وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَنْظُرُ اللَّهُ إِلَى مَنْ جَرَّ ثَوْبَهُ خُيَلَاءَ. قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ إِزَارِي يَسْتَرْخِي إِلَّا أَنْ أَتَعَاهَدَهُ. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَسْتَ مِمَّنْ يَفْعَلُهُ خُيَلَاءَ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Алла киімін тәкаппарлықпен жерге сүйреткен адамға қарамайды”, – деді. Әбу Бәкір: “Уа, Алланың елшісі! Қадағаламасам, менің де изарымның етегі төмен сырғып кетеді”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Сен мұны тәкаппарлықпен істейтіндердің қатарынан емессің”, – деп жауап берді»1.
Түсіндірме
Хадисте киімнің етегін тәкаппарлықпен жерге сүйретуге тыйым салынған. Осы түсіндірмеге сай, мақтану не тәкаппарлану ниеті болмаса, мұндай киіс харам емес, мәкруһ саналады.
- 1Бұхари, «Либас», 1, 2, 5-тараулар, «Фазаилус-сахаба», 5-тарау, «Әдеп», 55-тарау. Мүслим, «Либас», № 2085. Әбу Дәуіт, «Либас», 28-тарау, № 4085. Нәсәи, «Зинат», 102, 105-тараулар (8-том, 206-бет).