Хадис
كِتَابُ الْإِمَارَةِ

Басшылық кітабы

Сахих Мүслим, 35-кітап · 45 хадис · № 1194–1238

Мазмұны: 35 бап
  1. 1Халифалардың құрайыштан болуы туралы
  2. 2Өзінен кейінгі халифаны тағайындау немесе оны тағайындамай қалдыру туралы
  3. 3Халифаларға берілген сертті алғашқысынан бастап ретімен орындауды бұйыру туралы
  4. 4Екі халифаға серт берілген жағдай туралы
  5. 5Әрқайсың – қамқоршысың әрі әрқайсың өз қамқорлығыңдағы адамдар үшін жауаптысың
  6. 6Басшылықты сұраудың және оған ұмтылудың құпталмайтыны туралы
  7. 7Басшылық қызметін оны сұраған адамға тапсырмаймыз
  8. 8Басшы Алладан қорқуды бұйырып, әділдік танытса, оған сауап беріледі
  9. 9Қандай да бір іске басшы болып, сол істі әділ атқарған адам туралы
  10. 10Қандай да бір іске басшы болып, адамдарға қиындық келтірген немесе оларға жұмсақтық танытқан адам туралы
  11. 11Дін – адалдық пен жанашырлық
  12. 12Қарамағындағы адамдарды алдап, оларға шынайы жанашырлық танытпаған басшы туралы
  13. 13Басшылардың қызмет бабында мүлікті жымқыруы және бұл істің ауыр күнә екені туралы
  14. 14Басшылардың жасырып қалған мүлкі – жымқырылған мүлік
  15. 15Басшыларға берілетін сыйлықтар туралы
  16. 16Ағаш түбінде Пайғамбарға (с.а.с.) шайқастан қашпауға серт беру туралы
  17. 17Өлімге дейін шайқасуға серт беру туралы
  18. 18Шамасы келгенше басшының сөзін тыңдап, оған бағынуға серт беру туралы
  19. 19Басшыдан ашық күпірлік көрмейінше, оның сөзін тыңдап, оған бағынуға серт беру туралы
  20. 20Һижрет жасап келген мүмін әйелдерді серт беру кезінде сынау туралы
  21. 21Басшыға бағыну туралы
  22. 22Ұлы әрі Құдіретті Алланың Кітабына сай әрекет ететін басшының сөзін тыңдап, оған бағыну туралы
  23. 23Аллаға қарсы келетін күнәлі істе ешкімге бағынуға болмайды; бағыну тек дұрыс істе болады
  24. 24Күнәлі іс жасау бұйырылса, мұндай бұйрықты тыңдау да, оған бағыну да жоқ
  25. 25Басшылар тиесілі құқықтарды бермесе де, оларға бағыну туралы
  26. 26Басшылардың ең жақсылары мен ең жамандары туралы
  27. 27Басшылардың теріс істерін айыптау және олар намаз оқып жүргенше, оларға қарсы соғыспау туралы
  28. 28Біреулерге артықшылық берілгенде сабыр етуді бұйыру туралы
  29. 29Бүліктер туындағанда жамағаттан ажырамауды бұйыру туралы
  30. 30Бағынудан бас тартып, жамағаттан бөлінген адам туралы
  31. 31Бірлігін сақтап отырған үмбеттің ынтымағын бұзған адам туралы
  32. 32Бізге қарсы қару көтерген адам бізден емес
  33. 33Алланың жібіне берік жармасып, бөлінбеуді бұйыру туралы
  34. 34Дінге кейіннен енгізілген жаңалықтарды қабылдамау туралы
  35. 35Жақсылық жасауға бұйырып, өзі оны орындамайтын адам туралы
بَابٌ: الْخُلَفَاءُ مِنْ قُرَيْشٍ

1-бапХалифалардың құрайыштан болуы туралы

1194
Мүслим, № 1194Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا يَزَالُ هَذَا الْأَمْرُ فِي قُرَيْشٍ مَا بَقِيَ مِنَ النَّاسِ اِثْنَانِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Адамдардан екі кісі ғана қалғанға дейін бұл билік Құрайыштың қолында бола береді”, – деді» (1820/4).

1195
Мүслим, № 1195Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «النَّاسُ تَبَعٌ لِقُرَيْشٍ فِي هَذَا الشَّأْنِ، مُسْلِمُهُمْ لِمُسْلِمِهِمْ، وَكَافِرُهُمْ لِكَافِرِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Басшылық ісінде адамдар Құрайышқа ереді: олардың мұсылмандары Құрайыштың мұсылмандарына, ал кәпірлері Құрайыштың кәпірлеріне ереді» (1818/1).

1196
Мүслим, № 1196

عَنْ عَامِرِ بْنِ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ، قَالَ: «كَتَبْتُ إِلَى جَابِرِ بْنِ سَمُرَةَ مَعَ غُلَامِي نَافِعٍ: “أَنْ أَخْبِرْنِي بِشَيْءٍ سَمِعْتَهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. قَالَ: فَكَتَبَ إِلَيَّ: “سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ جُمُعَةٍ عَشِيَّةَ رُجِمَ الْأَسْلَمِيُّ يَقُولُ: ‘لَا يَزَالُ الدِّينُ قَائِمًا حَتَّى تَقُومَ السَّاعَةُ، أَوْ يَكُونَ عَلَيْكُمُ اِثْنَا عَشَرَ خَلِيفَةً، كُلُّهُمْ مِنْ قُرَيْشٍ’، وَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: ‘عُصَيْبَةٌ مِنَ الْمُسْلِمِينَ يَفْتَتِحُونَ الْبَيْتَ الْأَبْيَضَ، بَيْتَ كِسْرَى أَوْ آلِ كِسْرَى’، وَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: ‘إِنَّ بَيْنَ يَدَيِ السَّاعَةِ كَذَّابِينَ فَاحْذَرُوهُمْ’، وَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: ‘إِذَا أَعْطَى اللَّهُ أَحَدَكُمْ خَيْرًا فَلْيَبْدَأْ بِنَفْسِهِ وَأَهْلِ بَيْتِهِ’، وَسَمِعْتُهُ يَقُولُ: ‘أَنَا الْفَرَطُ عَلَى الْحَوْضِ’”».

Қазақша аудармасы

Амир ибн Сағд ибн Әбу Уаққас былай деді: «Мен қызметшім Нафиғ арқылы Жәбир ибн Сәмураға: “Маған Алла Елшісінен (с.а.с.) естіген бір сөзіңді хабарла”, – деп хат жаздым. Сонда ол маған былай деп жазды: “Әл-Әсләмиге тасборан жазасы орындалған жұма күні кешқұрым Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Қиямет орнағанға дейін немесе араларыңда он екі халифа билік еткенге дейін дін берік тұра береді. Олардың барлығы Құрайыштан болады’, – дегенін естідім. Сондай-ақ оның: ‘Мұсылмандардан құралған бір топ Ақ сарайды – Кисраның сарайын немесе Кисра әулетінің сарайын – жаулап алады’, – дегенін естідім. Оның: ‘Қияметтің алдында өтірікшілер шығады. Олардан сақ болыңдар!’ – дегенін де естідім. Сондай-ақ оның: ‘Алла сендердің біріңе бір игілік берсе, оны әуелі өзіне және отбасы мүшелеріне жұмсасын’, – дегенін естідім. Оның: ‘Мен Хауыздың басына сендерден бұрын барып, күтіп тұрамын’, – дегенін де естідім”» (1822/10).

بَابٌ: الِاسْتِخْلَافُ وَتَرْكُهُ

2-бапӨзінен кейінгі халифаны тағайындау немесе оны тағайындамай қалдыру туралы

1197
Мүслим, № 1197Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «دَخَلْتُ عَلَى حَفْصَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، فَقَالَتْ: “أَعَلِمْتَ أَنَّ أَبَاكَ غَيْرُ مُسْتَخْلِفٍ؟” قَالَ: قُلْتُ: “مَا كَانَ لِيَفْعَلَ”. قَالَتْ: “إِنَّهُ فَاعِلٌ”. قَالَ: فَحَلَفْتُ أَنِّي أُكَلِّمُهُ فِي ذَلِكَ، فَسَكَتُّ حَتَّى غَدَوْتُ وَلَمْ أُكَلِّمْهُ، قَالَ: فَكُنْتُ كَأَنَّمَا أَحْمِلُ بِيَمِينِي جَبَلًا حَتَّى رَجَعْتُ فَدَخَلْتُ عَلَيْهِ، فَسَأَلَنِي عَنْ حَالِ النَّاسِ وَأَنَا أُخْبِرُهُ، قَالَ: ثُمَّ قُلْتُ لَهُ: “إِنِّي سَمِعْتُ النَّاسَ يَقُولُونَ مَقَالَةً، فَآلَيْتُ أَنْ أَقُولَهَا لَكَ، زَعَمُوا أَنَّكَ غَيْرُ مُسْتَخْلِفٍ، وَإِنَّهُ لَوْ كَانَ لَكَ رَاعِي إِبِلٍ أَوْ رَاعِي غَنَمٍ، ثُمَّ جَاءَكَ وَتَرَكَهَا رَأَيْتَ أَنْ قَدْ ضَيَّعَ، فَرِعَايَةُ النَّاسِ أَشَدُّ”. قَالَ: فَوَافَقَهُ قَوْلِي، فَوَضَعَ رَأْسَهُ سَاعَةً، ثُمَّ رَفَعَهُ إِلَيَّ، فَقَالَ: “إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ يَحْفَظُ دِينَهُ، وَإِنِّي لَئِنْ لَا أَسْتَخْلِفْ، فَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمْ يَسْتَخْلِفْ، وَإِنْ أَسْتَخْلِفْ فَإِنَّ أَبَا بَكْرٍ قَدِ اِسْتَخْلَفَ”. قَالَ: فَوَاللَّهِ، مَا هُوَ إِلَّا أَنْ ذَكَرَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَأَبَا بَكْرٍ فَعَلِمْتُ أَنَّهُ لَمْ يَكُنْ لِيَعْدِلَ بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَحَدًا، وَأَنَّهُ غَيْرُ مُسْتَخْلِفٍ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деді: «Хафсаның (р.а.) қасына кіргенімде, ол: “Әкеңнің өзінен кейін халифа тағайындамайтынын білдің бе?” – деді. Мен: “Ол олай етпес”, – дедім. Хафса: “Ол дәл солай істемек”, – деді. Сонда мен бұл жайында әкеммен міндетті түрде сөйлесемін деп ант еттім. Алайда келесі таң атқанша үндемей, оған ештеңе айтпадым. Қайтып келгенімше, берген антым оң қолыммен тау көтергендей ауыр сезілді. Содан кейін оның қасына кірдім. Ол менен адамдардың жағдайын сұрады, мен оған хабар бердім. Кейін: “Адамдардың бір сөз айтқанын естідім де, оны сізге міндетті түрде жеткіземін деп ант еттім. Олар сіздің өзіңізден кейін халифа тағайындамайтыныңызды айтып жүр. Егер түйелеріңізді немесе қойларыңызды бағатын бақташы малды қараусыз тастап, өзіңізге қайтып келсе, оны міндетіне немқұрайды қарады деп санар едіңіз. Ал адамдарды басқару одан да жауапты іс”, – дедім. Бұл сөзім оның ойымен сәйкес келді. Ол біраз уақыт басын төмен түсіріп отырды да, кейін басын көтеріп, маған: “Расында, Ұлы әрі Құдіретті Алла Өз дінін сақтайды. Егер мен халифа тағайындамасам, Алла Елшісі (с.а.с.) де халифа тағайындамаған. Ал егер халифа тағайындасам, Әбу Бәкір де халифа тағайындаған”, – деді. Алламен ант етемін, ол Алла Елшісі (с.а.с.) мен Әбу Бәкірді атаған сәтте-ақ, Алла Елшісіне (с.а.с.) ешкімді тең қоймайтынын және халифа тағайындамайтынын түсіндім» (1823/12).

