Хадис
كِتَابُ الْغُسْلِ

Ғұсыл кітабы

Сахих әл-Бұхари, 5-кітап · 18 хадис · № 186–203

Мазмұны: 14 бап
  1. 1Ғұсылдан бұрын дәрет алу туралы
  2. 2Ер адамның жұбайымен бірге ғұсыл құйынуы туралы
  3. 3Бір сағ немесе соған жуық мөлшердегі сумен ғұсыл құйыну туралы
  4. 4Басына үш рет су құю туралы
  5. 5Ғұсыл құйынуды хиләб ыдысын алдырудан немесе хош иіс жағудан бастау туралы
  6. 6Жұбайымен қайта жақындасу туралы
  7. 7Хош иіс жағып, ғұсыл құйыну туралы
  8. 8Ғұсыл құйынғанда саусақтарды шаштың арасына өткізу туралы
  9. 9Мешітте жүніп екені есіне түскен адамның тәйәммүм жасамай, сол күйі шығуы туралы
  10. 10Оңаша жерде жалғыз өзі жалаңаш ғұсыл құйыну туралы
  11. 11Адамдар бар жерде ғұсыл құйынғанда тасалану туралы
  12. 12Жүніп адамның тері және мұсылманның нәжіс болмайтыны туралы
  13. 13Жүніп адамның ұйықтауы туралы
  14. 14Екі сүндет орнының түйісуі туралы
بَابُ الْوُضُوءِ قَبْلَ الْغُسْلِ

1-бапҒұсылдан бұрын дәрет алу туралы

186
Бұхари, № 186 · Сахих: 248Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا اِغْتَسَلَ مِنَ الْجَنَابَةِ، بَدَأَ فَغَسَلَ يَدَيْهِ، ثُمَّ يَتَوَضَّأُ كَمَا يَتَوَضَّأُ لِلصَّلَاةِ، ثُمَّ يُدْخِلُ أَصَابِعَهُ فِي الْمَاءِ، فَيُخَلِّلُ بِهَا أُصُولَ شَعَرِهِ، ثُمَّ يَصُبُّ عَلَى رَأْسِهِ ثَلَاثَ غُرَفٍ بِيَدَيْهِ، ثُمَّ يُفِيضُ الْمَاءَ عَلَى جِلْدِهِ كُلِّهِ.

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл құйынғанда, алдымен екі қолын жуатын. Содан кейін намазға дәрет алғандай дәрет алатын. Артынша саусақтарын суға малып, шашының арасына өткізіп, түбін суландыратын. Кейін екі қолымен басына үш уыс су құйып, одан соң бүкіл денесіне су құятын.

187
Бұхари, № 187 · Сахих: 249Риуаят етуші: Мәймуна

عَنْ مَيْمُونَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَتْ: تَوَضَّأَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وُضُوءَهُ لِلصَّلَاةِ، غَيْرَ رِجْلَيْهِ، وَغَسَلَ فَرْجَهُ وَمَا أَصَابَهُ مِنَ الْأَذَى، ثُمَّ أَفَاضَ عَلَيْهِ الْمَاءَ، ثُمَّ نَحَّى رِجْلَيْهِ، فَغَسَلَهُمَا، هَذَا غُسْلُهُ مِنَ الْجَنَابَةِ.

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Мәймуна (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) аяқтарын ғана жумай, намазға дәрет алғандай дәрет алды. Жыныс мүшесін және оған жұққан ластықты жуды. Содан кейін денесіне су құйды. Артынша тұрған жерінен шетке жылжып, екі аяғын жуды. Оның жүніптіктен ғұсыл құйынуы осылай болатын».

بَابُ غُسْلِ الرَّجُلِ مَعَ اِمْرَأَتِهِ

2-бапЕр адамның жұбайымен бірге ғұсыл құйынуы туралы

188
Бұхари, № 188 · Сахих: 250Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كُنْتُ أَغْتَسِلُ أَنَا وَالنَّبِيُّ ﷺ مِنْ إِنَاءٍ وَاحِدٍ، مِنْ قَدَحٍ يُقَالُ لَهُ الْفَرَقُ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) екеуіміз фарақ деп аталатын бір ыдыстағы судан бірге ғұсыл құйынатынбыз», – деген.

