Хадис

Кутуб ситтә, № 3743

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
506. Жүніп күйден тазару үшін ғұсыл алу
Нөмірі
№ 3743 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 11
3743
Кутуб ситтә, № 3743 · тараудағы реті: 11Риуаят етуші: Әли

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ تَرَكَ مَوْضِعَ شَعْرَةٍ مِنْ جَنَابَةٍ لَمْ يَغْسِلْهَا، فُعِلَ بِهِ كَذَا وَكَذَا مِنَ النَّارِ». قَالَ عَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «فَمِنْ ثَمَّ عَادَيْتُ رَأْسِي، فَمِنْ ثَمَّ عَادَيْتُ رَأْسِي، فَمِنْ ثَمَّ عَادَيْتُ رَأْسِي» ثَلَاثًا. وَكَانَ يَجُزُّ شَعْرَهُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әлиден (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Жүніптіктен тазарғанда бір тал шаштың орнын жумай қалдырған адам отта сондай-сондай азапқа ұшырайды», – деген.

Әли (р.а.): «Содан бері басыма дұшпан болдым», – деген сөзін үш мәрте қайталады. Ол шашын қидырып жүретін1.

Түсіндірме

1. Алла елшісі (с.а.с.) ғұсылда бүкіл денеге су тиюі керектігін баса айтып, бір тал қылдың түбін құрғақ қалдырудың өзі тозақ азабына себеп болатынын ескерткен. Азаптың түрі мен мөлшерін атап жатпай, «сондай-сондай азап» деген тіркеспен оның көптігі мен ұзақтығын меңзеген.

2. Әли (р.а.) осы сөзді естігеннен кейін бір тал шашының түбі құрғақ қалмасын деп, шашын қидырып жүрген. «Басыма дұшпан болдым» дегені осыны білдіреді. Мұны риуаяттың соңындағы «Ол шашын қидырып жүретін» деген сөйлем де аңғартады.

Шаш қиюға қатысты мынаны айта кеткен жөн. Дініміз шаш қиюды міндеттемейді. Адам қаласа қияды, қаласа өсіреді. Алайда Алла елшісі (с.а.с.) бастың бір бөлігін қырып, екінші бөлігін өсіруге тыйым салған. Әйелдердің шаш қиюына да тыйым салынғаны айтылған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат», 98 (249).