بَابٌ: الْأَمْرُ بِالْوَفَاءِ بِبَيْعَةِ الْخُلَفَاءِ الْأَوَّلِ فَالْأَوَّلِ

3-бапХалифаларға берілген сертті алғашқысынан бастап ретімен орындауды бұйыру туралы

1198
Мүслим, № 1198

عَنْ أَبِي حَازِمٍ، قَالَ: «قَاعَدْتُ أَبَا هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ خَمْسَ سِنِينَ، فَسَمِعْتُهُ يُحَدِّثُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: “كَانَتْ بَنُو إِسْرَائِيلَ تَسُوسُهُمُ الْأَنْبِيَاءُ، كُلَّمَا هَلَكَ نَبِيٌّ خَلَفَهُ نَبِيٌّ، وَإِنَّهُ لَا نَبِيَّ بَعْدِي، وَسَتَكُونُ خُلَفَاءُ فَتَكْثُرُ”. قَالُوا: “فَمَا تَأْمُرُنَا؟” قَالَ: “فُوا بِبَيْعَةِ الْأَوَّلِ فَالْأَوَّلِ، وَأَعْطُوهُمْ حَقَّهُمْ، فَإِنَّ اللَّهَ سَائِلُهُمْ عَمَّا اِسْتَرْعَاهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Хазим былай деді: «Мен бес жыл бойы Әбу Һурайрамен (р.а.) араласып жүріп, оның Пайғамбардан (с.а.с.) мына хадисті жеткізгенін естідім: “Исраил ұрпақтарын пайғамбарлар басқаратын. Бір пайғамбар қайтыс болған сайын, оның орнына басқа бір пайғамбар келетін. Ал менен кейін ешқандай пайғамбар болмайды. Алайда халифалар болады әрі олардың саны көбейеді”. Сахабалар: “Бізге не істеуді бұйырасыз?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Алдымен кімге бәйғат берілсе, соған берген сертті орындаңдар; одан кейін де осы ретті сақтаңдар және олардың хақыларын беріңдер. Өйткені Алла олардан қарамағына тапсырылған халық жайында сұрайды”, – деді» (1842/44).

1199
Мүслим, № 1199

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَبْدِ رَبِّ الْكَعْبَةِ، قَالَ: «دَخَلْتُ الْمَسْجِدَ فَإِذَا عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا جَالِسٌ فِي ظِلِّ الْكَعْبَةِ، وَالنَّاسُ مُجْتَمِعُونَ عَلَيْهِ، فَأَتَيْتُهُمْ فَجَلَسْتُ إِلَيْهِ، فَقَالَ: “كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ، فَنَزَلْنَا مَنْزِلًا فَمِنَّا مَنْ يُصْلِحُ خِبَاءَهُ، وَمِنَّا مَنْ يَنْتَضِلُ، وَمِنَّا مَنْ هُوَ فِي جَشَرِهِ، إِذْ نَادَى مُنَادِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: ‘الصَّلَاةَ جَامِعَةً’، فَاجْتَمَعْنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: ‘إِنَّهُ لَمْ يَكُنْ نَبِيٌّ قَبْلِي إِلَّا كَانَ حَقًّا عَلَيْهِ أَنْ يَدُلَّ أُمَّتَهُ عَلَى خَيْرِ مَا يَعْلَمُهُ لَهُمْ، وَيُنْذِرَهُمْ شَرَّ مَا يَعْلَمُهُ لَهُمْ، وَإِنَّ أُمَّتَكُمْ هَذِهِ جُعِلَ عَافِيَتُهَا فِي أَوَّلِهَا، وَسَيُصِيبُ آخِرَهَا بَلَاءٌ وَأُمُورٌ تُنْكِرُونَهَا، وَتَجِيءُ فِتْنَةٌ فَيُرَقِّقُ بَعْضُهَا بَعْضًا، وَتَجِيءُ الْفِتْنَةُ فَيَقُولُ الْمُؤْمِنُ: ‹هَذِهِ مُهْلِكَتِي›. ثُمَّ تَنْكَشِفُ وَتَجِيءُ الْفِتْنَةُ، فَيَقُولُ الْمُؤْمِنُ: ‹هَذِهِ هَذِهِ›، فَمَنْ أَحَبَّ أَنْ يُزَحْزَحَ عَنِ النَّارِ، وَيُدْخَلَ الْجَنَّةَ، فَلْتَأْتِهِ مَنِيَّتُهُ وَهُوَ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ، وَلْيَأْتِ إِلَى النَّاسِ الَّذِي يُحِبُّ أَنْ يُؤْتَى إِلَيْهِ، وَمَنْ بَايَعَ إِمَامًا فَأَعْطَاهُ صَفْقَةَ يَدِهِ وَثَمَرَةَ قَلْبِهِ، فَلْيُطِعْهُ إِنِ اِسْتَطَاعَ، فَإِنْ جَاءَ آخَرُ يُنَازِعُهُ فَاضْرِبُوا عُنُقَ الْآخَرِ’”، فَدَنَوْتُ مِنْهُ، فَقُلْتُ لَهُ: “أَنْشُدُكَ اللَّهَ، آنْتَ سَمِعْتَ هَذَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ؟” فَأَهْوَى إِلَى أُذُنَيْهِ وَقَلْبِهِ بِيَدَيْهِ، وَقَالَ: “سَمِعَتْهُ أُذُنَايَ، وَوَعَاهُ قَلْبِي”. فَقُلْتُ لَهُ: “هَذَا ابْنُ عَمِّكَ مُعَاوِيَةُ، يَأْمُرُنَا أَنْ نَأْكُلَ أَمْوَالَنَا بَيْنَنَا بِالْبَاطِلِ، وَنَقْتُلَ أَنْفُسَنَا، وَاللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ يَقُولُ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَأْكُلُوا أَمْوَالَكُمْ بَيْنَكُمْ بِالْبَاطِلِ إِلَّا أَنْ تَكُونَ تِجَارَةً عَنْ تَرَاضٍ مِنْكُمْ وَلَا تَقْتُلُوا أَنْفُسَكُمْ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيمًا﴾ [النِّسَاءِ: ٢٩]”. قَالَ: فَسَكَتَ سَاعَةً، ثُمَّ قَالَ: “أَطِعْهُ فِي طَاعَةِ اللَّهِ، وَاعْصِهِ فِي مَعْصِيَةِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Абду Раббил-Кағба былай деді: «Мешітке кірсем, Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) Қағбаның көлеңкесінде отыр екен. Жұрт оның айналасына жиналыпты. Мен де олардың қасына барып отырдым». Абдулла ибн Амр (р.а.) былай деді: «Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге сапарда едік. Бір жерге аялдадық. Арамызда шатырын жөндеп жатқандар да, садақ атудан жарысып жүргендер де, жайылымдағы малының қасында жүргендер де бар еді. Сол кезде Алла Елшісінің (с.а.с.) жаршысы: “Жамағат намазына жиналыңдар!” – деп дауыстады. Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) қасына жиналдық. Сонда ол (с.а.с.): “Менен бұрын өткен әрбір пайғамбарға үмбетін өзі білетін ең қайырлы іске бағыттап, өзі білетін ең жаман істен ескерту міндеті жүктелген. Сендердің осы үмбеттеріңнің амандығы оның алғашқы буынына нәсіп етілді. Ал соңғы буынына түрлі бәлелер мен өздерің құптамайтын істер келеді. Бүліктер бірінен соң бірі келіп, әр кейінгісі алдыңғысын жеңіл етіп көрсетеді. Бір бүлік келгенде, мүмін: ‘Мені құртып тынатын осы’, – дейді. Кейін ол сейіліп, тағы бір бүлік келеді. Сонда мүмін: ‘Міне, осы! Міне, осы!’ – дейді. Кімде-кім Тозақтан алыстатылып, Жәннатқа кіргізілуді қаласа, ажалы оған Аллаға және Ақырет күніне иман келтірген күйінде келсін. Сондай-ақ адамдардан өзіне қандай қарым-қатынас күтсе, өзі де оларға солай қарым-қатынас жасасын. Кімде-кім бір имамға бәйғат беріп, оған қолын ұсынып, жүрегінің шынайы ықыласын арнаса, шамасы келгенше оған бағынсын. Егер оның билігіне таласатын басқа біреу келсе, кейін келгеннің мойнын шабыңдар”, – деді». Абдуррахман сөзін жалғастырды: «Мен оған жақындап барып: “Алланың атымен сұраймын: мұны Алла Елшісінен (с.а.с.) өзіңіз естідіңіз бе?” – дедім. Ол екі қолымен құлақтары мен жүрегін нұсқап: “Мұны екі құлағым естіп, жүрегім ұғып алды”, – деді. Мен оған: “Мына немере туысыңыз Мұғауия бізге бір-біріміздің мал-мүлкімізді арам жолмен жеуді және бір-бірімізді өлтіруді бұйырады. Ал Ұлы әрі Құдіретті Алла былай дейді: ‘Уа, иман келтіргендер! Бір-біріңнің мал-дүниелеріңді арам жолмен жемеңдер. Ал өзара келісіп жасаған сауда-саттықтың жөні бөлек. Әрі бір-біріңді өлтірмеңдер. Шүбәсіз, Алла сендерге өте мейірімді’ («Ниса», 29)”, – дедім. Ол біраз үнсіз отырды да: “Аллаға мойынсұнуға сай істе оған бағын, ал Ұлы әрі Құдіретті Аллаға қарсы келетін істе оған бағынба”, – деді» (1844/46).

بَابٌ: إِذَا بُويِعَ لِخَلِيفَتَيْنِ

4-бапЕкі халифаға серт берілген жағдай туралы

1200
Мүслим, № 1200Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا بُويِعَ لِخَلِيفَتَيْنِ، فَاقْتُلُوا الْآخَرَ مِنْهُمَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Егер екі халифаға бәйғат берілсе, екеуінің кейінгісін өлтіріңдер», – дегенін жеткізді (1853/61).

بَابٌ: كُلُّكُمْ رَاعٍ وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ

5-бапӘрқайсың – қамқоршысың әрі әрқайсың өз қамқорлығыңдағы адамдар үшін жауаптысың

1201
Мүслим, № 1201Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «أَلَا كُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، فَالْأَمِيرُ الَّذِي عَلَى النَّاسِ رَاعٍ، وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالرَّجُلُ رَاعٍ عَلَى أَهْلِ بَيْتِهِ، وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْهُمْ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ عَلَى بَيْتِ بَعْلِهَا وَوَلَدِهِ، وَهِيَ مَسْؤُولَةٌ عَنْهُمْ، وَالْعَبْدُ رَاعٍ عَلَى مَالِ سَيِّدِهِ وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْهُ، أَلَا فَكُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Біліп қойыңдар, әрқайсың – қамқоршысың әрі әрқайсың қарамағыңдағылар үшін жауаптысың. Адамдарға билік жүргізетін әмірші – қамқоршы әрі қарамағындағылар үшін жауапты. Ер адам – отбасының қамқоршысы әрі олар үшін жауапты. Әйел – күйеуінің үйі мен баласының қамқоршысы әрі олар үшін жауапты. Құл – қожайынының мал-мүлкіне қамқоршы әрі сол үшін жауапты. Біліп қойыңдар, әрқайсың – қамқоршысың әрі әрқайсың қарамағыңдағылар үшін жауаптысың» (1829/20).

