكُمْ، وَاذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ، وَلَوْ أَنْ تَعْرُضُوا عَلَيْهَا شَيْئًا، وَأَطْفِئُوا مَصَابِيحَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Түн қараңғылығы түсе бастағанда немесе кеш кіргенде, балаларыңды сыртқа шығармай ұстаңдар. Өйткені сол кезде шайтандар жан-жаққа таралады. Түннің біраз бөлігі өткен соң, оларды жібере беріңдер. Есіктерді жауып, Алланың атын атаңдар. Өйткені шайтан жабық есікті аша алмайды. Торсықтарыңның аузын байлап, Алланың атын атаңдар. Ыдыстарыңның бетін жауып, Алланың атын атаңдар. Тіпті олардың үстіне бір нәрсені көлденеңінен ғана қойсаңдар да жеткілікті. Шамдарыңды да сөндіріңдер”, – деді» (2012/97).

1282
Мүслим, № 1282Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “غَطُّوا الْإِنَاءَ، وَأَوْكُوا السِّقَاءَ، فَإِنَّ فِي السَّنَةِ لَيْلَةً يَنْزِلُ فِيهَا وَبَاءٌ، لَا يَمُرُّ بِإِنَاءٍ لَيْسَ عَلَيْهِ غِطَاءٌ، أَوْ سِقَاءٍ لَيْسَ عَلَيْهِ وِكَاءٌ، إِلَّا نَزَلَ فِيهِ مِنْ ذَلِكَ الْوَبَاءِ”». وَفِي رِوَايَةٍ: قَالَ اللَّيْثُ (يَعْنِي ابْنَ سَعْدٍ): «فَالْأَعَاجِمُ عِنْدَنَا يَتَّقُونَ ذَلِكَ فِي كَانُونَ الْأَوَّلِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ыдыстың бетін жабыңдар, местің аузын байлаңдар. Өйткені жыл ішінде індет түсетін бір түн бар. Сол індет үсті жабылмаған ыдыстың немесе аузы байланбаған местің жанынан өтсе, оның ішіне міндетті түрде түседі”, – дегенін естідім». Басқа риуаятта Ләйс ибн Сағд: «Біздің жақтағы араб емес халықтар одан желтоқсан айында сақтанады», – деген (2014/99).

بَابٌ: فِي شُرْبِ الْعَسَلِ وَالنَّبِيذِ وَاللَّبَنِ وَالْمَاءِ

18-бапБал сусынын, жемісті суға салу арқылы дайындалатын сусынды (нәбизді), сүтті және суды ішу туралы

1283
Мүслим, № 1283Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَقَدْ سَقَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بِقَدَحِي هَذَا الشَّرَابَ كُلَّهُ: الْعَسَلَ وَالنَّبِيذَ وَالْمَاءَ وَاللَّبَنَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) осы тостағаныммен сусындардың бәрін: бал сусынын, нәбизді, су мен сүтті бердім», – деді (2008/89).

1284
Мүслим, № 1284Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا أَقْبَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ مَكَّةَ إِلَى الْمَدِينَةِ فَأَتْبَعَهُ سُرَاقَةُ بْنُ مَالِكِ بْنِ جُعْشُمٍ، قَالَ: فَدَعَا عَلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَسَاخَتْ فَرَسُهُ، فَقَالَ: “اُدْعُ اللَّهَ لِي وَلَا أَضُرُّكَ”. قَالَ: فَدَعَا اللَّهَ، قَالَ: فَعَطِشَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَمَرُّوا بِرَاعِي غَنَمٍ». قَالَ أَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «فَأَخَذْتُ قَدَحًا فَحَلَبْتُ فِيهِ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ كُثْبَةً مِنْ لَبَنٍ، فَأَتَيْتُهُ بِهِ فَشَرِبَ حَتَّى رَضِيتُ».

Қазақша аудармасы

Бара (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Меккеден Мәдинаға бет алып келе жатқанда, оның соңынан Сұрақа ибн Мәлик ибн Жұғшум қуды. Алла Елшісі (с.а.с.) оған қарсы дұға еткенде, атының аяқтары жерге батып кетті. Сонда Сұрақа: “Мен үшін Аллаға дұға ет. Саған ешбір зиян тигізбеймін”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) ол үшін Аллаға дұға етті. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) шөлдеді. Олар жолай бір қойшының жанынан өтті». Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.): «Мен бір тостағанға Алла Елшісі (с.а.с.) үшін біраз сүт сауып, алдына апарып бердім. Ол менің көңілім толғанша сүт ішті», – деді (2009/91).

