Хадис

Кутуб ситтә, № 5240

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
838. Қамис пен изар
Нөмірі
№ 5240 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5240
Кутуб ситтә, № 5240 · тараудағы реті: 2

وَعَنِ الْعَلَاءِ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ، عَنْ أَبِيهِ قَالَ: «سَأَلْتُ أَبَا سَعِيدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ الْإِزَارِ، فَقَالَ: عَلَى الْخَبِيرِ سَقَطْتَ. قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أُزْرَةُ الْمُؤْمِنِ إِلَى نِصْفِ السَّاقِ، وَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ فِيمَا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْكَعْبَيْنِ، وَمَا كَانَ أَسْفَلَ مِنْ ذَلِكَ فَهُوَ فِي النَّارِ، وَمَنْ جَرَّ إِزَارَهُ بَطَرًا لَمْ يَنْظُرِ اللَّهُ إِلَيْهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ. وَلَمْ يَقُلْ أَبُو دَاوُدَ: يَوْمَ الْقِيَامَةِ.

Қазақша аудармасы

Ала ибн Абдуррахман әкесінің сөзін жеткізеді: «Әбу Сағидтан (р.а.) изар жайында сұрадым. Ол: “Білетін кісіден сұрадың. Алла елшісі (с.а.с.): ‘Мүміннің изары сирағының ортасына дейін түседі. Сирақтың ортасынан тобыққа дейін түссе де, күнә жоқ. Одан төмен түскені – тозақта. Кім изарын тәкаппарлықпен жерге сүйретсе, Қиямет күні Алла оған қарамайды’, – деген”, – деді»1.

Әбу Дәуіттегі нұсқада «Қиямет күні» деген тіркес жоқ.

  1. 1Мәлік, «Муатта», «Либас», 12-тарау (2-том, 914–915-беттер). Әбу Дәуіт, «Либас», 30-тарау, №4093. Ибн Мәжа, «Либас», 7-тарау, №3573. Әбу Дәуіт нұсқасында «Қиямет күні» деген тіркес келмейді.