Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 197

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
5. Ғұсыл кітабыكِتَابُ الْغُسْلِ
бап
9. Мешітте жүніп екені есіне түскен адамның тәйәммүм жасамай, сол күйі шығуы туралыبَابُ إِذَا ذَكَرَ فِي الْمَسْجِدِ أَنَّهُ جُنُبٌ يَخْرُجُ كَمَا هُوَ وَلَا يَتَيَمَّمُ
Нөмірі
№ 197 (Мухтасар реті) · Сахих: № 275
197
Бұхари, № 197 · Сахих: 275Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: أُقِيمَتِ الصَّلَاةُ وَعُدِّلَتِ الصُّفُوفُ قِيَامًا، فَخَرَجَ إِلَيْنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا قَامَ فِي مُصَلَّاهُ، ذَكَرَ أَنَّهُ جُنُبٌ، فَقَالَ لَنَا: «مَكَانَكُمْ». ثُمَّ رَجَعَ فَاغْتَسَلَ، ثُمَّ خَرَجَ إِلَيْنَا وَرَأْسُهُ يَقْطُرُ، فَكَبَّرَ فَصَلَّيْنَا مَعَهُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Намазға қамат айтылып, адамдар орындарынан тұрып, саптарын түзеді. Сол кезде Алла Елшісі (с.а.с.) алдымызға шықты. Намаз оқитын орнына барып тұрған кезде жүніп екенін есіне түсіріп, бізге: “Орындарыңнан қозғалмаңдар”, – деді. Содан кейін кері қайтып, ғұсыл құйынды. Артынша басынан су тамшылаған күйде қайта шықты да, тәкбір айтты. Біз де онымен бірге намаз оқыдық».