عَنْ عَائِشَة، قَالَتْ: كُنَّ أَزْوَاجُ النَّبِيِّ ﷺ عِنْدَهُ، فَأقْبَلَتْ فَاطِمَةُ تَمْشِى، مَا تُخْطِئُ مِشيتُها مِنْ مشْيَةِ رَسُول اللَّهِ ﷺ شَيْئًا، فَلَمَّا رَآهَا رَحَّبَ بِهَا، وَقَالَ: «مَرْحَبًا بابْنَتِى»، ثُمَّ أجْلَسَهَا عَنْ يَمِينِهِ أَوْ عَنْ شِمَالِهِ، ثُمَّ سَارَّهَا فَبَكتْ بُكَاءً شَديدًا، فَلَمَّا رَأَى جَزَعَهَا، سَارَّهَا الثَّانِيَةَ فَضَحِكَتْ، فَقُلْتُ لَهَا: خَصَّكِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِنْ بَيْنِ نِسَائِهِ بالسِّرَارِ، ثُمَّ أنْتِ تَبْكِينَ! فَلَمَّا قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَأَلْتُهَا: مَا قَالَ لَكِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ؟ قَالَتْ: مَا كُنْتُ لأُفْشِى عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ سِرَّهُ، فَلَمَّا تُوُفِّيَ رَسُول اللَّهِ ﷺ قُلْتُ: عَزَمْتُ عَلَيْكِ بِمَا لِى عَلَيْكِ مِنَ الْحَقِّ، لَمَا حَدَّثْتِنِى مَا قَالَ لَكِ رَسُول اللَّهِ ﷺ؟ فَقَالَتْ: أَمَّا الآن فَنَعَمْ، أَمَّا حِيْنَ سَارَّنِى فِى الْمَرَّةِ الْأُولَى فأخْبَرَنِى أنّ جِبْرِيلَ كَانَ يُعَارِضُهُ الْقُرآنَ فِى كُلِّ سَنَةٍ مَرَّةً أَوْ مَرَّتَيْنِ، وَأَنَّهُ عَارَضَهُ الآنَ مَرَّتَيْنِ، وَإِنِّى لَا أُرَى الْأجَلَ إِلَّا قَدِ اقْتَرَبَ، فَاتَّقِى اللَّهَ وَاصْبِرِى، فَإِنَّهُ نِعْمَ السَّلَفُ أَنَا لَكِ، فَبَكَيْتُ بُكَائِى الَّذِى رَأَيْتِ، فَلَمَّا رَأَى جَزَعِى سَارَّنِى الثَّانِيَةَ، فَقَالَ: «يَا فَاطِمَةُ، أمَا تَرْضَيْنَ أَنْ تَكُونِى سَيِّدَةَ نِسَاءِ الْمُؤُمِنِينَ، أَوْ سَيَّدَةَ نِساءِ هَذِهِ الْأُمَّةِ؟» فَضَحِكتُ ضَحِكِى الَّذِى رَأَيْتِ
Қазақша аудармасы
Айша анамыз (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ барлық жұбайлары бас қосып, төрт көзіміз түгел болып Алла елшісімен бірге отырғанымызда, жүрісі Алла елшісінің жүрісінен айнымайтын сүйікті қызы Фатима (р.а.) да келді. Ол қызын көргенде: «Қош келдің, қызым!» – деп қошеметтеп оң (немесе сол) жағына отырғызып, Фатиманың құлағына ақырын сыбырлады. Сол кезде сүйікті қызының көңілі босап, қатты жылады. Алла елшісі қызының қатты мұңайғанын көргенде, құлағына тағы бір мәрте сыбырлады. Бұл кез Фатима қуанғаннан езу тартты. Сонда мен оған: «Алла елшісі әйелдері төрт көзі түгел болып, қасында отырса да, саған ғана сыбырлап, сенімен ғана сыр бөлісті. Ал сен болсаң жылайсың», – дедім. Расулалла кетіп қалғаннан кейін, Фатимадан: «Алла елшісі саған не айтты?» – деп сұрадым. Ол: «Алла елшісінің сырын ешкімге де ашпаймын», – деп тіс жармай қойды. Кейін Расулалла дүние салған соң, оған: «Өтінемін, мен де сенің анаңмын ғой, Алла елшісінің саған ашқан сырын маған да айтшы», – дедім. Сонда ол: «Жарайды, енді айтсам, айтайын. Әкем құлағыма алғаш сыбырлағанда, маған Жәбірейіл