Хадис

Сахих Мүслим, № 1211

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
35. Басшылық кітабыكِتَابُ الْإِمَارَةِ
бап
12. Қарамағындағы адамдарды алдап, оларға шынайы жанашырлық танытпаған басшы туралыبَابٌ: مَنْ غَشَّ رَعِيَّتَهُ وَلَمْ يَنْصَحْ لَهُمْ
Нөмірі
№ 1211 (Мухтасар реті)
1211
Мүслим, № 1211

عَنِ الْحَسَنِ، قَالَ: «عَادَ عُبَيْدُ اللَّهِ بْنُ زِيَادٍ مَعْقِلَ بْنَ يَسَارٍ الْمُزَنِيَّ فِي مَرَضِهِ الَّذِي مَاتَ فِيهِ، فَقَالَ مَعْقِلٌ: “إِنِّي مُحَدِّثُكَ حَدِيثًا سَمِعْتُهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، لَوْ عَلِمْتُ أَنَّ لِي حَيَاةً مَا حَدَّثْتُكَ، إِنِّي سَمِعْتُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: ‘مَا مِنْ عَبْدٍ يَسْتَرْعِيهِ اللَّهُ رَعِيَّةً، يَمُوتُ يَوْمَ يَمُوتُ وَهُوَ غَاشٌّ لِرَعِيَّتِهِ، إِلَّا حَرَّمَ اللَّهُ عَلَيْهِ الْجَنَّةَ’”».

Қазақша аудармасы

Әл-Хасан былай деді: «Убайдулла ибн Зияд Мағқил ибн Ясар әл-Музанидің қайтыс болар алдындағы науқасы кезінде көңілін сұрап барды. Сонда Мағқил: “Мен саған Алла Елшісінен (с.а.с.) естіген бір хадисті айтайын. Егер бұдан кейін де өмір сүретінімді білгенімде, оны саған айтпас едім. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Алла бір халықты басқаруды аманат еткен қандай да бір пенде сол халқына қиянат жасаған күйінде қайтыс болса, Алла оған Жәннатты харам етеді’, – дегенін естідім”, – деді» (142/21).