بَابُ الْغُسْلِ بِالصَّاعِ وَنَحْوِهِ

3-бапБір сағ немесе соған жуық мөлшердегі сумен ғұсыл құйыну туралы

189
Бұхари, № 189 · Сахих: 251Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا سُئِلَتْ عَنْ غُسْلِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَدَعَتْ بِإِنَاءٍ نَحْوًا مِنْ صَاعٍ، فَاغْتَسَلَتْ، وَأَفَاضَتْ عَلَى رَأْسِهَا، وَبَيْنَهَا وَبَيْنَ السَّائِلِ حِجَابٌ.

Қазақша аудармасы

Айшадан (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) қалай ғұсыл құйынатыны жайында сұралды. Сонда ол бір сағқа жуық су сыятын ыдыс алдырды да, ғұсыл құйынып, басына су құйды. Айша мен сұрақ қоюшының арасында перде бар еді.

190
Бұхари, № 190 · Сахих: 252Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَأَلَهُ رَجُلٌ عَنِ الْغُسْلِ، فَقَالَ: «يَكْفِيكَ صَاعٌ». فَقَالَ الرَّجُلُ: «مَا يَكْفِينِي»، فَقَالَ جَابِرٌ: «كَانَ يَكْفِي مَنْ هُوَ أَوْفَى مِنْكَ شَعَرًا، وَخَيْرٌ مِنْكَ». ثُمَّ أَمَّهُمْ فِي ثَوْبٍ.

Қазақша аудармасы

Бір адам Жәбир ибн Абдулладан (р.а.) ғұсыл жайында сұрағанда, ол: «Саған бір сағ су жеткілікті», – деді. Әлгі адам: «Маған ол жетпейді», – дегенде, Жәбир: «Ол шашы сенікінен қалың әрі өзі сенен қайырлы болған адамға жеткілікті еді», – деді. Содан кейін Жәбир бір ғана киіммен оларға имам болып намаз оқытты.

بَابُ مَنْ أَفَاضَ عَلَى رَأْسِهِ ثَلَاثًا

4-бапБасына үш рет су құю туралы

191
Бұхари, № 191 · Сахих: 254Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَمَّا أَنَا فَأُفِيضُ عَلَى رَأْسِي ثَلَاثًا». وَأَشَارَ بِيَدَيْهِ كِلْتَيْهِمَا.

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мұтғим (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ал мен басыма үш рет су құямын”, – деп, екі қолымен ишара жасады».

بَابُ مَنْ بَدَأَ بِالْحِلَابِ أَوِ الطِّيبِ عِنْدَ الْغُسْلِ

5-бапҒұсыл құйынуды хиләб ыдысын алдырудан немесе хош иіс жағудан бастау туралы

192
Бұхари, № 192 · Сахих: 258Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا اِغْتَسَلَ مِنَ الْجَنَابَةِ، دَعَا بِشَيْءٍ نَحْوَ الْحِلَابِ، فَأَخَذَ بِكَفِّهِ، فَبَدَأَ بِشِقِّ رَأْسِهِ الْأَيْمَنِ، ثُمَّ الْأَيْسَرِ، فَقَالَ بِهِمَا عَلَى رَأْسِهِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл құйынғанда, хиләб тәрізді бір ыдыс алдыратын. Алақанымен одан су алып, алдымен басының оң жағына, содан кейін сол жағына құятын. Артынша екі қолымен басына су құятын».

بَابُ إِذَا جَامَعَ ثُمَّ عَادَ

6-бапЖұбайымен қайта жақындасу туралы

193
Бұхари, № 193 · Сахих: 267Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كُنْتُ أُطَيِّبُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَيَطُوفُ عَلَى نِسَائِهِ، ثُمَّ يُصْبِحُ مُحْرِمًا يَنْضَخُ طِيبًا.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) хош иіс жағатынмын. Содан кейін ол жұбайларын аралайтын да, таң атқанда ихрамға кірген күйде, үстінен хош иіс аңқып тұратын», – деген.