بَابٌ: كَرَاهِيَةُ طَلَبِ الْإِمَارَةِ وَالْحِرْصِ عَلَيْهَا

6-бапБасшылықты сұраудың және оған ұмтылудың құпталмайтыны туралы

1202
Мүслим, № 1202Риуаят етуші: Абдуррахман ибн Сәмура

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ سَمُرَةَ، قَالَ: «قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “يَا عَبْدَ الرَّحْمَنِ، لَا تَسْأَلِ الْإِمَارَةَ، فَإِنَّكَ إِنْ أُعْطِيتَهَا عَنْ مَسْأَلَةٍ وُكِلْتَ إِلَيْهَا، وَإِنْ أُعْطِيتَهَا عَنْ غَيْرِ مَسْأَلَةٍ أُعِنْتَ عَلَيْهَا”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Сәмура былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған: “Уа, Абдуррахман! Басшылықты сұрама. Өйткені ол саған сұрағаның үшін берілсе, оны атқаруда өз бетіңе қалдырыласың. Ал сұрамай-ақ берілсе, оны атқаруыңа жәрдем беріледі”, – деді» (1652/13).

1203
Мүслим, № 1203Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «يَا أَبَا ذَرٍّ، إِنِّي أَرَاكَ ضَعِيفًا، وَإِنِّي أُحِبُّ لَكَ مَا أُحِبُّ لِنَفْسِي، لَا تَأَمَّرَنَّ عَلَى اِثْنَيْنِ، وَلَا تَوَلَّيَنَّ مَالَ يَتِيمٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәррдің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Әбу Зәрр! Расында, мен сені әлсіз деп білемін. Мен өзіме қалағанымды саған да қалаймын. Сондықтан тіпті екі адамға да басшылық етпе және жетімнің мал-мүлкін басқаруды мойныңа алма», – деді (1826/17).

1204
Мүслим, № 1204Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَلَا تَسْتَعْمِلُنِي؟” قَالَ: فَضَرَبَ بِيَدِهِ عَلَى مَنْكِبِي، ثُمَّ قَالَ: “يَا أَبَا ذَرٍّ، إِنَّكَ ضَعِيفٌ، وَإِنَّهَا أَمَانَةٌ، وَإِنَّهَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ خِزْيٌ وَنَدَامَةٌ، إِلَّا مَنْ أَخَذَهَا بِحَقِّهَا وَأَدَّى الَّذِي عَلَيْهِ فِيهَا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Алла Елшісі! Мені бір қызметке тағайындамайсыз ба?” – дедім. Сонда ол (с.а.с.) қолымен иығымнан қағып, содан кейін: “Уа, Әбу Зәрр! Сен әлсізсің. Ал басшылық – аманат. Ол Қиямет күні қорлық пен өкінішке айналады. Тек оны лайықты түрде қабылдап, сол қызметте өзіне жүктелген міндеттерді толық орындаған адам ғана бұдан тыс”, – деді» (1825/16).

بَابٌ: لَا نَسْتَعْمِلُ عَلَى عَمَلِنَا مَنْ أَرَادَهُ

7-бапБасшылық қызметін оны сұраған адамға тапсырмаймыз

1205
Мүслим, № 1205Риуаят етуші: Әбу Бурда

عَنْ أَبِي بُرْدَةَ، قَالَ: قَالَ أَبُو مُوسَى: «أَقْبَلْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ وَمَعِي رَجُلَانِ مِنَ الْأَشْعَرِيِّينَ، أَحَدُهُمَا عَنْ يَمِينِي، وَالْآخَرُ عَنْ يَسَارِي، فَكِلَاهُمَا سَأَلَ الْعَمَلَ، وَالنَّبِيُّ ﷺ يَسْتَاكُ، فَقَالَ: “مَا تَقُولُ، يَا أَبَا مُوسَى؟” أَوْ “يَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ قَيْسٍ؟” قَالَ: فَقُلْتُ: “وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، مَا أَطْلَعَانِي عَلَى مَا فِي أَنْفُسِهِمَا، وَمَا شَعَرْتُ أَنَّهُمَا يَطْلُبَانِ الْعَمَلَ”. قَالَ: وَكَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى سِوَاكِهِ تَحْتَ شَفَتِهِ، وَقَدْ قَلَصَتْ، فَقَالَ: “لَنْ” (أَوْ: “لَا”) “نَسْتَعْمِلُ عَلَى عَمَلِنَا مَنْ أَرَادَهُ، وَلَكِنِ اِذْهَبْ أَنْتَ يَا أَبَا مُوسَى”، أَوْ “يَا عَبْدَ اللَّهِ بْنَ قَيْسٍ”»، فَبَعَثَهُ عَلَى الْيَمَنِ، ثُمَّ أَتْبَعَهُ مُعَاذَ بْنَ جَبَلٍ، فَلَمَّا قَدِمَ عَلَيْهِ قَالَ: «اِنْزِلْ»، وَأَلْقَى لَهُ وِسَادَةً، وَإِذَا رَجُلٌ عِنْدَهُ مُوثَقٌ، قَالَ: «مَا هَذَا؟» قَالَ: «هَذَا كَانَ يَهُودِيًّا فَأَسْلَمَ، ثُمَّ رَاجَعَ دِينَهُ، دِينَ السَّوْءِ، فَتَهَوَّدَ». قَالَ: «لَا أَجْلِسُ حَتَّى يُقْتَلَ؛ قَضَاءُ اللَّهِ وَرَسُولِهِ». فَقَالَ: «اِجْلِسْ، نَعَمْ». قَالَ: «لَا أَجْلِسُ حَتَّى يُقْتَلَ؛ قَضَاءُ اللَّهِ وَرَسُولِهِ»، ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، فَأَمَرَ بِهِ فَقُتِلَ، ثُمَّ تَذَاكَرَا الْقِيَامَ مِنَ اللَّيْلِ، فَقَالَ أَحَدُهُمَا (مُعَاذٌ): «أَمَّا أَنَا فَأَنَامُ وَأَقُومُ، وَأَرْجُو فِي نَوْمَتِي مَا أَرْجُو فِي قَوْمَتِي».

Қазақша аудармасы

Әбу Бурда Әбу Мұсаның (р.а.) былай дегенін жеткізді: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) келдім. Жанымда әшғарилік екі кісі бар еді: бірі оң жағымда, екіншісі сол жағымда тұрды. Екеуі де қызмет сұрады. Ал Пайғамбар (с.а.с.) мисуак қолданып отырған еді. Ол (с.а.с.): “Уа, Әбу Мұса, не дейсің?” – немесе: “Уа, Абдулла ибн Қайс, не дейсің?” – деп сұрады. Мен: “Сізді ақиқатпен жіберген Алламен ант етемін! Екеуі де іштеріндегі ойын маған айтқан жоқ әрі олардың қызмет сұрайтынын білген де емеспін”, – дедім. Оның (с.а.с.) жиырылған ернінің астынан көрініп тұрған мисуагы әлі де көз алдымда тұрғандай. Сонда ол (с.а.с.): “Біз бұл қызметімізге оны қалаған адамды әсте тағайындамаймыз”, – немесе: “Тағайындамаймыз”, – деді де: “Алайда сен бар, уа, Әбу Мұса!” – немесе: “Уа, Абдулла ибн Қайс!” – деді». Сөйтіп, Пайғамбар (с.а.с.) Әбу Мұсаны Йеменге басшы етіп жіберіп, кейін оның артынан Муаз ибн Жәбәлді аттандырды. Муаз Әбу Мұсаға келген кезде, Әбу Мұса: «Түс», – деп, оған жастық ұсынды. Сол кезде оның қасында байлаулы бір адам бар еді. Муаз: «Бұл не жағдай?» – деп сұрады. Әбу Мұса (р.а.): «Бұл адам яһуди еді, кейін Исламды қабылдады. Содан соң бұрынғы жаман дініне қайта оралып, қайтадан яһуди болды», – деді. Муаз: «Ол өлтірілмейінше отырмаймын. Бұл – Алла мен Оның Елшісінің үкімі», – деді. Әбу Мұса (р.а.): «Отыр, солай болады», – деді. Муаз: «Ол өлтірілмейінше отырмаймын. Бұл – Алла мен Оның Елшісінің үкімі», – деп, осы сөзін үш рет қайталады. Содан кейін Әбу Мұса оны өлтіруге бұйрық беріп, ол өлтірілді. Кейін екеуі түнгі намаз жайында әңгімелесті. Сонда олардың бірі, яғни Муаз: «Мен ұйықтаймын да, тұрып намаз оқимын. Түнгі намазымнан сауап күткенімдей, ұйқымнан да сауап күтемін», – деді (1733/15).

بَابٌ: الْإِمَامُ إِذَا أَمَرَ بِتَقْوَى اللَّهِ وَعَدَلَ كَانَ لَهُ أَجْرٌ

8-бапБасшы Алладан қорқуды бұйырып, әділдік танытса, оған сауап беріледі

1206
Мүслим, № 1206Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «إِنَّمَا الْإِمَامُ جُنَّةٌ، يُقَاتَلُ مِنْ وَرَائِهِ، وَيُتَّقَى بِهِ، فَإِنْ أَمَرَ بِتَقْوَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ وَعَدَلَ، كَانَ لَهُ بِذَلِكَ أَجْرٌ، وَإِنْ يَأْمُرْ بِغَيْرِهِ كَانَ عَلَيْهِ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, басшы – қалқан. Оның бастауымен шайқасып, соны пана тұтады. Егер ол Ұлы әрі Құдіретті Алладан қорқуды бұйырып, әділдік етсе, сол үшін оған сауап беріледі. Ал егер бұдан өзгені бұйырса, оның күнәсі өз мойнында болады» (1841/43).

بَابٌ: مَنْ وَلِيَ شَيْئًا فَعَدَلَ فِيهِ

9-бапҚандай да бір іске басшы болып, сол істі әділ атқарған адам туралы

1207
Мүслим, № 1207Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الْمُقْسِطِينَ عِنْدَ اللَّهِ عَلَى مَنَابِرَ مِنْ نُورٍ، عَنْ يَمِينِ الرَّحْمَنِ عَزَّ وَجَلَّ، وَكِلْتَا يَدَيْهِ يَمِينٌ، الَّذِينَ يَعْدِلُونَ فِي حُكْمِهِمْ وَأَهْلِيهِمْ وَمَا وَلُوا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Расында, әділдік етушілер Алланың құзырында нұрдан жасалған мінберлердің үстінде, Ұлы әрі Құдіретті Рахманның оң жағында болады. Оның екі қолы да – оң қол. Олар – үкім шығарғанда, отбасыларына қатысты істерде және басқаруына берілген істердің бәрінде әділдік ететіндер» (1827/18).

