Хадис
كِتَابُ الْإِيمَانِ

Иман кітабы

Сахих әл-Бұхари, 2-кітап · 46 хадис · № 8–53

Мазмұны: 38 бап
  1. 1Пайғамбардың (с.а.с.) «Ислам бес негізге құрылған» деген сөзі туралы
  2. 2Иман істері туралы
  3. 3Мұсылманның тілі мен қолынан өзге мұсылмандардың аман болуы туралы
  4. 4Кімнің мұсылмандығы абзал екені туралы
  5. 5Ас берудің Исламнан екені туралы
  6. 6Өзіне қалағанын бауырына да қалаудың иманнан екені туралы
  7. 7Алла Елшісін (с.а.с.) сүюдің иманнан екені туралы
  8. 8Иманның тәттілігі туралы
  9. 9Ансарларды сүюдің иманның белгісі екені туралы
  10. 10Бүліктерден қашудың діннен екені туралы
  11. 11Пайғамбардың (с.а.с.) «Мен араларыңда Алланы ең жақсы білетін адаммын» деген сөзі туралы
  12. 12Иман иелерінің амалдарына қарай дәрежелерінің әртүрлі болуы туралы
  13. 13Ұяттың иманнан екені туралы
  14. 14Алла Тағаланың: «Егер тәубеге келіп, хақ дінді мойындап, намаз оқыса һәм зекет берсе, оларды жөніне жіберіңдер» («Тәубе» сүресі, 5-аят) деген сөзі туралы
  15. 15Иманның амал екенін айтқан кісі туралы
  16. 16Мұсылмандықтың шынайы болмауы туралы
  17. 17Күйеуінің жақсылығын мойындамау және күпірліктен төмен дәрежедегі күпірлік туралы
  18. 18Күнәлардың жаһилия істерінен екені және Аллаға серік қосудан өзге күнәларды жасаған адамның кәпір саналмайтыны туралы
  19. 19«Егер мүміндерден екі топ бір-бірімен соғысса, бірден араларын жарастырыңдар» («Хужурат» сүресі, 9-аят) деген аят туралы. Алла оларды мүміндер деп атады
  20. 20Бір зұлымдықтың екіншісінен төмен дәрежеде болуы туралы
  21. 21Мұнафықтың белгісі туралы
  22. 22Қадір түнін құлшылықпен өткізудің иманнан екені туралы
  23. 23Жиһадтың иманнан екені туралы
  24. 24Рамазан түндерінде нәпіл намаз оқу туралы
  25. 25Рамазан оразасын сауабын Алладан үміт етіп ұстаудың иманнан екені туралы
  26. 26Діннің жеңіл екені туралы
  27. 27Намаздың иманнан екені туралы
  28. 28Адамның Исламды көркем түрде ұстануы туралы
  29. 29«Аллаға ең сүйікті діни амал – үзбей атқарылатын амал» деген сөз туралы
  30. 30Иманның артуы мен кемуі туралы
  31. 31Зекеттің Исламнан екені туралы
  32. 32Жаназаға ерудің иманнан екені туралы
  33. 33Мүміннің өзі сезбей тұрып амалының зая болып кетуінен қорқуы туралы
  34. 34Жәбірейілдің Пайғамбардан (с.а.с.) иман, Ислам және ихсан жайында сұрағаны туралы
  35. 35Дінін күмәнді нәрселерден қорғаған адамның артықшылығы туралы
  36. 36Олжаның бестен бірін берудің иманнан екені туралы
  37. 37Амалдардың ниетке байланысты екені туралы
  38. 38Пайғамбардың (с.а.с.) «Дін – адалдық пен жанашырлық» деген сөзі туралы
بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «بُنِيَ الْإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ»

1-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Ислам бес негізге құрылған» деген сөзі туралы

8
Бұхари, № 8 · Сахих: 8Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بُنِيَ الْإِسْلَامُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَالْحَجِّ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ислам бес негізге құрылған: Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ екеніне және Мұхаммедтің Алланың Елшісі екеніне куәлік ету; намазды толық орындау; зекет беру; қажылық жасау және Рамазан оразасын ұстау”, – деді», – деген.

بَابُ أُمُورِ الْإِيمَانِ

2-бапИман істері туралы

9
Бұхари, № 9 · Сахих: 9Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الْإِيمَانُ بِضْعٌ وَسِتُّونَ شُعْبَةً، وَالْحَيَاءُ شُعْبَةٌ مِنَ الْإِيمَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Иманның алпыстан астам тармағы бар. Ұят – иманның бір тармағы», – дегенін жеткізген.

بَابُ «الْمُسْلِمُ مَنْ سَلِمَ الْمُسْلِمُونَ مِنْ لِسَانِهِ وَيَدِهِ»

3-бапМұсылманның тілі мен қолынан өзге мұсылмандардың аман болуы туралы

10
Бұхари, № 10 · Сахих: 10Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «الْمُسْلِمُ مَنْ سَلِمَ الْمُسْلِمُونَ مِنْ لِسَانِهِ وَيَدِهِ، وَالْمُهَاجِرُ مَنْ هَجَرَ مَا نَهَى اللَّهُ عَنْهُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Мұсылман – өзге мұсылмандар тілі мен қолынан аман болған адам. Ал мұһажир – Алла тыйым салған нәрселерді тәрк еткен адам», – дегенін жеткізген.

بَابُ أَيُّ الْإِسْلَامِ أَفْضَلُ؟

4-бапКімнің мұсылмандығы абзал екені туралы

11
Бұхари, № 11 · Сахих: 11Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الْإِسْلَامِ أَفْضَلُ؟» قَالَ: «مَنْ سَلِمَ الْمُسْلِمُونَ مِنْ لِسَانِهِ وَيَدِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.): «Адамдар: “Уа, Расулалла! Кімнің мұсылмандығы абзал?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Мұсылмандар тілі мен қолынан аман болған адамның мұсылмандығы”, – деді», – деп баяндады.

بَابُ إِطْعَامِ الطَّعَامِ مِنَ الْإِسْلَامِ

5-бапАс берудің Исламнан екені туралы

12
Бұхари, № 12 · Сахих: 12Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَجُلًا سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ: «أَيُّ الْإِسْلَامِ خَيْرٌ؟» قَالَ: «تُطْعِمُ الطَّعَامَ وَتَقْرَأُ السَّلَامَ عَلَى مَنْ عَرَفْتَ وَمَنْ لَمْ تَعْرِفْ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай жеткізген: «Бір адам Пайғамбардан (с.а.с.): “Исламның қай амалы қайырлы?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Ас беруің әрі танығаныңа да, танымағаныңа да сәлем беруің”, – деді».

بَابُ مِنَ الْإِيمَانِ أَنْ يُحِبَّ لِأَخِيهِ مَا يُحِبُّ لِنَفْسِهِ

6-бапӨзіне қалағанын бауырына да қалаудың иманнан екені туралы

13
Бұхари, № 13 · Сахих: 13Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يُؤْمِنُ أَحَدُكُمْ حَتَّى يُحِبَّ لِأَخِيهِ مَا يُحِبُّ لِنَفْسِهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Өзіне қалағанын бауырына да қаламайынша, ешқайсыңның иманы кемел болмайды», – дегенін жеткізген.

بَابُ حُبِّ الرَّسُولِ ﷺ مِنَ الْإِيمَانِ

7-бапАлла Елшісін (с.а.с.) сүюдің иманнан екені туралы

14
Бұхари, № 14 · Сахих: 14Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَا يُؤْمِنُ أَحَدُكُمْ حَتَّى أَكُونَ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِنْ وَالِدِهِ وَوَلَدِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін! Мені әкесінен де, баласынан да артық жақсы көрмейінше, ешқайсыңның иманы кемел болмайды», – дегенін жеткізген.

