Хадис
كِتَابُ الْوُضُوءِ

Дәрет кітабы

Сахих әл-Бұхари, 4-кітап · 75 хадис · № 111–185

Мазмұны: 60 бап
  1. 1Дәретсіз оқылған намаздың қабыл болмайтыны туралы
  2. 2Дәреттің артықшылығы туралы
  3. 3Күмән туған жағдайда анық көз жеткізбейінше дәрет алмау туралы
  4. 4Дәретті жеңіл алу туралы
  5. 5Дәретті толық әрі мұқият алу туралы
  6. 6Бетті бір уыс сумен екі қолмен жуу туралы
  7. 7Дәретханаға кірер кезде айтылатын дұға туралы
  8. 8Дәретханаға су дайындап қою туралы
  9. 9Үлкен немесе кіші дәрет сындырғанда құбылаға қарамау туралы
  10. 10Екі кірпіштің үстіне отырып, дәрет сындырған адам туралы
  11. 11Әйелдердің дәрет сындыру үшін ашық далаға шығуы туралы
  12. 12Сумен тазалану туралы
  13. 13Сумен тазалануға барғанда қысқа найза алып жүру туралы
  14. 14Оң қолмен тазалануға тыйым салу туралы
  15. 15Таспен тазалану туралы
  16. 16Тезекпен тазаланбау туралы
  17. 17Дәрет мүшелерін бір реттен жуу туралы
  18. 18Дәрет мүшелерін екі реттен жуу туралы
  19. 19Дәрет мүшелерін үш реттен жуу туралы
  20. 20Дәрет кезінде мұрынға тартылған суды қайта шығару туралы
  21. 21Таспен тақ сан рет тазалану туралы
  22. 22Кебіс киген күйде екі аяқты жуу және кебістің үстінен мәсіх тартпау туралы
  23. 23Дәрет алу мен ғұсыл құйыну кезінде оң жақтан бастау туралы
  24. 24Намаз уақыты кіргенде дәрет алатын су іздеу туралы
  25. 25Адамның шашын жууға пайдаланылатын су туралы
  26. 26Сендердің біріңнің ыдысынан ит ішуі туралы
  27. 27Дәретті тек екі жолдан шыққан нәрселер ғана бұзады деп санағандар туралы
  28. 28Жолдасына дәрет алуға көмектесу туралы
  29. 29Дәрет бұзылғаннан кейін және өзге жағдайларда Құран оқу туралы
  30. 30Бастың барлығына мәсіх тарту туралы
  31. 31Адамдардың дәретінен қалған суды пайдалану туралы
  32. 32Ер адамның жұбайымен бірге дәрет алуы туралы
  33. 33Пайғамбардың (с.а.с.) дәрет суын есінен танған адамның үстіне құюы туралы
  34. 34Шылапшындағы сумен ғұсыл құйыну және дәрет алу туралы
  35. 35Тостағаннан дәрет алу туралы
  36. 36Бір мудд сумен дәрет алу туралы
  37. 37Мәсілердің үстінен мәсіх тарту туралы
  38. 38Мәсіні дәретті күйде кию туралы
  39. 39Қой еті мен сәуиқ жегеннен кейін дәрет алмағандар туралы
  40. 40Сәуиқ жегеннен кейін аузын шайып, дәрет алмаған адам туралы
  41. 41Сүт ішкеннен кейін ауыз шаю керек пе?
  42. 42Ұйқыдан кейін дәрет алу және бір-екі рет қалғып кету не басы шұлғып мүлгу дәретті бұзбайды деп есептегендер туралы
  43. 43Дәреті бұзылмаса да қайта дәрет алу туралы
  44. 44Зәрінен сақтанбаудың үлкен күнәлардың бірі екені туралы
  45. 45Зәрді жуып тазарту туралы риуаяттар
  46. 46Мешіттегі зәрдің үстіне су құю туралы
  47. 47Балалардың зәрі туралы
  48. 48Түрегеп және отырып зәр сындыру туралы
  49. 49Жолдасының жанында зәр сындыру және дуалмен тасалану туралы
  50. 50Қанды жуу туралы
  51. 51Шәуетті жуу және оны ысқылап тазарту туралы
  52. 52Түйелердің, өзге көлік малдары мен қойлардың зәрі, сондай-ақ олардың қоралары туралы
  53. 53Май мен суға түскен нәжістер туралы
  54. 54Тұрып қалған суға зәр сындыру туралы
  55. 55Намаз оқып тұрған адамның арқасына лас нәрсе немесе өлексе тасталса, намазының бұзылмайтыны туралы
  56. 56Түкірік, мұрын шырышы және сол секілді нәрселердің киімге түсуі туралы
  57. 57Әйелдің әкесінің жүзіндегі қанды жууы туралы
  58. 58Мисуак туралы
  59. 59Мисуакты жасы үлкен адамға беру туралы
  60. 60Түнде дәретті күйде ұйықтаған адамның артықшылығы туралы
بَابُ «لَا تُقْبَلُ صَلَاةٌ بِغَيْرِ طُهُورٍ»

1-бапДәретсіз оқылған намаздың қабыл болмайтыны туралы

111
Бұхари, № 111 · Сахих: 135Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُقْبَلُ صَلَاةُ مَنْ أَحْدَثَ حَتَّى يَتَوَضَّأَ». قَالَ رَجُلٌ مِنْ حَضْرَمَوْتَ: «مَا الْحَدَثُ، يَا أَبَا هُرَيْرَةَ؟» قَالَ: «فُسَاءٌ أَوْ ضُرَاطٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Дәреті бұзылған адамның намазы дәрет алғанға дейін қабыл болмайды”, – деді». Хадрамауттан келген бір адам: «Уа, Әбу Һурайра! Дәретті бұзатын нәрсе деген не?» – деп сұрады. Ол: «Желдің дыбыссыз немесе дыбыстап шығуы», – деп жауап берді.

بَابُ فَضْلِ الْوُضُوءِ

2-бапДәреттің артықшылығы туралы

112
Бұхари, № 112 · Сахих: 136Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «إِنَّ أُمَّتِي يُدْعَوْنَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ غُرًّا مُحَجَّلِينَ مِنْ آثَارِ الْوُضُوءِ، فَمَنِ اِسْتَطَاعَ مِنْكُمْ أَنْ يُطِيلَ غُرَّتَهُ فَلْيَفْعَلْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбардың (с.а.с.): “Расында, менің үмбетім Қиямет күні дәрет ізінен жүздері мен аяқ-қолдары нұрланған күйде шақырылады. Сендердің араларыңнан кім жүзінің нұрын ұзарта алса, соны істесін”, – дегенін естідім», – деген.

بَابُ مَنْ لَا يَتَوَضَّأُ مِنَ الشَّكِّ حَتَّى يَسْتَيْقِنَ

3-бапКүмән туған жағдайда анық көз жеткізбейінше дәрет алмау туралы

113
Бұхари, № 113 · Сахих: 137Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд әл-Ансари

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ شَكَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ الرَّجُلَ الَّذِي يُخَيَّلُ إِلَيْهِ أَنَّهُ يَجِدُ الشَّيْءَ فِي الصَّلَاةِ، فَقَالَ: «لَا يَنْفَتِلْ - أَوْ لَا يَنْصَرِفْ - حَتَّى يَسْمَعَ صَوْتًا أَوْ يَجِدَ رِيحًا».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд әл-Ансаридің (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісіне (с.а.с.) намаз үстінде өзінен бір нәрсе шыққандай болып күмәнданатын адамның жағдайы айтылды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Дыбысын естімейінше немесе иісін сезбейінше, намазын үзбесін яки намаздан шықпасын», – деді.

بَابُ التَّخْفِيفِ فِي الْوُضُوءِ

4-бапДәретті жеңіл алу туралы

114
Бұхари, № 114 · Сахих: 138Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ نَامَ حَتَّى نَفَخَ، ثُمَّ صَلَّى، وَرُبَّمَا قَالَ: «اِضْطَجَعَ حَتَّى نَفَخَ، ثُمَّ قَامَ فَصَلَّى».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) қорылдағанша ұйықтап, кейін намаз оқыған. Риуаятшы кейде: «Пайғамбар (с.а.с.) жатып, қорылдағанша ұйықтады, содан кейін тұрып намаз оқыды», – деп баяндайтын.

بَابُ إِسْبَاغِ الْوُضُوءِ

5-бапДәретті толық әрі мұқият алу туралы

115
Бұхари, № 115 · Сахих: 139Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: دَفَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ عَرَفَةَ حَتَّى إِذَا كَانَ بِالشِّعْبِ نَزَلَ فَبَالَ، ثُمَّ تَوَضَّأَ وَلَمْ يُسْبِغِ الْوُضُوءَ، فَقُلْتُ: «الصَّلَاةَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ»، فَقَالَ: «الصَّلَاةُ أَمَامَكَ». فَرَكِبَ، فَلَمَّا جَاءَ الْمُزْدَلِفَةَ نَزَلَ فَتَوَضَّأَ، فَأَسْبَغَ الْوُضُوءَ، ثُمَّ أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، فَصَلَّى الْمَغْرِبَ، ثُمَّ أَنَاخَ كُلُّ إِنْسَانٍ بَعِيرَهُ فِي مَنْزِلِهِ، ثُمَّ أُقِيمَتِ الْعِشَاءُ فَصَلَّى، وَلَمْ يُصَلِّ بَيْنَهُمَا.

Қазақша аудармасы

Усама ибн Зәйд (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Арафаттан жолға шықты. Бір сайға жеткенде көлігінен түсіп, кіші дәретін сындырды. Содан кейін дәрет алды, алайда дәретін толық әрі мұқият алмады. Мен: “Уа, Расулалла! Намаз оқимыз ба?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Намаз алда”, – деді. Содан кейін көлігіне мінді. Муздалифаға жеткенде көлігінен түсіп, дәретін толық әрі мұқият алды. Кейін намазға қамат айтылып, ақшам намазын оқыды. Содан соң әр адам түйесін өз орнына шөгерді. Кейін құптан намазына қамат айтылып, оны да оқыды. Ақшам мен құптан намаздарының арасында басқа намаз оқымады».