194
Бұхари, № 194 · Сахих: 268Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدُورُ عَلَى نِسَائِهِ فِي السَّاعَةِ الْوَاحِدَةِ مِنَ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ، وَهُنَّ إِحْدَى عَشْرَةَ – وَفِي رِوَايَةٍ: تِسْعُ نِسْوَةٍ – قِيلَ: «أَوَكَانَ يُطِيقُهُ؟» قَالَ: «كُنَّا نَتَحَدَّثُ أَنَّهُ أُعْطِيَ قُوَّةَ ثَلَاثِينَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) түннің немесе күндіздің бір мезгілінде жұбайларын аралайтын. Олардың саны он бір еді». Басқа бір риуаятта «тоғыз әйел» деп берілген. Әнәстен: «Оның бұған шамасы жететін бе?» – деп сұралды. Ол: «Біз оның отыз адамның күшіне ие болғанын айтатынбыз», – деді.

بَابُ مَنْ تَطَيَّبَ وَاغْتَسَلَ

7-бапХош иіс жағып, ғұсыл құйыну туралы

195
Бұхари, № 195 · Сахих: 271Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَأَنِّي أَنْظُرُ إِلَى وَبِيصِ الطِّيبِ فِي مَفْرِقِ النَّبِيِّ ﷺ وَهُوَ مُحْرِمٌ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Ихрамдағы Пайғамбардың (с.а.с.) шашының айырығындағы хош иістің жылтыры әлі көз алдымда».

بَابُ تَخْلِيلِ الشَّعَرِ أَثْنَاءَ الْغُسْلِ

8-бапҒұсыл құйынғанда саусақтарды шаштың арасына өткізу туралы

196
Бұхари, № 196 · Сахих: 272Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا اِغْتَسَلَ مِنَ الْجَنَابَةِ، غَسَلَ يَدَيْهِ، وَتَوَضَّأَ وُضُوءَهُ لِلصَّلَاةِ، ثُمَّ اِغْتَسَلَ، ثُمَّ يُخَلِّلُ بِيَدِهِ شَعَرَهُ، حَتَّى إِذَا ظَنَّ أَنَّهُ قَدْ أَرْوَى بَشَرَتَهُ، أَفَاضَ عَلَيْهِ الْمَاءَ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ، ثُمَّ غَسَلَ سَائِرَ جَسَدِهِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл құйынғанда, алдымен екі қолын жуып, намазға дәрет алғандай дәрет алатын. Содан кейін ғұсыл құйынуға кірісіп, саусақтарын шашының арасына өткізетін. Су шаш түбіндегі теріге толық жетті деп санаған кезде, басына үш рет су құятын. Содан соң денесінің қалған бөлігін жуатын».

بَابُ إِذَا ذَكَرَ فِي الْمَسْجِدِ أَنَّهُ جُنُبٌ يَخْرُجُ كَمَا هُوَ وَلَا يَتَيَمَّمُ

9-бапМешітте жүніп екені есіне түскен адамның тәйәммүм жасамай, сол күйі шығуы туралы

197
Бұхари, № 197 · Сахих: 275Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ وَعُدِّلَتِ الصُّفُوفُ قِيَامًا، فَخَرَجَ إِلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا قَامَ فِي مُصَلَّاهُ، ذَكَرَ أَنَّهُ جُنُبٌ، فَقَالَ لَنَا: «مَكَانَكُمْ». ثُمَّ رَجَعَ فَاغْتَسَلَ، ثُمَّ خَرَجَ إِلَيْنَا وَرَأْسُهُ يَقْطُرُ، فَكَبَّرَ فَصَلَّيْنَا مَعَهُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Намазға қамат айтылып, адамдар орындарынан тұрып, саптарын түзеді. Сол кезде Алла Елшісі (с.а.с.) алдымызға шықты. Намаз оқитын орнына барып тұрған кезде жүніп екенін есіне түсіріп, бізге: “Орындарыңнан қозғалмаңдар”, – деді. Содан кейін кері қайтып, ғұсыл құйынды. Артынша басынан су тамшылаған күйде қайта шықты да, тәкбір айтты. Біз де онымен бірге намаз оқыдық».