15
Бұхари, № 15 · Сахих: 15Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ الْحَدِيثُ بِعَيْنِهِ، وَزَادَ فِي آخِرِهِ: «وَالنَّاسِ أَجْمَعِينَ».

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.) осы хадистің өзі жеткізілген. Оның соңына «...және барша адамнан да» деген сөздер қосылған.

بَابُ حَلَاوَةِ الْإِيمَانِ

8-бапИманның тәттілігі туралы

16
Бұхари, № 16 · Сахих: 16Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «ثَلَاثٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ وَجَدَ حَلَاوَةَ الْإِيمَانِ: أَنْ يَكُونَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَحَبَّ إِلَيْهِ مِمَّا سِوَاهُمَا، وَأَنْ يُحِبَّ الْمَرْءَ لَا يُحِبُّهُ إِلَّا لِلَّهِ، وَأَنْ يَكْرَهَ أَنْ يَعُودَ فِي الْكُفْرِ كَمَا يَكْرَهُ أَنْ يُقْذَفَ فِي النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кімнің бойында мына үш қасиет болса, сол иманның тәттілігін сезінеді: Алла мен Оның Елшісін өзге нәрсенің бәрінен артық сүю; бір адамды тек Алла үшін ғана сүю; отқа тасталуды қалай жек көрсе, күпірлікке қайта оралуды да дәл солай жек көру», – дегенін жеткізген.

بَابُ «عَلَامَةُ الْإِيمَانِ حُبُّ الْأَنْصَارِ»

9-бапАнсарларды сүюдің иманның белгісі екені туралы

17
Бұхари, № 17 · Сахих: 17Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «آيَةُ الْإِيمَانِ حُبُّ الْأَنْصَارِ، وَآيَةُ النِّفَاقِ بُغْضُ الْأَنْصَارِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Иманның белгісі – ансарларды сүю, ал мұнафықтықтың белгісі – ансарларды жек көру», – дегенін жеткізген.

18
Бұхари, № 18 · Сахих: 18Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ، وَحَوْلَهُ عِصَابَةٌ مِنْ أَصْحَابِهِ: «بَايِعُونِي عَلَى أَنْ لَا تُشْرِكُوا بِاللَّهِ شَيْئًا، وَلَا تَسْرِقُوا، وَلَا تَزْنُوا، وَلَا تَقْتُلُوا أَوْلَادَكُمْ، وَلَا تَأْتُوا بِبُهْتَانٍ تَفْتَرُونَهُ بَيْنَ أَيْدِيكُمْ وَأَرْجُلِكُمْ، وَلَا تَعْصُوا فِي مَعْرُوفٍ، فَمَنْ وَفَى مِنْكُمْ فَأَجْرُهُ عَلَى اللَّهِ، وَمَنْ أَصَابَ مِنْ ذَلِكَ شَيْئًا فَعُوقِبَ فِي الدُّنْيَا فَهُوَ كَفَّارَةٌ لَهُ، وَمَنْ أَصَابَ مِنْ ذَلِكَ شَيْئًا ثُمَّ سَتَرَهُ اللَّهُ فَهُوَ إِلَى اللَّهِ، إِنْ شَاءَ عَفَا عَنْهُ وَإِنْ شَاءَ عَاقَبَهُ». فَبَايَعْنَاهُ عَلَى ذَلِكَ.

Қазақша аудармасы

Ұбада ибн әс-Самит (р.а.) былай деген: «Бір топ сахаба Алла Елшісінің (с.а.с.) айналасында отырған кезде, ол (с.а.с.): “Маған Аллаға еш нәрсені серік етіп қоспауға, ұрлық жасамауға, зина жасамауға, балаларыңды өлтірмеуге, өздерің ойдан құрап, ешкімге жала жаппауға және игі істе қарсы келмеуге серт беріңдер.

Араларыңнан кім осы сертіне берік болса, оның сыйын Алла береді. Ал кім осылардың бірін істеп қойып, дүниеде жазаланса, сол жаза оған кәффарат болады. Кім осылардың бірін істеп қойып, онысын Алла жасырса, оның ісі Аллаға қалады: қаласа, кешіреді, қаласа, жазалайды”, – деді. Біз оған осы шарттармен серт бердік».

بَابُ مِنَ الدِّينِ الْفِرَارُ مِنَ الْفِتَنِ

10-бапБүліктерден қашудың діннен екені туралы

19
Бұхари, № 19 · Сахих: 19Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُوشِكُ أَنْ يَكُونَ خَيْرَ مَالِ الْمُسْلِمِ غَنَمٌ يَتْبَعُ بِهَا شَعَفَ الْجِبَالِ وَمَوَاقِعَ الْقَطْرِ، يَفِرُّ بِدِينِهِ مِنَ الْفِتَنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Көп ұзамай мұсылманның ең жақсы мал-мүлкі қой болады. Ол дінін бүліктерден сақтау үшін қойларын ертіп, тау шыңдары мен жауын түсетін өңірлерді сағалайды”, – деді», – деген.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «أَنَا أَعْلَمُكُمْ بِاللَّهِ»

11-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Мен араларыңда Алланы ең жақсы білетін адаммын» деген сөзі туралы

20
Бұхари, № 20 · Сахих: 20Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَمَرَهُمْ، أَمَرَهُمْ مِنَ الْأَعْمَالِ بِمَا يُطِيقُونَ، قَالُوا: «إِنَّا لَسْنَا كَهَيْئَتِكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ اللَّهَ قَدْ غَفَرَ لَكَ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِكَ وَمَا تَأَخَّرَ»، فَيَغْضَبُ حَتَّى يُعْرَفَ الْغَضَبُ فِي وَجْهِهِ، ثُمَّ يَقُولُ: «إِنَّ أَتْقَاكُمْ وَأَعْلَمَكُمْ بِاللَّهِ أَنَا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) сахабаларына бір істі бұйырғанда, олардың шамалары жететін амалдарды ғана бұйыратын. Олар: “Уа, Расулалла! Біздің жағдайымыз сіздікіндей емес қой. Алла сіздің бұрынғы әрі кейінгі күнәларыңызды кешірген”, – дейтін. Сонда ол ашуланып, ашуы жүзінен байқалатын. Содан кейін: “Расында, араларыңда Алладан ең қатты қорқатын да, Оны ең жақсы білетін де – менмін”, – дейтін», – деген.

بَابُ تَفَاضُلِ أَهْلِ الْإِيمَانِ فِي الْأَعْمَالِ

12-бапИман иелерінің амалдарына қарай дәрежелерінің әртүрлі болуы туралы

21
Бұхари, № 21 · Сахих: 22Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يَدْخُلُ أَهْلُ الْجَنَّةِ الْجَنَّةَ، وَأَهْلُ النَّارِ النَّارَ، ثُمَّ يَقُولُ اللَّهُ تَعَالَى: “أَخْرِجُوا مَنْ كَانَ فِي قَلْبِهِ مِثْقَالُ حَبَّةٍ مِنْ خَرْدَلٍ مِنْ إِيمَانٍ”، فَيُخْرَجُونَ مِنْهَا قَدِ اسْوَدُّوا، فَيُلْقَوْنَ فِي نَهَرِ الْحَيَا، أَوِ الْحَيَاةِ (شَكَّ مَالِكٌ) فَيَنْبُتُونَ كَمَا تَنْبُتُ الْحِبَّةُ فِي جَانِبِ السَّيْلِ، أَلَمْ تَرَ أَنَّهَا تَخْرُجُ صَفْرَاءَ مُلْتَوِيَةً؟».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Жәннат иелері Жәннатқа, ал Тозақ иелері Тозаққа кіреді. Содан кейін Алла Тағала: “Жүрегінде қыша дәнінің салмағындай иманы барларды Тозақтан шығарыңдар”, – дейді. Олар Тозақтан қап-қара болып күйген күйде шығарылып, Хая немесе Хаят өзеніне (Мәлик қай атаудың айтылғанына күмәнданған) тасталады. Сонда олар сел ағатын арнаның жиегінде дәннің өніп шығатыны секілді өсіп шығады. Оның сарғайып, иіліп шығатынын көрмедің бе?»

