Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 46

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
2. Иман кітабыكِتَابُ الْإِيمَانِ
бап
33. Мүміннің өзі сезбей тұрып амалының зая болып кетуінен қорқуы туралыبَابُ خَوْفِ الْمُؤْمِنِ مِنْ أَنْ يَحْبَطَ عَمَلُهُ وَهُوَ لَا يَشْعُرُ
Нөмірі
№ 46 (Мухтасар реті) · Сахих: № 49
46
Бұхари, № 46 · Сахих: 49Риуаят етуші: Убада ибн әс-Самит

عَنْ عُبَادَةَ بْنِ الصَّامِتِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ خَرَجَ يُخْبِرُ بِلَيْلَةِ الْقَدْرِ، فَتَلَاحَى رَجُلَانِ مِنَ الْمُسْلِمِينَ فَقَالَ: «إِنِّي خَرَجْتُ لِأُخْبِرَكُمْ بِلَيْلَةِ الْقَدْرِ، وَإِنَّهُ تَلَاحَى فُلَانٌ وَفُلَانٌ، فَرُفِعَتْ، وَعَسَى أَنْ يَكُونَ خَيْرًا لَكُمْ، اِلْتَمِسُوهَا فِي السَّبْعِ وَالتِّسْعِ وَالْخَمْسِ».

Қазақша аудармасы

Ұбада ибн әс-Самит (р.а.) былай жеткізген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Қадір түнінің қай түн екенін хабарлау үшін шықты. Сол кезде екі мұсылман өзара жанжалдасып қалды. Сонда ол: “Мен сендерге Қадір түнінің қай түн екенін хабарлау үшін шыққан едім. Алайда пәленше мен түгенше жанжалдасып қалғандықтан, оның нақты қай түн екені жөніндегі білім алынып қойылды. Мүмкін, бұл сендер үшін қайырлы болар. Оны жетінші, тоғызыншы және бесінші түндерден іздеңдер”, – деді».