بَابُ مَنِ اِغْتَسَلَ عُرْيَانًا وَحْدَهُ فِي خَلْوَةٍ

10-бапОңаша жерде жалғыз өзі жалаңаш ғұсыл құйыну туралы

198
Бұхари, № 198 · Сахих: 278Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «كَانَتْ بَنُو إِسْرَائِيلَ يَغْتَسِلُونَ عُرَاةً، يَنْظُرُ بَعْضُهُمْ إِلَى بَعْضٍ، وَكَانَ مُوسَى يَغْتَسِلُ وَحْدَهُ، فَقَالُوا: “وَاللَّهِ مَا يَمْنَعُ مُوسَى أَنْ يَغْتَسِلَ مَعَنَا إِلَّا أَنَّهُ آدَرُ”، فَذَهَبَ مَرَّةً يَغْتَسِلُ، فَوَضَعَ ثَوْبَهُ عَلَى حَجَرٍ، فَفَرَّ الْحَجَرُ بِثَوْبِهِ، فَخَرَجَ مُوسَى فِي إِثْرِهِ، يَقُولُ: “ثَوْبِي، يَا حَجَرُ”، حَتَّى نَظَرَتْ بَنُو إِسْرَائِيلَ إِلَى مُوسَى، فَقَالُوا: “وَاللَّهِ مَا بِمُوسَى مِنْ بَأْسٍ”، وَأَخَذَ ثَوْبَهُ، فَطَفِقَ بِالْحَجَرِ ضَرْبًا». قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «وَاللَّهِ إِنَّهُ لَنَدَبٌ بِالْحَجَرِ، سِتَّةٌ أَوْ سَبْعَةٌ، ضَرْبًا بِالْحَجَرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Исраил ұрпақтары бір-бірінің көзінше жалаңаш күйде ғұсыл құйынатын. Ал Мұса жалғыз өзі ғұсыл құйынатын. Сонда олар: “Алланың атымен ант етеміз, Мұсаның бізбен бірге ғұсыл құйынбауының бірден-бір себебі – ұмасының ісіп кеткені”, – десті. Бір күні Мұса ғұсыл құйынуға барып, киімін бір тастың үстіне қойды. Сол сәтте тас оның киімін алып, қаша жөнелді. Мұса да оның соңынан жүгіріп: “Уа, тас! Киімімді бер!” – деп айғайлады. Ақыры Исраил ұрпақтары Мұсаны көріп: “Алланың атымен ант етеміз, Мұсада ешбір кемшілік жоқ екен”, – десті. Мұса киімін алып, тасты ұра бастады». Әбу Һурайра (р.а.): «Алланың атымен ант етемін, Мұса ұрғаннан кейін сол таста алты немесе жеті із қалды», – деген.

199
Бұхари, № 199 · Сахих: 279Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «بَيْنَا أَيُّوبُ يَغْتَسِلُ عُرْيَانًا، فَخَرَّ عَلَيْهِ جَرَادٌ مِنْ ذَهَبٍ، فَجَعَلَ أَيُّوبُ يَحْتَثِي فِي ثَوْبِهِ، فَنَادَاهُ رَبُّهُ: “يَا أَيُّوبُ، أَلَمْ أَكُنْ أَغْنَيْتُكَ عَمَّا تَرَى؟” قَالَ: “بَلَى، وَعِزَّتِكَ، وَلَكِنْ لَا غِنَى بِي عَنْ بَرَكَتِكَ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін де риуаят еткен: «Әйюб жалаңаш күйде ғұсыл құйынып жатқанда, оның үстіне алтын шегірткелер жауды. Әйюб оларды киіміне уыстап жинай бастады. Сонда Раббысы оған: “Уа, Әйюб! Мен сені мына көріп тұрғандарыңа мұқтаж болмайтындай етпеп пе едім?” – деп үн қатты. Әйюб: “Әрине, Сенің ұлылығыңмен ант етемін! Бірақ мен Сенің берекеңе әрдайым мұқтажбын”, – деді».