22
Бұхари, № 22 · Сахих: 23Риуаят етуші: Әбу Сағид

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «بَيْنَا أَنَا نَائِمٌ، رَأَيْتُ النَّاسَ يُعْرَضُونَ عَلَيَّ وَعَلَيْهِمْ قُمُصٌ، مِنْهَا مَا يَبْلُغُ الثُّدِيَّ، وَمِنْهَا مَا دُونَ ذَلِكَ، وَعُرِضَ عَلَيَّ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ وَعَلَيْهِ قَمِيصٌ يَجُرُّهُ». قَالُوا: «فَمَا أَوَّلْتَ ذَلِكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الدِّينَ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Бірде ұйықтап жатқанымда, адамдардың алдымнан өткізіліп жатқанын көрдім. Олардың үстінде көйлектері бар еді. Кейбірінің көйлегі кеудесіне дейін жетсе, кейбірінікі одан да қысқа болатын. Омар ибн әл-Хаттаб та алдымнан өткізілді. Оның үстіндегі көйлегі жерге сүйретіліп тұрды”, – деді. Сахабалар: “Уа, Расулалла! Мұны не деп жорыдыңыз?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Дін деп жорыдым”, – деді».

بَابُ الْحَيَاءِ مِنَ الْإِيمَانِ

13-бапҰяттың иманнан екені туралы

23
Бұхари, № 23 · Сахих: 24Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ مَرَّ عَلَى رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ، وَهُوَ يَعِظُ أَخَاهُ فِي الْحَيَاءِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «دَعْهُ فَإِنَّ الْحَيَاءَ مِنَ الْإِيمَانِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай жеткізген: «Бірде Алла Елшісі (с.а.с.) бауырын ұялшақтығы үшін жазғырып тұрған бір ансардың жанынан өтті. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Оны жайына қалдыр. Өйткені ұят – иманнан”, – деді».

بَابُ ﴿فَإِنْ تَابُوا وَأَقَامُوا الصَّلَاةَ وَآتَوُا الزَّكَاةَ فَخَلُّوا سَبِيلَهُمْ﴾ [التَّوْبَةِ: 5]

14-бапАлла Тағаланың: «Егер тәубеге келіп, хақ дінді мойындап, намаз оқыса һәм зекет берсе, оларды жөніне жіберіңдер» («Тәубе» сүресі, 5-аят) деген сөзі туралы

24
Бұхари, № 24 · Сахих: 25Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أُمِرْتُ أَنْ أُقَاتِلَ النَّاسَ حَتَّى يَشْهَدُوا أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ، وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ، فَإِذَا فَعَلُوا ذَلِكَ عَصَمُوا مِنِّي دِمَاءَهُمْ وَأَمْوَالَهُمْ إِلَّا بِحَقِّ الْإِسْلَامِ، وَحِسَابُهُمْ عَلَى اللَّهِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Маған адамдар “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ әрі Мұхаммед – Алланың Елшісі” деп куәлік етіп, намазды толық орындап, зекет бергенге дейін олармен соғысу бұйырылды. Егер олар осыны орындаса, Исламның хақы талап еткен жағдайларды қоспағанда, жандары мен мал-мүліктері менен аман болады. Ал олардың есебі Аллаға тән», – дегенін жеткізген.

بَابُ مَنْ قَالَ إِنَّ الْإِيمَانَ هُوَ الْعَمَلُ

15-бапИманның амал екенін айтқан кісі туралы

25
Бұхари, № 25 · Сахих: 26Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ سُئِلَ: «أَيُّ الْعَمَلِ أَفْضَلُ؟» فَقَالَ: «إِيمَانٌ بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ». قِيلَ: «ثُمَّ مَاذَا؟» قَالَ: «جِهَادٌ فِي سَبِيلِ اللَّهِ». قِيلَ: «ثُمَّ مَاذَا؟» قَالَ: «حَجٌّ مَبْرُورٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай жеткізген: «Алла Елшісінен (с.а.с.): “Қай амал ең абзал?” – деп сұралғанда, ол (с.а.с.): “Аллаға және Оның Елшісіне иман келтіру”, – деді. “Одан кейін қайсысы?” – деп сұралғанда: “Алла жолындағы жиһад”, – деді. “Одан кейін қайсысы?” – деп сұралғанда: “Қабыл болған қажылық”, – деді».

بَابُ إِذَا لَمْ يَكُنِ الْإِسْلَامُ عَلَى الْحَقِيقَةِ

16-бапМұсылмандықтың шынайы болмауы туралы

26
Бұхари, № 26 · Сахих: 27

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَعْطَى رَهْطًا وَسَعْدٌ جَالِسٌ، فَتَرَكَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَجُلًا هُوَ أَعْجَبُهُمْ إِلَيَّ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا لَكَ عَنْ فُلَانٍ؟ فَوَاللَّهِ إِنِّي لَأَرَاهُ مُؤْمِنًا». فَقَالَ: «أَوْ مُسْلِمًا». فَسَكَتُّ قَلِيلًا، ثُمَّ غَلَبَنِي مَا أَعْلَمُ مِنْهُ، فَعُدْتُ لِمَقَالَتِي، فَقُلْتُ: «مَا لَكَ عَنْ فُلَانٍ؟ فَوَاللَّهِ إِنِّي لَأَرَاهُ مُؤْمِنًا». فَقَالَ: «أَوْ مُسْلِمًا». ثُمَّ غَلَبَنِي مَا أَعْلَمُ مِنْهُ فَعُدْتُ لِمَقَالَتِي، وَعَادَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، ثُمَّ قَالَ: «يَا سَعْدُ إِنِّي لَأُعْطِي الرَّجُلَ، وَغَيْرُهُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْهُ، خَشْيَةَ أَنْ يَكُبَّهُ اللَّهُ فِي النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай баяндаған: «Алла Елшісі (с.а.с.) бір топ адамға дүние-мүлік үлестірді. Мен де сол жерде отырған едім. Алла Елшісі (с.а.с.) солардың арасындағы маған ең ұнамды бір адамға ештеңе бермеді. Мен: “Уа, Расулалла! Пәленшеге неге бермедіңіз? Алланың атымен ант етемін, мен оны мүмін деп білемін”, – дедім. Ол (с.а.с.): “Немесе мұсылман де”, – деді.

Мен біраз уақыт үнсіз қалдым. Алайда ол адам жайында білгенім мені қайта сөйлеуге итермеледі де: “Пәленшеге неге бермедіңіз? Алланың атымен ант етемін, мен оны мүмін деп білемін”, – дедім. Ол (с.а.с.) тағы да: “Немесе мұсылман де”, – деді. Содан кейін ол адам жайында білетін жақсылығым ойымнан кетпей, сөзімді тағы қайталадым. Алла Елшісі (с.а.с.) де бұрынғы жауабын қайталады. Содан соң: “Уа, Сағд! Кейде маған өзге бір адам одан да сүйікті болса да, мен біреуге дүние-мүлік беремін. Мұны Алла әлгі адамды Тозаққа етпетінен тастап жіберер деп қорыққанымнан жасаймын”, – деді».