بَابُ غَسْلِ الْوَجْهِ بِالْيَدَيْنِ مِنْ غَرْفَةٍ وَاحِدَةٍ

6-бапБетті бір уыс сумен екі қолмен жуу туралы

116
Бұхари, № 116 · Сахих: 140Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ تَوَضَّأَ فَغَسَلَ وَجْهَهُ، أَخَذَ غَرْفَةً مِنْ مَاءٍ، فَمَضْمَضَ بِهَا وَاسْتَنْشَقَ، ثُمَّ أَخَذَ غَرْفَةً مِنْ مَاءٍ، فَجَعَلَ بِهَا هَكَذَا، أَضَافَهَا إِلَى يَدِهِ الْأُخْرَى، فَغَسَلَ بِهِمَا وَجْهَهُ، ثُمَّ أَخَذَ غَرْفَةً مِنْ مَاءٍ، فَغَسَلَ بِهَا يَدَهُ الْيُمْنَى، ثُمَّ أَخَذَ غَرْفَةً مِنْ مَاءٍ، فَغَسَلَ بِهَا يَدَهُ الْيُسْرَى، ثُمَّ مَسَحَ بِرَأْسِهِ، ثُمَّ أَخَذَ غَرْفَةً مِنْ مَاءٍ، فَرَشَّ عَلَى رِجْلِهِ الْيُمْنَى حَتَّى غَسَلَهَا، ثُمَّ أَخَذَ غَرْفَةً أُخْرَى، فَغَسَلَ بِهَا رِجْلَهُ - يَعْنِي الْيُسْرَى - ثُمَّ قَالَ: «هَكَذَا رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَتَوَضَّأُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) дәрет алды да, бетін жуды. Бір уыс су алып, онымен аузын шайып, мұрнына су тартты. Содан кейін тағы бір уыс су алып, су құйылған қолын екінші қолына қосып, екі қолымен бетін жуды. Кейін бір уыс су алып, оң қолын жуды. Тағы бір уыс су алып, сол қолын жуды. Содан кейін басына мәсіх тартты. Кейін бір уыс су алып, оны оң аяғына бүркіп, аяғын толық жуды. Содан соң тағы бір уыс су алып, екінші аяғын, яғни сол аяғын жуды. Кейін: «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) дәл осылай дәрет алғанын көрдім», – деді.

بَابُ مَا يَقُولُ عِنْدَ الْخَلَاءِ

7-бапДәретханаға кірер кезде айтылатын дұға туралы

117
Бұхари, № 117 · Сахих: 142Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا دَخَلَ الْخَلَاءَ قَالَ: «اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبُثِ وَالْخَبَائِثِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) дәретханаға кірерде: “Уа, Алла! Еркек және ұрғашы шайтандардан Саған сиынамын”, – дейтін», – деген.

بَابُ وَضْعِ الْمَاءِ عِنْدَ الْخَلَاءِ

8-бапДәретханаға су дайындап қою туралы

118
Бұхари, № 118 · Сахих: 143Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَخَلَ الْخَلَاءَ، فَوَضَعْتُ لَهُ وَضُوءًا، قَالَ: «مَنْ وَضَعَ هَذَا؟» فَأُخْبِرَ، فَقَالَ: «اللَّهُمَّ فَقِّهْهُ فِي الدِّينِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) дәретханаға кірген кезде, оған дәрет алатын су дайындап қойдым. Пайғамбар (с.а.с.): “Мұны кім қойды?” – деп сұрады. Оған суды кім қойғаны хабарланғанда: “Уа, Алла! Оған дінді терең түсінуді нәсіп ете гөр!” – деді».

بَابُ «لَا تُسْتَقْبَلُ الْقِبْلَةُ بِبَوْلٍ وَلَا غَائِطٍ»

9-бапҮлкен немесе кіші дәрет сындырғанда құбылаға қарамау туралы

119
Бұхари, № 119 · Сахих: 144Риуаят етуші: Әбу Әйюб

عَنْ أَبِي أَيُّوبَ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَتَى أَحَدُكُمُ الْغَائِطَ، فَلَا يَسْتَقْبِلِ الْقِبْلَةَ وَلَا يُوَلِّهَا ظَهْرَهُ، شَرِّقُوا أَوْ غَرِّبُوا».

Қазақша аудармасы

Әбу Әйюб әл-Ансари (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің бірің үлкен дәрет сындыруға барғанда, құбылаға қарамасын әрі оған арқасын да бермесін. Шығысқа немесе батысқа бұрылыңдар».

بَابُ مَنْ تَبَرَّزَ عَلَى لَبِنَتَيْنِ

10-бапЕкі кірпіштің үстіне отырып, дәрет сындырған адам туралы

120
Бұхари, № 120 · Сахих: 145Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: إِنَّ نَاسًا يَقُولُونَ: «إِذَا قَعَدْتَ عَلَى حَاجَتِكَ فَلَا تَسْتَقْبِلِ الْقِبْلَةَ وَلَا بَيْتَ الْمَقْدِسِ»، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ: «لَقَدْ اِرْتَقَيْتُ يَوْمًا عَلَى ظَهْرِ بَيْتٍ لَنَا، فَرَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَلَى لَبِنَتَيْنِ، مُسْتَقْبِلًا بَيْتَ الْمَقْدِسِ لِحَاجَتِهِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай дейтін: «Кейбір адамдар: “Дәрет сындыруға отырғанда, құбылаға да, Бәйтул-Мақдиске де қарама”, – дейді». Абдулла ибн Омар (р.а.): «Бір күні үйіміздің төбесіне көтерілгенімде, Алла Елшісінің (с.а.с.) екі кірпіштің үстіне отырып, Бәйтул-Мақдиске қарап дәрет сындырып отырғанын көрдім», – деген.

بَابُ خُرُوجِ النِّسَاءِ إِلَى الْبَرَازِ

11-бапӘйелдердің дәрет сындыру үшін ашық далаға шығуы туралы

121
Бұхари, № 121 · Сахих: 146Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ أَزْوَاجَ النَّبِيِّ ﷺ كُنَّ يَخْرُجْنَ بِاللَّيْلِ إِذَا تَبَرَّزْنَ إِلَى الْمَنَاصِعِ، وَهُوَ صَعِيدٌ أَفْيَحُ، فَكَانَ عُمَرُ يَقُولُ لِلنَّبِيِّ ﷺ: «اُحْجُبْ نِسَاءَكَ»، فَلَمْ يَكُنْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَفْعَلُ، فَخَرَجَتْ سَوْدَةُ بِنْتُ زَمْعَةَ، زَوْجُ النَّبِيِّ ﷺ، لَيْلَةً مِنَ اللَّيَالِي عِشَاءً، وَكَانَتِ امْرَأَةً طَوِيلَةً، فَنَادَاهَا عُمَرُ: «أَلَا قَدْ عَرَفْنَاكِ، يَا سَوْدَةُ»، حِرْصًا عَلَى أَنْ يَنْزِلَ الْحِجَابُ، فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ الْحِجَابَ.

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары түнде дәрет сындыру қажет болғанда, кең әрі ашық жер саналатын Манасиғқа шығатын. Омар Пайғамбарға (с.а.с.): «Жұбайларыңызды бүркендіріңіз», – деп айтатын. Алайда Алла Елшісі (с.а.с.) мұны істемеген еді. Бір түні құптан мезгілінде Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Сауда бинт Зәмға сыртқа шықты. Ол бойшаң әйел еді. Омар хижаб аятының түсуін қалап, оған: «Уа, Сауда! Біз сені таныдық қой», – деп дауыстады. Осыдан кейін Ұлы Алла хижаб үкімін түсірді.

بَابُ الِاسْتِنْجَاءِ بِالْمَاءِ

12-бапСумен тазалану туралы

122
Бұхари, № 122 · Сахих: 150Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا خَرَجَ لِحَاجَتِهِ أَجِيءُ أَنَا وَغُلَامٌ، مَعَنَا إِدَاوَةٌ مِنْ مَاءٍ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) дәрет сындыру үшін шыққан кезде, мен және тағы бір жас бала ішіне су құйылған шағын ыдысты алып баратынбыз», – деген.

بَابُ حَمْلِ الْعَنَزَةِ مَعَ الْمَاءِ فِي الِاسْتِنْجَاءِ

13-бапСумен тазалануға барғанда қысқа найза алып жүру туралы

123
Бұхари, № 123 · Сахих: 152

وَفِي رِوَايَةٍ: «مِنْ مَاءٍ وَعَنَزَةٍ، يَسْتَنْجِي بِالْمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта Әнәс (р.а.) өздерімен бірге су құйылған шағын ыдыс пен қысқа найза алып жүретіндерін, ал Пайғамбардың (с.а.с.) сол сумен тазаланатынын айтқан.

بَابُ النَّهْيِ عَنْ الِاسْتِنْجَاءِ بِالْيَمِينِ

14-бапОң қолмен тазалануға тыйым салу туралы

124
Бұхари, № 124 · Сахих: 153Риуаят етуші: Әбу Қатада

عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا شَرِبَ أَحَدُكُمْ فَلَا يَتَنَفَّسْ فِي الْإِنَاءِ، وَإِذَا أَتَى الْخَلَاءَ فَلَا يَمَسَّ ذَكَرَهُ بِيَمِينِهِ، وَلَا يَتَمَسَّحْ بِيَمِينِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Қатада (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің бірің су ішкенде, ыдыстың ішіне дем шығармасын. Ал дәретханаға кіргенде, жыныс мүшесін оң қолымен ұстамасын әрі оң қолымен тазаланбасын».

بَابُ الِاسْتِنْجَاءِ بِالْحِجَارَةِ

15-бапТаспен тазалану туралы

125
Бұхари, № 125 · Сахих: 155Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: اتَّبَعْتُ النَّبِيَّ ﷺ، وَخَرَجَ لِحَاجَتِهِ، فَكَانَ لَا يَلْتَفِتُ، فَدَنَوْتُ مِنْهُ، فَقَالَ: «اِبْغِنِي أَحْجَارًا أَسْتَنْفِضْ بِهَا - أَوْ نَحْوَهُ - وَلَا تَأْتِنِي بِعَظْمٍ، وَلَا رَوْثٍ». فَأَتَيْتُهُ بِأَحْجَارٍ بِطَرَفِ ثِيَابِي، فَوَضَعْتُهَا إِلَى جَنْبِهِ، وَأَعْرَضْتُ عَنْهُ، فَلَمَّا قَضَى أَتْبَعَهُ بِهِنَّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) дәрет сындыру үшін шыққанда, мен оның соңынан ердім. Ол артына бұрылып қарамайтын. Мен оған жақындағанымда, ол: “Тазалануым үшін маған бірнеше тас тауып әкел”, – деді немесе осыған ұқсас сөз айтты. Сондай-ақ: “Бірақ сүйек те, тезек те әкелме”, – деді. Мен киімімнің етегіне бірнеше тас салып әкеліп, жанына қойдым да, одан теріс айналдым. Ол қажетін өтеп болғаннан кейін сол тастармен тазаланды».

بَابُ «لَا يُسْتَنْجَى بِرَوْثٍ»

16-бапТезекпен тазаланбау туралы

126
Бұхари, № 126 · Сахих: 156Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَى النَّبِيُّ ﷺ الْغَائِطَ فَأَمَرَنِي أَنْ آتِيَهُ بِثَلَاثَةِ أَحْجَارٍ، فَوَجَدْتُ حَجَرَيْنِ، وَالْتَمَسْتُ الثَّالِثَ فَلَمْ أَجِدْهُ، فَأَخَذْتُ رَوْثَةً فَأَتَيْتُهُ بِهَا، فَأَخَذَ الْحَجَرَيْنِ وَأَلْقَى الرَّوْثَةَ وَقَالَ: «هَذَا رِكْسٌ».

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) дәрет сындыруға барғанда, маған үш тас әкелуді бұйырды. Мен екі тас тауып, үшіншісін іздедім, бірақ таба алмадым. Содан кейін бір кесек тезек алып, оған әкелдім. Ол (с.а.с.) екі тасты алды да, тезекті лақтырып жіберіп: “Бұл – лас нәрсе”, – деді».

