Хадис
كِتَابُ الْعِلْمِ

Ілім кітабы

Сахих әл-Бұхари, 3-кітап · 57 хадис · № 54–110

Мазмұны: 39 бап
  1. 1Ілімнің артықшылығы туралы
  2. 2Ілім үйреткенде дауысты көтеру туралы
  3. 3Имамның серіктерінің білімін сынау үшін оларға сауал қоюы туралы
  4. 4Ілім туралы риуаяттар
  5. 5Пайғамбардың (с.а.с.) «Хабар жеткізілген талай адам оны естіген адамнан да жақсырақ ұғып, есінде сақтайды» деген сөзі туралы
  6. 6«Алла кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең ұғындырады» деген сөз туралы
  7. 7Ілімді терең түсіну туралы
  8. 8Пайғамбардың (с.а.с.) «Уа, Алла! Оған Кітапты үйрет!» деген сөзі туралы
  9. 9Жас баланың хадис тыңдауы қай кезден бастап жарамды саналатыны туралы
  10. 10Ілім үйреніп, оны үйреткен адамның артықшылығы туралы
  11. 11Ілімнің жойылып, надандықтың жайылуы туралы
  12. 12Ілімнің артықшылығы туралы
  13. 13Мініс малының үстінде не өзге жерде аялдап тұрып пәтуа беру туралы
  14. 14Басымен не қолымен ишара жасап пәтуа беру туралы
  15. 15Жаңадан туындаған мәселенің үкімін сұрау үшін сапар шегу және оны отбасына үйрету туралы
  16. 16Ілім үйренуде кезектесу туралы
  17. 17Ұнамсыз істі көргенде насихат айту және тәлім беру кезінде ашулану туралы
  18. 18Сөзі түсінікті болуы үшін оны үш рет қайталаған адам туралы
  19. 19Ер адамның күңіне және отбасына ілім үйретуі туралы
  20. 20Имамның әйелдерге уағыз айтып, ілім үйретуі туралы
  21. 21Хадиске деген құштарлық туралы
  22. 22Ілімнің қалай жойылатыны туралы
  23. 23Әйелдерге ілім үйрету үшін арнайы күн белгілеуге бола ма деген мәселе туралы
  24. 24Естігенінің мәнісін толық ұққанша қайта сұрау туралы
  25. 25Ілімді тыңдаған адамның оны қатыспаған адамға жеткізуі туралы
  26. 26Пайғамбардың (с.а.с.) атынан өтірік айтқан адамның күнәсі туралы
  27. 27Ілімді жазып алу туралы
  28. 28Түнде ілім үйрету және насихат айту туралы
  29. 29Ілім жайында түнгі сұхбат құру туралы
  30. 30Ілімді жадында сақтау туралы
  31. 31Ғалымдарды үнсіз тыңдау туралы
  32. 32Ғалымның «Адамдардың ең білімдісі кім?» деген сұраққа жауап беру әдебі туралы
  33. 33Түрегеп тұрған адамның отырған ғалымға сұрақ қоюы туралы
  34. 34Алла Тағаланың «Бұл мәселеде сендерге тым аз ілім берілген» деген сөзі туралы
  35. 35Кейбір адамдар түсінбей қалады деп, ілімді бір топқа ғана жеткізу туралы
  36. 36Ілім үйренуде ұялу туралы
  37. 37Ұялғандықтан басқа біреуге сұрақ қойғызған адам туралы
  38. 38Мешітте ілім жайында сөз қозғап, пәтуа беру туралы
  39. 39Сұрақ қойған адамға сұрағанынан да кеңірек жауап берген кісі туралы
بَابُ فَضْلِ الْعِلْمِ

1-бапІлімнің артықшылығы туралы

54
Бұхари, № 54 · Сахих: 59Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَيْنَمَا النَّبِيُّ ﷺ فِي مَجْلِسٍ يُحَدِّثُ الْقَوْمَ، جَاءَهُ أَعْرَابِيٌّ فَقَالَ: «مَتَى السَّاعَةُ؟» فَمَضَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحَدِّثُ، فَقَالَ بَعْضُ الْقَوْمِ: «سَمِعَ مَا قَالَ فَكَرِهَ مَا قَالَ». وَقَالَ بَعْضُهُمْ: «بَلْ لَمْ يَسْمَعْ»، حَتَّى إِذَا قَضَى حَدِيثَهُ قَالَ: «أَيْنَ – أُرَاهُ – السَّائِلُ عَنِ السَّاعَةِ؟» قَالَ: «هَا أَنَا يَا رَسُولَ اللَّهِ». قَالَ: «فَإِذَا ضُيِّعَتِ الْأَمَانَةُ فَانْتَظِرِ السَّاعَةَ». قَالَ: «كَيْفَ إِضَاعَتُهَا؟» قَالَ: «إِذَا وُسِّدَ الْأَمْرُ إِلَى غَيْرِ أَهْلِهِ فَانْتَظِرِ السَّاعَةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) бір мәжілісте жұртқа әңгіме айтып отырған кезде, бір бәдәуи келіп: “Қиямет қашан болады?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) әңгімесін жалғастыра берді. Жұрттың кейбірі: “Ол бәдәуидің сөзін естіді, бірақ сұрағын ұнатпады”, – десе, енді біреулері: “Жоқ, ол естіген жоқ”, – деді. Әңгімесін аяқтаған соң, ол: “Қиямет жайында сұраған адам қайда?” – деді. Әлгі кісі: “Уа, Расулалла! Міне, мен мұндамын”, – деді. Ол (с.а.с.): “Аманат зая етілген кезде Қияметті күт”, – деді. Әлгі адам: “Аманат қалай зая етіледі?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Іс оны атқаруға лайық емес адамға тапсырылған кезде Қияметті күт”, – деді».

Риуаятшы «Қиямет жайында сұраған адам қайда?» деген сөздің берілуіне қатысты «меніңше» деп ескерткен.

بَابُ مَنْ رَفَعَ صَوْتَهُ بِالْعِلْمِ

2-бапІлім үйреткенде дауысты көтеру туралы

55
Бұхари, № 55 · Сахих: 60Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: تَخَلَّفَ عَنَّا النَّبِيُّ ﷺ فِي سَفْرَةٍ سَافَرْنَاهَا فَأَدْرَكَنَا – وَقَدْ أَرْهَقَتْنَا الصَّلَاةُ – وَنَحْنُ نَتَوَضَّأُ، فَجَعَلْنَا نَمْسَحُ عَلَى أَرْجُلِنَا، فَنَادَى بِأَعْلَى صَوْتِهِ: «وَيْلٌ لِلْأَعْقَابِ مِنَ النَّارِ» مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.): «Бір сапарымызда Пайғамбар (с.а.с.) бізден кейін қалып қойған еді. Намаз уақыты қысылып, біз асығып жатқанда, ол бізге жетті. Біз дәрет алып, аяқтарымызды сипап жатқан едік. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) даусын барынша көтеріп, екі немесе үш рет: “Тозақ отына шалынатын өкшелерге қасірет болсын!” – деп жар салды», – деген.

بَابُ طَرْحِ الْإِمَامِ الْمَسْأَلَةَ عَلَى أَصْحَابِهِ لِيَخْتَبِرَ مَا عِنْدَهُمْ مِنَ الْعِلْمِ

3-бапИмамның серіктерінің білімін сынау үшін оларға сауал қоюы туралы

56
Бұхари, № 56 · Сахих: 62Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنَ الشَّجَرِ شَجَرَةً لَا يَسْقُطُ وَرَقُهَا، وَإِنَّهَا مَثَلُ الْمُسْلِمِ، حَدِّثُونِي مَا هِيَ؟» قَالَ: فَوَقَعَ النَّاسُ فِي شَجَرِ الْبَوَادِي. قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: فَوَقَعَ فِي نَفْسِي أَنَّهَا النَّخْلَةُ، فَاسْتَحْيَيْتُ، ثُمَّ قَالُوا: «حَدِّثْنَا مَا هِيَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟». قَالَ: «هِيَ النَّخْلَةُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай баяндаған: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ағаштардың арасында жапырағы түспейтін бір ағаш бар. Ол мұсылманға ұқсайды. Айтыңдаршы, ол қандай ағаш?” – деді. Жұрт далада өсетін ағаштарды ойлай бастады. Ал мен оның құрма ағашы екенін ойладым, бірақ айтуға ұялдым. Содан кейін адамдар: “Уа, Расулалла! Оның қандай ағаш екенін бізге айтыңызшы”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол – құрма ағашы”, – деді».

بَابُ مَا جَاءَ فِي الْعِلْمِ

4-бапІлім туралы риуаяттар

57
Бұхари, № 57 · Сахих: 63Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَيْنَمَا نَحْنُ جُلُوسٌ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي الْمَسْجِدِ، دَخَلَ رَجُلٌ عَلَى جَمَلٍ، فَأَنَاخَهُ فِي الْمَسْجِدِ ثُمَّ عَقَلَهُ، ثُمَّ قَالَ لَهُمْ: «أَيُّكُمْ مُحَمَّدٌ؟» وَالنَّبِيُّ ﷺ مُتَّكِئٌ بَيْنَ ظَهْرَانَيْهِمْ، فَقُلْنَا: «هَذَا الرَّجُلُ الْأَبْيَضُ الْمُتَّكِئُ». فَقَالَ لَهُ الرَّجُلُ: «يَا ابْنَ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ». فَقَالَ لَهُ النَّبِيُّ ﷺ: «قَدْ أَجَبْتُكَ». فَقَالَ الرَّجُلُ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «إِنِّي سَائِلُكَ فَمُشَدِّدٌ عَلَيْكَ فِي الْمَسْأَلَةِ، فَلَا تَجِدْ عَلَيَّ فِي نَفْسِكَ». فَقَالَ: «سَلْ عَمَّا بَدَا لَكَ». فَقَالَ: «أَسْأَلُكَ بِرَبِّكَ وَرَبِّ مَنْ قَبْلَكَ، آللَّهُ أَرْسَلَكَ إِلَى النَّاسِ كُلِّهِمْ؟» فَقَالَ: «اللَّهُمَّ نَعَمْ». قَالَ: «أَنْشُدُكَ بِاللَّهِ، آللَّهُ أَمَرَكَ أَنْ نُصَلِّيَ الصَّلَوَاتِ الْخَمْسَ فِي الْيَوْمِ وَاللَّيْلَةِ؟» قَالَ: «اللَّهُمَّ نَعَمْ». قَالَ: «أَنْشُدُكَ بِاللَّهِ، آللَّهُ أَمَرَكَ أَنْ نَصُومَ هَذَا الشَّهْرَ مِنَ السَّنَةِ؟» قَالَ: «اللَّهُمَّ نَعَمْ». قَالَ: «أَنْشُدُكَ بِاللَّهِ، آللَّهُ أَمَرَكَ أَنْ تَأْخُذَ هَذِهِ الصَّدَقَةَ مِنْ أَغْنِيَائِنَا فَتَقْسِمَهَا عَلَى فُقَرَائِنَا؟» فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «اللَّهُمَّ نَعَمْ». فَقَالَ الرَّجُلُ: «آمَنْتُ بِمَا جِئْتَ بِهِ، وَأَنَا رَسُولُ مَنْ وَرَائِي مِنْ قَوْمِي، وَأَنَا ضِمَامُ بْنُ ثَعْلَبَةَ أَخُو بَنِي سَعْدِ بْنِ بَكْرٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге мешітте отырғанымызда, түйе мінген бір адам кіріп келді. Ол түйесін мешіттің ішінде шөгеріп, байлап қойды да: “Араларыңдағы Мұхаммед қайсысы?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) арамызда бір нәрсеге сүйеніп отырған еді. Біз: “Мына сүйеніп отырған аққұба кісі”, – дедік. Әлгі адам оған: “Уа, Абдулмутталибтің ұлы!” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Иә, сені тыңдап тұрмын”, – деді. Сонда әлгі адам Пайғамбарға (с.а.с.): “Саған қатаң сауалдар қоямын. Сондықтан маған іштей ренжіме”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Қалағаныңды сұрай бер”, – деді. Ол: “Сенің де, сенен бұрынғылардың да Раббысы болған Алланың атымен сұраймын: Алла сені бүкіл адамзатқа жіберді ме?” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Иә, Алла куә!” – деді. Ол: “Алланың атымен сұраймын: бір тәулікте бес уақыт намаз оқуымызды саған Алла бұйырды ма?” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Иә, Алла куә!” – деді. Ол: “Алланың атымен сұраймын: жылдың осы айында ораза ұстауымызды саған Алла бұйырды ма?” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Иә, Алла куә!” – деді. Ол: “Алланың атымен сұраймын: байларымыздан осы зекетті алып, кедейлерімізге бөліп беруіңді саған Алла бұйырды ма?” – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Иә, Алла куә!” – деді. Сонда әлгі адам: “Сен әкелген нәрсеге иман келтірдім. Мен – артымда қалған қауымымның елшісімін. Мен Бәну Сағд ибн Бәкір тайпасынан шыққан Димам ибн Сағлабамын”, – деді».