1285
Мүслим, № 1285Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أُتِيَ لَيْلَةَ أُسْرِيَ بِهِ بِإِيلِيَاءَ بِقَدَحَيْنِ مِنْ خَمْرٍ وَلَبَنٍ، فَنَظَرَ إِلَيْهِمَا فَأَخَذَ اللَّبَنَ، فَقَالَ لَهُ جِبْرِيلُ عَلَيْهِ السَّلَامُ: «الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي هَدَاكَ لِلْفِطْرَةِ، لَوْ أَخَذْتَ الْخَمْرَ غَوَتْ أُمَّتُكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) Исраға шығарылған түні Илия қаласында оған біріне шарап, екіншісіне сүт құйылған екі тостаған ұсынылды. Ол (с.а.с.) екеуіне қарап, сүтті алды. Сонда Жәбірейіл (аләйһис-сәләм): “Сені табиғи болмысқа бағыттаған Аллаға мадақ! Егер шарапты таңдағаныңда, үмбетің адасар еді”, – деді» (168/92).

بَابٌ: الشُّرْبُ فِي الْقَدَحِ

19-бапТостағаннан сусын ішу туралы

1286
Мүслим, № 1286Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «ذُكِرَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ اِمْرَأَةٌ مِنَ الْعَرَبِ، فَأَمَرَ أَبَا أُسَيْدٍ أَنْ يُرْسِلَ إِلَيْهَا، فَأَرْسَلَ إِلَيْهَا، فَقَدِمَتْ، فَنَزَلَتْ فِي أُجُمِ بَنِي سَاعِدَةَ، فَخَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ حَتَّى جَاءَهَا فَدَخَلَ عَلَيْهَا، فَإِذَا اِمْرَأَةٌ مُنَكِّسَةٌ رَأْسَهَا، فَلَمَّا كَلَّمَهَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَتْ: “أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنْكَ”. قَالَ: “قَدْ أَعَذْتُكِ مِنِّي”. فَقَالُوا لَهَا: “أَتَدْرِينَ مَنْ هَذَا؟” فَقَالَتْ: “لَا”. فَقَالُوا: “هَذَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، جَاءَكِ لِيَخْطُبَكِ”. قَالَتْ: “أَنَا كُنْتُ أَشْقَى مِنْ ذَلِكَ”». قَالَ سَهْلٌ: «فَأَقْبَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَوْمَئِذٍ حَتَّى جَلَسَ فِي سَقِيفَةِ بَنِي سَاعِدَةَ هُوَ وَأَصْحَابُهُ، ثُمَّ قَالَ: “اِسْقِنَا” لِسَهْلٍ، قَالَ: فَأَخْرَجْتُ لَهُمْ هَذَا الْقَدَحَ، فَأَسْقَيْتُهُمْ فِيهِ». قَالَ أَبُو حَازِمٍ: «فَأَخْرَجَ لَنَا سَهْلٌ ذَلِكَ الْقَدَحَ، فَشَرِبْنَا فِيهِ، قَالَ: ثُمَّ اِسْتَوْهَبَهُ بَعْدَ ذَلِكَ عُمَرُ بْنُ عَبْدِ الْعَزِيزِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَوَهَبَهُ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд (р.а.) былай деді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) араб әйелдерінің бірі туралы айтылды. Сонда ол (с.а.с.) Әбу Усәйдке әлгі әйелге адам жіберуді бұйырды. Әбу Усәйд оған адам жіберіп еді, әйел келіп, Бәну Сағиданың қорған үйлерінің біріне орналасты. Алла Елшісі (с.а.с.) оның қасына келіп, ішке кірді. Қараса, әйел басын төмен салып отыр екен. Алла Елшісі (с.а.с.) онымен сөйлескенде, ол: “Сенен Аллаға сыйынамын”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Ендеше, менен амансың”, – деді. Адамдар әйелден: “Мұның кім екенін білесің бе?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деді. Олар: “Бұл – Алла Елшісі (с.а.с.). Ол саған құда түсуге келді”, – деді. Сонда әйел: “Мен мұндай бақтан құр қалған сорлы екенмін”, – деді». Сәһл сөзін жалғастырып: «Сол күні Алла Елшісі (с.а.с.) қайтып келіп, сахабаларымен бірге Бәну Сағиданың қалқасының астына отырды. Содан кейін маған: “Бізге сусын бер”, – деді. Мен оларға осы тостағанды алып шығып, содан сусын бердім», – деді. Әбу Хазим: «Сәһл сол тостағанды бізге де алып шықты, біз одан сусын іштік. Кейінірек Омар ибн Абдулазиз (р.а.) тостағанды өзіне сыйлауын сұрады. Сәһл оны оған сыйлады», – деді (2007/88).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ اِخْتِنَاثِ الْأَسْقِيَةِ