بَابُ الْوُضُوءِ مَرَّةً مَرَّةً

17-бапДәрет мүшелерін бір реттен жуу туралы

127
Бұхари, № 127 · Сахих: 157Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: تَوَضَّأَ النَّبِيُّ ﷺ مَرَّةً مَرَّةً.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) дәрет алғанда әр мүшесін бір реттен жуды», – деген.

بَابُ الْوُضُوءِ مَرَّتَيْنِ مَرَّتَيْنِ

18-бапДәрет мүшелерін екі реттен жуу туралы

128
Бұхари, № 128 · Сахих: 158Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд әл-Ансари

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ تَوَضَّأَ مَرَّتَيْنِ مَرَّتَيْنِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйд әл-Ансаридің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) дәрет алғанда әр мүшесін екі реттен жуған.

بَابُ الْوُضُوءِ ثَلَاثًا ثَلَاثًا

19-бапДәрет мүшелерін үш реттен жуу туралы

129
Бұхари, № 129 · Сахих: 159Риуаят етуші: Осман

عَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ دَعَا بِإِنَاءٍ، فَأَفْرَغَ عَلَى كَفَّيْهِ ثَلَاثَ مِرَارٍ، فَغَسَلَهُمَا، ثُمَّ أَدْخَلَ يَمِينَهُ فِي الْإِنَاءِ، فَمَضْمَضَ، وَاسْتَنْشَقَ، ثُمَّ غَسَلَ وَجْهَهُ ثَلَاثًا، وَيَدَيْهِ إِلَى الْمِرْفَقَيْنِ ثَلَاثَ مِرَارٍ، ثُمَّ مَسَحَ بِرَأْسِهِ، ثُمَّ غَسَلَ رِجْلَيْهِ ثَلَاثَ مِرَارٍ إِلَى الْكَعْبَيْنِ، ثُمَّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ تَوَضَّأَ نَحْوَ وُضُوئِي هَذَا، ثُمَّ صَلَّى رَكْعَتَيْنِ لَا يُحَدِّثُ فِيهِمَا نَفْسَهُ، غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِهِ».

Қазақша аудармасы

Осман (р.а.) бір ыдыс алдырды. Ол екі алақанына үш рет су құйып, оларды жуды. Содан кейін оң қолын ыдысқа салып, аузын шайды әрі мұрнына су тартты. Кейін бетін үш рет, екі қолын шынтақтарына дейін үш рет жуды. Одан соң басына мәсіх тартып, екі аяғын тобықтарына дейін үш рет жуды. Содан кейін Осман: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Кімде-кім менің осы дәретім секілді дәрет алып, содан кейін ойын өзге нәрсеге бөлместен екі рәкәғат намаз оқыса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі”, – деді», – деген.

130
Бұхари, № 130 · Сахих: 160

وَفِي رِوَايَةٍ أَنَّ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أَلَا أُحَدِّثُكُمْ حَدِيثًا، لَوْلَا آيَةٌ فِي كِتَابِ اللَّهِ مَا حَدَّثْتُكُمُوهُ؟» سَمِعْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَتَوَضَّأُ رَجُلٌ يُحْسِنُ وُضُوءَهُ، وَيُصَلِّي الصَّلَاةَ، إِلَّا غُفِرَ لَهُ مَا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الصَّلَاةِ حَتَّى يُصَلِّيَهَا». الْآيَةُ: ﴿إِنَّ الَّذِينَ يَكْتُمُونَ مَا أَنْزَلْنَا﴾ [الْبَقَرَةِ: 159].

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта Осман (р.а.): «Сендерге бір хадис айтып берейін бе? Алланың Кітабында бір аят болмағанда, оны айтпас едім. Пайғамбардың (с.а.с.): “Кім дәретін жақсылап алып, намаз оқыса, оның дәрет алғаннан сол намазды оқығанға дейінгі күнәлары кешіріледі”, – дегенін естідім», – деген. Мұнда меңзелген аят: «Расында, Біз түсіргенді жасыратындар...» («Бақара» сүресі, 159-аят).

بَابُ الِاسْتِنْثَارِ فِي الْوُضُوءِ

20-бапДәрет кезінде мұрынға тартылған суды қайта шығару туралы

131
Бұхари, № 131 · Сахих: 161Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «مَنْ تَوَضَّأَ فَلْيَسْتَنْثِرْ، وَمَنِ اسْتَجْمَرَ فَلْيُوتِرْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Кім дәрет алса, мұрнына тартқан суын қайта шығарсын. Ал кім таспен тазаланса, тақ сан рет тазалансын».

بَابُ الِاسْتِجْمَارِ وِتْرًا

21-бапТаспен тақ сан рет тазалану туралы

132
Бұхари, № 132 · Сахих: 162Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا تَوَضَّأَ أَحَدُكُمْ فَلْيَجْعَلْ فِي أَنْفِهِ مَاءً، ثُمَّ لِيَنْثُرْ، وَمَنِ اسْتَجْمَرَ فَلْيُوتِرْ، وَإِذَا اِسْتَيْقَظَ أَحَدُكُمْ مِنْ نَوْمِهِ فَلْيَغْسِلْ يَدَهُ قَبْلَ أَنْ يُدْخِلَهَا فِي وَضُوئِهِ، فَإِنَّ أَحَدَكُمْ لَا يَدْرِي أَيْنَ بَاتَتْ يَدُهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сендердің бірің дәрет алғанда, мұрнына су тартып, кейін оны қайта шығарсын. Ал кім таспен тазаланса, тақ сан рет тазалансын. Сондай-ақ сендердің бірің ұйқысынан оянғанда, қолын дәрет суына салмас бұрын жуып алсын. Өйткені ол қолының түнде қайда болғанын білмейді».

بَابُ غَسْلِ الرِّجْلَيْنِ فِي النَّعْلَيْنِ وَلَا يَمْسَحُ عَلَى النَّعْلَيْنِ

22-бапКебіс киген күйде екі аяқты жуу және кебістің үстінен мәсіх тартпау туралы

133
Бұхари, № 133 · Сахих: 166Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، وَقَدْ قِيلَ لَهُ: «رَأَيْتُكَ لَا تَمَسُّ مِنَ الْأَرْكَانِ إِلَّا الْيَمَانِيَّيْنِ، وَرَأَيْتُكَ تَلْبَسُ النِّعَالَ السِّبْتِيَّةَ، وَرَأَيْتُكَ تَصْبُغُ بِالصُّفْرَةِ، وَرَأَيْتُكَ إِذَا كُنْتَ بِمَكَّةَ أَهَلَّ النَّاسُ إِذَا رَأَوُا الْهِلَالَ وَلَمْ تُهِلَّ أَنْتَ حَتَّى كَانَ يَوْمُ التَّرْوِيَةِ». قَالَ عَبْدُ اللَّهِ: «أَمَّا الْأَرْكَانُ فَإِنِّي لَمْ أَرَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَمَسُّ إِلَّا الْيَمَانِيَّيْنِ، وَأَمَّا النِّعَالُ السِّبْتِيَّةُ فَإِنِّي رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَلْبَسُ النَّعْلَ الَّتِي لَيْسَ فِيهَا شَعَرٌ وَيَتَوَضَّأُ فِيهَا، فَأَنَا أُحِبُّ أَنْ أَلْبَسَهَا، وَأَمَّا الصُّفْرَةُ فَإِنِّي رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَصْبُغُ بِهَا، فَأَنَا أُحِبُّ أَنْ أَصْبُغَ بِهَا، وَأَمَّا الْإِهْلَالُ فَإِنِّي لَمْ أَرَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يُهِلُّ حَتَّى تَنْبَعِثَ بِهِ رَاحِلَتُهُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омарға (р.а.) бір кісі: «Қағбаның бұрыштарынан тек екі Йәмани бұрышына ғана қол тигізетініңізді көрдім. Сондай-ақ түгі алынып, иленген былғарыдан жасалған кебіс киетініңізді әрі сары түспен бояйтыныңызды көрдім. Тағы бір байқағаным, Меккеде адамдар ай туғанын көрген кезде ихрамға кіреді, ал сіз Тәруия күніне дейін ихрамға кірмейсіз», – деді. Абдулла: «Қағбаның бұрыштарына келсек, мен Алла Елшісінің (с.а.с.) екі Йәмани бұрышынан басқасына қол тигізгенін көрмедім. Ал түгі алынып, иленген былғарыдан жасалған кебіске келсек, Алла Елшісінің (с.а.с.) осындай кебісті киіп, оны шешпей аяқтарын жуып дәрет алғанын көрдім. Сондықтан мен де осындай кебіс кигенді ұнатамын. Сары түске келсек, Алла Елшісінің (с.а.с.) сары түспен бояғанын көрдім. Сондықтан мен де сары түспен бояғанды ұнатамын. Ал ихрамға кіруге келсек, Алла Елшісінің (с.а.с.) көлігі оны алып жолға шыққанға дейін ихрамға кіргенін көрмедім», – деді.

بَابُ التَّيَمُّنِ فِي الْوُضُوءِ وَالْغُسْلِ

23-бапДәрет алу мен ғұсыл құйыну кезінде оң жақтан бастау туралы

134
Бұхари, № 134 · Сахих: 168Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُعْجِبُهُ التَّيَمُّنُ فِي تَنَعُّلِهِ، وَتَرَجُّلِهِ، وَطُهُورِهِ، وَفِي شَأْنِهِ كُلِّهِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) кебісін кигенде, шашын тарағанда, тазаланғанда және барлық ісінде оң жақтан бастауды ұнататын».

بَابُ اِلْتِمَاسِ الْوَضُوءِ إِذَا حَانَتِ الصَّلَاةُ

24-бапНамаз уақыты кіргенде дәрет алатын су іздеу туралы

135
Бұхари, № 135 · Сахих: 169Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: رَأَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ وَحَانَتْ صَلَاةُ الْعَصْرِ، فَالْتَمَسَ النَّاسُ الْوَضُوءَ فَلَمْ يَجِدُوهُ، فَأُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِوَضُوءٍ، فَوَضَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي ذَلِكَ الْإِنَاءِ يَدَهُ، وَأَمَرَ النَّاسَ أَنْ يَتَوَضَّئُوا مِنْهُ، قَالَ: فَرَأَيْتُ الْمَاءَ يَنْبُعُ مِنْ تَحْتِ أَصَابِعِهِ حَتَّى تَوَضَّئُوا مِنْ عِنْدِ آخِرِهِمْ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Мен Алла Елшісін (с.а.с.) екінті намазының уақыты кірген кезде көрдім. Адамдар дәрет алатын су іздеді, бірақ таба алмады. Сонда Алла Елшісіне (с.а.с.) дәрет алуға арналған су әкелінді. Алла Елшісі (с.а.с.) қолын сол ыдысқа салып, адамдарға одан дәрет алуды бұйырды». Әнәс (р.а.): «Сол кезде оның саусақтарының астынан судың бұрқ етіп шығып жатқанын көрдім. Сөйтіп, адамдардың ең соңғысына дейін бәрі сол судан дәрет алды», – деген.