58
Бұхари, № 58 · Сахих: 64Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَعَثَ بِكِتَابِهِ رَجُلًا وَأَمَرَهُ أَنْ يَدْفَعَهُ إِلَى عَظِيمِ الْبَحْرَيْنِ فَدَفَعَهُ عَظِيمُ الْبَحْرَيْنِ إِلَى كِسْرَى، فَلَمَّا قَرَأَهُ مَزَّقَهُ. قَالَ: فَدَعَا عَلَيْهِمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُمَزَّقُوا كُلَّ مُمَزَّقٍ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай баяндаған: «Алла Елшісі (с.а.с.) хатын бір адам арқылы жіберіп, оны Бахрейн билеушісіне табыстауды бұйырды. Бахрейн билеушісі хатты Кисраға жеткізді. Кисра оны оқығаннан кейін жыртып тастады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) олардың быт-шыт болып бөлшектенуін тілеп, оларға қарсы дұға етті».

59
Бұхари, № 59 · Сахих: 65Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَتَبَ النَّبِيُّ ﷺ كِتَابًا – أَوْ أَرَادَ أَنْ يَكْتُبَ – فَقِيلَ لَهُ: «إِنَّهُمْ لَا يَقْرَءُونَ كِتَابًا إِلَّا مَخْتُومًا»، فَاتَّخَذَ خَاتَمًا مِنْ فِضَّةٍ، نَقْشُهُ: «مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ»، كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى بَيَاضِهِ فِي يَدِهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) бір хат жазды немесе жазбақ болды. Сонда оған: “Олар мөр басылмаған хатты оқымайды”, – деп айтылды. Осыдан кейін ол “Мұхаммед – Алланың Елшісі” деген жазуы бар күміс мөр-жүзік жасатты. Оның қолындағы сол жүзіктің ақтығын қазір де көріп тұрғандаймын», – деген.

60
Бұхари, № 60 · Сахих: 66

عَنْ أَبِي وَاقِدٍ اللَّيْثِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بَيْنَمَا هُوَ جَالِسٌ فِي الْمَسْجِدِ وَالنَّاسُ مَعَهُ إِذْ أَقْبَلَ ثَلَاثَةُ نَفَرٍ، فَأَقْبَلَ اثْنَانِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَذَهَبَ وَاحِدٌ. قَالَ: فَوَقَفَا عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَمَّا أَحَدُهُمَا: فَرَأَى فُرْجَةً فِي الْحَلْقَةِ فَجَلَسَ فِيهَا، وَأَمَّا الْآخَرُ: جَلَسَ خَلْفَهُمْ، وَأَمَّا الثَّالِثُ: فَأَدْبَرَ ذَاهِبًا، فَلَمَّا فَرَغَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَلَا أُخْبِرُكُمْ عَنِ النَّفَرِ الثَّلَاثَةِ؟ أَمَّا أَحَدُهُمْ فَأَوَى إِلَى اللَّهِ فَآوَاهُ اللَّهُ، وَأَمَّا الْآخَرُ فَاِسْتَحْيَا فَاِسْتَحْيَا اللَّهُ مِنْهُ، وَأَمَّا الْآخَرُ فَأَعْرَضَ فَأَعْرَضَ اللَّهُ عَنْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Уақид әл-Ләйси (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) мешітте адамдармен бірге отырған кезде үш адам келді. Олардың екеуі Алла Елшісіне (с.а.с.) қарай беттеді де, біреуі кетіп қалды. Әлгі екеуі Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына келіп тоқтады. Олардың бірі адамдар шеңберінен бос орын көріп, сол жерге отырды. Екіншісі жұрттың артына отырды. Ал үшіншісі теріс бұрылып, кетіп қалды. Алла Елшісі (с.а.с.) сөзін аяқтағаннан кейін: “Сендерге мына үш адам туралы айтып берейін бе? Олардың бірі Аллаға паналады, Алла да оны панасына алды. Екіншісі ұялды, Алла да одан ұялды. Ал үшіншісі теріс айналды, Алла да одан теріс айналды”, – деді», – деп баяндаған.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «رُبَّ مُبَلَّغٍ أَوْعَى مِنْ سَامِعٍ»

5-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Хабар жеткізілген талай адам оны естіген адамнан да жақсырақ ұғып, есінде сақтайды» деген сөзі туралы

61
Бұхари, № 61 · Сахих: 67Риуаят етуші: Әбу Бәкра

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَعَدَ النَّبِيُّ ﷺ عَلَى بَعِيرِهِ، وَأَمْسَكَ إِنْسَانٌ بِخِطَامِهِ – أَوْ بِزِمَامِهِ – قَالَ: «أَيُّ يَوْمٍ هَذَا؟»، فَسَكَتْنَا حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ سِوَى اسْمِهِ. قَالَ: «أَلَيْسَ يَوْمَ النَّحْرِ؟» قُلْنَا: «بَلَى». قَالَ: «فَأَيُّ شَهْرٍ هَذَا؟» فَسَكَتْنَا حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ سَيُسَمِّيهِ بِغَيْرِ اسْمِهِ، فَقَالَ: «أَلَيْسَ بِذِي الْحِجَّةِ؟» قُلْنَا: «بَلَى». قَالَ: «فَإِنَّ دِمَاءَكُمْ، وَأَمْوَالَكُمْ، وَأَعْرَاضَكُمْ، بَيْنَكُمْ حَرَامٌ، كَحُرْمَةِ يَوْمِكُمْ هَذَا، فِي شَهْرِكُمْ هَذَا، فِي بَلَدِكُمْ هَذَا، لِيُبَلِّغِ الشَّاهِدُ الْغَائِبَ، فَإِنَّ الشَّاهِدَ عَسَى أَنْ يُبَلِّغَ مَنْ هُوَ أَوْعَى لَهُ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.) былай баяндаған: «Пайғамбар (с.а.с.) түйесінің үстінде отырған еді. Бір адам оның ноқтасын немесе тізгінін ұстап тұрды. Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл қай күн?” – деп сұрады. Біз ол бұл күнді басқа атаумен атайтын шығар деп ойлап, үнсіз қалдық. Ол: “Бұл құрбан шалу күні емес пе?” – деді. Біз: “Иә”, – дедік. Ол: “Бұл қай ай?” – деп сұрады. Біз ол бұл айды басқа атаумен атайтын шығар деп ойлап, үнсіз қалдық. Сонда ол: “Бұл зүлхижжа айы емес пе?” – деді. Біз: “Иә”, – дедік. Ол: “Расында, осы қалада, осы айда, осы күннің қасиеті қандай болса, араларыңда бір-біріңнің қандарыңа, мал-мүліктеріңе және ар-намыстарыңа қол сұғуға тыйым салынуы да сондай. Осында болғандар болмағандарға жеткізсін. Өйткені осында болған адам бұл сөзді өзінен де жақсы ұғып, есінде сақтайтын кісіге жеткізуі мүмкін”, – деді».

62
Бұхари, № 62 · Сахих: 68Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَتَخَوَّلُنَا بِالْمَوْعِظَةِ فِي الْأَيَّامِ، كَرَاهَةَ السَّآمَةِ عَلَيْنَا.

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) бізді жалықтырып алмау үшін ара-тұра уағыз айтып тұратын», – деген.

63
Бұхари, № 63 · Сахих: 69Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يَسِّرُوا وَلَا تُعَسِّرُوا، وَبَشِّرُوا، وَلَا تُنَفِّرُوا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Жеңілдетіңдер, қиындатпаңдар; сүйіншілеңдер, үркітпеңдер», – дегенін жеткізген.

بَابُ «مَنْ يُرِدِ اللَّهُ بِهِ خَيْرًا يُفَقِّهْهُ فِي الدِّينِ»

6-бап«Алла кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең ұғындырады» деген сөз туралы

64
Бұхари, № 64 · Сахих: 71Риуаят етуші: Мұғауия

عَنِ مُعَاوِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ يُرِدِ اللَّهُ بِهِ خَيْرًا يُفَقِّهْهُ فِي الدِّينِ، وَإِنَّمَا أَنَا قَاسِمٌ وَاللَّهُ يُعْطِي، وَلَنْ تَزَالَ هَذِهِ الْأُمَّةُ قَائِمَةً عَلَى أَمْرِ اللَّهِ، لَا يَضُرُّهُمْ مَنْ خَالَفَهُمْ، حَتَّى يَأْتِيَ أَمْرُ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Мұғауия (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Алла кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең ұғындырады. Мен тек үлестірушімін, ал беруші – Алла. Бұл үмбет Алланың әмірін берік ұстанған күйінде қала береді. Алланың әмірі келгенге дейін оларға қарсы шыққандар ешқандай зиян тигізе алмайды”, – дегенін естідім».

بَابُ الْفَهْمِ فِي الْعِلْمِ

7-бапІлімді терең түсіну туралы

65
Бұхари, № 65 · Сахих: 72Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَأُتِيَ بِجُمَّارٍ، فَقَالَ: «إِنَّ مِنَ الشَّجَرِ شَجَرَةً». وَذَكَرَ الْحَدِيثَ، وَزَادَ فِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ: «فَإِذَا أَنَا أَصْغَرُ الْقَوْمِ فَسَكَتُّ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай баяндаған: «Біз Алла Елшісінің (с.а.с.) жанында отырғанымызда, оған құрма ағашының өзегі әкелінді. Сонда ол: “Ағаштардың арасында бір ағаш бар”, – деді». Осы хадис баяндалып, бұл риуаятта: «Отырғандардың ең жасы өзім болғандықтан, үндемедім», – деген сөздер қосылған.

66
Бұхари, № 66 · Сахих: 73Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا حَسَدَ إِلَّا فِي اثْنَتَيْنِ: رَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ مَالًا فَسُلِّطَ عَلَى هَلَكَتِهِ فِي الْحَقِّ، وَرَجُلٌ آتَاهُ اللَّهُ الْحِكْمَةَ فَهُوَ يَقْضِي بِهَا وَيُعَلِّمُهَا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.): “Тек екі адамға ғана қызығуға болады: Алла мал-дүние беріп, оны хақ жолында сарп етуге мүмкіндік берген адамға және Алла хикмет беріп, сол хикметпен үкім шығаратын әрі оны өзгелерге үйрететін адамға”, – деді», – деп баяндаған.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «اللَّهُمَّ عَلِّمْهُ الْكِتَابَ»

8-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Уа, Алла! Оған Кітапты үйрет!» деген сөзі туралы

67
Бұхари, № 67 · Сахих: 75Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: ضَمَّنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَقَالَ: «اللَّهُمَّ عَلِّمْهُ الْكِتَابَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) мені бауырына басып: “Уа, Алла! Оған Кітапты үйрет!” – деді», – деген.

بَابُ مَتَى يَصِحُّ سَمَاعُ الصَّغِيرِ؟

9-бапЖас баланың хадис тыңдауы қай кезден бастап жарамды саналатыны туралы

68
Бұхари, № 68 · Сахих: 76Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «أَقْبَلْتُ رَاكِبًا عَلَى حِمَارٍ أَتَانٍ، وَأَنَا يَوْمَئِذٍ قَدْ نَاهَزْتُ الِاحْتِلَامَ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُصَلِّي بِمِنًى إِلَى غَيْرِ جِدَارٍ، فَمَرَرْتُ بَيْنَ يَدَيْ بَعْضِ الصَّفِّ، وَأَرْسَلْتُ الْأَتَانَ تَرْتَعُ، فَدَخَلْتُ فِي الصَّفِّ، فَلَمْ يُنْكَرْ ذَلِكَ عَلَيَّ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.): «Мен ол кезде балиғат жасына таяп қалған едім. Бір ұрғашы есекке мініп келе жатқанымда, Алла Елшісі (с.а.с.) Минада алдында қабырға жоқ жерде намаз оқып тұр екен. Мен саптың бір бөлігінің алдынан өтіп, есекті жайылуға жібердім де, өзім сапқа қосылдым. Бұл ісіме ешкім қарсылық білдірмеді», – деген.

