Хадис

Әділ басшы жайында

О справедливом правителе

Риядус-салихин, 79-тақырып · 4 хадис · № 660–663

Хадистер

«إِنَّ اللَّهَ يَأْمُرُ بِالعَدْلِ وَالإِحْسَانِ» «Шынында, Алла әділдікті, Алланы көріп тұрғандай, ең болмаса Алланың өздерін үнемі көріп, бақылап тұратынын жадында ұстап, игі істер істеуді бұйырады». («Нахыл» сүресі, 16: 90).

«وَأَقْسِطُوا إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُقْسِطِينَ» «...тура болыңдар, өйткені Алла турашылдарды жақсы көреді!» («Хужурат» сүресі, 9-аят).

«Воистину, Аллах велит держаться справедливости, неизменно совершать благодеяния искренне» (сура «Нахль», 16:90).

«И будьте беспристрастны. Ибо Аллах, воистину, любит справедливых и беспристрастных» (сура «Худжурат», 49:9).

660
Риядус-салихин, № 660Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِى هُرَيْرَة عَنِ النَّبِيِِّّ ﷺ قَالَ: «سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّه فِى ظِلِّهِ يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ: إِمَامٌ عادِلٌ، وَشَابٌ نَشَأ فِى عِبادة اللَّه تَعَالَى، وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ فِى الْمَسَاجِدِ، وَرَجُلانِ تَحَابَّا فِى اللَّهِ اجتَمَعَا عَلَيْهِ، وَتَفَرَّقَا عَلَيْهِ، وَرَجُلٌ دَعَتْهُ امْرَأَةٌ ذاتُ مَنْصِبٍ وجَمالٍ، فَقَالَ: إِنِّى أخافُ اللَّهَ، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ فَأخْفَاهَا حَتَّى لَا تَعْلَمَ شِمَالُهُ مَا تُنْفِقُ يَمِينُهُ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّه خَالِيًا فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың көлеңкесінен басқа сағаларға ешбір сая табылмайтын қиямет күні Алла Тағала жеті түрлі адамды Өзінің саясына алады. Олар: әділ патша, жастығын бір Аллаға құлшылық етумен өткізген балғын жас, жүрегі «мешіт» деп соққан мүмін, бір-бірін Алла разылығы үшін жақсы көріп, Алла үшін бас қосып және Алла үшін айырылысқан екі дос, өзі сұлу, әрі мансап иесі болған бір әйел аңсары ауып, бірге болуға шақырғанда, «Жоқ, мен Алладан қорқамын», – деп нәпсісін тізгіндей білген ер адам, оң қолының не бергенін сол қолы сезбей қалатындай дәрежеде садақасын жасырып беретін мәрт адам және жалғыз қалғанда Алланы есіне алып, көз жасын көл қылған тақуа», – деп айтты», – делінген (Бұхари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).

Орысша аудармасы

В хадисе, переданном Абу Хурайрой (да будет доволен им Аллах), сообщается, что Пророк ﷺ сказал: «В День воскресения, когда не будет иной тени, в которой можно было бы укрыться, кроме тени Аллаха, Аллах Всевышний укроет в Своей тени семь категорий людей. Это справедливый правитель; юноша, проведший молодость в поклонении одному Аллаху; верующий, чьё сердце привязано к мечети; двое друзей, которые любят друг друга ради довольства Аллаха, встречаются ради Него и ради Него расстаются; мужчина, которого знатная и красивая женщина, возжелав его, призвала к близости, но он обуздал свою страсть, сказав: “Нет, я боюсь Аллаха”; щедрый человек, подающий милостыню столь тайно, что его левая рука не ведает, что подала правая; и богобоязненный человек, который, оставшись наедине, поминает Аллаха и проливает обильные слёзы» (Аль-Бухари: 660; Муслим: 2380; Ахмад: 9665).

661
Риядус-салихин, № 661Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ ِ بْنِ عَمرو بْنِ الْعاص، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ الْمُقْسِطِينَ عِنْدَ اللَّهِ عَلَى مَنَابِرَ مِنْ نُورٍ: الَّذِينَ يَعْدِلُونَ فِى حُكْمِهِمْ وأَهْلِيْهِم وَمَا وَلُوْا»

Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі ﷺ: «Әділдікті ғұмырының темірқазығы етіп, турашыл болғандар (о дүниеде) Алланың құзырында нұрлы мінберлерге жайғасып отыратын болады. Олар – үкім шығарғанда, отбасы мүшелеріне және өздеріне бағынышты жандарға қатысты әділ болғандар»,1 – деп айтты», – делінген (Муслим: 4721; Ахмад: 6492).