بَابُ الْمَاءِ الَّذِي يُغْسَلُ بِهِ شَعَرُ الْإِنْسَانِ

25-бапАдамның шашын жууға пайдаланылатын су туралы

136
Бұхари, № 136 · Сахих: 171Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمَّا حَلَقَ رَأْسَهُ كَانَ أَبُو طَلْحَةَ أَوَّلَ مَنْ أَخَذَ مِنْ شَعَرِهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) шашын алдырған кезде, оның шашынан алғаш болып Әбу Талха алды».

بَابُ إِذَا شَرِبَ الْكَلْبُ فِي إِنَاءِ أَحَدِكُمْ

26-бапСендердің біріңнің ыдысынан ит ішуі туралы

137
Бұхари, № 137 · Сахих: 172Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا شَرِبَ الْكَلْبُ فِي إِنَاءِ أَحَدِكُمْ فَلْيَغْسِلْهُ سَبْعًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сендердің біріңнің ыдысынан ит ішсе, оны жеті рет жусын».

138
Бұхари, № 138 · Сахих: 174Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: كَانَتِ الْكِلَابُ تَبُولُ، وَتُقْبِلُ وَتُدْبِرُ فِي الْمَسْجِدِ، فِي زَمَانِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَلَمْ يَكُونُوا يَرُشُّونَ شَيْئًا مِنْ ذَلِكَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында иттер мешітке кіріп-шығып жүретін әрі сонда кіші дәретін сындыратын. Алайда адамдар сол жерлерге су шашпайтын».

بَابُ مَنْ لَمْ يَرَ الْوُضُوءَ إِلَّا مِنَ الْمَخْرَجَيْنِ

27-бапДәретті тек екі жолдан шыққан нәрселер ғана бұзады деп санағандар туралы

139
Бұхари, № 139 · Сахих: 176Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَا يَزَالُ الْعَبْدُ فِي صَلَاةٍ مَا كَانَ فِي الْمَسْجِدِ يَنْتَظِرُ الصَّلَاةَ، مَا لَمْ يُحْدِثْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Құл мешітте намазды күтіп, дәретін бұзбай отырған уақыттың бәрінде намазда болғандай саналады», – деген.

140
Бұхари, № 140 · Сахих: 179Риуаят етуші: Зәйд ибн Халид

عَنْ زَيْدِ بْنِ خَالِدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: سَأَلْتُ عُثْمَانَ بْنَ عَفَّانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قُلْتُ: «أَرَأَيْتَ إِذَا جَامَعَ فَلَمْ يُمْنِ؟» قَالَ عُثْمَانُ: «يَتَوَضَّأُ كَمَا يَتَوَضَّأُ لِلصَّلَاةِ وَيَغْسِلُ ذَكَرَهُ». قَالَ عُثْمَانُ: «سَمِعْتُهُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». فَسَأَلْتُ عَنْ ذَلِكَ عَلِيًّا، وَالزُّبَيْرَ، وَطَلْحَةَ، وَأُبَيَّ بْنَ كَعْبٍ فَأَمَرُونِي بِذَلِكَ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Халид (р.а.) былай деген: «Мен Осман ибн Аффаннан (р.а.): “Ер адам жұбайымен жақындасып, бірақ шәуеті шықпаса, не істеуі керек?” – деп сұрадым. Осман: “Намазға алғанындай дәрет алып, жыныс мүшесін жуады”, – деді. Содан кейін Осман: “Мұны Алла Елшісінен (с.а.с.) естідім”, – деді. Мен бұл жайында Әлиден, әз-Зубайрдан, Талха мен Убәй ибн Кәғбтан (р.а.) да сұрадым. Олар да маған осылай істеуді бұйырды».

141
Бұхари, № 141 · Сахих: 180Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَرْسَلَ إِلَى رَجُلٍ مِنَ الْأَنْصَارِ فَجَاءَ وَرَأْسُهُ يَقْطُرُ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «لَعَلَّنَا أَعْجَلْنَاكَ؟»، فَقَالَ: «نَعَمْ»، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أُعْجِلْتَ أَوْ قُحِطْتَ فَعَلَيْكَ الْوُضُوءُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) ансарлардың біріне адам жіберіп, оны шақыртты. Ол басынан су тамшылаған күйде келді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Бәлкім, біз сені асықтырып жіберген шығармыз?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер асықтырылған болсаң немесе шәуетің шықпаса, дәрет алуың керек», – деді.

بَابُ الرَّجُلِ يُوَضِّئُ صَاحِبَهُ

28-бапЖолдасына дәрет алуға көмектесу туралы

142
Бұхари, № 142 · Сахих: 182Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ، وَأَنَّهُ ذَهَبَ لِحَاجَةٍ لَهُ، وَأَنَّ مُغِيرَةَ جَعَلَ يَصُبُّ الْمَاءَ عَلَيْهِ وَهُوَ يَتَوَضَّأُ، فَغَسَلَ وَجْهَهُ وَيَدَيْهِ، وَمَسَحَ بِرَأْسِهِ، وَمَسَحَ عَلَى الْخُفَّيْنِ.

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғба (р.а.) былай деген: «Бір сапарда Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге болдым. Ол (с.а.с.) қажетін өтеуге кетті. Кейін дәрет алып жатқанда, мен оған су құйып тұрдым. Ол жүзін және екі қолын жуып, басына мәсіх тартты әрі екі мәсісінің үстінен де мәсіх тартты».

بَابُ قِرَاءَةِ الْقُرْآنِ بَعْدَ الْحَدَثِ وَغَيْرِهِ

29-бапДәрет бұзылғаннан кейін және өзге жағдайларда Құран оқу туралы

143
Бұхари, № 143 · Сахих: 183Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ بَاتَ لَيْلَةً عِنْدَ مَيْمُونَةَ زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ وَهِيَ خَالَتُهُ، قَالَ: «فَاضْطَجَعْتُ فِي عَرْضِ الْوِسَادَةِ وَاِضْطَجَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَهْلُهُ فِي طُولِهَا، فَنَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، حَتَّى إِذَا انْتَصَفَ اللَّيْلُ، أَوْ قَبْلَهُ بِقَلِيلٍ أَوْ بَعْدَهُ بِقَلِيلٍ، اِسْتَيْقَظَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَجَلَسَ يَمْسَحُ النَّوْمَ عَنْ وَجْهِهِ بِيَدِهِ، ثُمَّ قَرَأَ الْعَشْرَ الْآيَاتِ الْخَوَاتِمَ مِنْ سُورَةِ آلِ عِمْرَانَ، ثُمَّ قَامَ إِلَى شَنٍّ مُعَلَّقَةٍ، فَتَوَضَّأَ مِنْهَا فَأَحْسَنَ وُضُوءَهُ، ثُمَّ قَامَ يُصَلِّي». قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «فَقُمْتُ فَصَنَعْتُ مِثْلَ مَا صَنَعَ، ثُمَّ ذَهَبْتُ فَقُمْتُ إِلَى جَنْبِهِ، فَوَضَعَ يَدَهُ الْيُمْنَى عَلَى رَأْسِي، وَأَخَذَ بِأُذُنِي الْيُمْنَى يَفْتِلُهَا، فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ رَكْعَتَيْنِ، ثُمَّ أَوْتَرَ، ثُمَّ اِضْطَجَعَ حَتَّى أَتَاهُ الْمُؤَذِّنُ، فَقَامَ فَصَلَّى رَكْعَتَيْنِ خَفِيفَتَيْنِ، ثُمَّ خَرَجَ فَصَلَّى الصُّبْحَ». وَقَدْ تَقَدَّمَ أَصْلُ هَذَا الْحَدِيثِ، وَفِي كُلٍّ مِنْهُمَا مَا لَيْسَ فِي الْآخَرِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Бір түні нағашы әпкем, Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Мәймунаның үйінде түнедім. Мен жастықтың көлденеңіне, ал Алла Елшісі (с.а.с.) мен жұбайы оның ұзына бойына жатты. Алла Елшісі (с.а.с.) ұйықтады. Түн ортасы болғанда немесе одан сәл бұрын не сәл кейін ол (с.а.с.) оянды. Отырып, қолымен жүзіндегі ұйқының ізін сүртті. Содан кейін «Әли Имран» сүресінің соңғы он аятын оқыды. Артынша ілулі тұрған ескі торсыққа барып, одан мұқият әрі толық дәрет алды да, намазға тұрды». Ибн Аббас сөзін жалғап: «Мен де орнымнан тұрып, ол істегендей істедім. Содан кейін барып, оның жанына тұрдым. Ол (с.а.с.) оң қолын басыма қойып, оң құлағымнан ұстап, бұрай бастады. Кейін екі рәкәғат, тағы екі рәкәғат, тағы екі рәкәғат, тағы екі рәкәғат, тағы екі рәкәғат және тағы екі рәкәғат намаз оқыды. Содан кейін үтір намазын оқып, қайта жатты. Азаншы келгенде орнынан тұрып, жеңіл екі рәкәғат намаз оқыды. Содан соң сыртқа шығып, таң намазын оқыды».

بَابُ مَسْحِ الرَّأْسِ كُلِّهِ

30-бапБастың барлығына мәсіх тарту туралы

144
Бұхари, № 144 · Сахих: 185Риуаят етуші: Абдулла ибн Зәйд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ لَهُ رَجُلٌ: «أَتَسْتَطِيعُ أَنْ تُرِيَنِي كَيْفَ كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَتَوَضَّأُ؟» فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ زَيْدٍ: «نَعَمْ»، فَدَعَا بِمَاءٍ، فَأَفْرَغَ عَلَى يَدَيْهِ فَغَسَلَهُمَا مَرَّتَيْنِ، ثُمَّ مَضْمَضَ وَاسْتَنْثَرَ ثَلَاثًا، ثُمَّ غَسَلَ وَجْهَهُ ثَلَاثًا، ثُمَّ غَسَلَ يَدَيْهِ مَرَّتَيْنِ مَرَّتَيْنِ إِلَى الْمِرْفَقَيْنِ، ثُمَّ مَسَحَ رَأْسَهُ بِيَدَيْهِ، فَأَقْبَلَ بِهِمَا وَأَدْبَرَ، بَدَأَ بِمُقَدَّمِ رَأْسِهِ حَتَّى ذَهَبَ بِهِمَا إِلَى قَفَاهُ، ثُمَّ رَدَّهُمَا إِلَى الْمَكَانِ الَّذِي بَدَأَ مِنْهُ، ثُمَّ غَسَلَ رِجْلَيْهِ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Зәйдтің (р.а.) жеткізуінше, бір адам одан: «Алла Елшісінің (с.а.с.) қалай дәрет алғанын маған көрсетіп бере аласыз ба?» – деп сұрады. Абдулла ибн Зәйд: «Иә», – деп, су алдырды. Суды екі қолына құйып, оларды екі рет жуды. Содан кейін аузын шайып, мұрнына тартқан суды қайта шығарды. Мұны үш рет қайталады. Кейін жүзін үш рет, екі қолын шынтақтарына дейін екі реттен жуды. Одан соң екі қолымен басына мәсіх тартып, қолдарын алға және артқа жүргізді: басының алдыңғы жағынан бастап, екі қолын желкесіне дейін апарды да, қайтадан бастаған жеріне әкелді. Артынша екі аяғын жуды.