69
Бұхари, № 69 · Сахих: 77

عَنْ مَحْمُودِ بْنِ الرَّبِيعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «عَقَلْتُ مِنَ النَّبِيِّ ﷺ مَجَّةً مَجَّهَا فِي وَجْهِي وَأَنَا ابْنُ خَمْسِ سِنِينَ مِنْ دَلْوٍ».

Қазақша аудармасы

Махмуд ибн әр-Рабиғ (р.а.): «Бес жасымда Пайғамбардың (с.а.с.) бір шелектен аузына су алып, бетіме бүріккені есімде», – деген.

بَابُ فَضْلِ مَنْ عَلِمَ وَعَلَّمَ

10-бапІлім үйреніп, оны үйреткен адамның артықшылығы туралы

70
Бұхари, № 70 · Сахих: 79Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «مَثَلُ مَا بَعَثَنِي اللَّهُ بِهِ مِنَ الْهُدَى وَالْعِلْمِ، كَمَثَلِ الْغَيْثِ الْكَثِيرِ أَصَابَ أَرْضًا، فَكَانَ مِنْهَا نَقِيَّةٌ، قَبِلَتِ الْمَاءَ، فَأَنْبَتَتِ الْكَلَأَ وَالْعُشْبَ الْكَثِيرَ، وَكَانَتْ مِنْهَا أَجَادِبُ، أَمْسَكَتِ الْمَاءَ، فَنَفَعَ اللَّهُ بِهَا النَّاسَ، فَشَرِبُوا وَسَقَوْا وَزَرَعُوا، وَأَصَابَتْ مِنْهَا طَائِفَةً أُخْرَى، إِنَّمَا هِيَ قِيعَانٌ لَا تُمْسِكُ مَاءً وَلَا تُنْبِتُ كَلَأً، فَذَلِكَ مَثَلُ مَنْ فَقُهَ فِي دِينِ اللَّهِ، وَنَفَعَهُ مَا بَعَثَنِي اللَّهُ بِهِ فَعَلِمَ وَعَلَّمَ، وَمَثَلُ مَنْ لَمْ يَرْفَعْ بِذَلِكَ رَأْسًا، وَلَمْ يَقْبَلْ هُدَى اللَّهِ الَّذِي أُرْسِلْتُ بِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Алланың мен арқылы жіберген тура жолы мен ілімі жерге жауған мол жаңбыр секілді. Жердің бір бөлігі құнарлы болып, суды сіңірді де, қалың көкорай мен мол шөп өсірді. Екінші бір бөлігі су өткізбейтін қатқыл алқап еді. Ол суды ұстап қалды. Алла сол арқылы адамдарға пайда берді: олар одан су ішті, малдарын суарды әрі егін екті. Жаңбыр жердің тағы бір бөлігіне жауды. Алайда ол су ұстамайтын әрі шөп өсірмейтін теп-тегіс тақыр жер еді. Бұл – Алланың дінін терең түсініп, Алланың мен арқылы жіберген тура жолы мен ілімінен пайда алған, сөйтіп өзі біліп, өзгелерге де үйреткен адамның мысалы. Ал соңғысы – оған мүлде назар аудармаған әрі мен арқылы жіберілген Алланың тура жолын қабылдамаған адамның мысалы».

بَابُ رَفْعِ الْعِلْمِ وَظُهُورِ الْجَهْلِ

11-бапІлімнің жойылып, надандықтың жайылуы туралы

71
Бұхари, № 71 · Сахих: 80Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ أَشْرَاطِ السَّاعَةِ: أَنْ يُرْفَعَ الْعِلْمُ وَيَثْبُتَ الْجَهْلُ، وَيُشْرَبَ الْخَمْرُ، وَيَظْهَرَ الزِّنَا».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Қияметтің белгілері – ілімнің жойылып, надандықтың орнығуы, арақтың ішілуі және зинақорлықтың жайылуы».

72
Бұхари, № 72 · Сахих: 81Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: لَأُحَدِّثَنَّكُمْ حَدِيثًا لَا يُحَدِّثُكُمْ أَحَدٌ بَعْدِي، سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مِنْ أَشْرَاطِ السَّاعَةِ: أَنْ يَقِلَّ الْعِلْمُ، وَيَظْهَرَ الْجَهْلُ، وَيَظْهَرَ الزِّنَا، وَتَكْثُرَ النِّسَاءُ، وَيَقِلَّ الرِّجَالُ، حَتَّى يَكُونَ لِخَمْسِينَ امْرَأَةً الْقَيِّمُ الْوَاحِدُ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) былай деді: «Мен сендерге менен кейін ешкім айтып бере алмайтын бір хадис айтайын. Алла Елшісінің (с.а.с.): “Қияметтің белгілері – ілімнің азайып, надандық пен зинақорлықтың жайылуы, әйелдердің көбейіп, ерлердің азаюы. Ақырында елу әйелге бір ғана ер адам қамқор болады”, – дегенін естідім».

بَابُ فَضْلِ الْعِلْمِ

12-бапІлімнің артықшылығы туралы

73
Бұхари, № 73 · Сахих: 82Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «بَيْنَا أَنَا نَائِمٌ أُتِيتُ بِقَدَحِ لَبَنٍ فَشَرِبْتُ حَتَّى إِنِّي لَأَرَى الرِّيَّ يَخْرُجُ فِي أَظْفَارِي ثُمَّ أَعْطَيْتُ فَضْلِي عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ». قَالُوا: «فَمَا أَوَّلْتَهُ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الْعِلْمَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ұйықтап жатқанымда маған бір тостаған сүт әкелінді. Мен сүтке әбден қанғаным сонша, оның нәрі тырнақтарымнан шығып жатқандай көрінді. Содан кейін қалғанын Омар ибн әл-Хаттабқа бердім”, – дегенін естідім. Сонда адамдар: “Уа, Расулалла! Мұны не деп жорыдыңыз?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Ілімге”, – деп жауап берді».

بَابُ الْفُتْيَا وَهُوَ وَاقِفٌ عَلَى الدَّابَّةِ وَغَيْرِهَا

13-бапМініс малының үстінде не өзге жерде аялдап тұрып пәтуа беру туралы

74
Бұхари, № 74 · Сахих: 83Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ وَقَفَ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ بِمِنًى لِلنَّاسِ يَسْأَلُونَهُ، فَجَاءَهُ رَجُلٌ فَقَالَ: «لَمْ أَشْعُرْ فَحَلَقْتُ قَبْلَ أَنْ أَذْبَحَ» فَقَالَ: «اِذْبَحْ وَلَا حَرَجَ». فَجَاءَ آخَرُ فَقَالَ: «لَمْ أَشْعُرْ فَنَحَرْتُ قَبْلَ أَنْ أَرْمِيَ» قَالَ: «اِرْمِ وَلَا حَرَجَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) былай жеткізген: «Пайғамбар (с.а.с.) Қоштасу қажылығы кезінде Минада адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін тоқтады. Бір кісі келіп: “Білместікпен құрбандық шалмай тұрып шашымды алдырып қойдым”, – деді. Ол (с.а.с.): “Құрбандығыңды шала бер, еш айып жоқ”, – деді. Тағы бір кісі келіп: “Білместікпен тас атпай тұрып құрбандығымды шалып қойдым”, – деді. Ол (с.а.с.): “Тас ата бер, еш айып жоқ”, – деді».

بَابُ مَنْ أَجَابَ الْفُتْيَا بِإِشَارَةِ الرَّأْسِ وَالْيَدِ

14-бапБасымен не қолымен ишара жасап пәтуа беру туралы

75
Бұхари, № 75 · Сахих: 85Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يُقْبَضُ الْعِلْمُ، وَيَظْهَرُ الْجَهْلُ وَالْفِتَنُ، وَيَكْثُرُ الْهَرْجُ»، قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا الْهَرْجُ؟» فَقَالَ: كَذَا بِيَدِهِ، فَحَرَّفَهَا، كَأَنَّهُ يُرِيدُ الْقَتْلَ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай жеткізген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Ілім алынып, надандық пен бүліктер жайылады әрі һарж көбейеді”, – деді. Адамдар: “Уа, Расулалла! Һарж деген не?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.) қолымен ишара жасап, оны бір жағына қарай сермеді. Осылайша кісі өлтіруді меңзегендей болды».

76
Бұхари, № 76 · Сахих: 86Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: أَتَيْتُ عَائِشَةَ وَهِيَ تُصَلِّي فَقُلْتُ: «مَا شَأْنُ النَّاسِ؟» فَأَشَارَتْ إِلَى السَّمَاءِ، فَإِذَا النَّاسُ قِيَامٌ، فَقَالَتْ: «سُبْحَانَ اللَّهِ»، قُلْتُ: «آيَةٌ؟» فَأَشَارَتْ بِرَأْسِهَا: أَيْ نَعَمْ، فَقُمْتُ حَتَّى تَجَلَّانِي الْغَشْيُ، فَجَعَلْتُ أَصُبُّ عَلَى رَأْسِي الْمَاءَ، فَحَمِدَ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ النَّبِيُّ ﷺ وَأَثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: «مَا مِنْ شَيْءٍ لَمْ أَكُنْ أُرِيتُهُ إِلَّا رَأَيْتُهُ فِي مَقَامِي، حَتَّى الْجَنَّةَ وَالنَّارَ، فَأُوحِيَ إِلَيَّ: أَنَّكُمْ تُفْتَنُونَ فِي قُبُورِكُمْ – مِثْلَ أَوْ قَرِيبًا – مِنْ فِتْنَةِ الْمَسِيحِ الدَّجَّالِ، يُقَالُ: “مَا عِلْمُكَ بِهَذَا الرَّجُلِ؟” فَأَمَّا الْمُؤْمِنُ أَوِ الْمُوقِنُ فَيَقُولُ: “هُوَ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ، جَاءَنَا بِالْبَيِّنَاتِ وَالْهُدَى، فَأَجَبْنَا وَاتَّبَعْنَا”، “هُوَ مُحَمَّدٌ” ثَلَاثًا، فَيُقَالُ: “نَمْ صَالِحًا قَدْ عَلِمْنَا إِنْ كُنْتَ لَمُوقِنًا بِهِ”. وَأَمَّا الْمُنَافِقُ أَوِ الْمُرْتَابُ فَيَقُولُ: “لَا أَدْرِي، سَمِعْتُ النَّاسَ يَقُولُونَ شَيْئًا فَقُلْتُهُ”».

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) былай деді: «Айшаға келгенімде, ол намаз оқып тұр екен. Мен одан: “Жұртқа не болған?” – деп сұрадым. Ол аспанға ишара жасады. Қарасам, адамдар да түрегеп намаз оқып тұр екен. Айша (р.а.): “Субханаллаһ!” – деді. Мен: “Бұл бір белгі ме?” – деп сұрадым. Ол басымен “иә” деп ишара жасады. Мен де намазға тұрып, талып қала жаздағанша оқыдым. Содан кейін басыма су құя бастадым. Пайғамбар (с.а.с.) Алла Тағалаға мақтау айтып, Оны дәріптегеннен кейін: “Осы тұрған орнымда маған бұрын көрсетілмеген нәрселердің бәрі көрсетілді. Тіпті Жәннат пен Тозақты да көрдім. Маған сендердің қабірлеріңде Мәсіх Дәжжалдың сынағына ұқсас немесе соған жақын сынаққа түсетіндерің уахи етілді. Сонда адамнан: ‘Бұл кісі туралы не білесің?’ – деп сұралады. Мүмін немесе кәміл сенуші: ‘Ол – Мұхаммед, Алланың Елшісі. Ол бізге айқын дәлелдер мен тура жолды алып келді. Біз оның үндеуін қабылдап, соңынан ердік’, – деп, ‘Ол – Мұхаммед’ деген сөзді үш рет айтады. Сонда оған: ‘Жайлы ұйықта! Сенің оған кәміл сенгеніңді білдік’, – делінеді. Ал мұнафық немесе күмәнданушы: ‘Білмеймін. Адамдардың әлдебір сөз айтқанын естіп, мен де соны қайталадым’, – дейді”, – деді».

