Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 192

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
5. Ғұсыл кітабыكِتَابُ الْغُسْلِ
бап
5. Ғұсыл құйынуды хиләб ыдысын алдырудан немесе хош иіс жағудан бастау туралыبَابُ مَنْ بَدَأَ بِالْحِلَابِ أَوِ الطِّيبِ عِنْدَ الْغُسْلِ
Нөмірі
№ 192 (Мухтасар реті) · Сахих: № 258
192
Бұхари, № 192 · Сахих: 258Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا اِغْتَسَلَ مِنَ الْجَنَابَةِ، دَعَا بِشَيْءٍ نَحْوَ الْحِلَابِ، فَأَخَذَ بِكَفِّهِ، فَبَدَأَ بِشِقِّ رَأْسِهِ الْأَيْمَنِ، ثُمَّ الْأَيْسَرِ، فَقَالَ بِهِمَا عَلَى رَأْسِهِ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) жүніптіктен ғұсыл құйынғанда, хиләб тәрізді бір ыдыс алдыратын. Алақанымен одан су алып, алдымен басының оң жағына, содан кейін сол жағына құятын. Артынша екі қолымен басына су құятын».