بَابُ كُفْرَانِ الْعَشِيرِ وَكُفْرٍ دُونَ كُفْرٍ

17-бапКүйеуінің жақсылығын мойындамау және күпірліктен төмен дәрежедегі күпірлік туралы

27
Бұхари, № 27 · Сахих: 29Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أُرِيتُ النَّارَ فَإِذَا أَكْثَرُ أَهْلِهَا النِّسَاءُ، يَكْفُرْنَ». قِيلَ: «أَيَكْفُرْنَ بِاللَّهِ؟» قَالَ: «يَكْفُرْنَ الْعَشِيرَ، وَيَكْفُرْنَ الْإِحْسَانَ، لَوْ أَحْسَنْتَ إِلَى إِحْدَاهُنَّ الدَّهْرَ، ثُمَّ رَأَتْ مِنْكَ شَيْئًا قَالَتْ: “مَا رَأَيْتُ مِنْكَ خَيْرًا قَطُّ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Маған Тозақ көрсетілді. Қарасам, оның тұрғындарының басым көпшілігі – әйелдер. Олар күпірлік етеді”, – деді. Одан: “Олар Аллаға күпірлік ете ме?” – деп сұралғанда, ол (с.а.с.): “Олар күйеулерінің жақсылығын мойындамайды әрі өздеріне жасалған игілікті жоққа шығарады. Егер олардың біріне өмір бойы жақсылық жасасаң да, кейін ол сенен көңіліне жақпаған бір нәрсе көре қалса: ‘Мен сенен ешқашан жақсылық көрген емеспін’, – дейді”, – деп жауап берді».

بَابُ الْمَعَاصِي مِنْ أَمْرِ الْجَاهِلِيَّةِ، وَلَا يُكَفَّرُ صَاحِبُهَا بِارْتِكَابِهَا إِلَّا بِالشِّرْكِ

18-бапКүнәлардың жаһилия істерінен екені және Аллаға серік қосудан өзге күнәларды жасаған адамның кәпір саналмайтыны туралы

28
Бұхари, № 28 · Сахих: 30Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنِّي سَابَبْتُ رَجُلًا فَعَيَّرْتُهُ بِأُمِّهِ، فَقَالَ لِي النَّبِيُّ ﷺ: «يَا أَبَا ذَرٍّ، أَعَيَّرْتَهُ بِأُمِّهِ؟ إِنَّكَ امْرُؤٌ فِيكَ جَاهِلِيَّةٌ، إِخْوَانُكُمْ خَوَلُكُمْ، جَعَلَهُمُ اللَّهُ تَحْتَ أَيْدِيكُمْ، فَمَنْ كَانَ أَخُوهُ تَحْتَ يَدِهِ، فَلْيُطْعِمْهُ مِمَّا يَأْكُلُ، وَلْيُلْبِسْهُ مِمَّا يَلْبَسُ، وَلَا تُكَلِّفُوهُمْ مَا يَغْلِبُهُمْ، فَإِنْ كَلَّفْتُمُوهُمْ فَأَعِينُوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деген: «Бір адаммен сөзге келіп қалып, оны анасына бола кемсіткен едім. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) маған: “Уа, Әбу Зәрр! Оны анасына бола кемсіттің бе? Расында, сенің бойыңда жаһилиядан қалған мінез бар. Қол астарыңдағы қызметшілерің – сендердің бауырларың. Алла оларды сендердің қол астарыңа берді. Кімнің бауыры қол астында болса, оған өзі жейтін тамақтан берсін әрі өзі киетін киімнен кигізсін. Оларға шамасы жетпейтін жұмысты жүктемеңдер. Егер сондай жұмыс жүктесеңдер, оларға көмектесіңдер”, – деді».

بَابُ ﴿وَإِنْ طَائِفَتَانِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ اقْتَتَلُوا فَأَصْلِحُوا بَيْنَهُمَا﴾ [الْحُجُرَاتِ: 9] فَسَمَّاهُمُ الْمُؤْمِنِينَ

19-бап«Егер мүміндерден екі топ бір-бірімен соғысса, бірден араларын жарастырыңдар» («Хужурат» сүресі, 9-аят) деген аят туралы. Алла оларды мүміндер деп атады

29
Бұхари, № 29 · Сахих: 31Риуаят етуші: Әбу Бәкра

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا التَقَى الْمُسْلِمَانِ بِسَيْفَيْهِمَا فَالْقَاتِلُ وَالْمَقْتُولُ فِي النَّارِ»، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا الْقَاتِلُ، فَمَا بَالُ الْمَقْتُولِ؟» قَالَ: «إِنَّهُ كَانَ حَرِيصًا عَلَى قَتْلِ صَاحِبِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкра (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Екі мұсылман бір-біріне қылыш көтеріп, бетпе-бет келсе, өлтіргені де, өлтірілгені де Тозақта болады”, – дегенін естідім. Мен: “Уа, Расулалла! Өлтірген адамның жайы түсінікті, ал өлтірілген адам неліктен Тозақта болады?” – деп сұрадым. Ол: “Өйткені ол да қарсыласын өлтіруге ұмтылған еді”, – деді», – деген.

بَابُ ظُلْمٍ دُونَ ظُلْمٍ

20-бапБір зұлымдықтың екіншісінен төмен дәрежеде болуы туралы

30
Бұхари, № 30 · Сахих: 32Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: لَمَّا نَزَلَتْ: ﴿الَّذِينَ آمَنُوا وَلَمْ يَلْبِسُوا إِيمَانَهُمْ بِظُلْمٍ﴾ [الْأنعام: 82]، قَالَ أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «أَيُّنَا لَمْ يَظْلِمْ؟» فَأَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿إِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ﴾ [لُقْمَانَ: 13].

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.) мына хадисті жеткізген: «“Иман келтірген, иманына зұлымдықты араластырмағандар...” («Әнғам» сүресі, 82-аят) деген аят түскен кезде, Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабалары: “Арамызда зұлымдық жасамаған кім бар?” – деді. Сонда Алла Тағала: “Расында, Оған серік қосу – ең үлкен зұлымдық!” («Лұқман» сүресі, 13-аят) деген аятты түсірді».

بَابُ عَلَامَةِ الْمُنَافِقِ

21-бапМұнафықтың белгісі туралы

31
Бұхари, № 31 · Сахих: 33Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «آيَةُ الْمُنَافِقِ ثَلَاثٌ: إِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَإِذَا وَعَدَ أَخْلَفَ، وَإِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Мұнафықтың үш белгісі бар: сөйлесе, өтірік айтады; уәде берсе, уәдесінен таяды; аманат тапсырылса, қиянат жасайды», – дегенін жеткізген.

32
Бұхари, № 32 · Сахих: 34Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أَرْبَعٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ كَانَ مُنَافِقًا خَالِصًا، وَمَنْ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْهُنَّ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنَ النِّفَاقِ حَتَّى يَدَعَهَا: إِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ، وَإِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَإِذَا عَاهَدَ غَدَرَ، وَإِذَا خَاصَمَ فَجَرَ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кімнің бойында мына төрт мінез болса, ол – нағыз мұнафық. Ал кімнің бойында солардың біреуі болса, одан арылғанға дейін оның бойында мұнафықтықтың бір мінезі болады: аманат тапсырылса, қиянат жасайды; сөйлесе, өтірік айтады; серттессе, опасыздық жасайды; дауласса, шектен шығады», – дегенін жеткізген.

بَابُ قِيَامِ لَيْلَةِ الْقَدْرِ مِنَ الْإِيمَانِ

22-бапҚадір түнін құлшылықпен өткізудің иманнан екені туралы

33
Бұхари, № 33 · Сахих: 35Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ يَقُمْ لَيْلَةَ الْقَدْرِ، إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا، غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім Қадір түнін иманмен әрі сауабын Алладан үміт етіп, құлшылықпен өткізсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі”, – деді», – деген.

