Хадистер
«إِنَّ اللَّهَ لَا يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّى يُغَيِّرُوا مَا بِأَنْفُسِهِمْ» «Қайсыбір қауым өз ішінде (рухани тұрғыдан жұтап) өзгермейінше, Алла ол қауымды өзгертпейді (яғни, жамандыққа душар етпейді)». («Рағыд» сүресі, 11-аят).
«وَلَا تَكُونُوا كَالَّتِى نقضت غَزْلَهَا مِنْ بَعْدِ قُوَّةٍ أنْكَاثًا» «Жібін жақсылап иіріп алғаннан кейін қайта тарқатып жіберіп, бүкіл еңбегін еш қылған байғұс әйел сияқты болмаңдар...» («Нахыл» сүресі, 92-аят).
«وَلَا يَكُونُوا كَالَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ مِنْ قَبْلُ فَطَالَ عَلَيْهِمُ الْأَمَدُ فَقَسَتْ قُلُوبُهُمْ» «Олар бұдан бұрын иләһи кітап берілген үмбеттер сияқты болмасын. Олар уақыт өте келе (қолдарындағы иләһи кітапқа құрметпен қарауды қойғандықтан) жүректері тас болып қатып қалған еді...». («Хадид» сүресі, 16-аят).
«فَمَا رَعَوْهَا حَقَّ رِعَايَتِهَا» «...Алайда олар сол жолды лайықты түрде (тиісінше) ұстана алмады...». («Хадид» сүресі, 27-аят).
«Поистине, Аллах не меняет положения людей, покуда они не изменят самих себя» (сура «Ра‘д», 13:11).
«Не уподобляйтесь же той женщине, которая распустила свою пряжу после того, как свила ее» (сура «Нахль», 16:92).
«Пусть же они не уподобляются общинам, которым прежде было даровано Писание, и чьи сердца очерствели по прошествии времени» (сура «Хадид», 57:16).
«Но они не соблюли его достойным образом» (сура «Хадид», 57:27).
عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرُو بْنِ الْعاص، قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا عبْدَ اللَّه، لَا تَكُنْ مِثْلَ فُلَانٍ، كَانَ يَقُومُ اللَّيْلَ فَتَرَكَ قِيَامَ اللَّيْلِ»
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.): «Бірде Алла елшісі ﷺ маған: «Әй, Абдуллаһ! Сен пәленше секілді болма. Ол түнгі намазды үзбей оқып жүріп, ақырында оқымай қойған еді», – деп айтты», – деген (Бұхари: 1152; Муслим: 2729; Ахмад: 6584).
Орысша аудармасы
Абдуллах ибн Амр ибн аль-Ас (да будет доволен им Аллах) сказал: «Однажды Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “О Абдуллах! Не уподобляйся такому-то: прежде он постоянно совершал ночную молитву, а затем вовсе оставил её”» (Аль-Бухари: 1152; Муслим: 2729; Ахмад: 6584).