Хадис

Риядус-салихин, № 691

Жинақ
Риядус-салихинرياض الصالحين
тақырып
86. Сертке берік болу және берген уәдеде тұру
Нөмірі
№ 691 (қазақша басылым реті)
691
Риядус-салихин, № 691Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «أَرْبَعٌ مَنْ كُنَّ فِيهِ كَانَ مُنَافِقًا خَالِصًا، وَمَنْ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنْهُنَّ كَانَتْ فِيهِ خَصْلَةٌ مِنَ النِّفَاقِ حَتَّى يَدَعَهَا: إِذَا اؤْتُمِنَ خَانَ، وَإِذَا حَدَّثَ كَذَبَ، وَإِذَا عَاهَدَ غَدَرَ، وَإِذَا خَاصَمَ فَجَرَ»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Мына төрт түрлі қылық кімнің бойынан түгел табылса, сол нағыз екіжүзді адам. Ал кімнің бойында осы төрт қылықтың бірі болса, одан арылмайынша, бойында екіжүзділікке тән бір белгінің болғаны. Нағыз екіжүзді адам – аманат табысталса, қиянат жасайды; сөйлесе, өтірік айтады; уәде берсе, сөзінде тұрмайды; сондай-ақ, дауласқанда (немесе жауласқанда), қарсыласына қиянат жасауда шектен шығады», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 34; Муслим: 210; Ахмад: 6768).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абдуллаха ибн Амра ибн аль-Аса (да будет доволен ими обоими Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Тот, в ком соединятся все четыре качества, является настоящим лицемером. А тот, кому присуще хотя бы одно из них, будет носить в себе один из признаков лицемерия, пока не избавится от него. Настоящий лицемер предаёт оказанное ему доверие, лжёт, когда говорит, не держит данного обещания, а во время спора (или вражды) переходит все границы, проявляя вероломство по отношению к своему противнику» (Аль-Бухари: 34; Муслим: 210; Ахмад: 6768).