بَابُ الْجِهَادِ مِنَ الْإِيمَانِ

23-бапЖиһадтың иманнан екені туралы

34
Бұхари, № 34 · Сахих: 36Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «اِنْتَدَبَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ لِمَنْ خَرَجَ فِي سَبِيلِهِ، لَا يُخْرِجُهُ إِلَّا إِيمَانٌ بِي وَتَصْدِيقٌ بِرُسُلِي، أَنْ أُرْجِعَهُ بِمَا نَالَ مِنْ أَجْرٍ أَوْ غَنِيمَةٍ، أَوْ أُدْخِلَهُ الْجَنَّةَ، وَلَوْلَا أَنْ أَشُقَّ عَلَى أُمَّتِي مَا قَعَدْتُ خَلْفَ سَرِيَّةٍ، وَلَوَدِدْتُ أَنِّي أُقْتَلُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ثُمَّ أُحْيَا، ثُمَّ أُقْتَلُ ثُمَّ أُحْيَا، ثُمَّ أُقْتَلُ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Аса үстем әрі ұлы Алла Өз жолына шыққан адамды – егер оны жолға шығарған Аллаға деген иманы мен Оның елшілерін растауы ғана болса – алған сауабымен немесе олжасымен қайтаруға яки Жәннатқа кіргізуге кепіл болды. Үмбетіме ауырлық түсіруден қорықпағанымда, ешбір жасақтан қалып қоймас едім. Алла жолында өлтіріліп, кейін қайта тірілуді, содан соң тағы өлтіріліп, қайта тірілуді, одан кейін тағы да өлтірілуді қалар едім».

بَابُ تَطَوُّعِ قِيَامِ رَمَضَانَ

24-бапРамазан түндерінде нәпіл намаз оқу туралы

35
Бұхари, № 35 · Сахих: 37Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ أَيْضًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ قَامَ رَمَضَانَ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا، غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) сондай-ақ Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім Рамазан түндерін иманмен әрі сауабын Алладан үміт етіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі», – дегенін жеткізген.

بَابُ صَوْمِ رَمَضَانَ احْتِسَابًا مِنَ الْإِيمَانِ

25-бапРамазан оразасын сауабын Алладан үміт етіп ұстаудың иманнан екені туралы

36
Бұхари, № 36 · Сахих: 38Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ أَيْضًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ صَامَ رَمَضَانَ، إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا، غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) сондай-ақ: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім Рамазан оразасын иманмен әрі сауабын Алладан үміт етіп ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі”, – деді», – деген.

بَابُ «الدِّينُ يُسْرٌ»

26-бапДіннің жеңіл екені туралы

37
Бұхари, № 37 · Сахих: 39Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ أَيْضًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الدِّينَ يُسْرٌ، وَلَنْ يُشَادَّ الدِّينَ أَحَدٌ إِلَّا غَلَبَهُ، فَسَدِّدُوا وَقَارِبُوا، وَأَبْشِرُوا، وَاسْتَعِينُوا بِالْغَدْوَةِ وَالرَّوْحَةِ وَشَيْءٍ مِنَ الدُّلْجَةِ».

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.) сондай-ақ Пайғамбардың (с.а.с.): «Расында, дін жеңіл. Кім дінде өзіне шамадан тыс ауырлық жүктесе, дін оны жеңбей қоймайды. Сондықтан туралықты ұстаныңдар, оған толық жете алмасаңдар, барынша жақындаңдар әрі сүйініңдер. Таңғы, кешкі уақытты және түннің бір бөлігін құлшылыққа пайдаланып, күш-қуат алыңдар», – дегенін жеткізген.

بَابُ الصَّلَاةِ مِنَ الْإِيمَانِ

27-бапНамаздың иманнан екені туралы

38
Бұхари, № 38 · Сахих: 40Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ أَوَّلَ مَا قَدِمَ الْمَدِينَةَ نَزَلَ عَلَى أَجْدَادِهِ، أَوْ قَالَ أَخْوَالِهِ مِنَ الْأَنْصَارِ، وَأَنَّهُ صَلَّى قِبَلَ بَيْتِ الْمَقْدِسِ سِتَّةَ عَشَرَ شَهْرًا، أَوْ سَبْعَةَ عَشَرَ شَهْرًا، وَكَانَ يُعْجِبُهُ أَنْ تَكُونَ قِبْلَتُهُ قِبَلَ الْبَيْتِ، وَأَنَّهُ صَلَّى أَوَّلَ صَلَاةٍ صَلَّاهَا صَلَاةَ الْعَصْرِ، وَصَلَّى مَعَهُ قَوْمٌ، فَخَرَجَ رَجُلٌ مِمَّنْ صَلَّى مَعَهُ، فَمَرَّ عَلَى أَهْلِ مَسْجِدٍ وَهُمْ رَاكِعُونَ، فَقَالَ: «أَشْهَدُ بِاللَّهِ لَقَدْ صَلَّيْتُ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قِبَلَ مَكَّةَ»، فَدَارُوا كَمَا هُمْ قِبَلَ الْبَيْتِ، وَكَانَتِ الْيَهُودُ قَدْ أَعْجَبَهُمْ إِذْ كَانَ يُصَلِّي قِبَلَ بَيْتِ الْمَقْدِسِ، وَأَهْلُ الْكِتَابِ، فَلَمَّا وَلَّى وَجْهَهُ قِبَلَ الْبَيْتِ، أَنْكَرُوا ذَلِكَ.

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға алғаш келгенде, ансарлар арасындағы аталарының туыстарына немесе нағашы жұртына қонақ болды. Ол он алты немесе он жеті ай бойы Бәйтул-Мақдиске қарап намаз оқыды. Алайда құбыланың Қағбаға қарай бұрылғанын қалайтын еді. Қағбаға қарап алғаш оқыған намазы екінті намазы болды. Онымен бірге бір топ адам да намаз оқыды.

Бірге намаз оқығандардың бірі сыртқа шығып, бір мешіттің жанынан өтті. Мешіттегі адамдар рукуғ жасап тұр еді. Әлгі адам: “Алланы куә етіп айтамын, мен жаңа ғана Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге Меккеге қарап намаз оқыдым”, – деді. Сонда олар рукуғта тұрған күйлерінде Қағбаға қарай бұрылды. Пайғамбар (с.а.с.) Бәйтул-Мақдиске қарап намаз оқып жүргенде, бұл яһудилер мен Кітап иелеріне ұнайтын. Ал ол жүзін Қағбаға бұрған кезде, олар мұны теріске шығарды».

بَابُ حُسْنِ إِسْلَامِ الْمَرْءِ

28-бапАдамның Исламды көркем түрде ұстануы туралы

39
Бұхари, № 39 · Сахих: 41Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «إِذَا أَسْلَمَ الْعَبْدُ فَحَسُنَ إِسْلَامُهُ، يُكَفِّرُ اللَّهُ عَنْهُ كُلَّ سَيِّئَةٍ كَانَ زَلَفَهَا، وَكَانَ بَعْدَ ذَلِكَ الْقِصَاصُ: الْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا إِلَى سَبْعِ مِائَةِ ضِعْفٍ، وَالسَّيِّئَةُ بِمِثْلِهَا إِلَّا أَنْ يَتَجَاوَزَ اللَّهُ عَنْهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мына сөзін естігенін хабарлаған: «Құл Исламды қабылдап, оны көркем түрде ұстанса, Алла оның бұрын жасаған барлық жамандықтарын өшіреді. Содан кейін амалдарының есебі былай жүргізіледі: әрбір жақсылығы он еседен жеті жүз есеге дейін көбейтіліп жазылады, ал әрбір жамандығы өз мөлшеріндей ғана жазылады. Бірақ Алла оны кешірсе, ол да жазылмайды».