بَابٌ: مَنْ وَلِيَ شَيْئًا فَشَقَّ أَوْ رَفَقَ

10-бапҚандай да бір іске басшы болып, адамдарға қиындық келтірген немесе оларға жұмсақтық танытқан адам туралы

1208
Мүслим, № 1208

عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ شِمَاسَةَ، قَالَ: «أَتَيْتُ عَائِشَةَ لِأَسْأَلَهَا عَنْ شَيْءٍ، فَقَالَتْ: “مِمَّنْ أَنْتَ؟” فَقُلْتُ: “رَجُلٌ مِنْ أَهْلِ مِصْرَ”. فَقَالَتْ: “كَيْفَ كَانَ صَاحِبُكُمْ لَكُمْ فِي غَزَاتِكُمْ هَذِهِ؟” فَقَالَ: “مَا نَقَمْنَا مِنْهُ شَيْئًا، إِنْ كَانَ لَيَمُوتُ لِلرَّجُلِ مِنَّا الْبَعِيرُ فَيُعْطِيهِ الْبَعِيرَ، وَالْعَبْدُ فَيُعْطِيهِ الْعَبْدَ، وَيَحْتَاجُ إِلَى النَّفَقَةِ فَيُعْطِيهِ النَّفَقَةَ”. فَقَالَتْ: “أَمَا إِنَّهُ لَا يَمْنَعُنِي الَّذِي فَعَلَ فِي مُحَمَّدِ بْنِ أَبِي بَكْرٍ أَخِي أَنْ أُخْبِرَكَ مَا سَمِعْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ فِي بَيْتِي هَذَا: ‘اللَّهُمَّ، مَنْ وَلِيَ مِنْ أَمْرِ أُمَّتِي شَيْئًا فَشَقَّ عَلَيْهِمْ، فَاشْقُقْ عَلَيْهِ، وَمَنْ وَلِيَ مِنْ أَمْرِ أُمَّتِي شَيْئًا فَرَفَقَ بِهِمْ، فَارْفُقْ بِهِ’”».

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Шумаса былай деді: «Мен Айшадан (р.а.) бір мәселе сұрау үшін оған бардым. Ол менен: “Қай елдің адамысың?” – деп сұрады. Мен: “Мысыр тұрғындарының бірімін”, – дедім. Ол: “Осы жорықта басшыларың сендерге қалай қарады?” – деп сұрады. Мен: “Біз одан ешбір мін таппадық. Арамыздағы бір кісінің түйесі өліп қалса, оған басқа түйе беретін. Құлы өліп қалса, басқа құл беретін. Біреу қаражатқа мұқтаж болса, оған қажетті қаражатты беретін”, – дедім. Сонда Айша (р.а.): “Оның бауырым Мұхаммед ибн Әбу Бәкірге істегені Алла Елшісінің (с.а.с.) осы үйімде айтқан мына сөзін саған жеткізуіме кедергі болмайды. Мен оның (с.а.с.): ‘Уа, Алла! Үмбетімнің қандай да бір ісін басқаруды мойнына алып, оларға қиындық туғызған адамның ісін Өзің де қиындата гөр. Ал үмбетімнің қандай да бір ісін басқаруды мойнына алып, оларға жұмсақтық танытқан адамға Өзің де жұмсақтық таныта гөр’, – дегенін естідім”, – деді» (1828/19).

بَابٌ: الدِّينُ النَّصِيحَةُ

11-бапДін – адалдық пен жанашырлық

1209
Мүслим, № 1209

عَنْ تَمِيمٍ الدَّارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «الدِّينُ النَّصِيحَةُ». قُلْنَا: «لِمَنْ؟» قَالَ: «لِلَّهِ وَلِكِتَابِهِ وَلِرَسُولِهِ وَلِأَئِمَّةِ الْمُسْلِمِينَ وَعَامَّتِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Тәмим әд-Дари (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.): “Дін – адалдық пен жанашырлық”, – деді. Біз: “Кімге қатысты?” – деп сұрадық. Ол (с.а.с.): “Аллаға, Оның Кітабына, Оның Елшісіне, мұсылмандардың басшылары мен барша мұсылманға қатысты”, – деді» (55/95).

1210
Мүслим, № 1210Риуаят етуші: Жәрир

عَنْ جَرِيرٍ، قَالَ: «بَايَعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَلَى إِقَامِ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ وَالنُّصْحِ لِكُلِّ مُسْلِمٍ».

Қазақша аудармасы

Жәрир: «Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) намазды толық орындауға, зекет беруге және әрбір мұсылманға шынайы жанашырлық танытуға серт бердім», – деді (56/97).

بَابٌ: مَنْ غَشَّ رَعِيَّتَهُ وَلَمْ يَنْصَحْ لَهُمْ

12-бапҚарамағындағы адамдарды алдап, оларға шынайы жанашырлық танытпаған басшы туралы

1211
Мүслим, № 1211

عَنِ الْحَسَنِ، قَالَ: «عَادَ عُبَيْدُ اللَّهِ بْنُ زِيَادٍ مَعْقِلَ بْنَ يَسَارٍ الْمُزَنِيَّ فِي مَرَضِهِ الَّذِي مَاتَ فِيهِ، فَقَالَ مَعْقِلٌ: “إِنِّي مُحَدِّثُكَ حَدِيثًا سَمِعْتُهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، لَوْ عَلِمْتُ أَنَّ لِي حَيَاةً مَا حَدَّثْتُكَ، إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘مَا مِنْ عَبْدٍ يَسْتَرْعِيهِ اللَّهُ رَعِيَّةً، يَمُوتُ يَوْمَ يَمُوتُ وَهُوَ غَاشٌّ لِرَعِيَّتِهِ، إِلَّا حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ’”».

Қазақша аудармасы

Әл-Хасан былай деді: «Убайдулла ибн Зияд Мағқил ибн Ясар әл-Музанидің қайтыс болар алдындағы науқасы кезінде көңілін сұрап барды. Сонда Мағқил: “Мен саған Алла Елшісінен (с.а.с.) естіген бір хадисті айтайын. Егер бұдан кейін де өмір сүретінімді білгенімде, оны саған айтпас едім. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Алла бір халықты басқаруды аманат еткен қандай да бір пенде сол халқына қиянат жасаған күйінде қайтыс болса, Алла оған Жәннатты харам етеді’, – дегенін естідім”, – деді» (142/21).

1212
Мүслим, № 1212

عَنِ الْحَسَنِ، أَنَّ عَائِذَ بْنَ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ (وَكَانَ مِنْ أَصْحَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ) دَخَلَ عَلَى عُبَيْدِ اللَّهِ بْنِ زِيَادٍ، فَقَالَ: «أَيْ بُنَيَّ، إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ شَرَّ الرِّعَاءِ الْحُطَمَةُ”، فَإِيَّاكَ أَنْ تَكُونَ مِنْهُمْ». فَقَالَ لَهُ: «اِجْلِسْ؛ فَإِنَّمَا أَنْتَ مِنْ نُخَالَةِ أَصْحَابِ مُحَمَّدٍ ﷺ». فَقَالَ: «وَهَلْ كَانَتْ لَهُمْ نُخَالَةٌ؟ إِنَّمَا كَانَتِ النُّخَالَةُ بَعْدَهُمْ، وَفِي غَيْرِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Әл-Хасанның айтуынша, Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларының бірі болған Аиз ибн Амр (р.а.) Убайдулла ибн Зиядтың алдына кіріп: «Уа, балам! Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Басшылардың ең жаманы – қарамағындағыларды таптап-жаншитын қатыгез басшы”, – дегенін естідім. Сондайлардың бірі болудан сақтан!», – деді. Убайдулла оған: «Отыр! Сен Мұхаммедтің (с.а.с.) сахабалары арасындағы кебек-қалдықтың бірісің», – деді. Сонда Аиз: «Олардың арасында кебек-қалдық болған ба еді?! Кебек-қалдық олардан кейінгілер мен өзге адамдардың арасынан ғана шықты», – деді (1830/23).

بَابٌ: مَا جَاءَ فِي غُلُولِ الْأُمَرَاءِ وَتَعْظِيمِ أَمْرِهِ

13-бапБасшылардың қызмет бабында мүлікті жымқыруы және бұл істің ауыр күнә екені туралы

1213
Мүслим, № 1213Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَامَ فِينَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ ذَاتَ يَوْمٍ، فَذَكَرَ الْغُلُولَ، فَعَظَّمَهُ وَعَظَّمَ أَمْرَهُ، ثُمَّ قَالَ: “لَا أُلْفِيَنَّ أَحَدَكُمْ يَجِيءُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى رَقَبَتِهِ بَعِيرٌ لَهُ رُغَاءٌ، يَقُولُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي’، فَأَقُولُ: ‘لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا، قَدْ أَبْلَغْتُكَ’، لَا أُلْفِيَنَّ أَحَدَكُمْ يَجِيءُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى رَقَبَتِهِ فَرَسٌ لَهُ حَمْحَمَةٌ، فَيَقُولُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي’، فَأَقُولُ: ‘لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا، قَدْ أَبْلَغْتُكَ’، لَا أُلْفِيَنَّ أَحَدَكُمْ يَجِيءُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى رَقَبَتِهِ شَاةٌ لَهَا ثُغَاءٌ، يَقُولُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي’، فَأَقُولُ: ‘لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا، قَدْ أَبْلَغْتُكَ’، لَا أُلْفِيَنَّ أَحَدَكُمْ يَجِيءُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى رَقَبَتِهِ نَفْسٌ لَهَا صِيَاحٌ، فَيَقُولُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي’، فَأَقُولُ: ‘لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا، قَدْ أَبْلَغْتُكَ’، لَا أُلْفِيَنَّ أَحَدَكُمْ يَجِيءُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى رَقَبَتِهِ رِقَاعٌ تَخْفِقُ، فَيَقُولُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي’، فَأَقُولُ: ‘لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا، قَدْ أَبْلَغْتُكَ’، لَا أُلْفِيَنَّ أَحَدَكُمْ يَجِيءُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَى رَقَبَتِهِ صَامِتٌ، فَيَقُولُ: ‘يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَغِثْنِي’، فَأَقُولُ: ‘لَا أَمْلِكُ لَكَ شَيْئًا، قَدْ أَبْلَغْتُكَ’”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) арамызда орнынан тұрып, олжаны жасырын иемдену жайында сөз қозғады. Оның аса ауыр күнә екенін айтып, бұл істің қаншалықты қатерлі екенін айрықша ескертті. Содан кейін: “Қиямет күні араларыңнан біреу мойнына боздаған түйе артып келіп: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем беріңіз!’ – демесін. Сонда мен оған: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған жеткізген едім’, – деймін. Қиямет күні араларыңнан біреу мойнына кісінеген жылқы артып келіп: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем беріңіз!’ – демесін. Сонда мен оған: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған жеткізген едім’, – деймін. Қиямет күні араларыңнан біреу мойнына маңыраған қой артып келіп: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем беріңіз!’ – демесін. Сонда мен оған: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған жеткізген едім’, – деймін. Қиямет күні араларыңнан біреу мойнына айқайлаған адамды көтеріп келіп: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем беріңіз!’ – демесін. Сонда мен оған: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған жеткізген едім’, – деймін. Қиямет күні араларыңнан біреу мойнына желбіреген шүберектер артып келіп: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем беріңіз!’ – демесін. Сонда мен оған: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған жеткізген едім’, – деймін. Қиямет күні араларыңнан біреу мойнына алтын-күміс артып келіп: ‘Уа, Расулалла! Маған жәрдем беріңіз!’ – демесін. Сонда мен оған: ‘Саған ешқандай жәрдем бере алмаймын. Мен саған жеткізген едім’, – деймін”, – деді» (1831/24).