بَابُ اِسْتِعْمَالِ فَضْلِ وَضُوءِ النَّاسِ

31-бапАдамдардың дәретінен қалған суды пайдалану туралы

145
Бұхари, № 145 · Сахих: 187Риуаят етуші: Әбу Жухайфа

عَنْ أَبِي جُحَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَرَجَ عَلَيْنَا النَّبِيُّ ﷺ بِالْهَاجِرَةِ، فَأُتِيَ بِوَضُوءٍ فَتَوَضَّأَ، فَجَعَلَ النَّاسُ يَأْخُذُونَ مِنْ فَضْلِ وَضُوئِهِ فَيَتَمَسَّحُونَ بِهِ، فَصَلَّى النَّبِيُّ ﷺ الظُّهْرَ رَكْعَتَيْنِ، وَالْعَصْرَ رَكْعَتَيْنِ، وَبَيْنَ يَدَيْهِ عَنَزَةٌ.

Қазақша аудармасы

Әбу Жухәйфа (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) түс мезгіліндегі аптапта біздің алдымызға шықты. Оған дәрет алатын су әкелінді де, ол (с.а.с.) дәрет алды. Адамдар оның дәретінен қалған суды алып, денелеріне сүрте бастады. Пайғамбар (с.а.с.) алдына қысқа найза шаншылған күйде бесін намазын екі рәкәғат, екінті намазын да екі рәкәғат етіп оқыды».

146
Бұхари, № 146 · Сахих: 190Риуаят етуші: Саиб ибн Язид

عَنِ السَّائِبِ بْنِ يَزِيدَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: ذَهَبَتْ بِي خَالَتِي إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ ابْنَ أُخْتِي وَجِعٌ». فَمَسَحَ رَأْسِي وَدَعَا لِي بِالْبَرَكَةِ، ثُمَّ تَوَضَّأَ، فَشَرِبْتُ مِنْ وَضُوئِهِ، ثُمَّ قُمْتُ خَلْفَ ظَهْرِهِ، فَنَظَرْتُ إِلَى خَاتَمِ النُّبُوَّةِ بَيْنَ كَتِفَيْهِ، مِثْلَ زِرِّ الْحَجَلَةِ.

Қазақша аудармасы

Сәиб ибн Язид (р.а.) былай деген: «Нағашы әпкем мені Пайғамбарға (с.а.с.) алып барып: “Уа, Расулалла! Менің жиенім ауырып жүр”, – деді. Сонда ол (с.а.с.) басымнан сипап, маған береке тіледі. Содан кейін дәрет алды. Мен оның дәрет суынан іштім. Кейін артына барып тұрдым да, екі жауырынының арасындағы пайғамбарлық мөріне қарадым. Ол шымылдықтың түймесіндей еді».

بَابُ وُضُوءِ الرَّجُلِ مَعَ امْرَأَتِهِ

32-бапЕр адамның жұбайымен бірге дәрет алуы туралы

147
Бұхари, № 147 · Сахих: 193Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ قَالَ: «كَانَ الرِّجَالُ وَالنِّسَاءُ يَتَوَضَّئُونَ فِي زَمَانِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ جَمِيعًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында ерлер мен әйелдер бірге дәрет алатын».

بَابُ صَبِّ النَّبِيِّ ﷺ وَضُوءَهُ عَلَى الْمُغْمَى عَلَيْهِ

33-бапПайғамбардың (с.а.с.) дәрет суын есінен танған адамның үстіне құюы туралы

148
Бұхари, № 148 · Сахих: 194Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَعُودُنِي، وَأَنَا مَرِيضٌ لَا أَعْقِلُ، فَتَوَضَّأَ وَصَبَّ عَلَيَّ مِنْ وَضُوئِهِ، فَعَقَلْتُ، فَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لِمَنِ الْمِيرَاثُ؟ إِنَّمَا يَرِثُنِي كَلَالَةٌ»، فَنَزَلَتْ آيَةُ الْفَرَائِضِ.

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Мен ауырып, ес-түсімді білмей жатқанымда, Алла Елшісі (с.а.с.) халімді сұрап келді. Ол (с.а.с.) дәрет алып, дәретінен қалған суды үстіме құйды. Сонда есімді жидым да: “Уа, Расулалла! Менің мұрам кімге қалады? Әкем де, балам да жоқ, маған өзге туыстарым ғана мұрагер болады”, – дедім. Осыдан кейін мұра үлестері туралы аят түсті».

بَابُ الْغُسْلِ وَالْوُضُوءِ فِي الْمِخْضَبِ

34-бапШылапшындағы сумен ғұсыл құйыну және дәрет алу туралы

149
Бұхари, № 149 · Сахих: 195Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: حَضَرَتِ الصَّلَاةُ، فَقَامَ مَنْ كَانَ قَرِيبَ الدَّارِ إِلَى أَهْلِهِ، وَبَقِيَ قَوْمٌ، فَأُتِيَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِمِخْضَبٍ مِنْ حِجَارَةٍ فِيهِ مَاءٌ، فَصَغُرَ الْمِخْضَبُ أَنْ يَبْسُطَ فِيهِ كَفَّهُ، فَتَوَضَّأَ الْقَوْمُ كُلُّهُمْ. قِيلَ: «كَمْ كُنْتُمْ؟» قَالَ: «ثَمَانِينَ وَزِيَادَةً».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Намаз уақыты кіргенде, үйлері жақын адамдар отбасыларына барып, қалғандары сонда қалды. Сонда Алла Елшісіне (с.а.с.) ішінде суы бар тас шылапшын әкелінді. Шылапшынның кішілігі сонша, ол (с.а.с.) алақанын оның ішіне толық жая алмады. Соған қарамастан, жиналған адамдардың барлығы сол судан дәрет алды». Одан: «Сендер қанша адам едіңдер?» – деп сұралды. Ол: «Сексеннен астам едік», – деді.

150
Бұхари, № 150 · Сахих: 196Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَعَا بِقَدَحٍ فِيهِ مَاءٌ، فَغَسَلَ يَدَيْهِ وَوَجْهَهُ فِيهِ، وَمَجَّ فِيهِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) ішінде суы бар бір тостаған алдырды. Сол сумен екі қолы мен жүзін жуып, аузына алған суды тостағанға қайта бүркіді».

151
Бұхари, № 151 · Сахих: 198Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: لَمَّا ثَقُلَ النَّبِيُّ ﷺ وَاشْتَدَّ بِهِ وَجَعُهُ، اِسْتَأْذَنَ أَزْوَاجَهُ فِي أَنْ يُمَرَّضَ فِي بَيْتِي، فَأَذِنَّ لَهُ، فَخَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ بَيْنَ رَجُلَيْنِ، تَخُطُّ رِجْلَاهُ فِي الْأَرْضِ، بَيْنَ عَبَّاسٍ وَرَجُلٍ آخَرَ. وَكَانَتْ عَائِشَةُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا تُحَدِّثُ: أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ، بَعْدَمَا دَخَلَ بَيْتَهُ وَاشْتَدَّ وَجَعُهُ: «هَرِيقُوا عَلَيَّ مِنْ سَبْعِ قِرَبٍ، لَمْ تُحْلَلْ أَوْكِيَتُهُنَّ، لَعَلِّي أَعْهَدُ إِلَى النَّاسِ». وَأُجْلِسَ فِي مِخْضَبٍ لِحَفْصَةَ، زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ، ثُمَّ طَفِقْنَا نَصُبُّ عَلَيْهِ بِذَلِكَ، حَتَّى طَفِقَ يُشِيرُ إِلَيْنَا أَنْ قَدْ فَعَلْتُنَّ. ثُمَّ خَرَجَ إِلَى النَّاسِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) дерті асқынып, хәлі ауырлаған кезде, жұбайларынан менің үйімде күтім көруге рұқсат сұрады. Олар рұқсат берді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) екі адамның сүйемелдеуімен шықты. Аяқтары жерге сүйретіліп келе жатты. Ол Аббас пен тағы бір адамның ортасында еді». Айша (р.а.) сондай-ақ былай деп баяндаған: «Пайғамбар (с.а.с.) үйіне кіргеннен кейін дерті күшейіп: “Ауыздары шешілмеген жеті торсықтағы суды үстіме құйыңдар. Бәлкім, адамдарға өсиет айта алармын”, – деді. Оны Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Хафсаға тиесілі шылапшынға отырғызды. Содан кейін біз сол суды оның үстіне құя бастадық. Ақырында ол (с.а.с.) бізге: “Жеткілікті, орындадыңдар”, – дегендей ишара жасады. Содан кейін адамдардың алдына шықты».

بَابُ الْوُضُوءِ مِنَ التَّوْرِ

35-бапТостағаннан дәрет алу туралы

152
Бұхари, № 152 · Сахих: 200Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَعَا بِإِنَاءٍ مِنْ مَاءٍ، فَأُتِيَ بِقَدَحٍ رَحْرَاحٍ، فِيهِ شَيْءٌ مِنْ مَاءٍ، فَوَضَعَ أَصَابِعَهُ فِيهِ. قَالَ أَنَسٌ: فَجَعَلْتُ أَنْظُرُ إِلَى الْمَاءِ يَنْبُعُ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِهِ. قَالَ أَنَسٌ: فَحَزَرْتُ مَنْ تَوَضَّأَ، مَا بَيْنَ السَّبْعِينَ إِلَى الثَّمَانِينَ.

Қазақша аудармасы

Әнәстің (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) су құйылған бір ыдыс алдырды. Оған аз ғана суы бар кең әрі жайпақ тостаған әкелінді. Ол (с.а.с.) саусақтарын сол суға салды. Әнәс (р.а.): «Судың оның саусақтарының арасынан бұрқылдап шығып жатқанын көрдім», – деген. Әнәс (р.а.): «Сол судан дәрет алғандардың санын жетпіс пен сексеннің арасында деп шамаладым», – деген.

بَابُ الْوُضُوءِ بِالْمُدِّ

36-бапБір мудд сумен дәрет алу туралы

153
Бұхари, № 153 · Сахих: 201Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَغْتَسِلُ بِالصَّاعِ إِلَى خَمْسَةِ أَمْدَادٍ، وَيَتَوَضَّأُ بِالْمُدِّ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) бір сағтан бес муддқа дейінгі сумен ғұсыл алатын, ал бір мудд сумен дәрет алатын», – деген.

بَابُ الْمَسْحِ عَلَى الْخُفَّيْنِ

37-бапМәсілердің үстінен мәсіх тарту туралы

154
Бұхари, № 154 · Сахих: 202

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّهُ مَسَحَ عَلَى الْخُفَّيْنِ. وَأَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ سَأَلَ عُمَرَ عَنْ ذَلِكَ فَقَالَ: «نَعَمْ، إِذَا حَدَّثَكَ شَيْئًا سَعْدٌ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ، فَلَا تَسْأَلْ عَنْهُ غَيْرَهُ».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) мәсілерінің үстінен мәсіх тартты», – деп риуаят еткен. Абдулла ибн Омар бұл жайында әкесі Омардан сұрағанда, ол: «Иә. Сағд саған Пайғамбардан (с.а.с.) бір нәрсе риуаят етсе, бұл жөнінде басқа ешкімнен сұрама», – деген.

