Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 55

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
3. Ілім кітабыكِتَابُ الْعِلْمِ
бап
2. Ілім үйреткенде дауысты көтеру туралыبَابُ مَنْ رَفَعَ صَوْتَهُ بِالْعِلْمِ
Нөмірі
№ 55 (Мухтасар реті) · Сахих: № 60
55
Бұхари, № 55 · Сахих: 60Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: تَخَلَّفَ عَنَّا النَّبِيُّ ﷺ فِي سَفْرَةٍ سَافَرْنَاهَا فَأَدْرَكَنَا – وَقَدْ أَرْهَقَتْنَا الصَّلَاةُ – وَنَحْنُ نَتَوَضَّأُ، فَجَعَلْنَا نَمْسَحُ عَلَى أَرْجُلِنَا، فَنَادَى بِأَعْلَى صَوْتِهِ: «وَيْلٌ لِلْأَعْقَابِ مِنَ النَّارِ» مَرَّتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.): «Бір сапарымызда Пайғамбар (с.а.с.) бізден кейін қалып қойған еді. Намаз уақыты қысылып, біз асығып жатқанда, ол бізге жетті. Біз дәрет алып, аяқтарымызды сипап жатқан едік. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) даусын барынша көтеріп, екі немесе үш рет: “Тозақ отына шалынатын өкшелерге қасірет болсын!” – деп жар салды», – деген.