بَابُ التَّسَتُّرِ فِي الْغُسْلِ عِنْدَ النَّاسِ

11-бапАдамдар бар жерде ғұсыл құйынғанда тасалану туралы

200
Бұхари, № 200 · Сахих: 280Риуаят етуші: Әбу Талибтің қызы Үммі Һани

عَنْ أُمِّ هَانِئٍ بِنْتِ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: ذَهَبْتُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عَامَ الْفَتْحِ فَوَجَدْتُهُ يَغْتَسِلُ وَفَاطِمَةُ تَسْتُرُهُ، فَقَالَ: «مَنْ هَذِهِ؟» فَقُلْتُ: «أَنَا أُمُّ هَانِئٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Талибтің қызы Үммі Һани (р.а.) былай деген: «Мекке алынған жылы Алла Елшісіне (с.а.с.) бардым. Ол ғұсыл құйынып жатыр екен, ал Фатима оны тасалап тұрды. Ол (с.а.с.): “Бұл кім?” – деп сұрады. Мен: “Мен Үммі Һанимін”, – дедім».

بَابُ عَرَقِ الْجُنُبِ وَأَنَّ الْمُسْلِمَ لَا يَنْجُسُ

12-бапЖүніп адамның тері және мұсылманның нәжіс болмайтыны туралы

201
Бұхари, № 201 · Сахих: 283Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ لَقِيَهُ فِي بَعْضِ طَرِيقِ الْمَدِينَةِ وَهُوَ جُنُبٌ، قَالَ: فَانْخَنَسْتُ مِنْهُ، فَذَهَبَ فَاغْتَسَلَ ثُمَّ جَاءَ، فَقَالَ: «أَيْنَ كُنْتَ، يَا أَبَا هُرَيْرَةَ؟» قَالَ: «كُنْتُ جُنُبًا، فَكَرِهْتُ أَنْ أُجَالِسَكَ وَأَنَا عَلَى غَيْرِ طَهَارَةٍ»، فَقَالَ: «سُبْحَانَ اللَّهِ، إِنَّ الْمُسْلِمَ لَا يَنْجُسُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, ол жүніп күйінде Мәдина жолдарының бірінде Пайғамбарды (с.а.с.) кездестіріп қалған. Сонда ол Пайғамбарға (с.а.с.) білдірместен шетке кетіп, ғұсыл құйынды да, кейін қайта келді. Пайғамбар (с.а.с.): «Уа, Әбу Һурайра! Қайда болдың?» – деп сұрады. Ол: «Мен жүніп едім. Таза емес күйімде жаныңызда отыруды ұнатпадым», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Субханаллаһ! Расында, мұсылман нәжіс болмайды», – деді.

بَابُ نَوْمِ الْجُنُبِ

13-бапЖүніп адамның ұйықтауы туралы

202
Бұхари, № 202 · Сахих: 287Риуаят етуші: Омар

عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ: «أَيَرْقُدُ أَحَدُنَا وَهُوَ جُنُبٌ؟» قَالَ: «نَعَمْ، إِذَا تَوَضَّأَ أَحَدُكُمْ فَلْيَرْقُدْ وَهُوَ جُنُبٌ».

Қазақша аудармасы

Омар (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.): «Біріміз жүніп күйінде ұйықтай ала ма?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Иә. Сендердің бірің дәрет алса, жүніп күйінде ұйықтай берсін», – деді.

بَابٌ: إِذَا اِلْتَقَى الْخِتَانَانِ

14-бапЕкі сүндет орнының түйісуі туралы

203
Бұхари, № 203 · Сахих: 291Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِذَا جَلَسَ بَيْنَ شُعَبِهَا الْأَرْبَعِ، ثُمَّ جَهَدَهَا فَقَدْ وَجَبَ الْغُسْلُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Ер адам әйелінің екі қолы мен екі аяғының арасына отырып, онымен жақындасса, ғұсыл құйыну міндетті болады», – дегенін риуаят еткен.