Хадис

Сертке берік болу және берген уәдеде тұру

О верности обязательствам и выполнении обещаний

Риядус-салихин, 86-тақырып · 3 хадис · № 690–692

Хадистер

«وَأوْفُوا بِالعَهْدِ إِنَّ الْعَهْدَ كَانَ مَسْئُولًا» «Сертке берік болыңдар! Өйткені берілген серттің сұрауы бар!». («Исра» сүресі, 34-аят).

«وَأوْفُوا بِعَهْدِ اللَّهِ إِذَا عَاهَدْتُمْ» «Серт байласқандарыңда Алланың сертінде (яғни Алланың атымен және Оның құзырында берген серттеріңде) тұрыңдар». («Нахыл» сүресі, 91-аят).

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أوْفُوا بِالْعُقُودِ» «Уа, иман келтіргендер! Жасаған келісімдеріңнің шарттарын толық орындаңдар....» («Мәида» сүресі, 1-аят).

«يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لِمَ تَقُولُونَ مَا لَا تَفْعَلُونَ كَبُرَ مَقْتًا عِنْدَ اللَّهِ أَنْ تَقُولُوا مَا لَا تَفْعَلُونَ» «Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! Істемейтін істі айтуларың – Алланың құзырында ең жеккөрінішті нәрсе». («Саф» сүресі, 2-3-аят).

«Будьте же верны вашим обещаниям, ведь за каждое обещание вы будете призваны к ответу!» (сура «Исра», 17:34).

«И будьте же верны клятве Аллаху, когда вы поклялись» (сура «Нахль», 16:91).

«О те, кто уверовал! Выполняйте условия ваших договоров целиком» (сура «Маида», 5:1).

«О вы, кто уверовал! Отчего же вы говорите то, что сами не делаете? Велика ненависть Аллаха, когда вы говорите то, чего не делаете» (сура «Сафф», 61:2⁠–⁠3).

690
Риядус-салихин, № 690Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «آيَةُ الْمُنَافِقِ ثَلَاثٌ: إِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَإِذَا وَعَدَ أخْلَفَ، وَإِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ».

زَادَ فِى رِوَايَةٍ لمسلم: «وإِنْ صَامَ وَصَلَّى وَزَعَمَ أَنَّهُ مُسْلِمٌ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Екі жүзді адамның үш белгісі бар: сөйлегенде өтірік айтады; уәде берсе, орындамайды; аманатқа қиянат жасайды», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 33; Муслим: 211; Ахмад: 9158).

Муслимнің риуаятында: «тіпті ол ораза ұстап, намаз оқып, мұсылманмын деп айтса да», – деген қосымша сөйлем келген. (Муслим: 213; Ахмад: 9158)

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «У лицемера три признака: когда он говорит, то лжёт; когда обещает, не выполняет обещанного; когда ему что-либо доверяют, он предаёт оказанное ему доверие» (Аль-Бухари: 33; Муслим: 211; Ахмад: 9158).

В версии Муслима приводится дополнительная фраза: «Даже если он постится, совершает молитву и утверждает, что он мусульманин» (Муслим: 213; Ахмад: 9158).

691
Риядус-салихин, № 691Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَرْبَعٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ كَانَ مُنَافِقًا خَالِصًا، وَمَنْ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْهُنَّ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنَ النِّفَاقِ حَتَّى يَدَعَهَا: إِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ، وَإِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَإِذَا عَاهَدَ غَدَرَ، وَإِذَا خَاصَمَ فَجَرَ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мына төрт түрлі қылық кімнің бойынан түгел табылса, сол нағыз екіжүзді адам. Ал кімнің бойында осы төрт қылықтың бірі болса, одан арылмайынша, бойында екіжүзділікке тән бір белгінің болғаны. Нағыз екіжүзді адам – аманат табысталса, қиянат жасайды; сөйлесе, өтірік айтады; уәде берсе, сөзінде тұрмайды; сондай-ақ, дауласқанда (немесе жауласқанда), қарсыласына қиянат жасауда шектен шығады», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 34; Муслим: 210; Ахмад: 6768).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абдуллаха ибн Амра ибн аль-Аса (да будет доволен ими обоими Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, в ком соединятся все четыре качества, является настоящим лицемером. А тот, кому присуще хотя бы одно из них, будет носить в себе один из признаков лицемерия, пока не избавится от него. Настоящий лицемер предаёт оказанное ему доверие, лжёт, когда говорит, не держит данного обещания, а во время спора (или вражды) переходит все границы, проявляя вероломство по отношению к своему противнику» (Аль-Бухари: 34; Муслим: 210; Ахмад: 6768).

692
Риядус-салихин, № 692Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِر قَالَ: قَالَ لِى النَّبِيُّ ﷺ: «لَوْ قَدْ جَاءَ مَالُ الْبَحْرَيْنِ أعْطَيْتُكَ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا» فَلَمْ يَجِئْ مَالُ الْبَحْرَينِ حَتَّى قُبِضَ النَّبِيُّ ﷺ، فَلَمَّا جَاءَ مَالُ الْبَحْرَيْنِ أَمَرَ أَبُو بَكْرٍ فَنَادَى: مَنْ كَانَ لَهُ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ عِدَةٌ أَوْ دَيْنٌ فَلْيَأْتِنَا، فَأَتَيْتُهُ وَقُلْتُ لَهُ: إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ لِى كَذَا وَكَذَا، فَحَثَى لِى حَثْيَةً فَعَدَدْتُهَا، فَإِذَا هِيَ خَمْسُمِئَةٍ، فَقَالَ لِى: خُذْ مِثْلَيْهَا

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Бірде Пайғамбар ﷺ маған: «Бізге Бахрейннің мал-дүниесі (зекеті) келсе, саған мұнша және мұнша берер едім», – деген болатын. Бірақ Пайғамбарымыз қайтыс болғанға дейін Бахрейннің мал-дүниесі (зекеті) келген жоқ. Кейін сол мал-дүние келгенде Әбу Бәкір жаршыға бұйрық беріп, ол: «Кімнің Алла елшісінен алған уәдесі немесе алашағы болса, бізге келсін», – деп жар салды. Мен оған барып: «Пайғамбарымыз маған осылай-осылай деген еді», – дегенімде, маған қос уысын толтырып (ақша) берді. Санасам, бес жүз екен. (Әбу Бәкір маған): «Осыншадан тағы да екеуін ал», – деді» (Бұхари: 2296; Муслим: 6023; Ахмад: 14301).

Орысша аудармасы

Джабир (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды Пророк ﷺ сказал мне: “Если к нам поступит имущество (закят) из Бахрейна, я дам тебе столько-то, столько-то и столько-то”. Однако до самой смерти Пророка ﷺ имущество (закят) из Бахрейна так и не поступило. Когда же оно было доставлено позднее, Абу Бакр велел глашатаю объявить: “Пусть придёт к нам тот, кому Посланник Аллаха ﷺ что-либо обещал или остался должен”.

Я пришёл к нему и сказал: “Пророк ﷺ обещал мне то-то и то-то”. Тогда он дал мне полную пригоршню денег, зачерпнув их обеими руками. Я пересчитал их – оказалось пятьсот. Затем Абу Бакр сказал мне: “Возьми ещё дважды по столько же”» (Аль-Бухари: 2296; Муслим: 6023; Ахмад: 14301).