بَابٌ: مَا كَتَمَ الْأُمَرَاءُ فَهُوَ غُلُولٌ

14-бапБасшылардың жасырып қалған мүлкі – жымқырылған мүлік

1214
Мүслим, № 1214

عَنْ عَدِيِّ بْنِ عَمِيرَةَ الْكِنْدِيِّ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “مَنِ اِسْتَعْمَلْنَاهُ مِنْكُمْ عَلَى عَمَلٍ، فَكَتَمَنَا مِخْيَطًا فَمَا فَوْقَهُ، كَانَ غُلُولًا يَأْتِي بِهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ”. قَالَ: فَقَامَ إِلَيْهِ رَجُلٌ أَسْوَدُ مِنَ الْأَنْصَارِ كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَيْهِ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، اِقْبَلْ عَنِّي عَمَلَكَ”. قَالَ: “وَمَا لَكَ؟” قَالَ: “سَمِعْتُكَ تَقُولُ: ‘كَذَا وَكَذَا’”. قَالَ: “وَأَنَا أَقُولُهُ الْآنَ: مَنِ اِسْتَعْمَلْنَاهُ مِنْكُمْ عَلَى عَمَلٍ، فَلْيَجِئْ بِقَلِيلِهِ وَكَثِيرِهِ، فَمَا أُوتِيَ مِنْهُ أَخَذَ، وَمَا نُهِيَ عَنْهُ اِنْتَهَى”».

Қазақша аудармасы

Ади ибн Умәйра әл-Кинди былай деді: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Араларыңнан біреуді қандай да бір қызметке тағайындасақ, ол бізден бір инені немесе одан да бағалы нәрсені жасырса, оның жасырғаны жымқырылған мүлік саналып, оны Қиямет күні алып келеді”, – дегенін естідім. Сонда ансарлардан бір қара нәсілді кісі орнынан тұрды. Ол әлі де көз алдымда тұрғандай. Әлгі кісі: “Уа, Алла Елшісі! Маған жүктеген қызметіңізді қайтарып алыңыз”, – деді. Ол (с.а.с.): “Саған не болды?” – деп сұрады. Әлгі кісі: “Сіздің осылай-осылай дегеніңізді естідім”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Мен қазір де сол сөзді айтамын. Араларыңнан біреуді қандай да бір қызметке тағайындасақ, ол азын да, көбін де түгел әкелсін. Одан өзіне берілгенін алсын, ал тыйым салынғанынан тыйылсын”, – деді» (1833/30).

بَابٌ: فِي هَدَايَا الْأُمَرَاءِ

15-бапБасшыларға берілетін сыйлықтар туралы

1215
Мүслим, № 1215

عَنْ أَبِي حُمَيْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «اِسْتَعْمَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا مِنَ الْأَسْدِ عَلَى صَدَقَاتِ بَنِي سُلَيْمٍ، يُدْعَى ابْنَ اللُّتْبِيَّةِ، فَلَمَّا جَاءَ حَاسَبَهُ، قَالَ: “هَذَا مَالُكُمْ، وَهَذَا هَدِيَّةٌ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “فَهَلَّا جَلَسْتَ فِي بَيْتِ أَبِيكَ وَأُمِّكَ حَتَّى تَأْتِيَكَ هَدِيَّتُكَ إِنْ كُنْتَ صَادِقًا؟” ثُمَّ خَطَبَنَا، فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: “أَمَّا بَعْدُ، فَإِنِّي أَسْتَعْمِلُ الرَّجُلَ مِنْكُمْ عَلَى الْعَمَلِ مِمَّا وَلَّانِي اللَّهُ، فَيَأْتِي فَيَقُولُ: ‘هَذَا مَالُكُمْ، وَهَذَا هَدِيَّةٌ أُهْدِيَتْ لِي’، أَفَلَا جَلَسَ فِي بَيْتِ أَبِيهِ وَأُمِّهِ حَتَّى تَأْتِيَهُ هَدِيَّتُهُ إِنْ كَانَ صَادِقًا؟ وَاللَّهِ، لَا يَأْخُذُ أَحَدٌ مِنْكُمْ مِنْهَا شَيْئًا بِغَيْرِ حَقِّهِ إِلَّا لَقِيَ اللَّهَ تَعَالَى يَحْمِلُهُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَلَأَعْرِفَنَّ أَحَدًا مِنْكُمْ لَقِيَ اللَّهَ يَحْمِلُ بَعِيرًا لَهُ رُغَاءٌ، أَوْ بَقَرَةً لَهَا خُوَارٌ، أَوْ شَاةً تَيْعَرُ”. ثُمَّ رَفَعَ يَدَيْهِ حَتَّى رُئِيَ بَيَاضُ إِبْطَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: “اللَّهُمَّ هَلْ بَلَّغْتُ؟” بَصُرَ عَيْنِي، وَسَمِعَ أُذُنِي».

Қазақша аудармасы

Әбу Хумәйд әс-Сағиди (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Әсд тайпасынан шыққан, Ибн әл-Лутбия деп аталатын бір адамды Бәну Сүләймнің зекетін жинауға тағайындады. Ол қайтып келгенде, Алла Елшісі (с.а.с.) одан есеп алды. Сонда ол: “Мынау – сендердің мал-мүліктерің, ал мынау – сыйлық”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: “Егер сөзің рас болса, әкең мен анаңның үйінде отырып, сыйлығыңның өзіңе келуін неге күтпедің?” – деді. Содан кейін бізге құтпа айтты. Алланы мадақтап, Оны дәріптегеннен кейін: “Ал енді! Мен сендердің араларыңнан бір адамды Алла маған басқаруды тапсырған істердің бірін атқаруға тағайындаймын. Ол қайтып келіп: ‘Мынау – сендердің мал-мүліктерің, ал мынау – маған берілген сыйлық’, – дейді. Егер сөзі рас болса, ол әкесі мен анасының үйінде отырып, сыйлығының өзіне келуін неге күтпеді? Алламен ант етемін, араларыңнан кімде-кім одан өзіне тиесілі болмаған бір нәрсені алса, Қиямет күні оны мойнына көтерген күйі Алла Тағалаға жолығады. Араларыңнан кім Аллаға мойнына боздаған түйе, мөңіреген сиыр немесе маңыраған қой көтерген күйі жолықса, оны сөзсіз танимын!” – деді. Содан кейін қолтықтарының ағы көрінгенше екі қолын көтеріп: “Уа, Алла! Мен жеткіздім бе?” – деді. Мұны көзім көріп, құлағым естіді» (1832/27).

بَابٌ: مُبَايَعَةُ النَّبِيِّ ﷺ تَحْتَ الشَّجَرَةِ عَلَى تَرْكِ الْفِرَارِ

16-бапАғаш түбінде Пайғамбарға (с.а.с.) шайқастан қашпауға серт беру туралы

1216
Мүслим, № 1216Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةِ أَلْفًا وَأَرْبَعَ مِائَةٍ، فَبَايَعْنَاهُ وَعُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ آخِذٌ بِيَدِهِ تَحْتَ الشَّجَرَةِ، وَهِيَ سَمُرَةٌ». وَقَالَ: «بَايَعْنَاهُ عَلَى أَنْ لَا نَفِرَّ، وَلَمْ نُبَايِعْهُ عَلَى الْمَوْتِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Хұдайбия күні біз мың төрт жүз адам едік. Ағаштың түбінде Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) қолынан ұстап тұрған кезде, біз оған бәйғат бердік. Бұл сәмура ағашы болатын». Жәбир сөзін жалғап: «Біз оған қашпауға бәйғат бердік. Өлімге бәйғат берген жоқпыз», – деді (1856/67).

1217
Мүслим, № 1217

عَنْ سَالِمِ بْنِ أَبِي الْجَعْدِ، قَالَ: «سَأَلْتُ جَابِرَ بْنَ عَبْدِ اللَّهِ عَنْ أَصْحَابِ الشَّجَرَةِ، فَقَالَ: “لَوْ كُنَّا مِائَةَ أَلْفٍ لَكَفَانَا، كُنَّا أَلْفًا وَخَمْسَ مِائَةٍ”».

Қазақша аудармасы

Сәлим ибн Әбул-Жағд былай деді: «Мен Жәбир ибн Абдулладан ағаш түбінде бәйғат берген сахабалар туралы сұрадым. Ол: “Егер жүз мың адам болғанымызда да, құдықтың суы бәрімізге жетер еді. Біз мың бес жүз адам едік”, – деді» (1856/72).

1218
Мүслим, № 1218Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى، قَالَ: «كَانَ أَصْحَابُ الشَّجَرَةِ أَلْفًا وَثَلَاثَ مِائَةٍ، وَكَانَتْ أَسْلَمُ ثُمْنَ الْمُهَاجِرِينَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфа: «Ағаш түбінде бәйғат берген сахабалар мың үш жүз адам еді. Ал Әсләм тайпасының адамдары мұһажирлердің сегізден бірін құрайтын», – деді (1857/75).

بَابٌ: الْمُبَايَعَةُ عَلَى الْمَوْتِ

17-бапӨлімге дейін шайқасуға серт беру туралы

1219
Мүслим, № 1219

عَنْ يَزِيدَ بْنِ أَبِي عُبَيْدٍ، قَالَ: «قُلْتُ لِسَلَمَةَ: “عَلَى أَيِّ شَيْءٍ بَايَعْتُمْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةِ؟” قَالَ: “عَلَى الْمَوْتِ”».

Қазақша аудармасы

Язид ибн Әбу Убайд былай деді: «Мен Сәләмәдан: “Хұдайбия күні Алла Елшісіне (с.а.с.) қандай іске серт бердіңдер?” – деп сұрадым. Ол: “Өлімге дейін шайқасуға”, – деді» (1860/80).

بَابٌ: الْمُبَايَعَةُ عَلَى السَّمْعِ وَالطَّاعَةِ فِيمَا اِسْتَطَاعَ

18-бапШамасы келгенше басшының сөзін тыңдап, оған бағынуға серт беру туралы

1220
Мүслим, № 1220Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا نُبَايِعُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَلَى السَّمْعِ وَالطَّاعَةِ، يَقُولُ لَنَا: “فِيمَا اِسْتَطَعْتَ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Біз Алла Елшісіне (с.а.с.) тыңдап, бойсұнуға бәйғат беретінбіз. Ол бізге: “Шамаң жеткенше”, – дейтін» (1867/90).

بَابٌ: الْبَيْعَةُ عَلَى السَّمْعِ وَالطَّاعَةِ إِلَّا أَنْ يَرَوْا كُفْرًا بَوَاحًا

19-бапБасшыдан ашық күпірлік көрмейінше, оның сөзін тыңдап, оған бағынуға серт беру туралы

1221
Мүслим, № 1221

عَنْ جُنَادَةَ بْنِ أَبِي أُمَيَّةَ، قَالَ: «دَخَلْنَا عَلَى عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ وَهُوَ مَرِيضٌ، فَقُلْنَا: “حَدِّثْنَا، أَصْلَحَكَ اللَّهُ، بِحَدِيثٍ يَنْفَعُ اللَّهُ بِهِ سَمِعْتَهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. فَقَالَ: “دَعَانَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَبَايَعْنَاهُ، فَكَانَ فِيمَا أَخَذَ عَلَيْنَا: أَنْ بَايَعَنَا عَلَى السَّمْعِ وَالطَّاعَةِ فِي مَنْشَطِنَا وَمَكْرَهِنَا، وَعُسْرِنَا وَيُسْرِنَا، وَأَثَرَةٍ عَلَيْنَا، وَأَنْ لَا نُنَازِعَ الْأَمْرَ أَهْلَهُ، قَالَ: ‘إِلَّا أَنْ تَرَوْا كُفْرًا بَوَاحًا عِنْدَكُمْ مِنَ اللَّهِ فِيهِ بُرْهَانٌ’”».