Орысша аудармасы

Передаётся со слов Абдуллаха ибн Амра ибн аль-Аса (да будет доволен ими обоими Аллах), что Посланник Аллаха ﷺ сказал: «Те, кто сделал справедливость путеводной звездой своей жизни и неизменно следовал истине, предстанут перед Аллахом на минбарах из света. Это те, кто был справедлив при вынесении решений, по отношению к членам своей семьи и ко всем находившимся в их подчинении1» (Муслим: 4721; Ахмад: 6492).

  1. 1Адамдарға басшы болып, ешкімнің ақысын жемегендер.
  1. 1Те, кто руководил людьми, не ущемляя ничьих прав.
662
Риядус-салихин, № 662Риуаят етуші: Ауф ибн Мәлик

عَنْ عوفِ بْنِ مَالِكٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «خِيَارُ أئِمَّتِكُمُ الَّذِينَ تُحِبُّونَهُمْ وَيُحِبُّونَكُمْ، وَتُصَلُّونَ عَلَيْهِمْ وَيُصَلُّونَ عَلَيْكُمْ. وشِرَارُ أئِمَّتِكُم الَّذِينَ تُبْغِضُونَهُمْ وَيُبْغِضُونَكُمْ، وَتَلعَنُونَهُمْ وَيَلْعَنُونَكُمْ!»، قَالَ: قُلْنَا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفَلَا نُنَابِذُهُم؟ قَالَ: «لَا، مَا أقَامُوا فِيْكُمُ الصَّلَاةَ. لَا، مَا أقَامُوا فِيكُمُ الصَّلَاةَ»

Қазақша аудармасы

Ауф ибн Мәлик (р.а.): «Алла елшісінің ﷺ: «Басшыларыңның қайырлысы – сендер оларды, олар да сендерді жақсы көргендер, әрі сендердің олар үшін дұға қылып, олардың да сендер үшін дұға қылғандары. Сондай-ақ басшыларыңның ең нашары – сендер оларды, олар да сендерді жек көргендер, әрі сендердің оларға қарғыс айтып, олардың да сендерге лағынет жаудырғандары», – деп айтқанын естідім. Сонда біз: «Уа, Расулалла! Олай болса, оларға қарсы шығамыз ба?» – деп сұрадық. Ол: «Жоқ, араларыңда жүріп намаз оқуды тастамайынша (оларға қарсы шықпаңдар)», – деп екі қайтара қадап айтты», – деген (Муслим: 4804; Ахмад: 23981).

Орысша аудармасы

Ауф ибн Малик (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Я слышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Лучшие из ваших правителей – те, кого любите вы и кто любит вас, за кого вы молитесь и кто молится за вас. Худшие же из ваших правителей – те, кого ненавидите вы и кто ненавидит вас, кого проклинаете вы и кто осыпает проклятиями вас”.

Тогда мы спросили: “О Посланник Аллаха! Не выступить ли нам в таком случае против них?” Он дважды особо подчеркнул: “Нет! Не выступайте против них до тех пор, пока они совершают среди вас намаз”» (Муслим: 4804; Ахмад: 23981).

663
Риядус-салихин, № 663Риуаят етуші: Ияд ибн Химар

عَنْ عِياضِ بْنِ حِمارٍ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «أَهْلُ الْجَنَّةِ ثَلَاثَةٌ: ذُو سُلطانٍ مُقْسِطٌ مُوَفَّقٌ، وَرَجُلٌ رَحيمٌ رَقِيقُ الْقَلْبِ لكُلِّ ذي قُرْبَى ومُسْلِمٍ، وعَفِيفٌ مُتَعَفِّفٌ ذو عِيالٍ»

Қазақша аудармасы

Ияд ибн Химар (р.а.): «Бірде Алла елшісінің ﷺ: «Жаннаттықтар – үш түрлі болады: (1) Әділетті һәм өзіне (Құдай Тағала тарапынан) жәрдем берілген билік иесі, (2) мейірбан әрі әрбір туысы мен мұсылманға деген жүрегі жұмсақ болған кісі және (3) балалы-шағалы болып, (қанша жерден мұқтаж болса да,) ешкімге қол жаймайтын арлы адам», – деп айтқанын естідім», – деген (Муслим: 7208; Ахмад: 17484).

Орысша аудармасы

Ийад ибн Химар (да будет доволен им Аллах) рассказывал: «Однажды я услышал, как Посланник Аллаха ﷺ сказал: “Обитатели рая – люди трёх категорий: во-первых, справедливый правитель, которому оказана помощь (от Всевышнего Аллаха); во-вторых, милосердный человек, чьё сердце исполнено доброты к каждому родственнику и мусульманину; и, в-третьих, имеющий семью и детей человек, который (как бы сильно ни нуждался) сохраняет достоинство и ни у кого ничего не просит”» (Муслим: 7208; Ахмад: 17484).