بَابُ «أَحَبُّ الدِّينِ إِلَى اللَّهِ أَدْوَمُهُ»

29-бап«Аллаға ең сүйікті діни амал – үзбей атқарылатын амал» деген сөз туралы

40
Бұхари, № 40 · Сахих: 43Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَخَلَ عَلَيْهَا وَعِنْدَهَا امْرَأَةٌ، قَالَ: «مَنْ هَذِهِ؟» قَالَتْ: «فُلَانَةُ»، تَذْكُرُ مِنْ صَلَاتِهَا. قَالَ: «مَهْ، عَلَيْكُمْ بِمَا تُطِيقُونَ، فَوَاللَّهِ لَا يَمَلُّ اللَّهُ حَتَّى تَمَلُّوا». وَكَانَ أَحَبَّ الدِّينِ إِلَيْهِ مَا دَاوَمَ عَلَيْهِ صَاحِبُهُ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай жеткізген: «Бірде Пайғамбар (с.а.с.) менің үйіме кіргенде, қасымда бір әйел отыр еді. Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл кім?” – деп сұрады. Мен: “Бұл – пәленше әйел”, – деп, оның көп намаз оқитынын айта бастадым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Қой! Шамаларың жететін амалдарды ғана орындаңдар. Алланың атымен ант етемін, сендер жалықпайынша, Алла жалықпайды”, – деді. Аллаға ең сүйікті діни амал – адамның үзбей атқарған амалы еді».

بَابُ زِيَادَةِ الْإِيمَانِ وَنُقْصَانِهِ

30-бапИманның артуы мен кемуі туралы

41
Бұхари, № 41 · Сахих: 44Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «يَخْرُجُ مِنَ النَّارِ مَنْ قَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، وَفِي قَلْبِهِ وَزْنُ شَعِيرَةٍ مِنْ خَيْرٍ، وَيَخْرُجُ مِنَ النَّارِ مَنْ قَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، وَفِي قَلْبِهِ وَزْنُ بُرَّةٍ مِنْ خَيْرٍ، وَيَخْرُجُ مِنَ النَّارِ مَنْ قَالَ: “لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ”، وَفِي قَلْبِهِ وَزْنُ ذَرَّةٍ مِنْ خَيْرٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «“Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ” деп айтқан әрі жүрегінде арпа дәнінің салмағындай жақсылығы бар адам Тозақтан шығады. “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ” деп айтқан әрі жүрегінде бидай дәнінің салмағындай жақсылығы бар адам Тозақтан шығады. “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ” деп айтқан әрі жүрегінде тозаң түйірінің салмағындай жақсылығы бар адам Тозақтан шығады».

42
Бұхари, № 42 · Сахих: 45Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَجُلًا مِنَ الْيَهُودِ قَالَ لَهُ: «يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ، آيَةٌ فِي كِتَابِكُمْ تَقْرَءُونَهَا، لَوْ عَلَيْنَا مَعْشَرَ الْيَهُودِ نَزَلَتْ، لَاتَّخَذْنَا ذَلِكَ الْيَوْمَ عِيدًا». قَالَ: «أَيُّ آيَةٍ؟» قَالَ: ﴿الْيَوْمَ أَكْمَلْتُ لَكُمْ دِينَكُمْ وَأَتْمَمْتُ عَلَيْكُمْ نِعْمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ الْإِسْلَامَ دِينًا﴾ [الْمائدة: 3]. قَالَ عُمَرُ: «قَدْ عَرَفْنَا ذَلِكَ الْيَوْمَ، وَالْمَكَانَ الَّذِي نَزَلَتْ فِيهِ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، وَهُوَ قَائِمٌ بِعَرَفَةَ يَوْمَ جُمُعَةٍ».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай жеткізген: «Бір яһуди маған: “Уа, мүміндердің әміршісі! Кітаптарыңда өздерің оқитын бір аят бар. Егер сол аят бізге, яһуди қауымына түскенде, сол күнді мереке етіп алар едік”, – деді. Мен: “Ол қай аят?” – деп сұрадым. Яһуди: “Міне, бүгін діндеріңді кемеліне жеткіздім, сендерге деген нығметімді тамамдадым және сендер үшін дін ретінде Исламды таңдадым” («Мәида» сүресі, 3-аят), – деді. Сонда мен: “Біз бұл аяттың Пайғамбарға (с.а.с.) қай күні және қай жерде түскенін жақсы білеміз. Ол (с.а.с.) Арафатта тұрған кезде, жұма күні түскен”, – дедім».

بَابُ الزَّكَاةِ مِنَ الْإِسْلَامِ

31-бапЗекеттің Исламнан екені туралы

43
Бұхари, № 43 · Сахих: 46

عَنْ طَلْحَةَ بْنِ عُبَيْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ مِنْ أَهْلِ نَجْدٍ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ ثَائِرَ الرَّأْسِ، يُسْمَعُ دَوِيُّ صَوْتِهِ وَلَا يُفْقَهُ مَا يَقُولُ، حَتَّى دَنَا، فَإِذَا هُوَ يَسْأَلُ عَنِ الْإِسْلَامِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خَمْسُ صَلَوَاتٍ فِي الْيَوْمِ وَاللَّيْلَةِ». فَقَالَ: «هَلْ عَلَيَّ غَيْرُهَا؟» قَالَ: «لَا، إِلَّا أَنْ تَطَوَّعَ». قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «وَصِيَامُ رَمَضَانَ». قَالَ: «هَلْ عَلَيَّ غَيْرُهُ؟» قَالَ: «لَا، إِلَّا أَنْ تَطَوَّعَ». قَالَ: وَذَكَرَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الزَّكَاةَ. قَالَ: «هَلْ عَلَيَّ غَيْرُهَا؟» قَالَ: «لَا، إِلَّا أَنْ تَطَوَّعَ». قَالَ: فَأَدْبَرَ الرَّجُلُ وَهُوَ يَقُولُ: «وَاللَّهِ لَا أَزِيدُ عَلَى هَذَا وَلَا أَنْقُصُ»، قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَفْلَحَ إِنْ صَدَقَ».

Қазақша аудармасы

Талха ибн Убайдулла (р.а.) былай деген: «Нәжд тұрғындарының арасынан шашы ұйпа-тұйпа бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келді. Даусы күңгірлеп естілгенімен, жақындап келгенше не айтып тұрғаны түсініксіз еді. Жақындаған кезде оның Ислам жайында сұрап тұрғаны белгілі болды. Алла Елшісі (с.а.с.): “Бір тәулікте бес уақыт намаз оқу”, – деді. Ол: “Бұлардан басқа намаз оқу маған міндетті ме?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Жоқ, өз еркіңмен қосымша оқысаң ғана”, – деді.

Алла Елшісі (с.а.с.): “Сондай-ақ Рамазан айында ораза ұстау”, – деді. Ол: “Бұдан басқа ораза ұстауым міндетті ме?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Жоқ, өз еркіңмен қосымша ұстасаң ғана”, – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.) оған зекет туралы айтты. Ол: “Бұдан басқа да беруім міндетті ме?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Жоқ, өз еркіңмен қосымша берсең ғана”, – деді. Әлгі адам бұрылып бара жатып: “Алланың атымен ант етемін, бұған еш нәрсе қоспаймын да, бұдан еш нәрсе кемітпеймін”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Егер шын айтса, мұратқа жетеді”, – деді».

بَابُ اتِّبَاعِ الْجَنَائِزِ مِنَ الْإِيمَانِ

32-бапЖаназаға ерудің иманнан екені туралы

44
Бұхари, № 44 · Сахих: 47Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنِ اتَّبَعَ جَنَازَةَ مُسْلِمٍ، إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا، وَكَانَ مَعَهُ حَتَّى يُصَلَّى عَلَيْهَا وَيَفْرُغَ مِنْ دَفْنِهَا، فَإِنَّهُ يَرْجِعُ مِنَ الْأَجْرِ بِقِيرَاطَيْنِ، كُلُّ قِيرَاطٍ مِثْلُ أُحُدٍ، وَمَنْ صَلَّى عَلَيْهَا ثُمَّ رَجَعَ قَبْلَ أَنْ تُدْفَنَ، فَإِنَّهُ يَرْجِعُ بِقِيرَاطٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Кім бір мұсылманның жаназасына иманмен әрі сауабын Алладан үміт етіп қатысып, жаназа намазы оқылып, мәйітті жерлеу аяқталғанға дейін бірге болса, екі қират сауап алып қайтады. Әрбір қират – Ұхұд тауындай. Ал кім жаназа намазын оқып, мәйіт жерленбей тұрып қайтса, бір қират сауап алып қайтады», – дегенін жеткізген.

