Хадис

Кутуб ситтә, № 2839

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
388. Имамға ұюға қатысты үкімдер. Саптың реті және имамға ұюдың шарттары мен әдебі
Нөмірі
№ 2839 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 30
2839
Кутуб ситтә, № 2839 · тараудағы реті: 30Риуаят етуші: Әли

وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: يَا عَلِىُّ لَا تَفْتَحْ عَلَى الْإِمَامِ فِي الصَّلَاةِ». أَخْرَجَهُمَا أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Уа, Әли! Намазда имамға (жаңылған тұсын) еске салма”, – деді».1

Түсіндірме

Бұл хадисті жеткізген Әбу Дәуіт оның әлсіз екенін көрсеткен. Үкімі жағынан алдыңғы хадиске қайшы. Алдыңғы хадис сахих болғандықтан, амалда сол негізге алынған. Ғалымдар жаңылған имамға жамағаттың көмектесуіне негізінен рұқсат берген. Шафиғи, Мәлик пен Ахмад мұны оғаш санамаған. Ибн Мәсғуд, Шағби мен Суфиян Сәури секілді ғалымдар оны мәкрүһ санаған. Әбу Ханифа рұқсатты шектеп: «Имам жаңылып, жәрдем күтіп тұрса, ұмытқан тұсын еске салуға болады», – деген. Имамға осылай көмектесу намаз үстінде сөз айтуға жатады.

Әли (р.а.) имамға ұмытқанын еске салуға ынталандырып: «Имамдарың ас сұраса, ас беріңдер», – деген.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат: 164, (903).