періштемен Құранды жылына бір (немесе екі) рет басынан аяғына дейін оқитынын, ал бұл жолы осыған дейін екі рет оқығандарын айтып: «Мұны ажал жастығына бас қояр сәтімнің жақындағаны деп ойлаймын, сондықтан Алладан қорқып, сабырлы бол (мен қайтыс болғанда, өз-өзіңді ұстай біл). Өйткені мен сен үшін жақсы ізашар боламын», – деді. Өзіңіз куә болғандай сондағы егіліп жылағанымның мәнісі осы болатын. Кейін әкем менің қатты мұңайғанымды көргенде, екінші рет құлағыма сыбырлап: «Әй, Фатима! Барша мүмін әйелдердің (немесе осы үмбеттің барша әйелзатының) ханшайымы болуды қаламайсың ба?» – деді. Өзіңіз көргендей сол кездегі күлгенімнің мәнісі осы еді», – деді», – деген (Бұхари: 6285-6286; Муслим: 6313; Ахмад: 26413).
Орысша аудармасы
Мать правоверных Аиша (да будет доволен ею Аллах) сказала: «Однажды, когда все жёны Пророка ﷺ собрались и мы в полном составе сидели вместе с Посланником Аллаха ﷺ, пришла и его любимая дочь Фатима (да будет доволен ею Аллах), походка которой ничем не отличалась от походки Посланника Аллаха ﷺ. Увидев дочь, он приветствовал её словами: “Добро пожаловать, дочь моя!” – затем усадил справа (или слева) от себя и тихо прошептал ей что-то на ухо. В тот миг его любимая дочь не сдержала чувств и горько заплакала. Увидев, как сильно она опечалилась, Посланник Аллаха ﷺ снова что-то прошептал ей на ухо, и тогда Фатима радостно улыбнулась. Я сказала ей: “Хотя все жёны Посланника Аллаха ﷺ собрались и сидят рядом с ним, он шепчет и поверяет свою тайну лишь тебе одной, а ты плачешь”.
Когда Посланник Аллаха ﷺ ушёл, я спросила Фатиму: “Что сказал тебе Посланник Аллаха ﷺ?” Она ответила: “Я никому не раскрою тайну Посланника Аллаха ﷺ”.
После того как Посланник Аллаха ﷺ скончался, я сказала ей: “Прошу тебя, ведь я тоже твоя мать. Расскажи и мне тайну, которую открыл тебе Посланник Аллаха ﷺ”. Тогда она сказала: “Хорошо, теперь я расскажу. Когда отец прошептал мне на ухо в первый раз, он сообщил, что ежегодно прочитывал Коран вместе с ангелом Джибрилем от начала до конца один раз (или дважды), а в этот раз они прочитали его уже дважды. Затем он сказал: ‘Я думаю, это означает, что близок мой смертный час. Поэтому бойся Аллаха и проявляй терпение (когда я умру, сумей совладать с собой), ведь я буду для тебя благим предшественником’. Вот почему я тогда горько заплакала, как вы сами видели. Увидев мою глубокую печаль, отец во второй раз прошептал мне на ухо: ‘О Фатима! Разве ты не желаешь стать госпожой всех верующих женщин (или всех женщин этой общины)?’ Вот почему тогда я улыбнулась, как вы сами видели”» (Аль-Бухари: 6285–6286; Муслим: 6313; Ахмад: 26413).