بَابُ الرِّحْلَةِ فِي الْمَسْأَلَةِ النَّازِلَةِ وَتَعْلِيمِ أَهْلِهِ

15-бапЖаңадан туындаған мәселенің үкімін сұрау үшін сапар шегу және оны отбасына үйрету туралы

77
Бұхари, № 77 · Сахих: 88Риуаят етуші: Уқба ибн әл-Харис

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ تَزَوَّجَ ابْنَةً لِأَبِي إِهَابِ بْنِ عَزِيزٍ فَأَتَتْهُ امْرَأَةٌ فَقَالَتْ: «إِنِّي قَدْ أَرْضَعْتُ عُقْبَةَ وَالَّتِي تَزَوَّجَهَا»، فَقَالَ لَهَا عُقْبَةُ: «مَا أَعْلَمُ أَنَّكِ أَرْضَعْتِنِي، وَلَا أَخْبَرْتِنِي»، فَرَكِبَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ بِالْمَدِينَةِ فَسَأَلَهُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «كَيْفَ وَقَدْ قِيلَ؟» فَفَارَقَهَا عُقْبَةُ، وَنَكَحَتْ زَوْجًا غَيْرَهُ.

Қазақша аудармасы

Ұқба ибн әл-Харис (р.а.) Әбу Иһаб ибн Азиздің қызына үйленген еді. Сонда оған бір әйел келіп: «Мен Ұқбаны да, ол үйленген әйелді де емізгенмін», – деді. Ұқба оған: «Мені емізгеніңді білмеймін әрі бұл туралы маған бұрын айтқан жоқсың», – деді. Содан кейін ол Мәдинадағы Алла Елшісіне (с.а.с.) аттанып барып, осы мәселенің үкімін сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Олай екені айтылғаннан кейін, онымен қалай бірге тұра бермексің?» – деді. Содан соң Ұқба жұбайымен ажырасты, ал ол басқа адамға тұрмысқа шықты.

بَابُ التَّنَاوُبِ فِي الْعِلْمِ

16-бапІлім үйренуде кезектесу туралы

78
Бұхари, № 78 · Сахих: 89Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ أَنَا وَجَارٌ لِي مِنَ الْأَنْصَارِ فِي بَنِي أُمَيَّةَ بْنِ زَيْدٍ وَهِيَ مِنْ عَوَالِي الْمَدِينَةِ وَكُنَّا نَتَنَاوَبُ النُّزُولَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، يَنْزِلُ يَوْمًا وَأَنْزِلُ يَوْمًا، فَإِذَا نَزَلْتُ جِئْتُهُ بِخَبَرِ ذَلِكَ الْيَوْمِ مِنَ الْوَحْيِ وَغَيْرِهِ، وَإِذَا نَزَلَ فَعَلَ مِثْلَ ذَلِكَ، فَنَزَلَ صَاحِبِي الْأَنْصَارِيُّ يَوْمَ نَوْبَتِهِ، فَضَرَبَ بَابِي ضَرْبًا شَدِيدًا، فَقَالَ: «أَثَمَّ هُوَ؟» فَفَزِعْتُ فَخَرَجْتُ إِلَيْهِ، فَقَالَ: «قَدْ حَدَثَ أَمْرٌ عَظِيمٌ». قَالَ: فَدَخَلْتُ عَلَى حَفْصَةَ فَإِذَا هِيَ تَبْكِي، فَقُلْتُ: «طَلَّقَكُنَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟» قَالَتْ: «لَا أَدْرِي»، ثُمَّ دَخَلْتُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقُلْتُ وَأَنَا قَائِمٌ: «أَطَلَّقْتَ نِسَاءَكَ؟» قَالَ: «لَا». فَقُلْتُ: «اللَّهُ أَكْبَرُ».

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) былай деді: «Мен ансарлардан болған бір көршіммен бірге Мәдинаның жоғары жағындағы Бәну Умәйя ибн Зәйд қонысында тұратынмын. Біз Алла Елшісіне (с.а.с.) баруға кезектесетінбіз: бір күні ол барса, келесі күні мен баратынмын. Мен барған күні оған сол күні түскен уахи мен болған өзге де оқиғалардың хабарын жеткізетінмін. Ол барған күні де дәл солай істейтін. Бір күні ансарлық жолдасымның бару кезегі еді. Ол есігімді қатты қағып: “Ол осында ма?” – деп сұрады. Мен шошып кетіп, оның алдына шықтым. Ол: “Аса үлкен оқиға болды”, – деді. Мен Хафсаның қасына кірсем, ол жылап отыр екен. Одан: “Алла Елшісі (с.а.с.) сендерді талақ етті ме?” – деп сұрадым. Ол: “Білмеймін”, – деді. Содан кейін Пайғамбардың (с.а.с.) алдына кіріп, түрегеп тұрған күйімде: “Әйелдеріңізді талақ еттіңіз бе?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Жоқ”, – деді. Сонда мен: “Аллаһу әкбар!” – дедім».

بَابُ الْغَضَبِ فِي الْمَوْعِظَةِ وَالتَّعْلِيمِ إِذَا رَأَى مَا يَكْرَهُ

17-бапҰнамсыз істі көргенде насихат айту және тәлім беру кезінде ашулану туралы

79
Бұхари, № 79 · Сахих: 90Риуаят етуші: Әбу Масғуд әл-Ансари

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَجُلٌ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَا أَكَادُ أُدْرِكُ الصَّلَاةَ مِمَّا يُطَوِّلُ بِنَا فُلَانٌ»، فَمَا رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فِي مَوْعِظَةٍ أَشَدَّ غَضَبًا مِنْ يَوْمِئِذٍ، فَقَالَ: «أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّكُمْ مُنَفِّرُونَ، فَمَنْ صَلَّى بِالنَّاسِ فَلْيُخَفِّفْ، فَإِنَّ فِيهِمُ الْمَرِيضَ، وَالضَّعِيفَ، وَذَا الْحَاجَةِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мәсғуд әл-Ансари (р.а.) былай деді: «Бір адам: “Уа, Расулалла! Пәленше намазды тым ұзақ оқытатындықтан, намазға қатысудан қалып жүрмін”, – деді. Пайғамбардың (с.а.с.) насихат айтып тұрып сол күнгідей қатты ашуланғанын бұрын-соңды көрген емеспін. Ол (с.а.с.): “Уа, адамдар! Расында, араларыңда жұртты бездіретіндер бар. Кім адамдарға намаз оқытса, оны жеңіл оқытсын. Өйткені олардың арасында науқас та, әлсіз де, шұғыл шаруасы бар адам да болады”, – деді».

80
Бұхари, № 80 · Сахих: 91Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид әл-Жуһани

عَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ الْجُهَنِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ سَأَلَهُ رَجُلٌ عَنِ اللُّقَطَةِ، فَقَالَ: «اِعْرِفْ وِكَاءَهَا، أَوْ قَالَ: وِعَاءَهَا، وَعِفَاصَهَا، ثُمَّ عَرِّفْهَا سَنَةً، ثُمَّ اسْتَمْتِعْ بِهَا، فَإِنْ جَاءَ رَبُّهَا فَأَدِّهَا إِلَيْهِ». قَالَ: «فَضَالَّةُ الْإِبِلِ؟» فَغَضِبَ حَتَّى احْمَرَّتْ وَجْنَتَاهُ، أَوْ قَالَ احْمَرَّ وَجْهُهُ، فَقَالَ: «وَمَا لَكَ وَلَهَا، مَعَهَا سِقَاؤُهَا وَحِذَاؤُهَا، تَرِدُ الْمَاءَ وَتَرْعَى الشَّجَرَ، فَذَرْهَا حَتَّى يَلْقَاهَا رَبُّهَا». قَالَ: «فَضَالَّةُ الْغَنَمِ؟» قَالَ: «لَكَ، أَوْ لِأَخِيكَ، أَوْ لِلذِّئْبِ».

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халид әл-Жуһәни (р.а.) былай жеткізген: «Бір адам Пайғамбардан (с.а.с.) тауып алынған заттың үкімін сұрады. Ол (с.а.с.): “Оның байлау жібін (немесе ыдысын) және қабын танып ал. Содан кейін оны бір жыл бойы жұртқа жариялап жүр. Одан соң пайдалана бер. Егер иесі келсе, өзіне қайтарып бер”, – деді. Әлгі адам: “Ал жоғалған түйе ше?” – деп сұрады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) ашуланғаны сонша, екі ұрты – немесе жүзі – қызарып кетті де: “Оған неге тиісесің? Оның су торсығы да, аяқ киімі де өзімен бірге. Ол суатқа өзі барып, ағаштан қоректенеді. Иесі тауып алғанға дейін оны қоя бер”, – деді. Әлгі адам: “Ал жоғалған қой ше?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Ол – не сенікі, не бауырыңдікі, не қасқырдікі”, – деді».

81
Бұхари, № 81 · Сахих: 92Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سُئِلَ النَّبِيُّ ﷺ عَنْ أَشْيَاءَ كَرِهَهَا، فَلَمَّا أُكْثِرَ عَلَيْهِ غَضِبَ، ثُمَّ قَالَ لِلنَّاسِ: «سَلُونِي عَمَّا شِئْتُمْ». قَالَ رَجُلٌ: «مَنْ أَبِي؟» قَالَ: «أَبُوكَ حُذَافَةُ». فَقَامَ آخَرُ فَقَالَ: «مَنْ أَبِي يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» فَقَالَ: «أَبُوكَ سَالِمٌ مَوْلَى شَيْبَةَ». فَلَمَّا رَأَى عُمَرُ مَا فِي وَجْهِهِ قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا نَتُوبُ إِلَى اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деп баяндады: «Пайғамбардан (с.а.с.) өзі ұнатпаған кейбір нәрселер жайында сұралды. Оған сұрақтарды үсті-үстіне қоя бергенде, ол ашуланып, адамдарға: “Менен қалаған нәрселеріңді сұраңдар”, – деді. Бір кісі: “Менің әкем кім?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Әкең – Хузафа”, – деді. Тағы бір кісі орнынан тұрып: “Уа, Расулалла! Менің әкем кім?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Әкең – Шәйбаның азат еткен құлы Сәлим”, – деді. Омар оның жүзіндегі ашудың белгісін көргенде: “Уа, Расулалла! Біз аса үстем әрі ұлы Аллаға тәубе етеміз”, – деді».

بَابُ مَنْ أَعَادَ الْحَدِيثَ ثَلَاثًا لِيُفْهَمَ عَنْهُ

18-бапСөзі түсінікті болуы үшін оны үш рет қайталаған адам туралы

82
Бұхари, № 82 · Сахих: 95Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ كَانَ إِذَا تَكَلَّمَ بِكَلِمَةٍ أَعَادَهَا ثَلَاثًا، حَتَّى تُفْهَمَ عَنْهُ، وَإِذَا أَتَى عَلَى قَوْمٍ فَسَلَّمَ عَلَيْهِمْ، سَلَّمَ عَلَيْهِمْ ثَلَاثًا.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) бір сөз айтқанда, жұрт оны толық түсінуі үшін үш рет қайталайтын. Ал бір қауымның алдына келіп сәлем бергенде, оларға үш рет сәлем беретін.

بَابُ تَعْلِيمِ الرَّجُلِ أَمَتَهُ وَأَهْلَهُ

19-бапЕр адамның күңіне және отбасына ілім үйретуі туралы

83
Бұхари, № 83 · Сахих: 97Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثَلَاثَةٌ لَهُمْ أَجْرَانِ: رَجُلٌ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ، آمَنَ بِنَبِيِّهِ وَآمَنَ بِمُحَمَّدٍ ﷺ، وَالْعَبْدُ الْمَمْلُوكُ إِذَا أَدَّى حَقَّ اللَّهِ وَحَقَّ مَوَالِيهِ، وَرَجُلٌ كَانَتْ عِنْدَهُ أَمَةٌ يَطَؤُهَا فَأَدَّبَهَا فَأَحْسَنَ تَأْدِيبَهَا، وَعَلَّمَهَا فَأَحْسَنَ تَعْلِيمَهَا، ثُمَّ أَعْتَقَهَا فَتَزَوَّجَهَا فَلَهُ أَجْرَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Үш адамға екі сауаптан беріледі: өз пайғамбарына да, Мұхаммедке де (с.а.с.) иман келтірген Кітап иесіне; Алланың алдындағы міндетін де, қожайындарының алдындағы міндетін де орындаған құлға; өзі жақындасып жүрген күңіне әдеп үйретіп, көркем тәрбие берген, ілім үйретіп, жақсылап оқытқан, содан кейін оны азат етіп, оған үйленген адамға. Оған да екі сауап беріледі».

