Хадис

Сахих Мүслим, № 1201

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
35. Басшылық кітабыكِتَابُ الْإِمَارَةِ
бап
5. Әрқайсың – қамқоршысың әрі әрқайсың өз қамқорлығыңдағы адамдар үшін жауаптысыңبَابٌ: كُلُّكُمْ رَاعٍ وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ
Нөмірі
№ 1201 (Мухтасар реті)
1201
Мүслим, № 1201Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «أَلَا كُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، فَالْأَمِيرُ الَّذِي عَلَى النَّاسِ رَاعٍ، وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ، وَالرَّجُلُ رَاعٍ عَلَى أَهْلِ بَيْتِهِ، وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْهُمْ، وَالْمَرْأَةُ رَاعِيَةٌ عَلَى بَيْتِ بَعْلِهَا وَوَلَدِهِ، وَهِيَ مَسْؤُولَةٌ عَنْهُمْ، وَالْعَبْدُ رَاعٍ عَلَى مَالِ سَيِّدِهِ وَهُوَ مَسْؤُولٌ عَنْهُ، أَلَا فَكُلُّكُمْ رَاعٍ، وَكُلُّكُمْ مَسْؤُولٌ عَنْ رَعِيَّتِهِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Біліп қойыңдар, әрқайсың – қамқоршысың әрі әрқайсың қарамағыңдағылар үшін жауаптысың. Адамдарға билік жүргізетін әмірші – қамқоршы әрі қарамағындағылар үшін жауапты. Ер адам – отбасының қамқоршысы әрі олар үшін жауапты. Әйел – күйеуінің үйі мен баласының қамқоршысы әрі олар үшін жауапты. Құл – қожайынының мал-мүлкіне қамқоршы әрі сол үшін жауапты. Біліп қойыңдар, әрқайсың – қамқоршысың әрі әрқайсың қарамағыңдағылар үшін жауаптысың» (1829/20).