بَابُ خَوْفِ الْمُؤْمِنِ مِنْ أَنْ يَحْبَطَ عَمَلُهُ وَهُوَ لَا يَشْعُرُ

33-бапМүміннің өзі сезбей тұрып амалының зая болып кетуінен қорқуы туралы

45
Бұхари, № 45 · Сахих: 48Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «سِبَابُ الْمُسْلِمِ فُسُوقٌ، وَقِتَالُهُ كُفْرٌ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Мұсылманды балағаттау – пасықтық, ал онымен соғысу – күпірлік», – дегенін жеткізді.

46
Бұхари, № 46 · Сахих: 49Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ يُخْبِرُ بِلَيْلَةِ الْقَدْرِ، فَتَلَاحَى رَجُلَانِ مِنَ الْمُسْلِمِينَ فَقَالَ: «إِنِّي خَرَجْتُ لِأُخْبِرَكُمْ بِلَيْلَةِ الْقَدْرِ، وَإِنَّهُ تَلَاحَى فُلَانٌ وَفُلَانٌ، فَرُفِعَتْ، وَعَسَى أَنْ يَكُونَ خَيْرًا لَكُمْ، اِلْتَمِسُوهَا فِي السَّبْعِ وَالتِّسْعِ وَالْخَمْسِ».

Қазақша аудармасы

Ұбада ибн әс-Самит (р.а.) былай жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Қадір түнінің қай түн екенін хабарлау үшін шықты. Сол кезде екі мұсылман өзара жанжалдасып қалды. Сонда ол: “Мен сендерге Қадір түнінің қай түн екенін хабарлау үшін шыққан едім. Алайда пәленше мен түгенше жанжалдасып қалғандықтан, оның нақты қай түн екені жөніндегі білім алынып қойылды. Мүмкін, бұл сендер үшін қайырлы болар. Оны жетінші, тоғызыншы және бесінші түндерден іздеңдер”, – деді».

بَابُ سُؤَالِ جِبْرِيلَ النَّبِيَّ ﷺ عَنِ الْإِيمَانِ وَالْإِسْلَامِ وَالْإِحْسَانِ

34-бапЖәбірейілдің Пайғамбардан (с.а.с.) иман, Ислам және ихсан жайында сұрағаны туралы

47
Бұхари, № 47 · Сахих: 50Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَارِزًا يَوْمًا لِلنَّاسِ، فَأَتَاهُ رَجُلٌ فَقَالَ: «مَا الْإِيمَانُ؟» قَالَ: «الْإِيمَانُ أَنْ تُؤْمِنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ، وَبِلِقَائِهِ، وَرُسُلِهِ وَتُؤْمِنَ بِالْبَعْثِ». قَالَ: «مَا الْإِسْلَامُ؟» قَالَ: «الْإِسْلَامُ: أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ، وَلَا تُشْرِكَ بِهِ شَيْئًا، وَتُقِيمَ الصَّلَاةَ، وَتُؤَدِّيَ الزَّكَاةَ الْمَفْرُوضَةَ، وَتَصُومَ رَمَضَانَ». قَالَ: «مَا الْإِحْسَانُ؟» قَالَ: «أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ، فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ». قَالَ: «مَتَى السَّاعَةُ؟» قَالَ: «مَا الْمَسْؤُولُ عَنْهَا بِأَعْلَمَ مِنَ السَّائِلِ، وَسَأُخْبِرُكَ عَنْ أَشْرَاطِهَا: إِذَا وَلَدَتِ الْأَمَةُ رَبَّهَا، وَإِذَا تَطَاوَلَ رُعَاةُ الْإِبِلِ الْبُهْمُ فِي الْبُنْيَانِ، فِي خَمْسٍ لَا يَعْلَمُهُنَّ إِلَّا اللَّهُ». ثُمَّ تَلَا النَّبِيُّ ﷺ: ﴿إِنَّ اللَّهَ عِنْدَهُ عِلْمُ السَّاعَةِ﴾ [لُقْمَانَ: 34] الْآيَةَ، ثُمَّ أَدْبَرَ فَقَالَ: «رُدُّوهُ». فَلَمْ يَرَوْا شَيْئًا، فَقَالَ: «هَذَا جِبْرِيلُ جَاءَ يُعَلِّمُ النَّاسَ دِينَهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) адамдардың алдында отырған еді. Сол кезде оған бір кісі келіп: “Иман деген не?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Иман – Аллаға, Оның періштелеріне, Онымен жолығуға, елшілеріне және қайта тірілуге сенуің”, – деді.

Ол: “Ислам деген не?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Ислам – Аллаға құлшылық етіп, Оған еш нәрсені серік қоспауың, намазды толық орындауың, парыз етілген зекетті беруің және Рамазан айында ораза ұстауың”, – деді.

Ол: “Ихсан деген не?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Ихсан – Аллаға Оны көріп тұрғандай құлшылық етуің. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрады”, – деді.

Ол: “Қиямет қашан болады?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл жайында сұралған адам сұраушыдан артық білмейді. Алайда оның белгілерін айтып берейін: күң өзінің қожайынын дүниеге әкелгенде және кедей түйе бақташылары биік ғимараттар салуда бір-бірімен жарысқанда. Қияметтің қашан болатыны – Алладан басқа ешкім білмейтін бес нәрсенің бірі”, – деді.

Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.) “Расында, қиямет жайлы нақты ілім бір Алланың құзырында!” («Лұқман» сүресі, 34-аят) деген аятты соңына дейін оқыды. Әлгі кісі бұрылып кетіп қалды. Пайғамбар (с.а.с.): “Оны қайтарыңдар”, – деді. Алайда адамдар ешкімді көрмеді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл – адамдарға діндерін үйрету үшін келген Жәбірейіл”, – деді», – деген.

بَابُ فَضْلِ مَنِ اِسْتَبْرَأَ لِدِينِهِ

35-бапДінін күмәнді нәрселерден қорғаған адамның артықшылығы туралы

48
Бұхари, № 48 · Сахих: 52Риуаят етуші: Нұғман ибн Бәшир

عَنِ النُّعْمَانِ بْنِ بَشِيرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «الْحَلَالُ بَيِّنٌ، وَالْحَرَامُ بَيِّنٌ، وَبَيْنَهُمَا مُشَبَّهَاتٌ لَا يَعْلَمُهَا كَثِيرٌ مِنَ النَّاسِ، فَمَنِ اتَّقَى الْمُشَبَّهَاتِ اِسْتَبْرَأَ لِدِينِهِ وَعِرْضِهِ، وَمَنْ وَقَعَ فِي الشُّبُهَاتِ: كَرَاعٍ يَرْعَى حَوْلَ الْحِمَى، يُوشِكُ أَنْ يُوَاقِعَهُ، أَلَا وَإِنَّ لِكُلِّ مَلِكٍ حِمًى، أَلَا إِنَّ حِمَى اللَّهِ فِي أَرْضِهِ مَحَارِمُهُ، أَلَا وَإِنَّ فِي الْجَسَدِ مُضْغَةً: إِذَا صَلَحَتْ صَلَحَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، أَلَا وَهِيَ الْقَلْبُ».