بَابُ عِظَةِ الْإِمَامِ النِّسَاءَ وَتَعْلِيمِهِنَّ

20-бапИмамның әйелдерге уағыз айтып, ілім үйретуі туралы

84
Бұхари, № 84 · Сахих: 98Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ خَرَجَ وَمَعَهُ بِلَالٌ، فَظَنَّ أَنَّهُ لَمْ يُسْمِعِ النِّسَاءَ، فَوَعَظَهُنَّ وَأَمَرَهُنَّ بِالصَّدَقَةِ، فَجَعَلَتِ الْمَرْأَةُ تُلْقِي الْقُرْطَ وَالْخَاتَمَ، وَبِلَالٌ يَأْخُذُ فِي طَرَفِ ثَوْبِهِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) Біләлмен бірге шықты. Пайғамбар (с.а.с.) әйелдер оның сөзін естімеген шығар деп ойлап, оларға уағыз айтты әрі садақа беруді бұйырды. Сонда әйелдер сырғалары мен жүзіктерін тастай бастады, ал Біләл оларды киімінің етегіне жинап алды», – деген.

بَابُ الْحِرْصِ عَلَى الْحَدِيثِ

21-бапХадиске деген құштарлық туралы

85
Бұхари, № 85 · Сахих: 99Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ أَسْعَدُ النَّاسِ بِشَفَاعَتِكَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ؟» قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَقَدْ ظَنَنْتُ يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، أَنْ لَا يَسْأَلُنِي عَنْ هَذَا الْحَدِيثِ أَحَدٌ أَوَّلُ مِنْكَ لِمَا رَأَيْتُ مِنْ حِرْصِكَ عَلَى الْحَدِيثِ. أَسْعَدُ النَّاسِ بِشَفَاعَتِي يَوْمَ الْقِيَامَةِ، مَنْ قَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، خَالِصًا مِنْ قَلْبِهِ، أَوْ نَفْسِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Расулалла! Қиямет күні сіздің шапағатыңызға бөленетін ең бақытты адам кім?” – деп сұрадым. Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, Әбу Һурайра! Сенің хадиске деген зор құштарлығыңды көріп, бұл жайында менен алғаш болып сен сұрайтыныңды ойлаған едім. Қиямет күні менің шапағатыма бөленетін ең бақытты адам – жүрегінен немесе жан дүниесінен шынайы ықыласпен: ‘Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ’, – деген адам”, – деді».

بَابُ كَيْفَ يُقْبَضُ الْعِلْمُ؟

22-бапІлімнің қалай жойылатыны туралы

86
Бұхари, № 86 · Сахих: 100Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ اللَّهَ لَا يَقْبِضُ الْعِلْمَ انْتِزَاعًا يَنْتَزِعُهُ مِنَ الْعِبَادِ، وَلَكِنْ يَقْبِضُ الْعِلْمَ بِقَبْضِ الْعُلَمَاءِ، حَتَّى إِذَا لَمْ يُبْقِ عَالِمًا اتَّخَذَ النَّاسُ رُءُوسًا جُهَّالًا، فَسُئِلُوا فَأَفْتَوْا بِغَيْرِ عِلْمٍ، فَضَلُّوا وَأَضَلُّوا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Расында, Алла ілімді құлдарынан жұлып алу арқылы жоймайды. Ілімді ғалымдардың жанын алу арқылы алып қояды. Ақырында бірде-бір ғалым қалмаған кезде, адамдар надан кісілерді өздеріне басшы етіп алады. Олардан сұралғанда, ілімсіз пәтуа береді. Сөйтіп, өздері де адасып, өзгелерді де адастырады”», – деді.

بَابُ هَلْ يُجْعَلُ لِلنِّسَاءِ يَوْمٌ عَلَى حِدَةٍ فِي الْعِلْمِ؟

23-бапӘйелдерге ілім үйрету үшін арнайы күн белгілеуге бола ма деген мәселе туралы

87
Бұхари, № 87 · Сахих: 101Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَتِ النِّسَاءُ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «غَلَبَنَا عَلَيْكَ الرِّجَالُ، فَاجْعَلْ لَنَا يَوْمًا مِنْ نَفْسِكَ»، فَوَعَدَهُنَّ يَوْمًا لَقِيَهُنَّ فِيهِ، فَوَعَظَهُنَّ وَأَمَرَهُنَّ، فَكَانَ فِيمَا قَالَ لَهُنَّ: «مَا مِنْكُنَّ امْرَأَةٌ تُقَدِّمُ ثَلَاثَةً مِنْ وَلَدِهَا، إِلَّا كَانَ لَهَا حِجَابًا مِنَ النَّارِ». فَقَالَتِ امْرَأَةٌ: «وَاثْنَتَيْنِ؟» فَقَالَ: «وَاثْنَتَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай баяндаған: «Әйелдер Пайғамбарға (с.а.с.): “Сізден тәлім алу мүмкіндігі көбіне ер адамдарға тиіп жүр. Бізге де уақытыңыздан бір күн бөліңіз”, – деді. Сонда ол белгілі бір күні олармен кездесуге уәде берді. Сол күні әйелдермен кездесіп, оларға насихат айтып, нұсқаулар берді. Айтқан сөздерінің арасында: “Араларыңдағы қай әйелдің үш перзенті өзінен бұрын дүние салса, сол перзенттері оған Тозақ отынан қалқан болады”, – деген сөз де бар еді. Бір әйел: “Ал екеуі болса ше?” – деп сұрады. Ол: “Екеуі болса да”, – деп жауап берді».

88
Бұхари, № 88 · Сахих: 102

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «ثَلَاثَةٌ لَمْ يَبْلُغُوا الْحِنْثَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен басқа бір риуаятта: «Балиғат жасына толмаған үш бала», – делінген.

بَابُ مَنْ سَمِعَ شَيْئًا فَرَاجَعَ حَتَّى يَعْرِفَهُ

24-бапЕстігенінің мәнісін толық ұққанша қайта сұрау туралы

89
Бұхари, № 89 · Сахих: 103Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنْ حُوسِبَ عُذِّبَ». قَالَتْ: فَقُلْتُ: «أَوَلَيْسَ يَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿فَسَوْفَ يُحَاسَبُ حِسَابًا يَسِيرًا﴾ [الِانْشِقَاقِ: 8]؟» قَالَتْ: فَقَالَ: «إِنَّمَا ذَلِكِ الْعَرْضُ، وَلَكِنْ مَنْ نُوقِشَ الْحِسَابَ يَهْلِكْ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай баяндаған: «Пайғамбар (с.а.с.): “Кім есепке тартылса, азапқа ұшырайды”, – деді. Сонда мен: “Алла Тағала: ‘Оның есебі өте оңай болады’ («Иншиқақ» сүресі, 8-аят), – демей ме?” – деп сұрадым. Ол: “Бұл – тек амалдардың көрсетілуі ғана. Ал кімнен бүге-шігесіне дейін есеп сұралса, сол құриды”, – деп жауап берді».

بَابُ لِيُبَلِّغِ الْعِلْمَ الشَّاهِدُ الْغَائِبَ

25-бапІлімді тыңдаған адамның оны қатыспаған адамға жеткізуі туралы

90
Бұхари, № 90 · Сахих: 104Риуаят етуші: Әбу Шурайх

عَنْ أَبِي شُرَيْحٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ الْغَدَ مِنْ يَوْمِ الْفَتْحِ يَقُولُ قَوْلًا سَمِعَتْهُ أُذُنَايَ، وَوَعَاهُ قَلْبِي، وَأَبْصَرَتْهُ عَيْنَايَ حِينَ تَكَلَّمَ بِهِ، حَمِدَ اللَّهَ تَعَالَى وَأَثْنَى عَلَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: «إِنَّ مَكَّةَ حَرَّمَهَا اللَّهُ، وَلَمْ يُحَرِّمْهَا النَّاسُ، فَلَا يَحِلُّ لِامْرِئٍ يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ أَنْ يَسْفِكَ بِهَا دَمًا، وَلَا يَعْضِدَ بِهَا شَجَرَةً، فَإِنْ أَحَدٌ تَرَخَّصَ لِقِتَالِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِيهَا، فَقُولُوا: “إِنَّ اللَّهَ قَدْ أَذِنَ لِرَسُولِهِ وَلَمْ يَأْذَنْ لَكُمْ”، وَإِنَّمَا أَذِنَ لِي فِيهَا سَاعَةً مِنْ نَهَارٍ، ثُمَّ عَادَتْ حُرْمَتُهَا الْيَوْمَ كَحُرْمَتِهَا بِالْأَمْسِ، وَلْيُبَلِّغِ الشَّاهِدُ الْغَائِبَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Шурайх (р.а.) былай баяндаған: «Мекке алынған күннің ертеңінде Алла Елшісінің (с.а.с.) айтқан сөзін өз құлағыммен естіп, көңіліме тоқыдым әрі осы сөзді айтып тұрған сәтінде өзін көзіммен көрдім. Ол Алла Тағалаға мадақ айтып, Оны ұлықтады. Содан соң былай деді: “Меккені қасиетті әрі қол сұғылмайтын мекен еткен – Алла. Оны қасиетті мекен еткен адамдар емес. Сондықтан Аллаға және ақырет күніне иман келтірген адамға онда қан төгуге де, ағаш кесуге де болмайды. Егер әлдекім Алла Елшісінің (с.а.с.) онда соғысқанын алға тартып, мұны өзіне де берілген рұқсат деп түсінсе, оған: ‘Алла Өз Елшісіне рұқсат берді, ал сендерге рұқсат берген жоқ’, – деңдер. Маған онда күндіздің бір мезгілінде ғана соғысуға рұқсат берілді. Ал бүгін Меккенің қасиеттілігі кешегі қалпына қайта оралды. Осында болған адам бұл сөзді мұнда болмаған адамға жеткізсін”».

بَابُ إِثْمِ مَنْ كَذَبَ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ

26-бапПайғамбардың (с.а.с.) атынан өтірік айтқан адамның күнәсі туралы

91
Бұхари, № 91 · Сахих: 106Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «لَا تَكْذِبُوا عَلَيَّ فَإِنَّهُ مَنْ كَذَبَ عَلَيَّ فَلْيَلِجِ النَّارَ».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Менің атымнан өтірік айтпаңдар! Расында, кім менің атымнан өтірік айтса, Тозаққа кірсін!” – дегенін естідім».

92
Бұхари, № 92 · Сахих: 109

عَنْ سَلَمَةَ بْنِ الْأَكْوَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ يَقُلْ عَلَيَّ مَا لَمْ أَقُلْ فَلْيَتَبَوَّأْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Сәләмә ибн әл-Әкуағ (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Кім мен айтпаған сөзді менің атымнан айтса, Тозақтан өзіне орын дайындай берсін”, – дегенін естідім», – деді.

93
Бұхари, № 93 · Сахих: 110Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «تَسَمَّوْا بِاسْمِي وَلَا تَكْتَنُوا بِكُنْيَتِي، وَمَنْ رَآنِي فِي الْمَنَامِ فَقَدْ رَآنِي، فَإِنَّ الشَّيْطَانَ لَا يَتَمَثَّلُ فِي صُورَتِي، وَمَنْ كَذَبَ عَلَيَّ مُتَعَمِّدًا فَلْيَتَبَوَّأْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Менің есімімді қойыңдар, бірақ менің күниямды алмаңдар. Кім мені түсінде көрсе, ол расында да мені көрген. Өйткені шайтан менің кейпіме ене алмайды. Кім менің атымнан әдейі өтірік айтса, Тозақтан өзіне орын дайындай берсін», – дегенін жеткізген.