155
Бұхари, № 155 · Сахих: 204Риуаят етуші: Амр ибн Умәйя әд-Дамри

عَنْ عَمْرِو بْنِ أُمَيَّةَ الضَّمْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّهُ رَأَى النَّبِيَّ ﷺ يَمْسَحُ عَلَى الْخُفَّيْنِ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Үмәйя әд-Дамри (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) мәсілерінің үстінен мәсіх тартқанын көрген.

156
Бұхари, № 156 · Сахих: 205Риуаят етуші: Амр ибн Умәйя әд-Дамри

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ يَمْسَحُ عَلَى عِمَامَتِهِ وَخُفَّيْهِ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Үмәйя (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) сәлдесі мен мәсілерінің үстінен мәсіх тартқанын көрдім».

بَابُ إِذَا أَدْخَلَ رِجْلَيْهِ وَهُمَا طَاهِرَتَانِ

38-бапМәсіні дәретті күйде кию туралы

157
Бұхари, № 157 · Сахих: 206Риуаят етуші: Мұғира ибн Шуғба

عَنِ الْمُغِيرَةِ بْنِ شُعْبَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كُنْتُ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي سَفَرٍ، فَأَهْوَيْتُ لِأَنْزِعَ خُفَّيْهِ، فَقَالَ: «دَعْهُمَا، فَإِنِّي أَدْخَلْتُهُمَا طَاهِرَتَيْنِ». فَمَسَحَ عَلَيْهِمَا.

Қазақша аудармасы

Мұғира ибн Шуғба (р.а.): «Бір сапарда Пайғамбармен (с.а.с.) бірге едім. Оның мәсілерін шешу үшін қолымды создым. Сонда ол (с.а.с.): “Оларды шешпей-ақ қой. Өйткені мен оларды аяғым дәретті күйде болғанда кигенмін”, – деді де, мәсілерінің үстінен мәсіх тартты», – деген.

بَابُ مَنْ لَمْ يَتَوَضَّأْ مِنْ لَحْمِ الشَّاةِ وَالسَّوِيقِ

39-бапҚой еті мен сәуиқ жегеннен кейін дәрет алмағандар туралы

158
Бұхари, № 158 · Сахих: 208

عَنْ عَمْرِو بْنِ أُمَيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ رَأَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَحْتَزُّ مِنْ كَتِفِ شَاةٍ، فَدُعِيَ إِلَى الصَّلَاةِ، فَأَلْقَى السِّكِّينَ، فَصَلَّى وَلَمْ يَتَوَضَّأْ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Үмәйя (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) қойдың жауырын етін пышақпен кесіп отырғанын көрген. Намазға шақырылғанда, ол (с.а.с.) пышақты қоя салып, дәрет алмастан намаз оқыды.

بَابُ مَنْ مَضْمَضَ مِنَ السَّوِيقِ وَلَمْ يَتَوَضَّأْ

40-бапСәуиқ жегеннен кейін аузын шайып, дәрет алмаған адам туралы

159
Бұхари, № 159 · Сахих: 209

عَنْ سُوَيْدِ بْنِ النُّعْمَانِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ خَرَجَ مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَامَ خَيْبَرَ، حَتَّى إِذَا كَانُوا بِالصَّهْبَاءِ، وَهِيَ أَدْنَى خَيْبَرَ، فَصَلَّى الْعَصْرَ، ثُمَّ دَعَا بِالْأَزْوَادِ، فَلَمْ يُؤْتَ إِلَّا بِالسَّوِيقِ، فَأَمَرَ بِهِ فَثُرِّيَ، فَأَكَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَأَكَلْنَا، ثُمَّ قَامَ إِلَى الْمَغْرِبِ، فَمَضْمَضَ وَمَضْمَضْنَا، ثُمَّ صَلَّى وَلَمْ يَتَوَضَّأْ.

Қазақша аудармасы

Суәйд ибн ән-Нұғман (р.а.) былай деген: «Хайбар жорығы жылы Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге жолға шықтым. Хайбарға ең жақын орналасқан әс-Саһба деген жерге жеткенде, ол (с.а.с.) екінті намазын оқыды. Содан кейін азықтарды әкелуді бұйырды, бірақ сәуиқтан басқа ештеңе әкелінбеді. Ол (с.а.с.) сәуиққа су себуді бұйырды. Алла Елшісі (с.а.с.) содан жеді, біз де жедік. Кейін ақшам намазын оқуға тұрғанда, ол (с.а.с.) аузын шайды, біз де аузымызды шайдық. Содан соң дәрет алмастан намаз оқыды».

160
Бұхари, № 160 · Сахих: 210Риуаят етуші: Мәймуна

عَنْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَكَلَ عِنْدَهَا كَتِفًا، ثُمَّ صَلَّى وَلَمْ يَتَوَضَّأْ.

Қазақша аудармасы

Мәймуна (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) біздің үйімізде жауырын етін жеді. Содан кейін дәрет алмастан намаз оқыды».

بَابُ هَلْ يُمَضْمِضُ مِنَ اللَّبَنِ؟

41-бапСүт ішкеннен кейін ауыз шаю керек пе?

161
Бұхари, № 161 · Сахих: 211Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ شَرِبَ لَبَنًا فَمَضْمَضَ، وَقَالَ: «إِنَّ لَهُ دَسَمًا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) сүт ішкеннен кейін аузын шайып: “Расында, оның майы бар”, – деді».

بَابُ الْوُضُوءِ مِنَ النَّوْمِ وَمَنْ لَمْ يَرَ مِنَ النَّعْسَةِ وَالنَّعْسَتَيْنِ أَوِ الْخَفْقَةِ وُضُوءًا

42-бапҰйқыдан кейін дәрет алу және бір-екі рет қалғып кету не басы шұлғып мүлгу дәретті бұзбайды деп есептегендер туралы

162
Бұхари, № 162 · Сахих: 212Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِذَا نَعَسَ أَحَدُكُمْ وَهُوَ يُصَلِّي فَلْيَرْقُدْ، حَتَّى يَذْهَبَ عَنْهُ النَّوْمُ، فَإِنَّ أَحَدَكُمْ إِذَا صَلَّى وَهُوَ نَاعِسٌ، لَا يَدْرِي لَعَلَّهُ يَسْتَغْفِرُ فَيَسُبُّ نَفْسَهُ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Сендердің бірің намаз оқып тұрып ұйқылы-ояу күйге түссе, ұйқысы басылғанға дейін жатып ұйықтасын. Өйткені сендердің бірің ұйқылы-ояу күйде намаз оқыса, не айтып тұрғанын білмей, бәлкім, кешірім тілеймін деп өзін-өзі қарғап қоюы мүмкін».

163
Бұхари, № 163 · Сахих: 213Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا نَعَسَ أَحَدُكُمْ فِي الصَّلَاةِ فَلْيَنَمْ، حَتَّى يَعْلَمَ مَا يَقْرَأُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің бірің намазда қалғып кетсе, не оқып тұрғанын анық білетін күйге жеткенге дейін ұйықтасын».

بَابُ الْوُضُوءِ مِنْ غَيْرِ حَدَثٍ

43-бапДәреті бұзылмаса да қайта дәрет алу туралы

164
Бұхари, № 164 · Сахих: 214Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يَتَوَضَّأُ عِنْدَ كُلِّ صَلَاةٍ. قَالَ: وَكَانَ يُجْزِئُ أَحَدَنَا الْوُضُوءُ مَا لَمْ يُحْدِثْ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) әр намаз үшін дәрет алатын. Ал бізге дәретіміз бұзылмаған жағдайда бір дәрет жеткілікті болатын».

بَابُ مِنَ الْكَبَائِرِ أَلَّا يَسْتَتِرَ مِنْ بَوْلِهِ

44-бапЗәрінен сақтанбаудың үлкен күнәлардың бірі екені туралы

165
Бұхари, № 165 · Сахих: 216Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: مَرَّ النَّبِيُّ ﷺ بِحَائِطٍ مِنْ حِيطَانِ الْمَدِينَةِ، أَوْ مَكَّةَ، فَسَمِعَ صَوْتَ إِنْسَانَيْنِ يُعَذَّبَانِ فِي قُبُورِهِمَا، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يُعَذَّبَانِ، وَمَا يُعَذَّبَانِ فِي كَبِيرٍ». ثُمَّ قَالَ: «بَلَى، كَانَ أَحَدُهُمَا لَا يَسْتَتِرُ مِنْ بَوْلِهِ، وَكَانَ الْآخَرُ يَمْشِي بِالنَّمِيمَةِ». ثُمَّ دَعَا بِجَرِيدَةٍ، فَكَسَرَهَا كِسْرَتَيْنِ، فَوَضَعَ عَلَى كُلِّ قَبْرٍ مِنْهُمَا كِسْرَةً، فَقِيلَ لَهُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لِمَ فَعَلْتَ هَذَا؟» قَالَ: «لَعَلَّهُ أَنْ يُخَفَّفَ عَنْهُمَا مَا لَمْ تَيْبَسَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинадағы немесе Меккедегі бақтардың бірінің жанынан өтіп бара жатып, қабірлерінде азапталып жатқан екі адамның дауысын естіді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Бұл екеуі азапталып жатыр. Алайда олар өздері үлкен деп санаған нәрсе үшін азапталып жатқан жоқ», – деді. Содан кейін: «Керісінше, бұл – үлкен күнә. Олардың бірі зәрінен сақтанбайтын, ал екіншісі адамдар арасында сөз тасып жүретін», – деді. Кейін бір жас құрма бұтағын алдыртып, оны екіге бөлді де, әр қабірдің үстіне бір-бір бөлігін қойды. Сонда одан: «Уа, Расулалла! Мұны не үшін істедіңіз?» – деп сұралғанда, ол (с.а.с.): «Бұл екі бұтақ кеппей тұрған уақытқа дейін олардың азабы жеңілдетілуі мүмкін», – деді.

بَابُ مَا جَاءَ فِي غَسْلِ الْبَوْلِ

45-бапЗәрді жуып тазарту туралы риуаяттар

166
Бұхари, № 166 · Сахих: 217Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا تَبَرَّزَ لِحَاجَتِهِ، أَتَيْتُهُ بِمَاءٍ فَيَغْسِلُ بِهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) қажетін өтеу үшін оңаша шыққан кезде, мен оған су әкелетінмін. Ол сол сумен жуып-тазаланатын».