Қазақша аудармасы

Жунада ибн Әбу Умәйя былай деді: «Біз науқастанып жатқан Убада ибн әс-Самиттің қасына кіріп: “Алла хәліңізді оңдасын! Бізге Алла Елшісінен (с.а.с.) естіген, Алла бізге пайдасын тигізер бір хадис айтып беріңіз”, – дедік. Ол: “Алла Елшісі (с.а.с.) бізді шақырғанда, оған бәйғат бердік. Оның бізден алған серті бойынша, көңіліміз қалағанда да, қаламағанда да, қиындықта да, жеңілдікте де, өзгелерге біздің есебімізден артықшылық берілген кезде де тыңдап, бойсұнуға әрі билік иелерінің билігіне таласпауға бәйғат бердік. Пайғамбар (с.а.с.): ‘Тек Алладан келген айқын дәлелі бар ашық күпірлікті көрсеңдер ғана басқа’, – деді”, – деді» (1709/42).

بَابٌ: اِمْتِحَانُ الْمُؤْمِنَاتِ إِذَا هَاجَرْنَ عِنْدَ الْمُبَايَعَةِ

20-бапҺижрет жасап келген мүмін әйелдерді серт беру кезінде сынау туралы

1222
Мүслим, № 1222Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَتْ: «كَانَتِ الْمُؤْمِنَاتُ إِذَا هَاجَرْنَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يُمْتَحَنَّ بِقَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ إِذَا جَاءَكَ الْمُؤْمِنَاتُ يُبَايِعْنَكَ عَلَى أَنْ لَا يُشْرِكْنَ بِاللَّهِ شَيْئًا وَلَا يَسْرِقْنَ وَلَا يَزْنِينَ﴾ [الْمُمْتَحَنَةِ: ١٢] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ». قَالَتْ عَائِشَةُ: «فَمَنْ أَقَرَّ بِهَذَا مِنَ الْمُؤْمِنَاتِ، فَقَدْ أَقَرَّ بِالْمِحْنَةِ. وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَقْرَرْنَ بِذَلِكَ مِنْ قَوْلِهِنَّ، قَالَ لَهُنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “اِنْطَلِقْنَ، فَقَدْ بَايَعْتُكُنَّ”، وَلَا، وَاللَّهِ، مَا مَسَّتْ يَدُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَدَ اِمْرَأَةٍ قَطُّ، غَيْرَ أَنَّهُ يُبَايِعُهُنَّ بِالْكَلَامِ». قَالَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا: «وَاللَّهِ، مَا أَخَذَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَلَى النِّسَاءِ قَطُّ إِلَّا بِمَا أَمَرَهُ اللَّهُ تَعَالَى، وَمَا مَسَّتْ كَفُّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ كَفَّ اِمْرَأَةٍ قَطُّ، وَكَانَ يَقُولُ لَهُنَّ إِذَا أَخَذَ عَلَيْهِنَّ: “قَدْ بَايَعْتُكُنَّ” كَلَامًا».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айша (р.а.) былай деді: «Мүмін әйелдер Алла Елшісіне (с.а.с.) һижрет етіп келгенде, Алла Тағаланың мына сөзімен сыналатын: “Уа, пайғамбар! Жаңадан иман келтірген әйелдер алдыңа келіп: Аллаға ешкімді һәм еш нәрсені серік етіп қоспау, ұрлық-қарлыққа бармау, зина жасамау, балаларын өлтірмеу, бөтен баланы немесе басқа біреуден тапқан баласын күйеуіне теліп өтірік айтпау, бірде-бір игі істе саған қарсы келмеу мәселелерінде саған ант бергілері келсе, анттарын қабылда һәм олар үшін Алладан кешірім тіле! Өйткені Алла – Ғафур (өте кешірімді) әрі Рахим (ерекше мейірімді)!” («Мумтахина», 12). Осыны мойындаған әрбір мүмін әйел сынақтың шарттарын қабылдаған болып есептелетін. Олар мұны сөзбен мойындаған кезде, Алла Елшісі (с.а.с.) оларға: “Бара беріңдер, серттеріңді қабыл алдым”, – дейтін. Алламен ант етемін! Алла Елшісінің (с.а.с.) қолы ешқашан бөтен әйелдің қолына тиген емес. Ол олардың сертін тек сөз жүзінде қабылдайтын. Алламен ант етемін! Алла Елшісі (с.а.с.) әйелдерден Алла Тағала бұйырған шарттардан басқа ешбір шарт алған емес. Алла Елшісінің (с.а.с.) алақаны ешқашан бөтен әйелдің алақанына тиген емес. Ол әйелдерден серт алған кезде оларға ауызша: “Серттеріңді қабыл алдым”, – дейтін» (1866/88).

بَابٌ: طَاعَةُ الْإِمَامِ

21-бапБасшыға бағыну туралы

1223
Мүслим, № 1223Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، قَالَ: «مَنْ أَطَاعَنِي فَقَدْ أَطَاعَ اللَّهَ، وَمَنْ يَعْصِنِي فَقَدْ عَصَى اللَّهَ، وَمَنْ يُطِعِ أَمِيرِي فَقَدْ أَطَاعَنِي، وَمَنْ يَعْصِ أَمِيرِي فَقَدْ عَصَانِي».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Кім маған бағынса, расында, Аллаға бағынған болады. Ал кім маған қарсы келсе, расында, Аллаға қарсы келген болады. Кім мен тағайындаған басшыға бағынса, расында, маған бағынған болады. Ал кім мен тағайындаған басшыға қарсы келсе, расында, маған қарсы келген болады» (1835/32).

بَابٌ: السَّمْعُ وَالطَّاعَةُ لِمَنْ عَمِلَ بِكِتَابِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ

22-бапҰлы әрі Құдіретті Алланың Кітабына сай әрекет ететін басшының сөзін тыңдап, оған бағыну туралы

1224
Мүслим, № 1224

عَنْ يَحْيَى بْنِ حُصَيْنٍ، عَنْ جَدَّتِهِ أُمِّ الْحُصَيْنِ، قَالَ: سَمِعْتُهَا تَقُولُ: «حَجَجْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَجَّةَ الْوَدَاعِ». قَالَتْ: «فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَوْلًا كَثِيرًا، ثُمَّ سَمِعْتُهُ يَقُولُ: “إِنْ أُمِّرَ عَلَيْكُمْ عَبْدٌ مُجَدَّعٌ”» (حَسِبْتُهَا قَالَتْ: «أَسْوَدُ») «“يَقُودُكُمْ بِكِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى، فَاسْمَعُوا لَهُ وَأَطِيعُوا”».

Қазақша аудармасы

Яхия ибн Хусайн әжесі Үммі Хусайнның былай дегенін естіген: «Мен Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Қоштасу қажылығына бардым. Ол (с.а.с.) көп нәрсе айтты. Содан кейін оның (с.а.с.): “Егер сендерге дене мүшесі кесілген бір құл басшы болып тағайындалып, Алла Тағаланың Кітабына сай басшылық етсе, оны тыңдап, оған бағыныңдар”, – дегенін естідім». Риуаятшы: «Ол “қара нәсілді” деп айтқан сияқты», – деді (1838/37).

بَابٌ: لَا طَاعَةَ فِي مَعْصِيَةِ اللَّهِ إِنَّمَا الطَّاعَةُ فِي الْمَعْرُوفِ

23-бапАллаға қарсы келетін күнәлі істе ешкімге бағынуға болмайды; бағыну тек дұрыс істе болады

1225
Мүслим, № 1225Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ جَيْشًا، وَأَمَّرَ عَلَيْهِمْ رَجُلًا، فَأَوْقَدَ نَارًا، وَقَالَ: «اُدْخُلُوهَا»، فَأَرَادَ نَاسٌ أَنْ يَدْخُلُوهَا، وَقَالَ الْآخَرُونَ: «إِنَّمَا فَرَرْنَا مِنْهَا»، فَذُكِرَ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ لِلَّذِينَ أَرَادُوا أَنْ يَدْخُلُوهَا: «لَوْ دَخَلْتُمُوهَا لَمْ تَزَالُوا فِيهَا إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ». وَقَالَ لِلْآخَرِينَ قَوْلًا حَسَنًا، وَقَالَ: «لَا طَاعَةَ فِي مَعْصِيَةِ اللَّهِ، إِنَّمَا الطَّاعَةُ فِي الْمَعْرُوفِ».

Қазақша аудармасы

Әлидің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) бір әскер жіберіп, оларға бір кісіні басшы етіп тағайындады. Әлгі басшы от жақты да: «Оған кіріңдер», – деді. Кейбіреулер отқа кірмек болды, ал өзгелері: «Біз одан қашып құтылған едік қой», – деді. Бұл жағдай Алла Елшісіне (с.а.с.) айтылғанда, ол отқа кірмек болғандарға: «Егер оған кіргендеріңде, Қиямет күніне дейін одан шықпас едіңдер», – деді. Ал отқа кіруден бас тартқандарға жақсы сөз айтып: «Аллаға қарсы келетін істе бойсұну жоқ. Бойсұну тек игілікті істе ғана болады», – деді (1840/39).

بَابٌ: إِذَا أُمِرَ بِمَعْصِيَةٍ فَلَا سَمْعَ وَلَا طَاعَةَ

24-бапКүнәлі іс жасау бұйырылса, мұндай бұйрықты тыңдау да, оған бағыну да жоқ

1226
Мүслим, № 1226Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، أَنَّهُ قَالَ: «عَلَى الْمَرْءِ الْمُسْلِمِ السَّمْعُ وَالطَّاعَةُ فِيمَا أَحَبَّ وَكَرِهَ، إِلَّا أَنْ يُؤْمَرَ بِمَعْصِيَةٍ، فَإِنْ أُمِرَ بِمَعْصِيَةٍ، فَلَا سَمْعَ وَلَا طَاعَةَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Мұсылман адам өзіне ұнайтын да, ұнамайтын да істе басшысын тыңдап, оған бойсұнуға міндетті. Бірақ күнә жасау бұйырылса, бұл міндеттен босайды. Егер күнә жасау бұйырылса, онда тыңдау да, бойсұну да жоқ» (1839/38).

بَابٌ: طَاعَةُ الْأُمَرَاءِ وَإِنْ مَنَعُوا الْحُقُوقَ

25-бапБасшылар тиесілі құқықтарды бермесе де, оларға бағыну туралы

1227
Мүслим, № 1227

عَنْ وَائِلٍ الْحَضْرَمِيِّ، قَالَ: «سَأَلَ سَلَمَةُ بْنُ يَزِيدَ الْجُعْفِيُّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “يَا نَبِيَّ اللَّهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ قَامَتْ عَلَيْنَا أُمَرَاءُ يَسْأَلُونَّا حَقَّهُمْ وَيَمْنَعُونَّا حَقَّنَا، فَمَا تَأْمُرُنَا؟” فَأَعْرَضَ عَنْهُ، ثُمَّ سَأَلَهُ، فَأَعْرَضَ عَنْهُ، ثُمَّ سَأَلَهُ فِي الثَّانِيَةِ أَوْ فِي الثَّالِثَةِ، فَجَذَبَهُ الْأَشْعَثُ بْنُ قَيْسٍ، وَقَالَ: “اِسْمَعُوا وَأَطِيعُوا، فَإِنَّمَا عَلَيْهِمْ مَا حُمِّلُوا، وَعَلَيْكُمْ مَا حُمِّلْتُمْ”». وَفِي رِوَايَةٍ: قَالَ: فَجَذَبَهُ الْأَشْعَثُ بْنُ قَيْسٍ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «اِسْمَعُوا وَأَطِيعُوا، فَإِنَّمَا عَلَيْهِمْ مَا حُمِّلُوا، وَعَلَيْكُمْ مَا حُمِّلْتُمْ».

