Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 83

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
3. Ілім кітабыكِتَابُ الْعِلْمِ
бап
19. Ер адамның күңіне және отбасына ілім үйретуі туралыبَابُ تَعْلِيمِ الرَّجُلِ أَمَتَهُ وَأَهْلَهُ
Нөмірі
№ 83 (Мухтасар реті) · Сахих: № 97
83
Бұхари, № 83 · Сахих: 97Риуаят етуші: Әбу Мұса

عَنْ أَبِي مُوسَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثَلَاثَةٌ لَهُمْ أَجْرَانِ: رَجُلٌ مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ، آمَنَ بِنَبِيِّهِ وَآمَنَ بِمُحَمَّدٍ ﷺ، وَالْعَبْدُ الْمَمْلُوكُ إِذَا أَدَّى حَقَّ اللَّهِ وَحَقَّ مَوَالِيهِ، وَرَجُلٌ كَانَتْ عِنْدَهُ أَمَةٌ يَطَؤُهَا فَأَدَّبَهَا فَأَحْسَنَ تَأْدِيبَهَا، وَعَلَّمَهَا فَأَحْسَنَ تَعْلِيمَهَا، ثُمَّ أَعْتَقَهَا فَتَزَوَّجَهَا فَلَهُ أَجْرَانِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Үш адамға екі сауаптан беріледі: өз пайғамбарына да, Мұхаммедке де (с.а.с.) иман келтірген Кітап иесіне; Алланың алдындағы міндетін де, қожайындарының алдындағы міндетін де орындаған құлға; өзі жақындасып жүрген күңіне әдеп үйретіп, көркем тәрбие берген, ілім үйретіп, жақсылап оқытқан, содан кейін оны азат етіп, оған үйленген адамға. Оған да екі сауап беріледі».