بَابُ كِتَابَةِ الْعِلْمِ

27-бапІлімді жазып алу туралы

94
Бұхари, № 94 · Сахих: 112Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ اللَّهَ حَبَسَ عَنْ مَكَّةَ الْقَتْلَ، أَوِ الْفِيلَ وَسَلَّطَ عَلَيْهِمْ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَالْمُؤْمِنِينَ، أَلَا وَإِنَّهَا لَمْ تَحِلَّ لِأَحَدٍ قَبْلِي، وَلَا تَحِلُّ لِأَحَدٍ بَعْدِي، أَلَا وَإِنَّهَا حَلَّتْ لِي سَاعَةً مِنْ نَهَارٍ، أَلَا وَإِنَّهَا سَاعَتِي هَذِهِ حَرَامٌ، لَا يُخْتَلَى شَوْكُهَا، وَلَا يُعْضَدُ شَجَرُهَا، وَلَا تُلْتَقَطُ سَاقِطَتُهَا إِلَّا لِمُنْشِدٍ، فَمَنْ قُتِلَ فَهُوَ بِخَيْرِ النَّظَرَيْنِ: إِمَّا أَنْ يُعْقَلَ، وَإِمَّا أَنْ يُقَادَ أَهْلُ الْقَتِيلِ». فَجَاءَ رَجُلٌ مِنْ أَهْلِ الْيَمَنِ فَقَالَ: «اُكْتُبْ لِي يَا رَسُولَ اللَّهِ»، فَقَالَ: «اُكْتُبُوا لِأَبِي فُلَانٍ». فَقَالَ رَجُلٌ مِنْ قُرَيْشٍ: «إِلَّا الْإِذْخِرَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَإِنَّا نَجْعَلُهُ فِي بُيُوتِنَا وَقُبُورِنَا» فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِلَّا الْإِذْخِرَ، إِلَّا الْإِذْخِرَ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) былай баяндаған: «Пайғамбар (с.а.с.): “Расында, Алла Меккеден қырғынды немесе пілді тыйып, Өз Елшісін (с.а.с.) және мүміндерді Мекке тұрғындарына үстем етті. Біліп қойыңдар! Меккеде соғысу менен бұрын ешкімге халал етілген емес әрі менен кейін де ешкімге халал етілмейді. Ол маған күндіздің бір мезгілінде ғана халал етілді. Біліп қойыңдар! Дәл осы сәттен бастап ол қайтадан қасиетті, қол сұғылмайтын мекен болды. Оның тікені жұлынбайды, ағашы кесілмейді және жерден табылған затын иесін іздеп жариялайтын адамнан басқа ешкім алмайды. Кім өлтірілсе, оның отбасы екі шешімнің бірін таңдайды: не оларға құн төленеді, не кісі өлтірушіден қысас алынады”, – деді. Сонда Йеменнен келген бір адам: “Уа, Расулалла! Мұны маған жазып беріңіз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Әбу Пәленшеге жазып беріңдер”, – деді. Құрайыштан бір адам: “Уа, Расулалла! Бірақ изхир шөбін бұған қоспаңыз. Өйткені біз оны үйлеріміз бен қабірлерімізге пайдаланамыз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Изхир шөбінен басқасы! Изхир шөбінен басқасы!” – деді».

95
Бұхари, № 95 · Сахих: 114Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: لَمَّا اشْتَدَّ بِالنَّبِيِّ ﷺ وَجَعُهُ قَالَ: «اِئْتُونِي بِكِتَابٍ أَكْتُبْ لَكُمْ كِتَابًا لَا تَضِلُّوا بَعْدَهُ». قَالَ عُمَرُ: «إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ غَلَبَهُ الْوَجَعُ، وَعِنْدَنَا كِتَابُ اللَّهِ حَسْبُنَا». فَاخْتَلَفُوا وَكَثُرَ اللَّغَطُ. قَالَ: «قُومُوا عَنِّي، وَلَا يَنْبَغِي عِنْدِي التَّنَازُعُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Пайғамбардың (с.а.с.) дерті күшейген кезде, ол: “Маған жазуға қажет нәрсе әкеліңдер. Сендерге бұдан кейін адаспайтындай бір жазба жазып берейін”, – деді. Омар (р.а.): “Пайғамбардың (с.а.с.) дерті тым күшейіп кетті. Біздің қолымызда Алланың Кітабы бар, сол бізге жеткілікті”, – деді. Сонда жиналғандар өзара келісе алмай, айтыс-тартыс пен дабыр көбейді. Пайғамбар (с.а.с.): “Менің жанымнан тұрып кетіңдер! Менің алдымда таласуға болмайды”, – деді».

بَابُ الْعِلْمِ وَالْعِظَةِ بِاللَّيْلِ

28-бапТүнде ілім үйрету және насихат айту туралы

96
Бұхари, № 96 · Сахих: 115Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: اِسْتَيْقَظَ النَّبِيُّ ﷺ ذَاتَ لَيْلَةٍ فَقَالَ: «سُبْحَانَ اللَّهِ، مَاذَا أُنْزِلَ اللَّيْلَةَ مِنَ الْفِتَنِ، وَمَاذَا فُتِحَ مِنَ الْخَزَائِنِ، أَيْقِظُوا صَوَاحِبَاتِ الْحُجَرِ، فَرُبَّ كَاسِيَةٍ فِي الدُّنْيَا عَارِيَةٍ فِي الْآخِرَةِ».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) былай деді: «Бір түні Пайғамбар (с.а.с.) ұйқысынан оянып: “Субханаллаһ! Осы түні қаншама бүлік түсіріліп, қаншама қазынаның есігі ашылды! Бөлмелердегі әйелдерді оятыңдар! Дүниеде киімді бола тұра, ақыретте жалаңаш қалатын қаншама әйел бар!” – деді».

بَابُ السَّمَرِ بِالْعِلْمِ

29-бапІлім жайында түнгі сұхбат құру туралы

97
Бұхари, № 97 · Сахих: 116Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: صَلَّى بِنَا النَّبِيُّ ﷺ الْعِشَاءَ فِي آخِرِ حَيَاتِهِ، فَلَمَّا سَلَّمَ قَامَ، فَقَالَ: «أَرَأَيْتَكُمْ لَيْلَتَكُمْ هَذِهِ، فَإِنَّ رَأْسَ مِائَةِ سَنَةٍ مِنْهَا، لَا يَبْقَى مِمَّنْ هُوَ عَلَى ظَهْرِ الْأَرْضِ أَحَدٌ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай деді: «Пайғамбар (с.а.с.) өмірінің соңғы кезеңінде бізге құптан намазын оқытты. Сәлем бергеннен кейін орнынан тұрып: “Осы түнді естеріңде сақтаңдар! Осы түннен бастап жүз жыл өткенде, қазір жер бетінде жүргендердің бірде-бірі қалмайды”, – деді».

98
Бұхари, № 98 · Сахих: 117Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: بِتُّ فِي بَيْتِ خَالَتِي مَيْمُونَةَ بِنْتِ الْحَارِثِ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ عِنْدَهَا فِي لَيْلَتِهَا، فَصَلَّى النَّبِيُّ ﷺ الْعِشَاءَ، ثُمَّ جَاءَ إِلَى مَنْزِلِهِ، فَصَلَّى أَرْبَعَ رَكَعَاتٍ، ثُمَّ نَامَ، ثُمَّ قَامَ، ثُمَّ قَالَ: «نَامَ الْغُلَيِّمُ؟» أَوْ كَلِمَةً تُشْبِهُهَا، ثُمَّ قَامَ، فَقُمْتُ عَنْ يَسَارِهِ، فَجَعَلَنِي عَنْ يَمِينِهِ، فَصَلَّى خَمْسَ رَكَعَاتٍ، ثُمَّ صَلَّى رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ نَامَ، حَتَّى سَمِعْتُ غَطِيطَهُ أَوْ خَطِيطَهُ، ثُمَّ خَرَجَ إِلَى الصَّلَاةِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деді: «Мен нағашы әпкем, Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Мәймуна бинт әл-Харистің үйінде түнедім. Сол түні Пайғамбар (с.а.с.) оның үйінде еді. Пайғамбар (с.а.с.) құптан намазын оқып, үйіне оралды да, төрт рәкәғат намаз оқыды. Содан кейін ұйықтады. Біраздан соң тұрып: “Балақай ұйықтады ма?” – деп сұрады немесе осыған ұқсас бір сөз айтты. Содан кейін намазға тұрды. Мен оның сол жағына барып тұрдым, ал ол мені оң жағына өткізді. Ол бес рәкәғат, одан кейін тағы екі рәкәғат намаз оқыды. Содан соң ұйықтап қалды. Тіпті мен оның қорылын немесе пысылын естідім. Кейін таң намазына шықты».

بَابُ حِفْظِ الْعِلْمِ

30-бапІлімді жадында сақтау туралы

99
Бұхари, № 99 · Сахих: 118Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنَّ النَّاسَ يَقُولُونَ: “أَكْثَرَ أَبُو هُرَيْرَةَ”، وَلَوْلَا آيَتَانِ فِي كِتَابِ اللَّهِ مَا حَدَّثْتُ حَدِيثًا». ثُمَّ يَتْلُو ﴿إِنَّ الَّذِينَ يَكْتُمُونَ مَا أَنْزَلْنَا مِنَ الْبَيِّنَاتِ وَالْهُدَى﴾ [الْبَقَرَةِ: 159] إِلَى قَوْلِهِ ﴿الرَّحِيمُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 160]، «إِنَّ إِخْوَانَنَا مِنَ الْمُهَاجِرِينَ كَانَ يَشْغَلُهُمُ الصَّفْقُ بِالْأَسْوَاقِ، وَإِنَّ إِخْوَانَنَا مِنَ الْأَنْصَارِ كَانَ يَشْغَلُهُمُ الْعَمَلُ فِي أَمْوَالِهِمْ، وَإِنَّ أَبَا هُرَيْرَةَ كَانَ يَلْزَمُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ بِشِبَعِ بَطْنِهِ، وَيَحْضُرُ مَا لَا يَحْضُرُونَ، وَيَحْفَظُ مَا لَا يَحْفَظُونَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Адамдар: “Әбу Һурайра хадисті тым көп жеткізеді”, – дейді. Егер Алланың Кітабындағы екі аят болмағанда, мен бірде-бір хадис айтпас едім». Содан кейін ол «Біз түсірген ап-айқын дәлелдер мен тура жолдың қайнар көзі болған аяттарды ... әдейі жасыратындарды...» («Бақара» сүресі, 159-аят) дегеннен бастап, «ерекше мейірімдімін» («Бақара» сүресі, 160-аят) дегенге дейін оқитын. Содан кейін: «Мұһажир бауырларымыз базардағы сауда-саттықпен, ал ансар бауырларымыз мал-мүлкінің қамымен айналысатын. Әбу Һурайра болса, қарнын тойдырар асқа қанағат етіп, Алла Елшісінен (с.а.с.) ажырамайтын. Сондықтан ол басқалар қатыспаған жерлерге қатысып, басқалар жаттамаған сөздерді жаттап алатын», – дейтін.

100
Бұхари, № 100 · Сахих: 119Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي أَسْمَعُ مِنْكَ حَدِيثًا كَثِيرًا أَنْسَاهُ». قَالَ: «اُبْسُطْ رِدَاءَكَ». فَبَسَطْتُهُ، قَالَ: فَغَرَفَ بِيَدِهِ، ثُمَّ قَالَ: «ضُمَّهُ». فَضَمَمْتُهُ، فَمَا نَسِيتُ شَيْئًا بَعْدَهُ.

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Расулалла! Сізден көптеген хадис естимін, бірақ оларды ұмытып қаламын”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Шапаныңды жай”, – деді. Мен шапанымды жайдым. Ол қолымен уыстап алды да: “Оны жина”, – деді. Мен шапанымды жинап алдым. Содан бері еш нәрсені ұмытқан емеспін».

101
Бұхари, № 101 · Сахих: 120Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «حَفِظْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وِعَاءَيْنِ: فَأَمَّا أَحَدُهُمَا فَبَثَثْتُهُ، وَأَمَّا الْآخَرُ فَلَوْ بَثَثْتُهُ قُطِعَ هَذَا الْبُلْعُومُ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.): «Мен Алла Елшісінен (с.а.с.) екі ыдыс толы білім жаттап алдым. Оның бірін адамдарға тараттым. Ал екіншісін таратсам, мына көмейім кесілер еді», – деді.