Қазақша аудармасы

Уаил әл-Хадрамидің айтуынша, Сәләмә ибн Язид әл-Жуғфи Алла Елшісінен (с.а.с.): «Уа, Алланың Пайғамбары! Айтыңызшы, егер бізге өз ақыларын талап етіп, ал біздің ақымызды бермейтін әміршілер билік етсе, бізге не істеуді бұйырасыз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.) одан теріс бұрылды. Сәләмә сұрағын қайталады, бірақ ол (с.а.с.) одан тағы да теріс бұрылды. Сәләмә екінші немесе үшінші рет сұрағын қайта қойған кезде, әл-Әшғас ибн Қайс оны тартып қалды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Тыңдаңдар және бойсұныңдар. Өйткені оларға жүктелген міндет – өздерінің мойнында, ал сендерге жүктелген міндет – сендердің мойындарыңда», – деді. Өзге риуаятта: «Әл-Әшғас ибн Қайс оны тартып қалды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Тыңдаңдар және бойсұныңдар. Өйткені оларға жүктелген міндет – өздерінің мойнында, ал сендерге жүктелген міндет – сендердің мойындарыңда”, – деді», – делінген (1846/49–50).

بَابٌ: فِي خِيَارِ الْأَئِمَّةِ وَشِرَارِهِمْ

26-бапБасшылардың ең жақсылары мен ең жамандары туралы

1228
Мүслим, № 1228Риуаят етуші: Ауф ибн Мәлик

عَنْ عَوْفِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، قَالَ: «خِيَارُ أَئِمَّتِكُمُ الَّذِينَ تُحِبُّونَهُمْ وَيُحِبُّونَكُمْ، وَيُصَلُّونَ عَلَيْكُمْ وَتُصَلُّونَ عَلَيْهِمْ، وَشِرَارُ أَئِمَّتِكُمُ الَّذِينَ تُبْغِضُونَهُمْ وَيُبْغِضُونَكُمْ، وَتَلْعَنُونَهُمْ وَيَلْعَنُونَكُمْ»، قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا نُنَابِذُهُمْ بِالسُّيُوفِ؟» فَقَالَ: «لَا، مَا أَقَامُوا فِيكُمُ الصَّلَاةَ، وَإِذَا رَأَيْتُمْ مِنْ وُلَاتِكُمْ شَيْئًا تَكْرَهُونَهُ، فَاكْرَهُوا عَمَلَهُ، وَلَا تَنْزِعُوا يَدًا مِنْ طَاعَةٍ».

Қазақша аудармасы

Ауф ибн Мәлик (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Басшыларыңның ең жақсылары – сендер жақсы көретін әрі сендерді де жақсы көретін, сендер олар үшін дұға ететін әрі олар да сендер үшін дұға ететін басшылар. Ал басшыларыңның ең жамандары – сендер жек көретін әрі сендерді де жек көретін, сендер оларға лағынет айтатын әрі олар да сендерге лағынет айтатын басшылар». Одан: «Уа, Расулалла! Ондайларға қылышпен қарсы шықпаймыз ба?» – деп сұралды. Ол (с.а.с.): «Жоқ, олар араларыңда намазды орындап тұрған кезде қарсы шықпаңдар. Басшыларыңнан өздерің жек көретін бір істі көрсеңдер, оның сол ісін жек көріңдер, бірақ бойсұнудан қол үзбеңдер», – деді (1855/65).

بَابٌ: فِي الْإِنْكَارِ عَلَى الْأُمَرَاءِ وَتَرْكِ قِتَالِهِمْ مَا صَلَّوْا

27-бапБасшылардың теріс істерін айыптау және олар намаз оқып жүргенше, оларға қарсы соғыспау туралы

1229
Мүслим, № 1229Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «إِنَّهُ يُسْتَعْمَلُ عَلَيْكُمْ أُمَرَاءُ، فَتَعْرِفُونَ وَتُنْكِرُونَ، فَمَنْ كَرِهَ فَقَدْ بَرِئَ، وَمَنْ أَنْكَرَ فَقَدْ سَلِمَ، وَلَكِنْ مَنْ رَضِيَ وَتَابَعَ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا نُقَاتِلُهُمْ؟» قَالَ: «لَا، مَا صَلَّوْا»، أَيْ: مَنْ كَرِهَ بِقَلْبِهِ وَأَنْكَرَ بِقَلْبِهِ.

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Үммі Сәләма (р.а.) оның мына сөзін жеткізді: «Сендерге әміршілер тағайындалады. Сонда сендер олардың кейбір істерінің дұрыс екенін танып, кейбір істерін терістейсіңдер. Кім олардың теріс ісін жақтырмаса, жауапкершіліктен арылады. Кім терістесе, аман қалады. Бірақ оған разы болып, соңынан ерген адам бұған жатпайды». Адамдар: «Уа, Расулалла! Ендеше, олармен соғыспаймыз ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Жоқ, олар намаз оқып жүрген кезде соғыспаңдар», – деді. Яғни мұнда оны жүрегімен жақтырмаған әрі жүрегімен терістеген адам меңзелген (1854/63).

بَابٌ: الْأَمْرُ بِالصَّبْرِ عِنْدَ الْأَثَرَةِ

28-бапБіреулерге артықшылық берілгенде сабыр етуді бұйыру туралы

1230
Мүслим, № 1230Риуаят етуші: Усәйд ибн Худайр

عَنْ أُسَيْدِ بْنِ حُضَيْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ خَلَا بِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «أَلَا تَسْتَعْمِلُنِي كَمَا اِسْتَعْمَلْتَ فُلَانًا؟» فَقَالَ: «إِنَّكُمْ سَتَلْقَوْنَ بَعْدِي أَثَرَةً، فَاصْبِرُوا حَتَّى تَلْقَوْنِي عَلَى الْحَوْضِ».

Қазақша аудармасы

Усәйд ибн Худайрдың (р.а.) айтуынша, ансарлардың бір адамы Алла Елшісімен (с.а.с.) оңаша қалып: «Пәленшені қызметке тағайындағаныңыздай, мені де тағайындамайсыз ба?» – деп сұрады. Сонда ол (с.а.с.): «Расында, менен кейін сендерден гөрі өзгелерге артықшылық берілетінін көресіңдер. Сондықтан Хауыздың басында маған жолыққанға дейін сабыр етіңдер», – деді (1845/48).

بَابٌ: الْأَمْرُ بِلُزُومِ الْجَمَاعَةِ عِنْدَ ظُهُورِ الْفِتَنِ

29-бапБүліктер туындағанда жамағаттан ажырамауды бұйыру туралы

1231
Мүслим, № 1231Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ بْنِ الْيَمَانِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ النَّاسُ يَسْأَلُونَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْخَيْرِ، وَكُنْتُ أَسْأَلُهُ عَنِ الشَّرِّ مَخَافَةَ أَنْ يُدْرِكَنِي، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا كُنَّا فِي جَاهِلِيَّةٍ وَشَرٍّ، فَجَاءَنَا اللَّهُ بِهَذَا الْخَيْرِ، فَهَلْ بَعْدَ هَذَا الْخَيْرِ شَرٌّ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. فَقُلْتُ: “هَلْ بَعْدَ ذَلِكَ الشَّرِّ مِنْ خَيْرٍ؟” قَالَ: “نَعَمْ، وَفِيهِ دَخَنٌ”. قُلْتُ: “وَمَا دَخَنُهُ؟” قَالَ: “قَوْمٌ يَسْتَنُّونَ بِغَيْرِ سُنَّتِي، وَيَهْتَدُونَ بِغَيْرِ هَدْيِي، تَعْرِفُ مِنْهُمْ وَتُنْكِرُ”. فَقُلْتُ: “هَلْ بَعْدَ ذَلِكَ الْخَيْرِ مِنْ شَرٍّ؟” قَالَ: “نَعَمْ، دُعَاةٌ عَلَى أَبْوَابِ جَهَنَّمَ، مَنْ أَجَابَهُمْ إِلَيْهَا قَذَفُوهُ فِيهَا”. فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، صِفْهُمْ لَنَا”. قَالَ: “نَعَمْ، هُمْ قَوْمٌ مِنْ جِلْدَتِنَا، وَيَتَكَلَّمُونَ بِأَلْسِنَتِنَا”. قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَمَا تَرَى إِنْ أَدْرَكَنِي ذَلِكَ؟” قَالَ: “تَلْزَمُ جَمَاعَةَ الْمُسْلِمِينَ وَإِمَامَهُمْ”. فَقُلْتُ: “فَإِنْ لَمْ تَكُنْ لَهُمْ جَمَاعَةٌ وَلَا إِمَامٌ؟” قَالَ: “فَاعْتَزِلْ تِلْكَ الْفِرَقَ كُلَّهَا، وَلَوْ أَنْ تَعَضَّ عَلَى أَصْلِ شَجَرَةٍ حَتَّى يُدْرِكَكَ الْمَوْتُ وَأَنْتَ عَلَى ذَلِكَ”».

Қазақша аудармасы

Хузайфа ибн әл-Яман (р.а.) былай деді: «Адамдар Алла Елшісінен (с.а.с.) жақсылық туралы сұрайтын, ал мен жамандыққа тап болып қалудан қорқып, одан жамандық туралы сұрайтынмын. Мен: “Уа, Расулалла! Біз жәһилиет пен жамандықтың ішінде едік. Алла бізге осы игілікті әкелді. Осы игіліктен кейін жамандық бола ма?” – деп сұрадым. Ол: “Иә”, – деді. Мен: “Сол жамандықтан кейін қайтадан игілік бола ма?” – деп сұрадым. Ол: “Иә, бірақ оған бір бұлыңғырлық араласады”, – деді. Мен: “Оның бұлыңғырлығы неде?” – деп сұрадым. Ол: “Менің сүннетімнен өзге жолды ұстанып, менің тура жолымнан басқа жолмен жүретін адамдар шығады. Олардың кейбір істерін мақұлдап, кейбірін теріске шығарасың”, – деді. Мен: “Осы игіліктен кейін тағы да жамандық бола ма?” – деп сұрадым. Ол: “Иә. Жәһаннам қақпаларының алдында тұрып шақыратын адамдар болады. Кім олардың шақыруына жауап берсе, оны Жәһаннамға тастайды”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Оларды бізге сипаттап беріңізші”, – дедім. Ол: “Иә. Олар өз арамыздан шығып, өз тілімізде сөйлейді”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Егер сол заманға жетсем, маған не істеуді ұсынасыз?” – деп сұрадым. Ол: “Мұсылмандардың жамағаты мен олардың имамынан ажырама”, – деді. Мен: “Ал олардың жамағаты да, имамы да болмаса ше?” – деп сұрадым. Ол: “Ондай топтардың барлығынан аулақ бол. Тіпті ағаштың тамырын тістеп ұстауға тура келсе де, ажал жеткенше сол күйіңнен айныма”, – деді» (1847/51).