بَابُ صَبِّ الْمَاءِ عَلَى الْبَوْلِ فِي الْمَسْجِدِ

46-бапМешіттегі зәрдің үстіне су құю туралы

167
Бұхари, № 167 · Сахих: 220Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَامَ أَعْرَابِيٌّ فَبَالَ فِي الْمَسْجِدِ، فَتَنَاوَلَهُ النَّاسُ، فَقَالَ لَهُمُ النَّبِيُّ ﷺ: «دَعُوهُ وَهَرِيقُوا عَلَى بَوْلِهِ سَجْلًا مِنْ مَاءٍ، أَوْ ذَنُوبًا مِنْ مَاءٍ، فَإِنَّمَا بُعِثْتُمْ مُيَسِّرِينَ، وَلَمْ تُبْعَثُوا مُعَسِّرِينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Бір бәдәуи орнынан тұрып, мешітте зәр сындырды. Адамдар оны тоқтатпақ болып ұмтылғанда, Пайғамбар (с.а.с.) оларға: “Оны қоя тұрыңдар. Зәрінің үстіне бір толы шелек су құйыңдар. Өйткені сендер қиындату үшін емес, жеңілдету үшін жіберілдіңдер”, – деді».

بَابُ بَوْلِ الصِّبْيَانِ

47-бапБалалардың зәрі туралы

168
Бұхари, № 168 · Сахих: 223Риуаят етуші: Үммі Қайс бинт Михсан

عَنْ أُمِّ قَيْسٍ بِنْتِ مِحْصَنٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا أَتَتْ بِابْنٍ لَهَا صَغِيرٍ، لَمْ يَأْكُلِ الطَّعَامَ، إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَجْلَسَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي حَجْرِهِ، فَبَالَ عَلَى ثَوْبِهِ، فَدَعَا بِمَاءٍ، فَنَضَحَهُ وَلَمْ يَغْسِلْهُ.

Қазақша аудармасы

Үммі Қайс бинт Михсан (р.а.) былай деген: «Әлі емшек сүтінен басқа тағам жеп үлгермеген кішкентай ұлымды Алла Елшісіне (с.а.с.) алып бардым. Алла Елшісі (с.а.с.) баланы тізесіне отырғызғанда, ол оның киіміне зәр сындырды. Сонда ол (с.а.с.) су алдыртып, зәр тиген жерге су құйды, бірақ оны жумады».

بَابُ الْبَوْلِ قَائِمًا وَقَاعِدًا

48-бапТүрегеп және отырып зәр сындыру туралы

169
Бұхари, № 169 · Сахих: 224Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَى النَّبِيُّ ﷺ سُبَاطَةَ قَوْمٍ فَبَالَ قَائِمًا، ثُمَّ دَعَا بِمَاءٍ فَجِئْتُهُ بِمَاءٍ فَتَوَضَّأَ.

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) бір қауымның қоқыс төгетін жеріне келіп, түрегеп зәр сындырды. Содан кейін су алдырды. Мен оған су әкелдім, ол (с.а.с.) дәрет алды».

بَابُ الْبَوْلِ عِنْدَ صَاحِبِهِ وَالتَّسَتُّرِ بِالْحَائِطِ

49-бапЖолдасының жанында зәр сындыру және дуалмен тасалану туралы

170
Бұхари, № 170 · Сахих: 225Риуаят етуші: Хузайфа

وَعَنْهُ فِي رِوَايَةٍ أُخْرَى قَالَ: فَانْتَبَذْتُ مِنْهُ، فَأَشَارَ إِلَيَّ فَجِئْتُهُ، فَقُمْتُ عِنْدَ عَقِبِهِ حَتَّى فَرَغَ.

Қазақша аудармасы

Басқа бір риуаятта Хузайфа (р.а.): «Мен одан алыстау жерге барып тұрдым. Сонда ол (с.а.с.) маған ишара жасады. Мен жанына келіп, ол ісін аяқтағанға дейін дәл арт жағында тұрдым», – деген.

بَابُ غَسْلِ الدَّمِ

50-бапҚанды жуу туралы

171
Бұхари, № 171 · Сахих: 227Риуаят етуші: Әсма

عَنْ أَسْمَاءَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: جَاءَتِ امْرَأَةٌ النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَتْ: «أَرَأَيْتَ إِحْدَانَا تَحِيضُ فِي الثَّوْبِ، كَيْفَ تَصْنَعُ؟» قَالَ: «تَحُتُّهُ، ثُمَّ تَقْرُصُهُ بِالْمَاءِ، وَتَنْضَحُهُ، وَتُصَلِّي فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Әсма (р.а.) былай деген: «Бір әйел Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Біріміздің киімімізге етеккір қаны тисе, не істеуіміз керек?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Оны қырып тазаласын, содан кейін сумен ысқылап, жуып тазартсын да, сол киіммен намаз оқысын”, – деді».

172
Бұхари, № 172 · Сахих: 228Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: جَاءَتْ فَاطِمَةُ بِنْتُ أَبِي حُبَيْشٍ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ فَقَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي امْرَأَةٌ أُسْتَحَاضُ فَلَا أَطْهُرُ، أَفَأَدَعُ الصَّلَاةَ؟» فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا، إِنَّمَا ذَلِكَ عِرْقٌ، وَلَيْسَ بِحَيْضٍ، فَإِذَا أَقْبَلَتْ حَيْضَتُكِ فَدَعِي الصَّلَاةَ، وَإِذَا أَدْبَرَتْ فَاغْسِلِي عَنْكِ الدَّمَ ثُمَّ صَلِّي، ثُمَّ تَوَضَّئِي لِكُلِّ صَلَاةٍ، حَتَّى يَجِيءَ ذَلِكَ الْوَقْتُ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Фатима бинт Әбу Хубәйш Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Менен үздіксіз қан ағады да, тазармаймын. Намазды қоя тұрайын ба?” – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Жоқ. Бұл – тамырдан аққан қан, етеккір қаны емес. Етеккір мерзімің басталған кезде намазды қоя тұр. Ал ол аяқталған кезде қанды жуып тазалан да, намаз оқы. Содан кейін келесі етеккір мерзімі келгенге дейін әр намаз үшін дәрет ал”, – деді».

بَابُ غَسْلِ الْمَنِيِّ وَفَرْكِهِ

51-бапШәуетті жуу және оны ысқылап тазарту туралы

173
Бұхари, № 173 · Сахих: 229Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كُنْتُ أَغْسِلُ الْجَنَابَةَ مِنْ ثَوْبِ النَّبِيِّ ﷺ، فَيَخْرُجُ إِلَى الصَّلَاةِ، وَإِنَّ بُقَعَ الْمَاءِ فِي ثَوْبِهِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) киімінен шәуетті жуатынмын. Содан кейін ол (с.а.с.) киіміндегі су дақтары көрініп тұрған күйде намазға шығатын».

بَابُ أَبْوَالِ الْإِبِلِ وَالدَّوَابِّ وَالْغَنَمِ وَمَرَابِضِهَا

52-бапТүйелердің, өзге көлік малдары мен қойлардың зәрі, сондай-ақ олардың қоралары туралы

174
Бұхари, № 174 · Сахих: 233Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَدِمَ أُنَاسٌ مِنْ عُكْلٍ أَوْ عُرَيْنَةَ، فَاجْتَوَوْا الْمَدِينَةَ فَأَمَرَهُمُ النَّبِيُّ ﷺ بِلِقَاحٍ، وَأَنْ يَشْرَبُوا مِنْ أَبْوَالِهَا وَأَلْبَانِهَا، فَانْطَلَقُوا، فَلَمَّا صَحُّوا قَتَلُوا رَاعِيَ النَّبِيِّ ﷺ وَاسْتَاقُوا النَّعَمَ، فَجَاءَ الْخَبَرُ فِي أَوَّلِ النَّهَارِ، فَبَعَثَ فِي آثَارِهِمْ، فَلَمَّا ارْتَفَعَ النَّهَارُ جِيءَ بِهِمْ، فَأَمَرَ فَقَطَعَ أَيْدِيَهُمْ وَأَرْجُلَهُمْ، وَسُمِرَتْ أَعْيُنُهُمْ، وَأُلْقُوا فِي الْحَرَّةِ، يَسْتَسْقُونَ فَلَا يُسْقَوْنَ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Укл немесе Урайна тайпасынан бірнеше адам келді. Мәдинаның ауа райы оларға жақпай, ауырып қалды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оларға сауын түйелерге барып, олардың зәрі мен сүтінен ішуді бұйырды. Олар барып, денсаулықтары түзелгеннен кейін Пайғамбардың (с.а.с.) малшысын өлтіріп, түйелерді айдап әкетті. Бұл хабар таңертең ерте жеткенде, Пайғамбар (с.а.с.) олардың соңынан адамдар жіберді. Күн көтерілген кезде олар ұсталып әкелінді. Сонда ол (с.а.с.) олардың қолдары мен аяқтарын кесуді, көздеріне қыздырылған темір басуды бұйырды. Кейін оларды Харраға тастады. Олар су сұрады, бірақ оларға су берілмеді».

175
Бұхари, № 175 · Сахих: 234Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ يُصَلِّي قَبْلَ أَنْ يُبْنَى الْمَسْجِدُ فِي مَرَابِضِ الْغَنَمِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Мешіт салынбай тұрғанда, Пайғамбар (с.а.с.) қой қораларында намаз оқитын».

بَابُ مَا يَقَعُ مِنَ النَّجَاسَاتِ فِي السَّمْنِ وَالْمَاءِ

53-бапМай мен суға түскен нәжістер туралы

176
Бұхари, № 176 · Сахих: 235Риуаят етуші: Мәймуна

عَنْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ سُئِلَ عَنْ فَأْرَةٍ سَقَطَتْ فِي سَمْنٍ، فَقَالَ: «أَلْقُوهَا وَمَا حَوْلَهَا فَاطْرَحُوهُ، وَكُلُوا سَمْنَكُمْ».

Қазақша аудармасы

Мәймунаның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісінен (с.а.с.) майға түсіп кеткен тышқан жайында сұралған. Сонда ол (с.а.с.): «Тышқанды және оның айналасындағы майды алып тастап, қалған майды жей беріңдер», – деген.

177
Бұхари, № 177 · Сахих: 237Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «كُلُّ كَلْمٍ يُكْلَمُهُ الْمُسْلِمُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ، يَكُونُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ كَهَيْئَتِهَا، إِذْ طُعِنَتْ، تَفَجَّرُ دَمًا، اللَّوْنُ لَوْنُ الدَّمِ، وَالْعَرْفُ عَرْفُ الْمِسْكِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Мұсылманға Алла жолында тиген әрбір жара Қиямет күні жараланған сәттегі қалпында болады: одан қан атқылап ағады, түсі – қанның түсіндей, ал иісі – мисктің хош иісіндей болады», – дегенін риуаят еткен.

بَابُ الْبَوْلِ فِي الْمَاءِ الدَّائِمِ

54-бапТұрып қалған суға зәр сындыру туралы

178
Бұхари, № 178 · Сахих: 239Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَبُولَنَّ أَحَدُكُمْ فِي الْمَاءِ الدَّائِمِ الَّذِي لَا يَجْرِي، ثُمَّ يَغْتَسِلُ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің ешбірің ағынсыз, тұрып қалған суға зәр сындырып, кейін сол суға шомылмасын».