20-бапТорсықтың аузын қайырып, одан тікелей ішуге тыйым салу

1287
Мүслим, № 1287Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ اِخْتِنَاثِ الْأَسْقِيَةِ، أَنْ يُشْرَبَ مِنْ أَفْوَاهِهَا». وَفِي رِوَايَةٍ: «وَاخْتِنَاثُهَا أَنْ يُقْلَبَ رَأْسُهَا، ثُمَّ يُشْرَبَ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) торсықтың аузын қайырып, одан тікелей ішуге тыйым салды», – деді. Бір риуаятта: «Торсықтың аузын қайыру – оның аузын сыртқа қайырып, содан ішу», – деп түсіндірілген (2023/111).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الشُّرْبِ فِي آنِيَةِ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ

21-бапАлтын және күміс ыдыстардан сусын ішуге тыйым салу

1288
Мүслим, № 1288

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُكَيْمٍ، قَالَ: «كُنَّا مَعَ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ بِالْمَدَائِنِ، فَاسْتَسْقَى حُذَيْفَةُ، فَجَاءَهُ دِهْقَانٌ بِشَرَابٍ فِي إِنَاءٍ مِنْ فِضَّةٍ، فَرَمَاهُ بِهِ، وَقَالَ: “إِنِّي أُخْبِرُكُمْ أَنِّي قَدْ أَمَرْتُهُ أَنْ لَا يَسْقِيَنِي فِيهِ، فَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: ‘لَا تَشْرَبُوا فِي إِنَاءِ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ، وَلَا تَلْبَسُوا الدِّيبَاجَ وَالْحَرِيرَ، فَإِنَّهُ لَهُمْ فِي الدُّنْيَا، وَهُوَ لَكُمْ فِي الْآخِرَةِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ’”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Укәйм былай деді: «Біз Хузайфамен (р.а.) бірге әл-Мәдаинде едік. Хузайфа сусын сұрағанда, бір жер иесі оған күміс ыдысқа құйып сусын әкелді. Хузайфа әлгі ыдысты оның өзіне қарай лақтырып жіберді де: “Сендерге айта кетейін: мен оған маған мұндай ыдыспен сусын бермеуді бұған дейін-ақ бұйырған едім. Өйткені Алла Елшісі (с.а.с.): ‘Алтын және күміс ыдыстардан ішпеңдер. Жібек қамқа мен жібек кимеңдер. Өйткені бұлар дүниеде соларға тән, ал ақыретте, Қиямет күні, сендерге тән’, – деді”, – деді» (2067/4).

1289
Мүслим, № 1289Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «الَّذِي يَشْرَبُ فِي آنِيَةِ الْفِضَّةِ إِنَّمَا يُجَرْجِرُ فِي بَطْنِهِ نَارَ جَهَنَّمَ». وَفِي رِوَايَةٍ: «إِنَّ الَّذِي يَأْكُلُ أَوْ يَشْرَبُ فِي آنِيَةِ الْفِضَّةِ وَالذَّهَبِ…».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Үммі Сәләма (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Күміс ыдыстан ішкен адам, шын мәнінде, қарнына Жәһаннамның отын лықылдата жұтады», – дегенін жеткізді. Басқа риуаятта: «Күміс және алтын ыдыстан тамақ жейтін немесе сусын ішетін адам...» – делінген (2065/1).

بَابٌ: إِذَا شَرِبَ فَالْأَيْمَنُ أَحَقُّ

22-бапСусынды алдымен оң жақта отырған адамға беру туралы

1290
Мүслим, № 1290Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَتَانَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي دَارِنَا، فَاسْتَسْقَى، فَحَلَبْنَا لَهُ شَاةً، ثُمَّ شُبْتُهُ مِنْ مَاءِ بِئْرِي هَذِهِ، قَالَ: فَأَعْطَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَشَرِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَبُو بَكْرٍ عَنْ يَسَارِهِ، وَعُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا وِجَاهَهُ، وَأَعْرَابِيٌّ عَنْ يَمِينِهِ، فَلَمَّا فَرَغَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ شُرْبِهِ، قَالَ عُمَرُ: “هَذَا أَبُو بَكْرٍ، يَا رَسُولَ اللَّهِ”، يُرِيهِ إِيَّاهُ، فَأَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْأَعْرَابِيَّ، وَتَرَكَ أَبَا بَكْرٍ وَعُمَرَ، وَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “الْأَيْمَنُونَ، الْأَيْمَنُونَ، الْأَيْمَنُونَ”». قَالَ أَنَسٌ: «فَهِيَ سُنَّةٌ، فَهِيَ سُنَّةٌ، فَهِيَ سُنَّةٌ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) үйімізге келіп, сусын сұрады. Біз оған бір қойды саудық, ал мен оның сүтіне мына құдығымнан су қостым. Содан кейін оны Алла Елшісіне (с.а.с.) ұсындым. Ол (с.а.с.) сүттен ішті. Оның сол жағында Әбу Бәкір, қарсысында Омар (р.а.), ал оң жағында бір бәдәуи отырған еді. Алла Елшісі (с.а.с.) ішіп болған кезде, Омар Әбу Бәкірді көрсетіп: “Уа, Расулалла! Мынау – Әбу Бәкір”, – деді. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) ыдысты бәдәуиге беріп, Әбу Бәкір мен Омарға бермеді. Сөйтіп: “Оң жақтағыларға! Оң жақтағыларға! Оң жақтағыларға!” – деді». Әнәс (р.а.): «Бұл – сүннет! Бұл – сүннет! Бұл – сүннет!» – деді (2029/126).

