Хадис

Кутуб ситтә, № 5241

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
838. Қамис пен изар
Нөмірі
№ 5241 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
5241
Кутуб ситтә, № 5241 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «مَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي الْإِزَارِ فَهُوَ فِي الْقَمِيصِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла елшісінің (с.а.с.) изар жайында айтқаны қамиске де қатысты»1.

Түсіндірме

Изардың ұзындығына қатысты айтылған үкім қамиске де жүреді. Басқа хадисте: «Изарға да, қамиске де, сәлдеге де исбал қатысты. Кім соларды тәкаппарлықпен жерге сүйретсе, Қиямет күні Алла оған қарамайды», – делінген. «Исбал» – киімді шамадан тыс төмен түсіру.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Либас», 30-тарау, № 4095.