بَابُ إِذَا أُلْقِيَ عَلَى ظَهْرِ الْمُصَلِّي قَذَرٌ أَوْ جِيفَةٌ لَمْ تَفْسُدْ عَلَيْهِ صَلَاتُهُ

55-бапНамаз оқып тұрған адамның арқасына лас нәрсе немесе өлексе тасталса, намазының бұзылмайтыны туралы

179
Бұхари, № 179 · Сахих: 240Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يُصَلِّي عِنْدَ الْبَيْتِ، وَأَبُو جَهْلٍ وَأَصْحَابٌ لَهُ جُلُوسٌ، إِذْ قَالَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ: «أَيُّكُمْ يَجِيءُ بِسَلَى جَزُورِ بَنِي فُلَانٍ، فَيَضَعُهُ عَلَى ظَهْرِ مُحَمَّدٍ إِذَا سَجَدَ؟» فَانْبَعَثَ أَشْقَى الْقَوْمِ فَجَاءَ بِهِ، فَنَظَرَ حَتَّى سَجَدَ النَّبِيُّ ﷺ، وَضَعَهُ عَلَى ظَهْرِهِ بَيْنَ كَتِفَيْهِ، وَأَنَا أَنْظُرُ لَا أُغْنِي شَيْئًا، لَوْ كَانَ لِي مَنَعَةٌ! قَالَ: فَجَعَلُوا يَضْحَكُونَ وَيُحِيلُ بَعْضُهُمْ عَلَى بَعْضٍ، وَرَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَاجِدٌ لَا يَرْفَعُ رَأْسَهُ، حَتَّى جَاءَتْهُ فَاطِمَةُ، فَطَرَحَتْ عَنْ ظَهْرِهِ، فَرَفَعَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَأْسَهُ ثُمَّ قَالَ: «اللَّهُمَّ عَلَيْكَ بِقُرَيْشٍ» ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، فَشَقَّ عَلَيْهِمْ إِذْ دَعَا عَلَيْهِمْ. قَالَ: وَكَانُوا يَرَوْنَ أَنَّ الدَّعْوَةَ فِي ذَلِكَ الْبَلَدِ مُسْتَجَابَةٌ، ثُمَّ سَمَّى: «اللَّهُمَّ عَلَيْكَ بِأَبِي جَهْلٍ، وَبِعُتْبَةَ بْنِ رَبِيعَةَ، وَشَيْبَةَ بْنِ رَبِيعَةَ، وَالْوَلِيدِ بْنِ عُتْبَةَ، وَأُمَيَّةَ بْنِ خَلَفٍ، وَعُقْبَةَ بْنِ أَبِي مُعَيْطٍ» - وَعَدَّ السَّابِعَ فَلَمْ يَحْفَظْهُ - قَالَ: فَوَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، لَقَدْ رَأَيْتُ الَّذِينَ عَدَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ صَرْعَى فِي الْقَلِيبِ، قَلِيبِ بَدْرٍ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Мәсғуд (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Қағбаның жанында намаз оқып тұрды. Әбу Жәһил мен оның жолдастары сол жерде отырған еді. Бір кезде олардың бірі: “Қайсың пәленше әулеті сойған түйенің қағанағын әкеліп, Мұхаммед сәждеге барған кезде арқасына қоясың?” – деді. Сонда қауымның ең жауызы орнынан тұрып, қағанақты әкелді. Пайғамбар (с.а.с.) сәждеге барғанша күтіп, оны екі жауырынының арасына қойды. Мен мұның бәрін көріп тұрдым, бірақ қолымнан ештеңе келмеді. Арқа сүйер қорғаным болса ғой! Олар қарқылдап күліп, күлкіден бір-біріне сүйеніп жатты. Ал Алла Елшісі (с.а.с.) сәждеде жатқан күйі басын көтермеді. Ақыры Фатима келіп, әлгі нәрсені арқасынан алып тастады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) басын көтеріп: “Уа, Алла! Құрайыштың жазасын Өзің бере гөр!” – деп үш рет дұға етті. Бұл дұға оларға ауыр тиді. Өйткені олар осы қалада жасалған дұғаның қабыл болатынына сенетін. Содан кейін ол (с.а.с.) олардың аттарын атап: “Уа, Алла! Әбу Жәһилді, Утба ибн Рабиғаны, Шәйба ибн Рабиғаны, Уәлид ибн Утбаны, Үмәйя ибн Халафты және Ұқба ибн Әбу Муғайтты жазалай гөр!” – деді». Риуаятшы жетінші есімнің де аталғанын, бірақ оны есінде сақтамағанын ескерткен. Содан кейін: «Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін! Алла Елшісі (с.а.с.) аттарын атаған адамдардың Бәдір құдығында өліп жатқанын өз көзіммен көрдім», – деген.

بَابُ الْبُزَاقِ وَالْمُخَاطِ وَنَحْوِهِ فِي الثَّوْبِ

56-бапТүкірік, мұрын шырышы және сол секілді нәрселердің киімге түсуі туралы

180
Бұхари, № 180 · Сахих: 241Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: بَزَقَ النَّبِيُّ ﷺ فِي ثَوْبِهِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) киіміне түкірді», – деген.

بَابُ غَسْلِ الْمَرْأَةِ أَبَاهَا الدَّمَ عَنْ وَجْهِهِ

57-бапӘйелдің әкесінің жүзіндегі қанды жууы туралы

181
Бұхари, № 181 · Сахих: 243Риуаят етуші: Сәһл ибн Сағд

عَنْ سَهْلِ بْنِ سَعْدٍ السَّاعِدِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَأَلَهُ النَّاسُ: «بِأَيِّ شَيْءٍ دُووِيَ جُرْحُ النَّبِيِّ ﷺ؟» فَقَالَ: «مَا بَقِيَ أَحَدٌ أَعْلَمُ بِهِ مِنِّي؛ كَانَ عَلِيٌّ يَجِيءُ بِتُرْسِهِ فِيهِ مَاءٌ، وَفَاطِمَةُ تَغْسِلُ عَنْ وَجْهِهِ الدَّمَ، فَأُخِذَ حَصِيرٌ فَأُحْرِقَ، فَحُشِيَ بِهِ جُرْحُهُ».

Қазақша аудармасы

Сәһл ибн Сағд әс-Сағидиден (р.а.) адамдар: «Пайғамбардың (с.а.с.) жарасы немен емделді?» – деп сұрағанда, ол былай деген: «Бұл жайында менен артық білетін ешкім қалмады. Әли қалқанына су құйып әкелетін, ал Фатима оның жүзіндегі қанды жуатын. Содан кейін бір төсеніш алынып, өртелді де, оның күлі жарасына басылды».

بَابُ السِّوَاكِ

58-бапМисуак туралы

182
Бұхари, № 182 · Сахих: 244Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَوَجَدْتُهُ يَسْتَنُّ بِسِوَاكٍ بِيَدِهِ، يَقُولُ: «أُعْ أُعْ»، وَالسِّوَاكُ فِي فِيهِ، كَأَنَّهُ يَتَهَوَّعُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) былай деген: «Пайғамбардың (с.а.с.) жанына келіп, оның қолындағы мисуакпен тісін тазалап отырғанын көрдім. Мисуак аузында еді, ал өзі лоқсыған адам тәрізді: “Ығ, ығ”, – деген дыбыс шығарып отырды».

183
Бұхари, № 183 · Сахих: 245Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا قَامَ مِنَ اللَّيْلِ يَشُوصُ فَاهُ بِالسِّوَاكِ.

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) түнде ұйқысынан тұрған кезде, аузын мисуакпен мұқият тазалайтын».

بَابُ دَفْعِ السِّوَاكِ إِلَى الْأَكْبَرِ

59-бапМисуакты жасы үлкен адамға беру туралы

184
Бұхари, № 184 · Сахих: 246Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «أَرَانِي أَتَسَوَّكُ بِسِوَاكٍ، فَجَاءَنِي رَجُلَانِ، أَحَدُهُمَا أَكْبَرُ مِنَ الْآخَرِ، فَنَاوَلْتُ السِّوَاكَ الْأَصْغَرَ مِنْهُمَا، فَقِيلَ لِي: “كَبِّرْ”، فَدَفَعْتُهُ إِلَى الْأَكْبَرِ مِنْهُمَا».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Түсімде мисуакпен тісімді тазалап тұрғанымды көрдім. Сол кезде маған екі адам келді. Олардың бірі екіншісінен үлкен еді. Мен мисуакты кішісіне ұсындым. Сонда маған: “Үлкенінен баста”, – делінді. Содан кейін оны жасы үлкеніне бердім».

بَابُ فَضْلِ مَنْ بَاتَ عَلَى الْوُضُوءِ

60-бапТүнде дәретті күйде ұйықтаған адамның артықшылығы туралы

185
Бұхари, № 185 · Сахих: 247Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «إِذَا أَتَيْتَ مَضْجَعَكَ، فَتَوَضَّأْ وُضُوءَكَ لِلصَّلَاةِ، ثُمَّ اِضْطَجِعْ عَلَى شِقِّكَ الْأَيْمَنِ، ثُمَّ قُلْ: “اللَّهُمَّ أَسْلَمْتُ وَجْهِي إِلَيْكَ، وَفَوَّضْتُ أَمْرِي إِلَيْكَ، وَأَلْجَأْتُ ظَهْرِي إِلَيْكَ، رَغْبَةً وَرَهْبَةً إِلَيْكَ، لَا مَلْجَأَ وَلَا مَنْجَا مِنْكَ إِلَّا إِلَيْكَ، اللَّهُمَّ آمَنْتُ بِكِتَابِكَ الَّذِي أَنْزَلْتَ، وَبِنَبِيِّكَ الَّذِي أَرْسَلْتَ”، فَإِنْ مُتَّ مِنْ لَيْلَتِكَ، فَأَنْتَ عَلَى الْفِطْرَةِ، وَاجْعَلْهُنَّ آخِرَ مَا تَتَكَلَّمُ بِهِ». قَالَ: فَرَدَّدْتُهَا عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَلَمَّا بَلَغْتُ: «اللَّهُمَّ آمَنْتُ بِكِتَابِكَ الَّذِي أَنْزَلْتَ»، قُلْتُ: «وَرَسُولِكَ». قَالَ: «لَا، وَنَبِيِّكَ الَّذِي أَرْسَلْتَ».

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Төсегіңе жатар кезде намазға дәрет алғандай дәрет ал. Содан кейін оң жағыңа жатып: ‘Уа, Алла! Саған бойұсындым, ісімді Саған тапсырдым, Саған арқа сүйедім. Саған үміт артып әрі Сенен қорқамын. Сенен қашып паналайтын да, құтылатын да жер жоқ, тек Өзіңе ғана паналаймын. Уа, Алла! Өзің түсірген Кітабыңа және Өзің жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім’, – де. Егер сол түніңде қайтыс болсаң, таза иман күйінде дүниеден өтесің. Осы сөздерді ең соңғы сөзің ет”, – деді». Әл-Бәра сөзін жалғап: «Мен бұл дұғаны Пайғамбарға (с.а.с.) қайталап айтып бердім. “Уа, Алла! Өзің түсірген Кітабыңа иман келтірдім”, – деген жерге жеткенде: “Және Елшіңе”, – дедім. Сонда ол (с.а.с.): “Жоқ, ‘Өзің жіберген Пайғамбарыңа’ де”, – деді».