بَابٌ: فِي اِسْتِئْذَانِ الصَّغِيرِ فِي إِعْطَاءِ الشُّيُوخِ

23-бапСусынды үлкендерге беру үшін жасы кіші адамнан рұқсат сұрау туралы

1291
Мүслим, № 1291Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أُتِيَ بِشَرَابٍ فَشَرِبَ مِنْهُ، وَعَنْ يَمِينِهِ غُلَامٌ، وَعَنْ يَسَارِهِ أَشْيَاخٌ، فَقَالَ لِلْغُلَامِ: «أَتَأْذَنُ لِي أَنْ أُعْطِيَ هَؤُلَاءِ؟» فَقَالَ الْغُلَامُ: «لَا، وَاللَّهِ، لَا أُوثِرُ بِنَصِيبِي مِنْكَ أَحَدًا». قَالَ: فَتَلَّهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي يَدِهِ.

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағиди (р.а.) былай деп жеткізді: «Алла Елшісіне (с.а.с.) бір сусын әкелінді. Ол (с.а.с.) одан ішті. Оның оң жағында бір бала, ал сол жағында жасы үлкен кісілер отырған еді. Сонда ол (с.а.с.) баладан: “Мыналарға беруіме рұқсат етесің бе?” – деп сұрады. Бала: “Жоқ, Алламен ант етемін! Сізден тиетін үлесімді ешкімге бере алмаймын”, – деді». Сәһл (р.а.): «Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) ыдысты оның қолына ұстатты», – деді (2030/127).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ التَّنَفُّسِ فِي الْإِنَاءِ

24-бапЫдыстың ішіне дем шығаруға тыйым салу

1292
Мүслим, № 1292Риуаят етуші: Әбу Қатада

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَهَى أَنْ يُتَنَفَّسَ فِي الْإِنَاءِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Қатаданың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) ыдыстың ішіне дем шығаруға тыйым салған (267/121).

بَابٌ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَنَفَّسُ فِي الشَّرَابِ

25-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) сусын ішкенде ара-арасында тыныс алуы туралы

1293
Мүслим, № 1293Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَنَفَّسُ فِي الشَّرَابِ ثَلَاثًا، وَيَقُولُ: “إِنَّهُ أَرْوَى وَأَبْرَأُ وَأَمْرَأُ”». قَالَ أَنَسٌ: «فَأَنَا أَتَنَفَّسُ فِي الشَّرَابِ ثَلَاثًا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сусынды үш деммен ішетін әрі: “Бұл шөлді жақсырақ қандырады, денсаулыққа пайдалырақ және бойға сіңімдірек”, – дейтін». Әнәс (р.а.): «Мен де сусынды үш деммен ішемін», – деді (2028/123).

بَابٌ: النَّهْيُ عَنِ الشُّرْبِ قَائِمًا

26-бапТұрып сусын ішуге тыйым салу

1294
Мүслим, № 1294Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَشْرَبَنَّ أَحَدٌ مِنْكُمْ قَائِمًا، فَمَنْ نَسِيَ فَلْيَسْتَقِئْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Сендердің ешқайсыларың түрегеп тұрып сусын ішпесін. Кімде-кім ұмытып, түрегеп тұрып ішіп қойса, ішкенін құсып тастасын», – дегенін жеткізді (2026/116).

بَابٌ: الرُّخْصَةُ فِي الشُّرْبِ قَائِمًا مِنْ زَمْزَمَ

27-бапЗәмзәм суын тұрып ішуге рұқсат етілуі туралы

1295
Мүслим, № 1295Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «سَقَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مِنْ زَمْزَمَ فَشَرِبَ قَائِمًا، وَاسْتَسْقَى وَهُوَ عِنْدَ الْبَيْتِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) Зәмзәм суын бердім. Ол оны түрегеп тұрып ішті. Ол (с.а.с.) Қағбаның жанында тұрғанда су сұраған еді» (2027/120).