عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ يَزِيدَ بْنِ السَّكَنِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَتْ يَدُ قَمِيصِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَى الرُّسْغِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әсма бинт Язид ибн әс-Сәкән (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) көйлегінің жеңі білезік буынына дейін жететін»1.
Түсіндірме
Қамис – дененің үстіңгі бөлігін жауып тұратын жеңді көйлек.
Изар – белге орап байлап, дененің төменгі бөлігін жабатын киім.
Бұл хадисте көйлек жеңінің білезікке дейін жеткені айтылады. Кейбір риуаятта изардың етегі тобыққа дейін немесе тобыққа сәл жетпей тұрғаны баяндалады. Көйлектің жеңі білектен асып, саусақтарға дейін жеткенін білдіретін риуаяттар да бар. Ғалымдар жеңнің білезіктен аспауын мұстахаб санаған.
- 1Тирмизи, «Либас», 28-тарау, № 1765. Әбу Дәуіт, «Либас», 3-тарау, № 4027.