عَنْ عَبْدِ اللَّهِ ِ بْنِ عَمْرُو، قَالَ: كنا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِى سَفَرٍ، فَنَزَلْنَا مَنْزِلًا، فَمِنَّا مَنْ يُصْلِحُ خِبَاءهُ، وَمِنّا مَنْ يَنْتَضِلُ، وَمِنَّا مَنْ هُوَ فِى جَشَرِهِ، إِذْ نَادَى مُنَادِى رَسُول اللَّهِ ﷺ: الصَّلَاةَ جَامِعَةً. فَاجْتَمَعْنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «إِنَّهُ لَمْ يَكُنْ نَبِيٌّ قَبْلِى إِلَّا كَانَ حَقًّا عَلَيْهِ أَنْ يَدُلَّ أُمَّتَهُ عَلَى خَيْرِ مَا يَعْلَمُهُ لَهُمْ، وَيُنْذِرَهُم شَرَّ مَا يَعْلَمُهُ لَهُمْ. وَإِنَّ أُمَّتَكُمْ هَذِهِ جُعِلَ عَافِيَتُهَا فِى أَوَّلِهَا، وَسَيُصيبُ آخِرَهَا بَلَاءٌ وَأمُورٌ تُنْكِرُونَهَا، وَتَجِيءُ فِتنَةٌ يُرَقِّقُ بَعْضُهَا بَعْضًا، وَتَجِيءُ الْفتنَةُ فَيقُولُ الْمُؤْمِنُ: هذه مُهلكتي، ثُمَّ تنكشفُ، وتجيء الْفتنةُ فيَقُولُ الْمؤمنُ: هَذِهِ هَذِهِ. فَمَنْ أحَبَّ أَنْ يُزَحْزَحَ عَنِ النَّارِ، ويُدْخَلَ الْجَنَّةَ، فَلْتَأتِهِ منيَّتُهُ وَهُوَ يُؤْمِنَ بِاللَّهِ واليَوْمِ الْآخِرِ، وَلْيَأْتِ إِلَى النَّاسِ الَّذِى يُحِبُّ أَنْ يُؤْتَى إِلَيْهِ. وَمَنْ بَايَعَ إِمَامًا فَأعْطَاهُ صَفْقَةَ يَدِهِ، وَثَمَرَةَ قَلْبِهِ، فَلْيُطِعْهُ إِن استَطَاعَ، فإِنْ جَاءَ آخَرُ يُنَازِعُهُ فَاضْرِبُوا عُنْقَ الآخَرِ»
Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Амр (р.а.): «Арамызда Алла елшісі ﷺ де бар бір сапарда тынығып алу үшін бір жерге келіп аялдадық. Тоқтаған соң, кейбіріміз шатыр тігіп, кейбіріміз садақ атып, базбіріміз мал жайып жүрген едік. Кенет Алла елшісінің жаршысы: «Жамағатпен намаз оқуға жиналыңдар!» – деп жар салды. Біріміз қалмай Алла елшісінің құзырына жиналдық. Сонда ол: «Расында, менен бұрын келіп-кеткен барлық пайғамбарлар өздерінің үмбетін, олар үшін қайырлы деп білген жақсылыққа бастап, әрі олар үшін зиянды деп білген жамандықтардан міндетті түрде сақтандырған. Ал енді өздерің алды болған осы үмбеттің (түрлі пәле-жаладан) дін аман болуы алғашқы буындардың еншісінде. Ал соңғы буындар түрлі бәлелер мен (бұрын-соңды болмаған) сендерге ұнамайтын жайсыз жағдайларға тап болады. Сондай-ақ (олардың кезеңінде) бірінен-бірі асып түсетін ауыр сынақтар мен бүліктер үсті-үстіне келетін болады. Сондай кезде басына күн туып, ауыр сынаққа тап болған мүмін: «Осы менің түбіме жетеді», – дейді. Алайда ол бұл сынақтан аман-есен өтуін өткенмен, артынан басқа бір ауыр сынақ келгенде, ол: «Міне, міне, осы менің түбіме жететін», – деп мұңаяды. Тозақ отынан жырақтап, жұмаққа кіргісі келген адам ажал жастығына бас қоярда Аллаға және ақырет күніне деген иманы кәміл болсын. Сондай-ақ кімде-кім адамдардың өзімен қандай қарым-қатынаста болуын қаласа, ол да басқаларына солай қарасын. Патшаға қол беріп, (оған бойсұнуға бел буып) шын жүректен ант еткен адам шамасы келгенше бойсұнсын. Егер басқа біреу келіп, (ел-жұрт болып сайлаған басшымен) билікке таласса, ойланбай басын шабыңдар», – деп айтты», – деген (Муслим: 4776; Ахмад: 6503).
Орысша аудармасы
Абдуллах ибн Амр (да будет доволен ими обоими Аллах) рассказывал: «Однажды во время путешествия, в котором вместе с нами находился Посланник Аллаха ﷺ, мы остановились в одном месте, чтобы отдохнуть. Одни из нас стали устанавливать палатки, другие упражнялись в стрельбе из лука, а третьи пасли скот. Вдруг глашатай Посланника Аллаха ﷺ возвестил: “Собирайтесь на общую молитву!” И все мы без исключения собрались вокруг Посланника Аллаха ﷺ. Тогда он сказал: “Поистине, каждый пророк, приходивший до меня, непременно наставлял свою общину на то благо, которое считал полезным для неё, и предостерегал её от того зла, которое считал для неё пагубным. Что же касается этой вашей общины, то благополучие и сохранность от различных бедствий были уделом её первых поколений. Последующие же поколения постигнут многочисленные бедствия и неприятные события (неведомые прежде), которые вызовут у вас отвращение. Кроме того, во времена этих поколений одна за другой будут приходить тяжёлые смуты и испытания, каждое из которых окажется тяжелее предыдущего. Когда верующего постигнет тяжкое испытание, он скажет: ‘Это погубит меня!’ Но он благополучно пройдёт через него, а когда вслед за ним придёт другое тяжёлое испытание, скажет: ‘Вот оно! Вот что погубит меня!’
Пусть же тот, кто желает быть удалённым от Огня и войти в рай, встретит смерть с совершенной верой в Аллаха и Последний день. И пусть относится к людям так, как хотел бы, чтобы они относились к нему. Тот, кто, подав правителю руку, искренне принёс ему присягу всем сердцем (твёрдо решив повиноваться ему), пусть повинуется ему по мере своих сил. Если же явится другой и станет оспаривать у него власть (на которую того избрал народ), без колебаний отрубите ему голову”» (Муслим: 4776; Ахмад: 6503).