Қазақша аудармасы

Нұғман ибн Бәшир (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Халал анық, харам да анық. Ал осы екеуінің арасында көптеген адам біле бермейтін күмәнді нәрселер бар. Кім күмәнді нәрселерден сақтанса, діні мен абыройын қорғайды. Ал кім күмәнді нәрселерге ұрынса, қорықтың маңында мал жайып, малының оған кіріп кетуіне шақ қалған бақташы секілді болады. Біліп қойыңдар, әрбір патшаның өз қорығы бар. Алланың жер бетіндегі қорығы – Оның тыйым салған нәрселері. Біліп қойыңдар, денеде бір кесек ет бар. Ол түзелсе, бүкіл дене түзеледі, ал ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ أَدَاءِ الْخُمُسِ مِنَ الْإِيمَانِ

36-бапОлжаның бестен бірін берудің иманнан екені туралы

49
Бұхари, № 49 · Сахих: 53Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: إِنَّ وَفْدَ عَبْدِ الْقَيْسِ لَمَّا أَتَوُا النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَنِ الْقَوْمُ؟» أَوْ: «مَنِ الْوَفْدُ؟» قَالُوا: «رَبِيعَةُ». قَالَ: «مَرْحَبًا بِالْقَوْمِ، أَوْ بِالْوَفْدِ، غَيْرَ خَزَايَا وَلَا نَدَامَى»، فَقَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ إِنَّا لَا نَسْتَطِيعُ أَنْ نَأْتِيكَ إِلَّا فِي الشَّهْرِ الْحَرَامِ، وَبَيْنَنَا وَبَيْنَكَ هَذَا الْحَيُّ مِنْ كُفَّارِ مُضَرَ، فَمُرْنَا بِأَمْرٍ فَصْلٍ، نُخْبِرْ بِهِ مَنْ وَرَاءَنَا، وَنَدْخُلْ بِهِ الْجَنَّةَ»، وَسَأَلُوهُ عَنِ الْأَشْرِبَةِ: فَأَمَرَهُمْ بِأَرْبَعٍ، وَنَهَاهُمْ عَنْ أَرْبَعٍ، أَمَرَهُمْ: بِالْإِيمَانِ بِاللَّهِ وَحْدَهُ. قَالَ: «أَتَدْرُونَ مَا الْإِيمَانُ بِاللَّهِ وَحْدَهُ؟» قَالُوا: «اللَّهُ وَرَسُولُهُ أَعْلَمُ». قَالَ: «شَهَادَةُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنَّ مُحَمَّدًا رَسُولُ اللَّهِ، وَإِقَامُ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءُ الزَّكَاةِ، وَصِيَامُ رَمَضَانَ، وَأَنْ تُعْطُوا مِنَ الْمَغْنَمِ الْخُمُسَ». وَنَهَاهُمْ عَنْ أَرْبَعٍ: «عَنِ الْحَنْتَمِ وَالدُّبَّاءِ وَالنَّقِيرِ وَالْمُزَفَّتِ»، وَرُبَّمَا قَالَ: «الْمُقَيَّرِ». وَقَالَ: «احْفَظُوهُنَّ وَأَخْبِرُوا بِهِنَّ مَنْ وَرَاءَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Абдулқайс елшілері Пайғамбарға (с.а.с.) келгенде, ол: “Қай қауымсыңдар?” – немесе: “Қай қауымның елшілерісіңдер?” – деп сұрады. Олар: “Рабиға тайпасынанбыз”, – деді. Пайғамбар (с.а.с.): “Қош келдіңдер! Сендер қор болмайсыңдар да, өкінішке қалмайсыңдар”, – деді. Олар: “Уа, Расулалла! Біз сізге қасиетті айларда ғана келе аламыз. Өйткені біз бен сіздің араңызда Мудар мүшріктерінің мына бір тайпасы тұрады. Бізге анық әрі кесімді бір істі бұйырыңыз. Оны артымызда қалғандарға жеткізейік әрі соның арқасында Жәннатқа кірейік”, – деді.

Олар одан сусындар жайында да сұрады. Пайғамбар (с.а.с.) оларға төрт нәрсені бұйырып, төрт нәрсеге тыйым салды. Ол жалғыз Аллаға иман келтіруді бұйырып: “Жалғыз Аллаға иман келтірудің не екенін білесіңдер ме?” – деп сұрады. Олар: “Алла мен Оның Елшісі жақсы біледі”, – деді. Ол (с.а.с.): “Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ әрі Мұхаммед – Алланың Елшісі екеніне куәлік ету, намазды толық орындау, зекет беру, Рамазан айында ораза ұстау және олжаның бестен бірін тапсыру”, – деді.

Сондай-ақ оларға төрт түрлі ыдыста – хантам деп аталатын қыш құмырада, асқабақтан жасалған ыдыста, іші ойылған құрма діңінен жасалған ыдыста және шайыр жағылған ыдыста – сусын тұндыруға тыйым салды. Кейде соңғысын “муқайяр” деп атаған. Содан кейін Пайғамбар (с.а.с.): “Осы айтқандарымды жаттап алып, арттарыңда қалғандарға жеткізіңдер”, – деді».

بَابُ مَا جَاءَ أَنَّ الْأَعْمَالَ بِالنِّيَّةِ

37-бапАмалдардың ниетке байланысты екені туралы

50
Бұхари, № 50 · Сахих: 54Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَدِيثٌ: «إِنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ»، وَقَدْ تَقَدَّمَ فِي أَوَّلِ الْكِتَابِ، وَزَادَ هُنَا بَعْدَ قَوْلِهِ: «وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى»: «فَمَنْ كَانَتْ هِجْرَتُهُ إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ، فَهِجْرَتُهُ إِلَى اللَّهِ وَرَسُولِهِ»، وَسَرَدَ بَاقِيَ الْحَدِيثِ.

Қазақша аудармасы

Омардың (р.а.) «Амалдар ниетке байланысты» деген хадисі кітаптың басында келтірілген. Мұнда «Әркімге ниет еткені ғана тиесілі» деген сөзден кейін: «Кім Алла мен Оның Елшісі үшін һижрет етсе, оның һижреті Алла мен Оның Елшісі үшін болады», – деген сөздер қосылып, хадистің қалған бөлігі баяндалған.

51
Бұхари, № 51 · Сахих: 55Риуаят етуші: Әбу Масғуд

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا أَنْفَقَ الرَّجُلُ عَلَى أَهْلِهِ نَفَقَةً يَحْتَسِبُهَا فَهُوَ لَهُ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мәсғуд (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер адам отбасына қаражат жұмсап, оның сауабын Алладан үміт етсе, бұл оған садақа болып жазылады», – дегенін жеткізген.

بَابُ قَوْلِ النَّبِيِّ ﷺ: «الدِّينُ النَّصِيحَةُ»

38-бапПайғамбардың (с.а.с.) «Дін – адалдық пен жанашырлық» деген сөзі туралы

52
Бұхари, № 52 · Сахих: 57Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла әл-Бәжәли

عَنْ جَرِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ الْبَجَلِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَايَعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَلَى إِقَامِ الصَّلَاةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ، وَالنُّصْحِ لِكُلِّ مُسْلِمٍ».

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдулла әл-Бәжәли (р.а.): «Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) намазды толық орындауға, зекет беруге және әрбір мұсылманға шынайы жанашырлық танытуға серт бердім», – деген.

53
Бұхари, № 53 · Сахих: 58Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла әл-Бәжәли

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: إِنِّي أَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، قُلْتُ: «أُبَايِعُكَ عَلَى الْإِسْلَامِ»، فَشَرَطَ عَلَيَّ: «وَالنُّصْحِ لِكُلِّ مُسْلِمٍ»، فَبَايَعْتُهُ عَلَى هَذَا.

Қазақша аудармасы

Ол (р.а.): «Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Сізге Исламды ұстануға серт беремін”, – дедім. Сонда ол маған әрбір мұсылманға шынайы жанашырлық танытуды шарт етті. Мен оған осы шартпен серт бердім», – деген.