بَابٌ: فِيمَنْ خَرَجَ مِنَ الطَّاعَةِ وَفَارَقَ الْجَمَاعَةَ

30-бапБағынудан бас тартып, жамағаттан бөлінген адам туралы

1232
Мүслим, № 1232Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مَنْ خَرَجَ مِنَ الطَّاعَةِ، وَفَارَقَ الْجَمَاعَةَ فَمَاتَ، مَاتَ مِيتَةً جَاهِلِيَّةً، وَمَنْ قَاتَلَ تَحْتَ رَايَةٍ عِمِّيَّةٍ يَغْضَبُ لِعَصَبِيَّةٍ، أَوْ يَدْعُو إِلَى عَصَبَةٍ، أَوْ يَنْصُرُ عَصَبَةً، فَقُتِلَ، فَقِتْلَةٌ جَاهِلِيَّةٌ، وَمَنْ خَرَجَ عَلَى أُمَّتِي، يَضْرِبُ بَرَّهَا وَفَاجِرَهَا، وَلَا يَتَحَاشَى مِنْ مُؤْمِنِهَا، وَلَا يَفِي لِذِي عَهْدٍ عَهْدَهُ، فَلَيْسَ مِنِّي وَلَسْتُ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Кім бойсұнудан бас тартып, жамағаттан бөлініп, сол күйінде қайтыс болса, жәһилиет өлімімен өлген болады. Кім мақсаты беймәлім тудың астында соғысып, топшылдықпен өз тобы үшін ашуланса немесе өз тобына шақырса яки өз тобына жәрдем берсе және сол жолда өлтірілсе, оның өлімі – жәһилиет өлімі. Ал кім менің үмбетіме қарсы шығып, оның ізгісін де, күнәһарын да аямай шабуылдаса, мүмініне де аяушылық танытпаса әрі келісім жасасқан адаммен арадағы келісімді орындамаса, ол менен емес, мен де одан емеспін» (1848/53).

1233
Мүслим, № 1233

عَنْ نَافِعٍ، قَالَ: «جَاءَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مُطِيعٍ حِينَ كَانَ مِنْ أَمْرِ الْحَرَّةِ مَا كَانَ، زَمَنَ يَزِيدَ بْنِ مُعَاوِيَةَ، فَقَالَ: “اِطْرَحُوا لِأَبِي عَبْدِ الرَّحْمَنِ وِسَادَةً”. فَقَالَ: “إِنِّي لَمْ آتِكَ لِأَجْلِسَ، أَتَيْتُكَ لِأُحَدِّثَكَ حَدِيثًا سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُهُ: ‘مَنْ خَلَعَ يَدًا مِنْ طَاعَةٍ، لَقِيَ اللَّهَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ لَا حُجَّةَ لَهُ، وَمَنْ مَاتَ وَلَيْسَ فِي عُنُقِهِ بَيْعَةٌ، مَاتَ مِيتَةً جَاهِلِيَّةً’”».

Қазақша аудармасы

Нафиғ былай деді: «Язид ибн Мұғауияның тұсында Харра оқиғасы болған кезде, Абдулла ибн Омар Абдулла ибн Мұтиғтың қасына келді. Сонда Абдулла ибн Мұтиғ: “Әбу Абдуррахманға жастық төсеңдер”, – деді. Ибн Омар (р.а.): “Мен саған отыру үшін келген жоқпын. Алла Елшісінен (с.а.с.) өз құлағыммен естіген бір хадисті жеткізу үшін келдім. Ол (с.а.с.): ‘Кім бойсұнудан қол үзсе, Қиямет күні Аллаға ақталар уәжі болмай жолығады. Ал кім мойнында бәйғаты болмаған күйде қайтыс болса, жәһилиет өлімімен өледі’, – деген еді”, – деді» (1851/58).

بَابٌ: فِيمَنْ فَرَّقَ أَمْرَ الْأُمَّةِ وَهِيَ جَمِيعٌ

31-бапБірлігін сақтап отырған үмбеттің ынтымағын бұзған адам туралы

1234
Мүслим, № 1234

عَنْ عَرْفَجَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّهُ سَتَكُونُ هَنَاتٌ وَهَنَاتٌ، فَمَنْ أَرَادَ أَنْ يُفَرِّقَ أَمْرَ هَذِهِ الْأُمَّةِ وَهِيَ جَمِيعٌ، فَاضْرِبُوهُ بِالسَّيْفِ كَائِنًا مَنْ كَانَ”».

Қазақша аудармасы

Арфажа (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Расында, түрлі келеңсіз жағдайлар туындайды. Осы үмбет біртұтас болып тұрған кезде кімде-кім оның бірлігін бұзғысы келсе, кім болғанына қарамастан, оны қылышпен шабыңдар”, – дегенін естідім», – деді (1852/59).

بَابٌ: مَنْ حَمَلَ عَلَيْنَا السِّلَاحَ فَلَيْسَ مِنَّا

32-бапБізге қарсы қару көтерген адам бізден емес

1235
Мүслим, № 1235Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ حَمَلَ عَلَيْنَا السِّلَاحَ فَلَيْسَ مِنَّا، وَمَنْ غَشَّنَا فَلَيْسَ مِنَّا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кім бізге қарсы қару көтерсе, ол бізден емес. Кім бізді алдаса, ол бізден емес», – деді (101/164).

بَابٌ: الْأَمْرُ بِالِاعْتِصَامِ بِحَبْلِ اللَّهِ وَتَرْكِ التَّفَرُّقِ

33-бапАлланың жібіне берік жармасып, бөлінбеуді бұйыру туралы

1236
Мүслим, № 1236Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّ اللَّهَ يَرْضَى لَكُمْ ثَلَاثًا، وَيَكْرَهُ لَكُمْ ثَلَاثًا، فَيَرْضَى لَكُمْ: أَنْ تَعْبُدُوهُ، وَلَا تُشْرِكُوا بِهِ شَيْئًا، وَأَنْ تَعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعًا وَلَا تَفَرَّقُوا، وَيَكْرَهُ لَكُمْ: قِيلَ وَقَالَ، وَكَثْرَةَ السُّؤَالِ، وَإِضَاعَةَ الْمَالِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, Алла сендердің мына үш ісіңе разы болады және үш ісіңді жек көреді. Ол Өзіне құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік қоспауларыңа, барлығың бірге Алланың жібінен берік ұстап, бөлінбеулеріңе разы болады. Ал ‘пәлен айтты, түген айтты’ деп сөз таратуды, көп сұрақ қоюды және мал-мүлікті ысырап етуді жек көреді”, – деді» (1715/10).

بَابٌ: رَدُّ الْمُحْدَثَاتِ مِنَ الْأُمُورِ

34-бапДінге кейіннен енгізілген жаңалықтарды қабылдамау туралы

1237
Мүслим, № 1237

عَنْ سَعْدِ بْنِ إِبْرَاهِيمَ، قَالَ: «سَأَلْتُ الْقَاسِمَ بْنَ مُحَمَّدٍ عَنْ رَجُلٍ لَهُ ثَلَاثَةُ مَسَاكِنَ، فَأَوْصَى بِثُلُثِ كُلِّ مَسْكَنٍ مِنْهَا، قَالَ: “يُجْمَعُ ذَلِكَ كُلُّهُ فِي مَسْكَنٍ وَاحِدٍ”. ثُمَّ قَالَ: “أَخْبَرَتْنِي عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: ‘مَنْ عَمِلَ عَمَلًا لَيْسَ عَلَيْهِ أَمْرُنَا فَهُوَ رَدٌّ’”».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Ибраһим былай деді: «Мен Қасым ибн Мұхаммедтен үш үйі бар әрі әр үйінің үштен бір бөлігін өсиет еткен адам туралы сұрадым. Ол: “Өсиет етілген үлестердің бәрі бір үйдің есебінен беріледі”, – деді. Содан кейін: “Маған Айша (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Кім біздің ісімізге сай келмейтін бір амал істесе, ол қабылданбайды’, – дегенін хабарлады”, – деді» (1718/18).

بَابٌ: فِي الَّذِي يَأْمُرُ بِالْمَعْرُوفِ وَلَا يَفْعَلُهُ

35-бапЖақсылық жасауға бұйырып, өзі оны орындамайтын адам туралы

1238
Мүслим, № 1238Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: قِيلَ لَهُ: «أَلَا تَدْخُلُ عَلَى عُثْمَانَ فَتُكَلِّمَهُ؟» فَقَالَ: «أَتَرَوْنَ أَنِّي لَا أُكَلِّمُهُ إِلَّا أُسْمِعُكُمْ؟ وَاللَّهِ، لَقَدْ كَلَّمْتُهُ فِيمَا بَيْنِي وَبَيْنَهُ، مَا دُونَ أَنْ أَفْتَتِحَ أَمْرًا لَا أُحِبُّ أَنْ أَكُونَ أَوَّلَ مَنْ فَتَحَهُ، وَلَا أَقُولُ لِأَحَدٍ يَكُونُ عَلَيَّ أَمِيرًا: “إِنَّهُ خَيْرُ النَّاسِ” بَعْدَ مَا سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “يُؤْتَى بِالرَّجُلِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ، فَيُلْقَى فِي النَّارِ، فَتَنْدَلِقُ أَقْتَابُ بَطْنِهِ، فَيَدُورُ بِهَا كَمَا يَدُورُ الْحِمَارُ بِالرَّحَى، فَيَجْتَمِعُ إِلَيْهِ أَهْلُ النَّارِ، فَيَقُولُونَ: ‘يَا فُلَانُ، مَا لَكَ؟ أَلَمْ تَكُنْ تَأْمُرُ بِالْمَعْرُوفِ وَتَنْهَى عَنِ الْمُنْكَرِ؟’ فَيَقُولُ: ‘بَلَى، كُنْتُ آمُرُ بِالْمَعْرُوفِ وَلَا آتِيهِ، وَأَنْهَى عَنِ الْمُنْكَرِ وَآتِيهِ’”».

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйдтен (р.а.) жеткізілді. Оған: «Османның алдына кіріп, онымен сөйлеспейсің бе?» – делінді. Ол: «Сендер мен онымен тек сендерге естіртіп қана сөйлесемін деп ойлайсыңдар ма? Аллаға ант етейін, мен онымен оңаша сөйлестім. Бірақ өзім алғаш бастаушысы болғым келмейтін бүлікке жол ашпадым. Сондай-ақ Алла Елшісінің (с.а.с.): “Қиямет күні бір адам әкелініп, Тозаққа тасталады. Сонда оның ішектері сыртқа ақтарылып түседі де, ол соларды сүйреткен күйі диірмен тасын айналдырған есектей айнала береді. Тозақ тұрғындары оның айналасына жиналып: ‘Уа, пәленше! Саған не болды? Сен жұртты жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыйып жүретін едің ғой?’ – дейді. Ол: ‘Иә, мен жақсылыққа бұйыратынмын, бірақ оны өзім істемейтінмін. Жамандықтан тыятынмын, бірақ оны өзім жасайтынмын’, – дейді”, – дегенін естігеннен кейін, маған басшы болған ешбір адам туралы: “Ол – адамдардың ең жақсысы”, – деп айтпаймын», – деді (2989/51).