Хадис

Мансапқұмар болмау жайында

О том, что не следует стремиться к власти и должностям

Риядус-салихин, 81-тақырып · 4 хадис · № 675–678

Хадистер

«تِلْكَ الدَّارُ الْآخِرَةُ نَجْعَلُهَا لِلَّذِينَ لَا يُرِيدُونَ عُلوًّا فِى الْأَرْضِ وَلَا فَسَادًا وَالعَاقِبَةُ للمُتَّقِينَ» «Ал сонау ақыреттегі мәңгілік бақыт мекеніне келсек, оны жер бетінде (молшылықты көтере алмай) асып-тасуды һәм бұзғыншылық жасауды қаламайтындарға нәсіп етеміз. Ақырғы жетістік – Аллаға қарсы келуден сақтанатын тақуа жандарға тиесілі!». («Қасас» сүресі, 83-аят).

«Что до Обители вечного счастья, – Мы одарим им тех, кто не желает превозноситься и сеять бесчестие на земле. Заключительный успех положен богобоязненным, которые восславляют Аллаха должным образом и остерегаются Его гнева» (сура «Касас», 28:83).

675
Риядус-салихин, № 675

عَنْ أَبِى سَعِيدٍ عَبْدِ الرَّحْمَانِ بْنِ سَمُرَة قَالَ: قَالَ لِى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا عَبْدَ الرَّحْمَان بْنِ سَمُرَةَ، لَا تَسْأَلِ الْإِمَارَةَ؛ فَإِنّكَ إِن أُعْطِيتَهَا عَنْ غَيْرِ مَسْألَةٍ أُعِنْتَ عَلَيْهَا، وَإِنْ أُعْطِيتَهَا عَنْ مَسْألَةٍ وُكِلْتَ إِلَيْهَا، وَإِذَا حَلَفْتَ عَلَى يَمِينٍ، فَرَأَيْتَ غَيْرَهَا خَيْرًا مِنْهَا، فَأتِ الَّذِى هُوَ خَيْرٌ وَكَفِّرْ عَنْ يَمِينكَ»

Қазақша аудармасы

Абдуррахман ибн Сәмура (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған: «Әй, Абдуррахман ибн Сәмура! Өздігіңнен билікке ұмтылма. Егер саған билік сұрамай-ақ берілсе, сол істе (Алланың) қолдауын табасың. Ал егер оны өзің сұрап алсаң, (бүкіл жауапкершілігі) мойныңа артылады (яғни, Алланың қолдауынсыз жалғыз қаласың). Сондай-ақ егер қандай да бір іске қатысты ант ішіп, кейін одан да қайырлысын көрсең, антыңды бұзып, өтемін төлеп, қайырлы болған істі таңда», – деп өсиет айтты», – деген (Бұхари: 6722; Муслим: 4281; Ахмад: 20618).

Орысша аудармасы

Абдуррахман ибн Самура (да будет доволен им Аллах) сказал: «Посланник Аллаха ﷺ наставлял меня: “О Абдуррахман ибн Самура! Не добивайся власти, прося о ней. Если власть будет дана тебе без просьбы с твоей стороны, то в этом деле ты обретёшь поддержку (Аллаха). Если же ты сам попросишь о ней, то (вся ответственность) будет возложена на тебя (то есть ты останешься один, без поддержки Аллаха). И если ты поклянёшься относительно какого-либо дела, а затем увидишь, что другое лучше, нарушь свою клятву, принеси за неё искупление и выбери то, что лучше”» (Аль-Бухари: 6722; Муслим: 4281; Ахмад: 20618).

676
Риядус-салихин, № 676Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِى ذرٍّ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا ذَرٍّ، إِنِّى أَرَاكَ ضَعِيفًا، وَإِنِّى أُحِبُّ لَكَ مَا أُحِبُّ لِنَفْسِى. لَا تَأمَّرَنَّ عَلَى اثْنَيْنِ، وَلَا تَوَلَّيَنَّ مَالَ يَتِيمٍ»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Алла елшісі ﷺ маған: «Уа, Әбу Зәрр! Сенің әлсіз екеніңді (яғни, басшы бола алмайтыныңды) анық байқаймын. Өзіме не тілесем, саған да сөзсіз соны тілеймін, сондықтан ешқашан екі адамға болса да басшы болма, әрі жетімге тиесілі дүние-мүліктің жауапкершілігін мойныңа алма», – деп айтты», – делінген (Муслим: 4720; Ахмад: 21513).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Посланник Аллаха ﷺ сказал мне: “О Абу Зарр! Поистине, я ясно вижу, что ты слаб (то есть не способен быть правителем). Я непременно желаю тебе того же, чего желаю самому себе. Поэтому никогда не становись правителем даже над двумя людьми и не бери на себя ответственность за имущество сироты”» (Муслим: 4720; Ахмад: 21513).

677
Риядус-салихин, № 677Риуаят етуші: Әбу Зәрр

وَعَنْهُ، قَالَ: قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، ألا تَسْتَعْمِلُني؟ فَضَرَبَ بِيَدِهِ عَلَى مَنْكِبي، ثُمَّ قَالَ: «يَا أَبَا ذَرٍّ، إِنَّكَ ضَعِيفٌ، وإِنّها أمانةٌ، وَإِنَّهَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ خِزْيٌ وَنَدَامَةٌ، إِلَّا مَنْ أَخَذَهَا بِحَقِّهَا، وَأدَّى الَّذِى عَلَيْهِ فِيهَا»

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.): «Бірде мен: «Уа, Расулалла! ﷺ Маған бір (басшылық) қызмет берсеңіз болмас па еді?» – деп өтініш жасағанымда, ол иығымнан қақты да: «Әй, Әбу Зәрр! Сен шынымен де әлсізсің (бұл міндетті атқара алмайсың). Расында, басшылық – мойынға жүктелген аманат. Сондай-ақ ол қиямет күні (ісіне салғырт қараған немесе билігін асыра сілтеген басшыны) масқара қылып, опық жегізеді. Алайда басшылық қызметке лайық болып, міндетін мінсіз, адал атқарғандардың жөні бөлек», – деп айтты», – деген (Муслим: 4719; Ахмад: 21513).

Орысша аудармасы

Абу Зарр (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я попросил: “О Посланник Аллаха ﷺ! Не назначишь ли ты меня на какую-нибудь руководящую должность?” Он хлопнул меня по плечу и сказал: “О Абу Зарр! Поистине, ты слаб (и не способен нести эту ответственность). Воистину, власть – это аманат, вверенный человеку. В День воскресения она обернётся позором и горьким сожалением (для правителя, который пренебрегал своими обязанностями или злоупотреблял властью). Исключением станет лишь тот, кто по праву занял руководящую должность и безупречно, добросовестно исполнил возложенные на него обязанности”» (Муслим: 4719; Ахмад: 21513).

678
Риядус-салихин, № 678Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّكُمْ سَتَحْرِصُونَ عَلَى الْإِمَارَةِ، وَسَتَكونُ نَدَامَةً يَوْمَ الْقِيَامَةِ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі ﷺ: «Расында, сендер билікке құмартып, ұмтылатын боласыңдар, алайда ол қиямет күні өкініш (себебі) болады», – деп айтқан (Бұхари: 7148; Ахмад: 10162).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абу Хурайры (да будет доволен им Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Поистине, вы станете жаждать власти и стремиться к ней, однако в День воскресения она станет причиной сожаления» (Аль-Бухари: 7148; Ахмад: 10162).