Хадис

Кутуб ситтә, № 3742

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
506. Жүніп күйден тазару үшін ғұсыл алу
Нөмірі
№ 3742 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 10
3742
Кутуб ситтә, № 3742 · тараудағы реті: 10Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّ تَحْتَ كُلِّ شَعْرَةٍ جَنَابَةً، فَاغْسِلُوا الشَّعْرَ وَأَنْقُوا الْبَشَرَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Әрбір қылдың түбінде жүніптік бар. Шашты жуып, теріні тазартыңдар», – деген1.

Түсіндірме

1. Хадисте дененің титтей жері жуылмай қалса да, жүніптіктің кетпейтіні айтылған. Тазалық толық болуы үшін бір тал қылдың түбіне дейін су жетуі керек. Осы хадиске сүйеніп, кей ғалым ғұсыл алғанда шаш өрімін тарқату қажет, тарқатпаса, шаш жүніптіктен тазармайды деген. Ибраһим ән-Нәхәи осы пікірді ұстанған. Ал фақиһтардың көпшілігі өрімді тарқатпай-ақ шаштың түбіне су жеткізу жеткілікті деп есептеген.

2. «Инқа» сөзі «теріні кірден арылту» дегенді білдіреді. Сондықтан теріге су тиюіне кедергі болатын кірді кетіру керек. Кір теріге су өткізбесе, жүніптіктен тазаруға да кедергі болады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Таһарат», 98 (248); Тирмизи, «Таһарат», 78 (106).