بَابُ الْإِنْصَاتِ لِلْعُلَمَاءِ

31-бапҒалымдарды үнсіз тыңдау туралы

102
Бұхари, № 102 · Сахих: 121Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла

عَنْ جَرِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ لَهُ فِي حَجَّةِ الْوَدَاعِ: «اِسْتَنْصِتِ النَّاسَ». فَقَالَ: «لَا تَرْجِعُوا بَعْدِي كُفَّارًا، يَضْرِبُ بَعْضُكُمْ رِقَابَ بَعْضٍ».

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдулла (р.а.) былай жеткізген: «Қоштасу қажылығында Пайғамбар (с.а.с.) маған: “Адамдарға тыныштық сақтауды айт”, – деді. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.): “Менен кейін бір-біріңнің мойындарыңды шабатын кәпірлерге айналып кетпеңдер”, – деді».

بَابُ مَا يُسْتَحَبُّ لِلْعَالِمِ إِذَا سُئِلَ أَيُّ النَّاسِ أَعْلَمُ

32-бапҒалымның «Адамдардың ең білімдісі кім?» деген сұраққа жауап беру әдебі туралы

103
Бұхари, № 103 · Сахих: 122Риуаят етуші: Убәй ибн Кәғб

عَنْ أُبَيِّ بْنِ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «قَامَ مُوسَى النَّبِيُّ خَطِيبًا فِي بَنِي إِسْرَائِيلَ فَسُئِلَ: “أَيُّ النَّاسِ أَعْلَمُ؟” فَقَالَ: “أَنَا أَعْلَمُ”، فَعَتَبَ اللَّهُ عَلَيْهِ، إِذْ لَمْ يَرُدَّ الْعِلْمَ إِلَيْهِ، فَأَوْحَى اللَّهُ إِلَيْهِ: “أَنَّ عَبْدًا مِنْ عِبَادِي بِمَجْمَعِ الْبَحْرَيْنِ، هُوَ أَعْلَمُ مِنْكَ”. قَالَ: “يَا رَبِّ، وَكَيْفَ بِهِ؟” فَقِيلَ لَهُ: “اِحْمِلْ حُوتًا فِي مِكْتَلٍ، فَإِذَا فَقَدْتَهُ فَهُوَ ثَمَّ”، فَانْطَلَقَ وَانْطَلَقَ بِفَتَاهُ يُوشَعَ بْنِ نُونٍ، وَحَمَلَا حُوتًا فِي مِكْتَلٍ، حَتَّى كَانَا عِنْدَ الصَّخْرَةِ وَضَعَا رُءُوسَهُمَا وَنَامَا، فَانْسَلَّ الْحُوتُ مِنَ الْمِكْتَلِ ﴿فَاتَّخَذَ سَبِيلَهُ فِي الْبَحْرِ سَرَبًا﴾، وَكَانَ لِمُوسَى وَفَتَاهُ عَجَبًا، فَانْطَلَقَا بَقِيَّةَ لَيْلَتِهِمَا وَيَوْمَهُمَا، فَلَمَّا أَصْبَحَ قَالَ مُوسَى لِفَتَاهُ: ﴿آتِنَا غَدَاءَنَا لَقَدْ لَقِينَا مِنْ سَفَرِنَا هَذَا نَصَبًا﴾، وَلَمْ يَجِدْ مُوسَى مَسًّا مِنَ النَّصَبِ حَتَّى جَاوَزَ الْمَكَانَ الَّذِي أُمِرَ بِهِ، فَقَالَ لَهُ فَتَاهُ: ﴿أَرَأَيْتَ إِذْ أَوَيْنَا إِلَى الصَّخْرَةِ فَإِنِّي نَسِيتُ الْحُوتَ﴾. قَالَ مُوسَى: ﴿ذَلِكَ مَا كُنَّا نَبْغِي فَارْتَدَّا عَلَى آثَارِهِمَا قَصَصًا﴾. فَلَمَّا انْتَهَيَا إِلَى الصَّخْرَةِ، إِذَا رَجُلٌ مُسَجًّى بِثَوْبٍ، أَوْ قَالَ تَسَجَّى بِثَوْبِهِ، فَسَلَّمَ مُوسَى، فَقَالَ الْخَضِرُ: “وَأَنَّى بِأَرْضِكَ السَّلَامُ؟” فَقَالَ: “أَنَا مُوسَى”، فَقَالَ: “مُوسَى بَنِي إِسْرَائِيلَ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: ﴿هَلْ أَتَّبِعُكَ عَلَى أَنْ تُعَلِّمَنِ مِمَّا عُلِّمْتَ رُشْدًا﴾. قَالَ: ﴿إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرًا﴾، “يَا مُوسَى، إِنِّي عَلَى عِلْمٍ مِنْ عِلْمِ اللَّهِ عَلَّمَنِيهِ لَا تَعْلَمُهُ أَنْتَ، وَأَنْتَ عَلَى عِلْمٍ عَلَّمَكَهُ اللَّهُ لَا أَعْلَمُهُ”، قَالَ: ﴿سَتَجِدُنِي إِنْ شَاءَ اللَّهُ صَابِرًا، وَلَا أَعْصِي لَكَ أَمْرًا﴾. فَانْطَلَقَا يَمْشِيَانِ عَلَى سَاحِلِ الْبَحْرِ، لَيْسَ لَهُمَا سَفِينَةٌ، فَمَرَّتْ بِهِمَا سَفِينَةٌ، فَكَلَّمُوهُمْ أَنْ يَحْمِلُوهُمَا، فَعُرِفَ الْخَضِرُ فَحَمَلُوهُمَا بِغَيْرِ نَوْلٍ، فَجَاءَ عُصْفُورٌ، فَوَقَعَ عَلَى حَرْفِ السَّفِينَةِ، فَنَقَرَ نَقْرَةً أَوْ نَقْرَتَيْنِ فِي الْبَحْرِ، فَقَالَ الْخَضِرُ: “يَا مُوسَى مَا نَقَصَ عِلْمِي وَعِلْمُكَ مِنْ عِلْمِ اللَّهِ إِلَّا كَنَقْرَةِ هَذَا الْعُصْفُورِ فِي الْبَحْرِ”، فَعَمَدَ الْخَضِرُ إِلَى لَوْحٍ مِنْ أَلْوَاحِ السَّفِينَةِ، فَنَزَعَهُ، فَقَالَ مُوسَى: “قَوْمٌ حَمَلُونَا بِغَيْرِ نَوْلٍ عَمَدْتَ إِلَى سَفِينَتِهِمْ فَخَرَقْتَهَا لِتُغْرِقَ أَهْلَهَا؟” قَالَ: ﴿أَلَمْ أَقُلْ إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرًا﴾؟ قَالَ: ﴿لَا تُؤَاخِذْنِي بِمَا نَسِيتُ﴾. فَكَانَتِ الْأُولَى مِنْ مُوسَى نِسْيَانًا، فَانْطَلَقَا، فَإِذَا غُلَامٌ يَلْعَبُ مَعَ الْغِلْمَانِ، فَأَخَذَ الْخَضِرُ بِرَأْسِهِ مِنْ أَعْلَاهُ فَاقْتَلَعَ رَأْسَهُ بِيَدِهِ، فَقَالَ مُوسَى: ﴿أَقَتَلْتَ نَفْسًا زَكِيَّةً بِغَيْرِ نَفْسٍ﴾؟ قَالَ: ﴿أَلَمْ أَقُلْ لَكَ إِنَّكَ لَنْ تَسْتَطِيعَ مَعِيَ صَبْرًا﴾؟ ﴿فَانْطَلَقَا، حَتَّى إِذَا أَتَيَا أَهْلَ قَرْيَةٍ اسْتَطْعَمَا أَهْلَهَا، فَأَبَوْا أَنْ يُضَيِّفُوهُمَا، فَوَجَدَا فِيهَا جِدَارًا يُرِيدُ أَنْ يَنْقَضَّ فَأَقَامَهُ﴾، قَالَ الْخَضِرُ بِيَدِهِ فَأَقَامَهُ، فَقَالَ لَهُ مُوسَى: ﴿لَوْ شِئْتَ لَاتَّخَذْتَ عَلَيْهِ أَجْرًا﴾. قَالَ: ﴿هَذَا فِرَاقُ بَيْنِي وَبَيْنِكَ﴾». قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يَرْحَمُ اللَّهُ مُوسَى، لَوَدِدْنَا لَوْ صَبَرَ حَتَّى يُقَصَّ عَلَيْنَا مِنْ أَمْرِهِمَا».

Қазақша аудармасы

Убәй ибн Кәғбтың (р.а.) баяндауынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Мұса пайғамбар Исраил ұрпақтарының арасында уағыз айту үшін орнынан тұрды. Одан: “Адамдардың ең білімдісі кім?” – деп сұралды. Ол: “Мен ең білімдімін”, – деп жауап берді. “Алла жақсы біледі” демегені үшін Алла оны жазғырды. Содан кейін Алла оған: “Екі теңіздің тоғысқан жерінде Менің сенен де білімді бір құлым бар”, – деп уахи етті. Мұса: “Уа, Раббым! Оны қалай табамын?” – деп сұрады. Оған: “Бір балықты себетке салып ал. Балықты жоғалтқан жеріңде сол құлды табасың”, – делінді.

Мұса жас серігі Юшағ ибн Нунды ертіп, жолға шықты. Екеуі бір балықты себетке салып алды. Жартасқа жеткенде, бастарын қойып, ұйықтап қалды. Балық себеттен сытылып шығып, “теңізге түсіп, жол тауып, жөніне кеткен еді”. Бұл Мұса мен оның серігін таңғалдырған бір жағдай еді. Екеуі сол түннің қалған бөлігінде де, келесі күні де жол жүрді. Таң атқанда Мұса серігіне: “Қане, түскі асымызды әкелші, бұл сапарымызда кәдімгідей шаршап қалдық қой”, – деді. Мұса өзіне баруға бұйырылған жерден өтіп кеткенше шаршағанын сезбеген еді. Сонда серігі оған: “Қап, қара басқанын қарашы! Әлгі жартастың түбінде дамылдаған кезімізде ол балық есімнен мүлдем шығып кетіпті”, – деді. Сонда Мұса: “Біздің көксегеніміз де сол еді ғой!” – деді де, бірден келген іздерімен кері қайтты.

Екеуі жартасқа жеткенде, үстіне киім жамылып жатқан бір адамды көрді (немесе риуаятшы “киімін жамылып алған” деген). Мұса оған сәлем берді. Қызыр: “Сенің еліңде мұндай сәлем қайдан болсын?” – деді. Мұса: “Мен – Мұсамын”, – деді. Қызыр: “Исраил ұрпақтарының Мұсасысың ба?” – деп сұрады. Ол: “Иә”, – деді. Сонда Мұса: “Өзіңе үйретілген жақсылыққа, тура жолға бастайтын ілім мен даналықтан маған да үйретуің үшін саған ерсем бола ма?” – деді. Қызыр: “Негізі, менімен бірге жүруге шыдамайсың”, – деді. Қызыр: “Уа, Мұса! Маған Алла үйреткен, бірақ сен білмейтін білім бар. Ал саған Ол үйреткен, бірақ мен білмейтін білім бар”, – деді. Мұса: “Алла қаласа, төзімді екенімді көресің. Әрі саған бірде-бір мәселеде қарсы келмеймін”, – деді.

Содан кейін екеуі теңіз жағалауымен жаяу жүріп кетті. Олардың кемесі жоқ еді. Жандарынан бір кеме өтіп бара жатқанда, екеуі кеме иелерінен өздерін ала кетуді сұрады. Олар Қызырды танып, екеуін ешбір ақысыз кемеге мінгізді. Бір торғай ұшып келіп, кеменің шетіне қонды да, теңізге тұмсығын бір-екі рет батырып алды. Сонда Қызыр: “Уа, Мұса! Екеуіміздің білгеніміз Алланың білімімен салыстырғанда, мына торғайдың теңізден тұмсығымен алған суындай ғана”, – деді.

Содан кейін Қызыр кеменің бір тақтайын суырып алды. Мұса: “Бізді ешбір ақысыз мінгізген адамдардың кемесін тесіп, оның жолаушыларын суға батырмақсың ба?” – деді. Сонда Қызыр: “‘Менімен бірге жүруге дәтің шыдамайды’, – деп айтпап па едім?” – деді. Мұса: “Уәдемді ұмытқаным үшін айыпқа бұйырмағайсың”, – деді.

