Хадис

Кутуб ситтә, № 2840

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
388. Имамға ұюға қатысты үкімдер. Саптың реті және имамға ұюдың шарттары мен әдебі
Нөмірі
№ 2840 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 31
2840
Кутуб ситтә, № 2840 · тараудағы реті: 31

وَعَنْ بِشْرٍ بْنِ مِحْجَنٍ عَنْ أَبِيهِ: «أَنَّهُ كَانَ فِي مَجْلِسِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: فَأُذِّنَ بِالصَّلَاةِ فَقَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَصَلَّى وَرَجَعَ وَمِحجَنٌ فِي مَجْلِسِهِ فَقَالَ: مَا مَنَعَكَ أَنْ تُصَلِّيَ مَعَ النَّاسِ، أَلَسْتَ بِرَجُلٍ مُسْلِمٍ؟ قَالَ: بَلَى، وَلَكِنِّي كُنْتُ قَدْ صَلَّيْتُ مَعَ أهْلِي. فَقَالَ لَهُ: إِذَا جِئْتَ إِلَى الْمَسْجِدِ وَأُقِيمَتِ الصَّلَاةُ فَصَلِّ مَعَ النَّاسِ وَإِنْ كُنْتَ قَدْ صَلَّيْتَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Бишр ибн Михжан әкесінің мына сөзін жеткізеді: «Мен Алла елшісінің (с.а.с.) мәжілісінде отырған едім. Намазға азан айтылғанда, Алла елшісі (с.а.с.) тұрып намаз оқыды да, қайтып келді. Мен әлі орнымда отырған едім. Ол: “Жамағатпен неге намаз оқымадың? Мұсылман емессің бе?” – деді. Мен: “Әрине, мұсылманмын. Бірақ намазымды үй ішіммен бірге оқыған едім”, – дедім. Ол: “Келгеніңде жамағат намазға тұрса, бұрын оқып қойған болсаң да, олармен бірге оқы”, – деді».1

Түсіндірме

1. Алла елшісі (с.а.с.) сұрағын ескерту ретінде қойған. Жамағат намазына қатыспау кісінің мұсылман еместігін білдіреді деп ешбір ғалым айтпаған.

2. Хадис намазын оқып қойған кісі жамағатқа кезіксе, олармен бірге қайта оқуы мұстахаб екенін көрсетеді. Екінші намазы ол үшін нәпіл саналады.

  1. 1Муатта, Салатул-жамаға: 8, (1, 132); Нәсәи, Имамат: 53, (2, 112).