Мұсаның алғашқы қарсылығы ұмытып кеткендіктен болды. Екеуі әрі қарай жүріп кетті. Бір кезде балалармен ойнап жүрген бір балаға кезікті. Қызыр баланың төбесінен ұстап, басын қолымен жұлып алды. Сонда Мұса: “Мұның не? Бейкүнә жанды өлтіруге қалай дәтің барды?!” – деді. Қызыр: “‘Менімен бірге жүруге дәтің шыдамайды’, – деп айтпап па едім?” – деді.

“Сөйтіп екеуі тағы да жолға шығып, жүре-жүре бір ауылға келіп жетті. Ауыл тұрғындарынан ас-ауқат сұрап еді, олар екеуін қонақ қылудан бас тартты. Содан екеуі әлгі ауылда құлағалы тұрған бір дуалды жөндеп қалпына келтірді”. Қызыр оны қолымен түзеп қойды. Сонда Мұса: “Егер қаласаң, еңбегіңнің ақысын сұрауыңа болар еді”, – деді. Қызыр: “Міне, екеуіміздің айырылысатын сәтіміз жетті”, – деді».

Пайғамбар (с.а.с.): «Алла Мұсаға рақым етсін! Біз оның сабыр сақтағанын, сөйтіп екеуінің басынан өткен өзге де оқиғалардың бізге баяндалғанын қалар едік», – деді.

بَابُ مَنْ سَأَلَ وَهُوَ قَائِمٌ عَالِمًا جَالِسًا

33-бапТүрегеп тұрған адамның отырған ғалымға сұрақ қоюы туралы

104
Бұхари, № 104 · Сахих: 123Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا الْقِتَالُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ؟ فَإِنَّ أَحَدَنَا يُقَاتِلُ غَضَبًا، وَيُقَاتِلُ حَمِيَّةً»، فَقَالَ: «مَنْ قَاتَلَ لِتَكُونَ كَلِمَةُ اللَّهِ هِيَ الْعُلْيَا، فَهُوَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деді: «Бір адам Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Қандай соғыс Алла жолындағы соғыс болып саналады? Біреуіміз ашумен, енді біреуіміз руының намысын қорғап соғысады”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Кім Алланың сөзі бәрінен үстем болуы үшін соғысса, сол адам Алланың жолында соғысқан болады”, – деді».

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿وَمَا أُوتِيتُمْ مِنَ الْعِلْمِ إِلَّا قَلِيلًا﴾

34-бапАлла Тағаланың «Бұл мәселеде сендерге тым аз ілім берілген» деген сөзі туралы

105
Бұхари, № 105 · Сахих: 125Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَيْنَا أَنَا أَمْشِي مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي خَرِبِ الْمَدِينَةِ، وَهُوَ يَتَوَكَّأُ عَلَى عَسِيبٍ مَعَهُ، فَمَرَّ بِنَفَرٍ مِنَ الْيَهُودِ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ: «سَلُوهُ عَنِ الرُّوحِ». وَقَالَ بَعْضُهُمْ: «لَا تَسْأَلُوهُ، لَا يَجِيءُ فِيهِ بِشَيْءٍ تَكْرَهُونَهُ»، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: «لَنَسْأَلَنَّهُ»، فَقَامَ رَجُلٌ مِنْهُمْ، فَقَالَ: «يَا أَبَا الْقَاسِمِ، مَا الرُّوحُ؟» فَسَكَتَ، فَقُلْتُ: «إِنَّهُ يُوحَى إِلَيْهِ»، فَقُمْتُ، فَلَمَّا انْجَلَى عَنْهُ قَالَ: ﴿وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الرُّوحِ قُلِ الرُّوحُ مِنْ أَمْرِ رَبِّي وَمَا أُوتِيتُمْ مِنَ الْعِلْمِ إِلَّا قَلِيلًا﴾ [الْإِسْرَاءِ: 85].

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) былай деді: «Бірде Пайғамбармен (с.а.с.) бірге Мәдинадағы қираған орындардың арасымен келе жаттым. Ол қолындағы құрма бұтағынан жасалған таяққа сүйенген еді. Біз бір топ яһудидің жанынан өттік. Олардың кейбірі: “Одан рух туралы сұраңдар”, – десе, енді біреулері: “Сұрамаңдар, сендерге ұнамайтын бір жауап айтып қалар”, – деді. Тағы біреулері: “Біз одан міндетті түрде сұраймыз”, – деді. Содан кейін олардың бірі орнынан тұрып: “Уа, Әбул-Қасым! Рух деген не?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) үнсіз қалды. Мен: “Оған уахи түсіп жатыр”, – дедім де, орнымда тұра қалдым. Уахидың түсуі аяқталған соң, ол (с.а.с.): “Һәм олар сенен Рух жайлы сұрайды. Оларға: ‘Рух – Раббымның ғана білетін ісі. Бұл мәселеде сендерге тым аз ілім берілген’, – деп айт” («Исра» сүресі, 85-аят), – деп оқыды».

بَابُ مَنْ خَصَّ بِالْعِلْمِ قَوْمًا دُونَ قَوْمٍ كَرَاهِيَةَ أَنْ لَا يَفْهَمُوا

35-бапКейбір адамдар түсінбей қалады деп, ілімді бір топқа ғана жеткізу туралы

106
Бұхари, № 106 · Сахих: 128Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ مُعَاذٌ رَدِيفَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَلَى الرَّحْلِ، فَقَالَ: «يَا مُعَاذُ». قَالَ: «لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ وَسَعْدَيْكَ». قَالَ: «يَا مُعَاذُ». قَالَ: «لَبَّيْكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ وَسَعْدَيْكَ» ثَلَاثًا. قَالَ: «مَا مِنْ أَحَدٍ يَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، صِدْقًا مِنْ قَلْبِهِ، إِلَّا حَرَّمَهُ اللَّهُ عَلَى النَّارِ»، قَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا أُخْبِرُ بِهِ النَّاسَ فَيَسْتَبْشِرُوا؟» قَالَ: «إِذًا يَتَّكِلُوا». وَأَخْبَرَ بِهَا مُعَاذٌ عِنْدَ مَوْتِهِ تَأَثُّمًا.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай жеткізген: «Мұғаз Алла Елшісінің (с.а.с.) артына мінгесіп отырған еді. Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Мұғаз!” – деді. Ол: “Құп аламын, уа, Расулалла! Қызметіңізге әзірмін”, – деп жауап берді. Пайғамбар (с.а.с.) тағы да: “Уа, Мұғаз!” – деді. Мұғаз: “Құп аламын, уа, Расулалла! Қызметіңізге әзірмін”, – деді. Бұл үш рет қайталанды. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.): “Кім шын жүрегімен Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ әрі Мұхаммед – Алланың Елшісі деп куәлік етсе, Алла оны Тозақ отына харам етеді”, – деді. Мұғаз: “Уа, Расулалла! Мұны адамдарға хабарлап, оларды сүйіншілейін бе?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Онда олар осыған ғана сүйеніп қалады”, – деді. Мұғаз бұл хадисті жасырып қалғаны үшін күнәлі болып қалудан қорқып, оны қайтыс болар кезінде жұртқа жеткізді».

بَابُ الْحَيَاءِ فِي الْعِلْمِ

36-бапІлім үйренуде ұялу туралы

107
Бұхари, № 107 · Сахих: 130Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: جَاءَتْ أُمُّ سُلَيْمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ اللَّهَ لَا يَسْتَحْيِي مِنَ الْحَقِّ، فَهَلْ عَلَى الْمَرْأَةِ مِنْ غُسْلٍ إِذَا احْتَلَمَتْ؟» قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِذَا رَأَتِ الْمَاءَ». فَغَطَّتْ أُمُّ سَلَمَةَ، تَعْنِي وَجْهَهَا، وَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَتَحْتَلِمُ الْمَرْأَةُ؟» قَالَ: «نَعَمْ، تَرِبَتْ يَمِينُكِ، فِيمَ يُشْبِهُهَا وَلَدُهَا؟».

Қазақша аудармасы

Үммі Сәләмә (р.а.) былай деді: «Үммі Сүләйм (р.а.) Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Расында, Алла ақиқатты айтудан ұялмайды. Әйел түсінде жақындасқанын көрсе, ғұсыл алуы керек пе?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Егер мәни көрсе, ғұсыл алады”, – деді. Сонда Үммі Сәләмә бетін жауып: “Уа, Расулалла! Әйел де мұндай түс көре ме?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Иә, қап, сені! Әйтпесе баласы оған қалай ұқсар еді?” – деді».

بَابُ مَنِ اِسْتَحْيَا فَأَمَرَ غَيْرَهُ بِالسُّؤَالِ

37-бапҰялғандықтан басқа біреуге сұрақ қойғызған адам туралы

108
Бұхари, № 108 · Сахих: 132Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ رَجُلًا مَذَّاءً فَأَمَرْتُ الْمِقْدَادَ أَنْ يَسْأَلَ النَّبِيَّ ﷺ فَسَأَلَهُ، فَقَالَ: «فِيهِ الْوُضُوءُ».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деді: «Менен мәзи жиі бөлінетіндіктен, әл-Миқдадқа Пайғамбардан (с.а.с.) осы жайында сұрауды тапсырдым. Ол сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): “Ол үшін дәрет алу керек”, – деді».

بَابُ ذِكْرِ الْعِلْمِ وَالْفُتْيَا فِي الْمَسْجِدِ

38-бапМешітте ілім жайында сөз қозғап, пәтуа беру туралы

109
Бұхари, № 109 · Сахих: 133Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَجُلًا قَامَ فِي الْمَسْجِدِ، فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مِنْ أَيْنَ تَأْمُرُنَا أَنْ نُهِلَّ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُهِلُّ أَهْلُ الْمَدِينَةِ مِنْ ذِي الْحُلَيْفَةِ، وَيُهِلُّ أَهْلُ الشَّأْمِ مِنَ الْجُحْفَةِ، وَيُهِلُّ أَهْلُ نَجْدٍ مِنْ قَرْنٍ». وَقَالَ ابْنُ عُمَرَ: وَيَزْعُمُونَ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «وَيُهِلُّ أَهْلُ الْيَمَنِ مِنْ يَلَمْلَمَ». وَكَانَ ابْنُ عُمَرَ يَقُولُ: «لَمْ أَفْقَهْ هَذِهِ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай жеткізген: «Бір адам мешітте орнынан тұрып: “Уа, Расулалла! Ихрамға кіріп, тәлбия айтуды қай жерден бастауымызды бұйырасыз?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Мәдина тұрғындары Зүл-Хуләйфадан, Шам тұрғындары Жухфадан, ал Нәжд тұрғындары Қарннан тәлбия айтады”, – деді. Ибн Омар (р.а.): “Адамдар Алла Елшісінің (с.а.с.): ‘Йемен тұрғындары Яләмләмнан тәлбия айтады’, – дегенін де жеткізеді”, – деді. Ибн Омар (р.а.): “Бұл соңғы сөзді Алла Елшісінен (с.а.с.) өзім естіп, ұққан емеспін”, – деп айтатын».

بَابُ مَنْ أَجَابَ السَّائِلَ بِأَكْثَرَ مِمَّا سَأَلَهُ

39-бапСұрақ қойған адамға сұрағанынан да кеңірек жауап берген кісі туралы

110
Бұхари, № 110 · Сахих: 134Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ: «مَا يَلْبَسُ الْمُحْرِمُ؟» فَقَالَ: «لَا يَلْبَسُ الْقَمِيصَ، وَلَا الْعِمَامَةَ، وَلَا السَّرَاوِيلَ، وَلَا الْبُرْنُسَ، وَلَا ثَوْبًا مَسَّهُ الْوَرْسُ أَوِ الزَّعْفَرَانُ، فَإِنْ لَمْ يَجِدِ النَّعْلَيْنِ فَلْيَلْبَسِ الْخُفَّيْنِ، وَلْيَقْطَعْهُمَا حَتَّى يَكُونَا تَحْتَ الْكَعْبَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) былай жеткізген: «Бір адам Пайғамбардан (с.а.с.): “Ихрамға кірген адам қандай киім киеді?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жейде де, сәлде де, шалбар да, күләпаралы шапан да, уарс бояуы немесе зағпыран жұққан киім де кимесін. Егер кебіс таппаса, мәсі кисін әрі мәсілерін тобықтан төмен болатындай етіп кесіп алсын”, – деді».